21062014

Page 1

Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нəрдің бəрін сарп етуге бейілмін.

№121 (28345) 21 МАУСЫМ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Ґзара сенімге негізделген жаќын ќарым-ќатынас кґрінісі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс ж ө н і н д е д е п і к і р а л м а с т ы . Қазақстан Президенті екі сапарымен келген Иордания Королі Абдалла II-мен кездесті, ел жəне олардың басшылары деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында саудаэкономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты

одан əрі дамыту перспективалары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла II күн тəртібіндегі халықаралық өзекті мəселелер

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Н.Ќ.Əбдібековті Ќараєанды облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы Нұрмұхамбет Қанапияұлы Əбдібеков Қарағанды облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 20 маусым. № 845

Нұрмұхамбет Қанапияұлы ƏБДІБЕКОВ

1961 жылы туған. Мəскеу тау-кен институтын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Шиелісай фосфорит руднигі тау-кен цехының ауысым шебері, учаске бастығы болып бастады. Ғылыммен, кəсіпкерлікпен шұғылданды. Ақтөбе жəне Атырау облыстарының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеді. «Батыс» Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Ұлттық ғарыш агенттігінің департамент директоры, Индустрия жəне сауда министрлігінің комитет төрағасы, Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі, Ақтөбе қаласының əкімі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы ақпаннан – Ақтөбе облысы əкімінің бірінші орынбасары.

Ґѕір басшысы ауысты Кеше Қазақстан Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Қарағандыда болды. Облыстық мəслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясына қатысқан Н.Нығматулин депутаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Нұрмұхамбет Қанапияұлы Əбдібековтің өңір басшысы лауазымына кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді. Халық қалаулылары Елбасы ұсынысын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Сессиядан кейін облыс активі өтті. Президент Əкімшілігінің Бас шысы оған қатысушыларды Президент Жарлығымен тағайындалған облыстың жаңа əкімімен таныстырды. «Нұрмұхамбет Қанапияұлы – бірқатар мемлекеттік жау апты қызметтер атқарған білікті, тəжірибесі мол маман. Ол еліміздің үдемелі индустрия лық-инновациялық даму бағ дарламасын іске асырудағы ұйым дастырушылық қызметте өзінің қарым-қабілетін таныта алды. Мамандығы кенші-инженер

ретінде өнеркəсіп саласын жақсы біледі. Бұған дейін Ақтөбе облысы əкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарды. Өзіне де, өзгеге де талапшыл», деді Н.Нығматулин. Облыстың бұрынғы əкімі Бауыржан Əбдішевтің өз еркімен қызметінен босату жөніндегі өтінішін Президенттің қабыл алғанын жеткізді. Актив жиынында сөз алған аймақтың жаңа басшысы Нұрмұхамбет Əбдібеков Елбасы сенімін ақтауға, аймақтың экономикасын одан əрі дамытуға күш-жігері мен білімін аянбай жұмсайтынына сендірді. ҚАРАҒАНДЫ.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Түйтеұлы Əбдішев Қарағанды облысының əкімі қызметінен босатылды.

арасында өзара сенімге негізделген жақын қарым-қатынас қалыптасқанын айтты. Бұл ретте ол Иорданияның жалпы Таяу Шығыста маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Абдалла II Қазақстанға келуге шақыртуы үшін алғысын айтты, сондай-ақ, еліміздің көп жылдар бойғы, соның ішінде сириялық босқындар мəселесі бойынша көрсеткен қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Иордания халқы атынан ризашылығын білдірді.

Екі мемлекет басшылары өзара ықпалдастықтың əлеуетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта басымдығы бар бірқатар шараларды қарастырды. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Филипп VI-ға оның Испания Королі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті өз құт тықтауында Филипп VIның əкесі Хуан Карлос I-дің жүргізген сындарлы саясаты арқасында Қазақстан мен Испания арасында өзара тиімді əрі толыққанды ынтымақтастық қалыптасқанын атап өткен.

«Испания біздің еліміз үшін бүгінде Еуропадағы сенім ді дос жəне стратегиялық серіктес болып саналады. Сіздің қолдауыңызбен Қазақстан мен Испанияның жан-жақты ықпалдастығы аясын тереңдету үрдісі жалғасын табатынына ерекше

үміт артамын», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қалыптасқан игі қарымқатынастар жалғасатынына сенім білдіре отырып, Испания Королін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Филипп VI-ға сарқылмас қуат пен зор табыс, ал достас Ис пания халқына бақ-береке тіледі.

Ќос палатадан да ќолдау тапты Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдау мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Бірлескен отырысты ашып, жүргізіп отырған Мəжіліс

Төрағасы Қабиболла Жақыпов Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Роговқа сөз берді. Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауды депутаттар алдында

Ќоєамдыќ комиссияныѕ отырысы

Қазақстан Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығын тағайындау, гранттарын тапсыру жəне алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Отырысқа Комиссия мүшелері – бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистер қоғамдық бірлестіктерінің жəне мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырысқа қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттілікті нығайтудағы маңызды рөліне назар аударды. Биыл Қоғамдық комиссия атына 57 ұсыным келіп түсті, со ның ішінде 48-і журналистерге, 9-ы шығармашылық ұжымдарға қатысты болды. Бұл ретте 41 ұсынымды баспасөз, 16 ұсынымды электронды БАҚ жолдады. Комиссия мүшелері журналистік жұмыстар деңгейінің жоғары болғанын, сондай-ақ, олардың Қазақстанның бүгінгі дамуындағы маңызды қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық мəселелерді жариялап-көрсетуге қосқан үлесін атап өтті. Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сыйлығын та ғайындау, екі грантын тапсыру жəне Президенттің алғысын төрт шығармашылық ұжымға жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс беру туралы бірауыздан шешім шығарды.

