Бүгінгі нөмірде:
№194 (28133) 21 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Қоғамның талабы – сапалы білім 4-бет Қазақ жер-суы үшін күрескен қайраткер 5-бет Ұлылар мекеніне саяхат 6-бет 13 полицейден құралған қылмыстық топ 10-бет
СЫН САЄАТЫ СОЌЌАНДА Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан
Қазір Қостанайда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алушылар саны артты. Осы бағдарламаның дұрыстығына кəсіпкерлердің, бизнес ауылына енді келіп, өз бағын сынап көріп отырғандардың көзі əбден жеткен. Жалқаулық желкесінен тартпаған адамға жұмыс көп. Əсіресе, істің ыңғайын біліп, көзін табатын жандарға қолтықтан демеп жіберетін қаржы болса, іс дөңнен төмен сырғыған доңғалақтай жүріп кетеді.
Бəсі биіктеген бизнес Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».
«Аруана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ұйымдастырған жігіттер бидайдан ұн тартуды мақсат еткен болатын. Кəсіпорын директоры Сайлаубек Əлішевке бұл оңай шағыла салатын жаңғақ еместігі бесенеден белгілі еді. Себебі, ұн сапалы шығу үшін бұрынғыдай емес, заманауи техникасы, технологиясы бар диірмен қажет. Бұрнағырақта Қостанайда қадам басқан сайын шағын диірмендер көбейген еді. Олардың барлығы да қолға түскен бидайды диірменге жумай салады. Одан шыққан ұннан пісірілген нан сақтауға келмей, екі күнде арасы жидіп кететін де, санитарлық дəрігерлердің шуы басылмайтын. Енді «Аруана» кəсіпорны шығарға н ұнның сапасы мұның барлығына тосқауыл қойды. Сайлаубек Əлішевтің диірменінде əу баста 35 адам жұмыс істейтін. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алған 200 миллион теңге несиеге сапалы ұн шығаратын шетелдік заманауи техника алған соң, кəсіпорынның қуаты артты да, қазір 70 адамға жұмыс беріп отыр. Қазір диірмен тəулігіне 300 тонна ұн тартады. – «Ас атасы – нан» дейді ғой. Ұн
ішкі нарықта жақсы өтеді. Сонымен қатар Тəжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға ұн артамыз. Біздің ұнның сапасы өнімнің қай нарықта да өтімділігін қамтамасыз етеді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында кəсібіміз жақсы жүріп кетті. Енді бидай сақтайтын элеватор құрылысы да осы бағдарлама бойынша бөлінген қаржыға жүргізілуде, – дейді «Аруана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сайлаубек Əлішев. Қазір Қостанайда Сайлаубек сияқты осы бағдарламаға сүйенетіндер саны күрт артқан. 2010 жылы біз сөз етіп отырған бағдарлама бойынша қаржы игерілмей қалған болатын. Ол кезде кəсіпкерлер оны түсініп, естіп үлгере алмағандай еді. Енді көптеген кəсіпкерлер өз ісінің алға жылжуына нақ осы бағдарлама қаржысы мұрындық болатынына сенімді. Қаржы сұрағандардың тым көптігіне байланысты кəсіпкерліктің кейбір бағыттары бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылды. Бүгінде өз ісін ашқысы келетіндер көп. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы кəсіпкерлік жолға түскеннің бірі Ғабит Шожанов. Ізденсе, ықылас болса тығырықтан жол табуға, мүмкіндік жасауға болады екен. Ғабит өткен жылы осы бағдарлама
Украина елшісін ќабылдады
Кеше Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин Украинаның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Олег Дёминді оның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде екіжақты қарым-қатынастардың
тереңдеуіне айтарлықтай үлес қосқаны үшін украин дипломатына ризашылығын білдірді. Осы ретте М.Тəжин Украинаның ЕҚЫҰ-дағы төр ағалығымен
арқылы бір миллион теңге грантқа қол жеткізген болатын. Оның бизнес жоспары сарапшыларға ұнады. Жаз айларында қалада да, далада да құрылыс қызу жүріп жатыр. Ал құрылысқа материалдың барлығы да керек. Ол жылу жібермейтін көбік жасауды қолға алып көргісі келген. Ізденіп еді, қолдан келеді екен. – Бағытымның дұрыс екеніне көзім жетті. Қазір жұмыс көлемі аса көп деп айта алмаймын, жеке құрылыстарға, коттедждер мен шағын үй салғандарға қызмет көрсетіп жүрміз. Алдағы уақытта қаржы болса жұмыс ауқымын міндетті түрде кеңейтеміз, – дейді «Шожанов» кəсіпорнының директоры Ғабит Шожанов. Ол енді мемлекеттік сатып алуға қатысқалы отыр. Биыл тек Ғабит қана емес, гранттық қаржыландыру үшін қостанайлықтарға 105 миллион теңге берілді. Тағы да қаралып жат қан өтініштер саны да аз емес, бірақ қаржыны беру шартына өзгерістер енгізілді. – Бұрын гранттық қаржыландыруда да, несие беруде де ешқандай шектеулер болмайтын. Дегенмен, мемлекет қазынасы сауын сиыр емес қой, берген қаржының қайтарымы болуы тиіс. Осыған байланысты енді тиімді бағыттар ғана таңдалады. Мысалы,
құттықтай отырып, Астана декларациясының ережелерін, оның ішінде Еуроатлантикалық жəне Еуразиялық қоғамдастықтың қауіпсіздігін жүзеге асыруға барынша жəрдемдесуге Қазақстанның дайын екенін жеткізді. Мем лекеттік хатшы Украина елшісін оның Қытай Халық Республикасына елшілік қызметке та ғайындалуымен құттықтай келіп, жаңа жұмысына сəттілік тіледі. (Соңы 4-бетте).
