21072015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: ДСЎ жəне Ќазаќстан

3-бет

Мəселеніѕ мəселесі 7-бет

№136 (28614) 21 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Айдын єарышќа ўшады!

Каспий теѕізініѕ су биологиялыќ ресурстарын саќтау жəне ўтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 29 қыркүйекте Астраханьда жасалған Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау жəне ұтымды пайдалану туралы келісім ратификациялансын.

Ќазаќтан шыќќан тўѕєыш єарышкер, Кеѕес Одаєыныѕ Батыры, Ќазаќстанныѕ Халыќ Ќаћарманы, авиация генерал-майоры Тоќтар Оѕєарбайўлы ƏУБƏКІРОВПЕН əѕгіме

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 17 шілде №332-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Тїрікменстанныѕ Їкіметі арасындаєы Шекара ґкілдерініѕ (шекара комиссарларыныѕ) ќызметі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 20 шілде № 334-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Тїрікменстан арасындаєы Каспий теѕізініѕ тїбін Ќазаќстан Республикасы мен Тїрікменстан арасында бґлу туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 2 желтоқсанда Ашғабатта жасалған Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің түбін Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында бөлу туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 20 шілде № 335-V ҚРЗ

Жаѕєырту жўмыстары жалєасады

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

«СевКазЭнерго» АҚ – өңірді жылумен, жарықпен қамтамасыз ететін алпауыт компания саналады. 2020 жылға дейін мемлекеттік жобалар негізінде жылумен жабдықтау желілерін қайта құруға 17 миллиард теңгенің бағытталуы бірегей құрылымның қарышты қарымын байқатса керек. Оның құрамына енетін мекемелер де индустрияландыру бағдарламасы аясында өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту тапсырмаларын ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Біз осы мəселелер төңірегінде акционерлік қоғамның бас директоры Леонид ЛАРИЧЕВПЕН пікір алысқан едік.

– Леонид Викторович, Мемлекет басшысының Үкіметтің отырысында белгілеп берген 5 институттық

Маѕызды мəселелер ќаралєан кездесу

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының экономика министрі Олег Панкратовпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында екіжақты қарымқатынастағы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ пішіміндегі түрлі мəселелер көтерілді. Бақытжан Сағынтаев Қазақстан қырғыз əріптестеріне ЕАЭО-ға қосылуда методологиялық, техникалық жəне қаржылай көмек көрсетуді жалғастыратынын айтып өтті. Тараптар Қазақ-Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы санитарлық-карантиндік, ветеринарлық-санитарлық жəне карантиндік

фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) алып тастау мəселесін талқылады. Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев пен Олег Панкратов екі елдің Инвесторлар кеңесін құру, Қазақстанға қырғыз ауыл шаруашылығы тауарларының экспортын арттыру мүмкіндігін, көлік, су шаруашылығы қызметі, туристік бағыттарды дамыту салаларындағы мəселелерді қарастырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын қалай қабылдадыңыз? – Мен де сөзімді Елбасының

ел дамуының ұзақ жылдарға бағдарланған Ұлт жоспарынан бастағанды жөн көріп отыр едім. Өйткені, «100 нақты қадамның» «Индустрияландыру жəне экономикалық» бөлімінде энергетикалық салаға қатысты орындалуы тиіс міндеттер атап көрсетілген. Мəселен, 50-інші қадамда электр энергетикасы саласын қайта құру, «бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу арқылы өңірлер арасындағы электр энергиясының əртүрлі тарифтерін реттеу мүмкіндіктері қарастырылса, 51-ші қадамда өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру жайы қарастырылған. Бұл қадамдар энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырумен қатар электр энергиясын таратудың шығынын да, төлемақысын да азайтуға мүмкіндік береді. Ал, электр энергетикасы секторына инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тарифті енгізу тың бастамалар мен ізденістерге жол ашады. (Соңы 5-бетте).