жария еткен төраға үстіміздегі жылы елдің даңғыл даму жолына, биіктерді бағындыруына бастайтын дəуірге татырлық «Қазақстан-2050» Стратегиясының қабылдануы, қазақстандықтардың бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында бірігіп, əлемдегі ең да мыған отыз елдің қатарына кіруі сынды кеуделі мақсатты алға қоюының маңыздылығына тоқталды. (Соңы 4-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Астана – дəуіріміздіѕ ўлы жобасы 5-бет

Елбасыныѕ сыйлыєы 8-бет

Аєылшындар да жарыс жолынан шыєып ќалды 14-бет

 Елімен етене Елбасы

БАСТАУ

Елбасының өмірі мен қызметі тақырыбына қалам тартып жүргенімді көзі қарақты оқырман жақсы біледі деп ойлаймын. Соның ішінде осы мақалада қамтылатын кезең сөз етілген жарияланымдарым да бар. Жақында редакция тарапынан бұл мəселеге бүгінгі күннің тұрғысынан қайта қарау жөнінде өтініш айтылды. Ойланып, толғанып, қолға қайтадан қалам алдым. Расында да, əлі де басын аша, толықтыра түсетін жайлар, бұған дейін айналымға түсірілмеген фактілер бар екен. Мұның өзі Елбасының елі үшін еткен еңбегінің ерендігіне тағы бір дəлел. Бүгінде өз азаматтарына бейбіт əрі берекелі өмірді қамтамасыз етіп отырған, жетілген нарықтық экономикасы бар, қазіргі заманғы демократиялық мемлекет ретінде қалыптасқан тəуелсіз Қазақстан өз болашағына сеніммен қарайды. Тарихи тұрғыдан алғанда оның қысқа, бірақ оқиғаларға мейлінше толы жылнамасында ірілі-ұсақты жеңістер жетіп артылады. Оның бəрін санамалап шыға да алмайсың. Ал осының бəрі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануынан бастау алып еді-ау, мұның өзі сол кездің саяси жүйесінің координатында оның республиканың бірінші басшысы болып бекітілгенін білдіретін. Сондықтан да бүгінгі осы жарияланым арқылы азаматтарымыздың зердесіндегі сол жылдардың басты деректері мен жағдаяттарын тағы бір рет жаңғыртқымыз келіп еді.

Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.

1985 жылы КСРО басшылығына КОКП Орталық комитетінің жас та жігерлі жаңа Бас хатшысы Михаил Горбачевтің келуін жəне ол жариялаған қайта құру, жариялылық пен жеделдету бағытын жұртшылық ыстық ықыласпен қарсы алып еді. Одан Нұрсұлтан Назарбаев та шет қала алмады. Өйтпегенде ше, қай та құру жария еткен билік шешімдерін қабылдаудағы барынша ашықтық, кəсіпорындардың өзін-өзі басқаруы мен еңбек ұжымдарының өндірістік жəне əлеуметтік басқарудағы

құқықтарын кеңейту, жергілікті кеңестердің өкілеттіктерін нығайту, нарық элементтерін енгізу арқылы экономикалық тиімділікті арттыру қажеттілігі туралы идеялар – оның өз сенімдерімен де, көңіл-күйімен де үндес еді. Оның үстіне, дүниетанымы 1960шы жылдардағы Хрущевтің жылымығы мен Косыгиннің реформалары тұсында қалыптасқан Нұрсұлтан Əбішұлы бұл кезде жаңа қадамды жас талап қана емес, кеңестік саяси құрылым мен экономикадағы ахуалдың мəн-жайынан жақсы хабардар, кемеліне келіп үлгерген басшы да еді. (Жалғасы 2-бетте).

Їшќоѕырдыѕ ќыраны Мекен еткен Үшқоңырдың қиясын, Көкірегіне қотаратын күй асыл. Қыран отыр текше тасты тұғыр ғып, Құз-қияға салып алып ұясын. Артта қалып Үшқоңырдың кезеңі, Таңнан самғап көк күмбезін кезеді. Буындырған балақ бауын лақтырған, Азаттықтың атар таңын сезеді. Ала бұлт пен қара бұлтты сапырып, Екпінімен ескек желді жапырып, Арпалысар аспан асты, жер үсті, Уақыттан теңдік сұрап ақырып! Соны соқпақ бір қиырда жатқандай, Сол соқпаққа төте жолды тапқандай. Қалың көшті өзі бастап келеді, Ай астында ақиық құс – ақ маңдай! Қара түнек қарсы алдынан жолыққан, Кезі қайсы қыран құстың торыққан. Соқпасы көп соқпақ жолдың үстінде, Тірес керек, күрес керек – соны ұққан! Бұлың-бұлың жолдар қалып артында, Қанат қақты жай оғындай жарқылдап! Үшқоңыры тілек қосып тұрды оған – «Қыран құсым, алқынба да тартынба!» Күннің көзін кім жабады қалқалап, Бір өзіңе көз тігеді шартарап. Қыран самғап бара жатыр бақытқа, Бар қазақтың ақ арманын арқалап! Төлеген ҚАЖЫБАЙ. КӨКШЕТАУ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.