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XII форумын өткізу мəселелері бойынша кеңес өтті. Аталған форум осы жылы 16 қыркүйекте екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Сочи қаласында өтеді. Шараның басты тақырыбы агроөнеркəсіптік кешен жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық болмақшы. Форум аясында «Агроөнеркəсіптік кешен саласындағы Ре сей-Қазақстан ынтымақтастығының перспективалары»

Кґпке їлгі Кґкжайыќ Думан АНАШ,

Көкпекті ауданындағы Көкжайық ауылы – еліміздегі ең əсем елді мекендердің бірі. Төрт жыл бұрын Елбасы тапсырмасы бойынша бұрынғы облыс əкімі, қазіргі Премьер-Министрдің

орынбасары Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен тірек ауылдар жобасы қолға алынғанда, Көкжайық – аудандағы үш тірек ауылдың бірі болып бекітілген-ді. Аталған жоба арқылы ауыл кейпі соңғы жылдары адам танымастай өзгерді. Сымдай тартылған көшелері

– Тоқтар аға, сіздің қуаны шыңызды бөлі сейін деп едім. Арманыңыз орындалатын болды. Айдын ғарышқа ұшады! – Рахмет, рахмет... Екі қолымды бірдей көтеріп, өте қуанып отырмын. – Екі қолыңызды бірдей көтергеніңіз көкті, ғарышты меңзегеніңіз ғой?! –Иə, иə... Менің жағым талмай айтып: «Жігіттер қашан ұшады?» деп жүргенімнің өзі де сол еді. Тəубе... тəубе дейік! – Айдын Айымбетовпен таныстығыңыз туралы айты ңызшы? – Бұл азаматты көптен танимын, өте жақсы білемін. Үйге келіп жүреді. Бір саланың мамандары болған соң байланыстамыз ғой. Өзім де үйінде болдым, балаларын көрдім, анасымен таныстым. Отбасында өзін сондай салмақты, сабырлы ұстайтыны маған ұнайды. – Ендеше əріптес ініңізге қысқаша мінездеме беріңізші? – Өте салмақты. Білімді. Табанды жігіт. Ойы ашық. Салмақты дегеннен шығады, оның ғарыш керлер мектебін бітіргеніне де біршама уақыт өтті. Бірақ, төзім ділікпен осы сəтті күтіп жүрді. Нағыз жігіт! Міне, Алла тағала, бұйырған екен... Енді ұшады! – Кешіріңіз, ғарышқа сапардың күні нақты белгіленді ме? – Əзірге белгіленген күні – 2015 жылдың 1 қыркүйегі. Əлгі сауалыңа тағы бір қосарым бар. Айдын – ұшқыштық өнерді былай қойғанда,

– Бұл ұшу жалпы Қазақстанға не береді? Жобаның болашақта жал ғасы болады деп ойлайсыз ба? – Ең бірінші, Қазақстан ғарыш саласын, яғни, оны мейлінше игеруді ұмытқан жоқ. Ғаламат жоспарлар жасалды. Оның көрінісі, міне тағы бір ғарышкеріміз ұшуға дайындық үстінде. Ғарыш ілімінің бүгінгі ғылым көшінің басында тұрғанына ешкімнің дауы бола қоймас. Ғарышты игеру – əлем елдерінің қолжетпес арманы. Сол үшін де олар ғылыми-салалық бір ортаға бірігуге ынталы. Міне, осы арада, баршамызға белгілі себептерге қатысты Қазақстанның мүмкіншілігі сөз етіп отырған салада басымдыққа ие. Білдіңіз бе? Осы жағынан келгенде Айдынның болашақ сапары – қазақ халқының, Қазақстанның үлкен жеңісі дер едім. – Қандасымыз ғарышқа кім болып ұшады? Серіктері жөнінде айтсаңыз. Кеше түстен кейін белгілі болды ғой. «Союз ТМА-18 М» кемесінің командирі – ресейлік Сергей Волков, бортинженер – даниялық Андреас Могенсен, ал екінші бортинженер – Айдын Айымбетов. Қалай болғанда да бүгін біз тағы бір қазақ жігітінің – Айдын Айымбетовтің ғарышқа жолы түсіп тұрғанына қуануға тиіспіз. – Біздің қуанышымызда шек жоқ, Тоқтар аға! – Ендігі бір мəселе.... бұл үрдіс тоқтап қалмасын!.. Біз, əрі қарай

ғарыш саласын өте жақсы зерттеген білікті маман. Одан тыс Астанадағы Оқушылар сарайында ол астрономия, астрофизика салаларына байланысты бірнеше үйірмені қатар жүргізіп отырды. Балалар үшін уақытын бөліп, жалықпай, маңдай терін төкті. – Бір жағы өзінің жаттыққан кəсібінен «қол үзіп қалмайын» дегені ғой шамасы?!. – Жо-жоқ, ол онсыз да қол үзбейді. Кəсібі сирек мамандық қой. Қазақстан оны осындай үлкен салаға əдейілеп оқытты, қаражат төкті. Менің айтайын дегенім, оның ұлтжанды азамат екендігі. Жоғарыдағы əрекеті Отанын, халқын, еліміздің болашағы – балаларды сыйлауы, құрметтеуі хақындағы ісі деп білемін. – Айдын Айымбетовке Елбасы батасын беріп те қойды. Қазақстан халқы хабардар болып, қуанып жатыр... – Иə, иə... Президентіміздің де, еліміздің Ғарыш комитетінің де Айдын Айымбетовке көзқарастары өте жақсы. Оның өз басы да ондай сенімге лайық азамат.

кезектегі талапкерлерді тездетіп дайындауымыз керек. Халықаралық ғарыш ұйымына мықтап ену түпкі мақсатымыз емес пе? Қазір – уақыт тығыз. Уақыт – қымбат кезең. Əрине, бəрі де қаражатқа тірелетіні жəне бар, соған қарамастан есебін, жолын тауып, келесі кезектегі болашақ үміткерлерімізді – ертең ұша ма, бес жылдан кейін ұша ма бəрібір, осыған мұқият дайындалуымыз керек. Ғарыш саласында бастаған ісімізді баянды етейік. – «Егемен» арқылы Айдынға айтар тілегіңіз. – Айдын алдына қойған мақсатына жетсін. Оның тілеушісі бүкіл қазақ халқы, бүкіл Қазақстан екенін əрдайым ұмытпай, жадында сақтасын. Ғарышты игерудегі еңбегі жемісті болсын деп тілеймін. Жақсы барып, жақсы қайтсын!

Ґѕіраралыќ форумєа əзірлік

атты мамандандырылған көрме, дөңгелек үстелдер, Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесі отырысын, жас тар форумын өткізу жоспарлануда. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға форумға дайындық бойынша ұсыныстар енгізуді жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады Премьер- Министрдің баспасөз қызметі.

 Ауыл – алтын бесік

«Егемен Қазақстан».

Ќўрдымєа ќўлатќан ќўлаќќап 10-бет

 Тəуелсіздік талаптары

Қазақстан Республикасының Заңы

2007 жылғы 28 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісім ратификациялансын.

Чемпиондар Зерендіде шеберлік саєатын ґткізді 9-бет

көз тартарлықтай, аулаларының шарбақтары тегіс сырланған Көкжайықтан жинақылық, тұрғындардың талғамды мəдениеті байқалады. Үш жыл бұрын ауылда «Жеңіс» саябағы, көкке шаншылған стеласымен бірге жаңа орталық алаң салынды. Мемлекеттен 108 млн. теңге

қаржы бөлініп, Көкжайық орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Орталық алаң мен мектеп арасына 7 млн. теңгеден астам қаржыға қаладағыдай əдемі тақтатас төселді. Ауылда жаяу жүргінші жолына дейін бар. (Соңы 6-бетте).

 Оймақтай ой Өзін-өзі тапқан адам – бақытты, жоғалтпаған – бақыттырақ одан да. Қадыр МЫРЗА ƏЛІ.

АҚПАРАТТАР аєыны ● Үстіміздегі жылы агроөнеркəсіптік кешен субъектілерінің 490 қарыз шарты субсидияланды. «Қазагромаркетинг» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлағандай, мақұлданған шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі субсидиялар мөлшері 1,9 млрд. теңгеге тең. Соның ішінде биылға 682,2 млн. теңге субсидия қарастырылған. ● Елімізде зейнетақы жинақтары 4,92 трлн. теңгеден асты. Осы жылдың алғашқы жарты жылындағы таза инвестициялық табыс – 141,41 млрд. теңге. Бұл туралы «Бірыңғай

жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚтың баспасөз орталығы мəлімдеді. ● Алматыда Қазақ хандығының 550 жəне қазақ циркінің 45 жылдығына орай мəдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қалалық мəдениет басқармасының хабарламасына қарағанда, бұл бастама 23 тамызға дейін жалғасады. Шара аясында 24 шілдеде қала көшелерімен цирк жа нуар ларының шеруі өтеді деп күтілуде. ● Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында 80 пайыз отандық өнімді ұсынатын сауда орталығы ашылды. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі таратқан

Əңгімелескен Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ. –––––––––––––– Суреттерде: Т.Əубəкіров; А.Айымбетов (сол жақтан бірінші). мəліметке сүйенсек, үш қабатты ғимараттың құрылысына 200 млн. теңге қаржы жұмсалған. Бүгінде орталықта 46 адам жұмыспен қамтылған. ● Қызылорда облысында осы жылдың қаңтар-маусым айларында пайдалануға берілген тұрғын үйдің аумағы 202 115 шаршы метрді құрайды. Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, осы аралықта баспана құрылысына 9 178 млн. теңге жұмсалған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.