Сенсация: «Селтиктіѕ» саєын сындырдыќ!
Бўл – отандыќ футболдыѕ жарќын жеѕісі
Кеше түнде «Астана-Арена» спорт кешенінде Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің бірінші ойынында Қарағандының «Шахтері» Шотландияның «Селтигін» қабылдады. Тартысты да, қызықты өткен матч 2:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. «Егемен Қазақстан».
Бұл нағыз «көрген де арманда, көрмеген де арманда» дейтіндей ойын болды. Олай болатын да жөні бар. «Селтик» – Еуропадағы ең белді де беделді командалардың бірі. Бұған дейін Қазақстан клубтарына мұндай деңгейдегі ұжыммен ұшырасудың реті келе қойған жоқ еді. Осы жылы алғаш рет Чемпиондар лигасының екі кезеңінен сəтті өткен кеншілер жасағы үшін мұндай қарсыласпен күш сынасу тағдырдың берген сыйы іспеттестін. Сондықтан қарағандылықтар
ҚОСТАНАЙ. ----------------------------------Суретте: «Аруана» ЖШС-нің жұмыс цехы.
Міндеттер межесі ќалай еѕсерілуде?
Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 36 мыңнан астам кəсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болған. 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл жөнінде кеше Үкімет отырысында айтылды. Кешегі отырыста сондай-ақ, ана мен бала өлімін азайту жайы да талқыланды. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан». «БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ИГЕРУ КЕРЕК»
Бəрекелді!
Серік ПІРНАЗАР,
сауда саласына бұл бағдарлама бойынша жеңілдік несие берілмейтін болды. Бизнес жоспары сарапшылар көңілінен шыққан кез келген адам, əйелдер, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар да қаржы ала алады, – дейді облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы кəсіпкерлік бөлімінің бастығы Роза Горянная. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша енгізілген өзгеріс тек бұл емес, несиенің пайыздық үстемесі де қайта қаралды. Егер бұрын банктер үстемесінің жартысын мемлекет мойнына алып, қалған айырмасын ғана кəсіпкер төлейтін болса, енді керісінше болады. Яғни банктер қойған үстеменің жартысын кəсіпкер өзі төлейді. – Ең бастысы, қаржыны алған кəсіпкер жұмыс орнын құруы керек. Сонда жұ мыс жүріп қана қоймайды, мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген қаржыдан жұмыс табу арқылы қарапайым адамдар нəпақасын айырады. Жыл басынан бері осы мақсатпен кəсіпкерлерге бюджет қоржынынан 1,5 миллиард теңге берілді, – дейді Роза Горянная. Иə, аз қаржы емес. Бастапқыда қостанайлық кəсіпкерлер мемлекет беріп тұрған қаржыны ұқсата алмай, жүрексіне берген еді. Енді жыл басынан бері 52 кəсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша берілген қаржыны жақсы игеріп отыр.
осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, шайқасқа барын салуға ұмтылды. Бірақ ойын біздің қауіп еткеніміздей, ə дегеннен «Селтиктің» шабуылымен басталды. Глазгоның сайыпқыран сарбаздары матчтың 3-минутында біздің қақпаға екі бірдей бұрыштама беріп, айтарлықтай қатер туғызды. Арада 3-минут өткенде осы жағдай тағы қайталанды. Біздің футболшылар осыдан кейін ғана бауырларын жазып, алға қарай жөңкіле шапты. Соның нəтижесінде 12-минутта команда капитаны Андрей Финонченко қақпа алдындағы қарбаласты ұтымды пайдаланып,
есеп ашып үлгерді. Осыдан кейін ойын негізінен тең жағдайда өтіп жатты. Меймандар екінші таймның басын да өз ықпалында өткізді. Алайда, көп ұзамай шахтерліктер ойындағы тепе-теңдікті қалпына келтіріп, қайтадан шабуылға көтеріле бастады. Шабуылдың ыңғайлы сəтінде шабуылшы Сергей Хижниченко тағы бір гол соғып, жерлестеріміздің айбынын асыра түсті. Бұдан кейін де екі команданың бір-бірлеріне гол соғатындай мүмкіндіктері болды. Дегенмен, уақыт ұзаған сайын сенімділіктері беки берген біздің футболшылар алаңда өздерін барынша ыждағатты ұстап, осы есепті матчтың соңына дейін жеткізді. Қарымта ойын тамыздың 28-і күні Глазго қаласында өтеді.
Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу жайы талқыланған болатын. Отырысты ашып берген С.Ахметов «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын қаржыландыру, оның тетіктері мен құралдарын одан əрі жетілдіру мəселелерінің маңыздылығына тоқтала келе, кəсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін аталмыш бағдарлама Мемлекет басшысының айрықша назарында отырғанын атап өтті. Одан əрі бағдарламаның орындалу барысы жайында Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баяндады. Қ.Өскенбаевтың айтуынша, экономикадағы əрбір 5 жаңа жұмыс орны бағдарлама шеңберінде құрылған. Индустрияландыру картасының əрбір 4 жобасы бағдарлама қолдауына ие болып, оның үлесі шағын жəне орта бизнеске бөлінген барлық несиелердің 11,6 пайызын құраған. Сондай-ақ, 56 млрд. теңге салық төленіп отыр. Соңғы екі жылда бағдарламаға 3 өзгерістер пакеті енгізілген, таяу арада кезекті төртінші өзгерістер пакетін енгізу жоспарлануда. Олардың аясында кəсіпкерлікті қолдау жəне оларға қызмет көрсету орталықтарын, бизнесинкубаторлар құру мен оларды жұмыс істеткізу тетіктері, сондай-ақ индустриялық аймақтарды дамыту бойынша, жаңа бастағандар үшін «Бизнес кеңесші-1», жұмыс істеп жүрген кəсіпкерлер үшін «Бизнес кеңесші-2» бағдарламаларын құрудың негізгі əдістері мен шаралары анықталады. (Соңы 4-бетте).
– Нұрсұлтан Əбішұлы, Орталық комитет хатшысы, Үкімет басшысы қызметтерін атқарған жылдарыңыз жайындағы əңгімеңізде 1986 жылы Қазақстандағы биліктің алмасуына байланысты жағдайларға жеке тоқталу жөн болатынын айтып едіңіз. Расында да, бұл арнайы сөз ететін, үлкен тақырып. Енді сол Колбин кезеңі туралы сөйлесудің орайы келіп тұрған сияқты. – «Колбин кезеңі» дейсің бе? Ел тарихындағы бір кезеңді Колбиндей кісінің атымен атау артық болады. Мəселе Колбиннің өзінде емес. Көлденең көк атты келіп, бір республиканы билей беретін жағдай қалай қалыптасты? Мəселе міне осында. 1986 жылғы желтоқсанда жастар шын мəнінде алаңға Қонаевты жақтап та шыққан жоқ, нақты Колбинге қарсы болып та шыққан жоқ, жастар алаңға ең алдымен ұлттық намысты қорғап, қоғамды жайлап алған жалғандыққа, қазақ елі бар деп есептемегеніне, бізді мүлдем білмейтін адамның басшылыққа келуіне қарсы шықты. Одан он жыл бұрын республика билігіне сырттан адам əкелінсе, ол таңдау басқа ұлттың өкіліне түссе, мұндай жағдай орын алмауы да əбден мүмкін еді. Негізінде, Қазақ ССР-нің тарихындағы жетпіс жылдай уақыттың ішінде республика Компартиясының бірінші хатшылығына ұлты қазақ үш-ақ адам сайланған ғой. Соғыстан кейінгі жағдайды алсақ та, Қазақстанға Скворцов, Борков, Пономаренко, Брежнев, Яковлев, Беляев сияқты талай басшылар Мəскеудің ұйғарымымен бірінен соң бірі келіп, кетіп жататын. Олардың ешқайсысының бірінші хатшылыққа сайлануы оқыс оқиғаға айналмаған еді. Желтоқсан оқиғасы бізде ел намысын, ер намысын бəрінен биік қоя білетін жаңа буын өсіп шыққанын, тың тұрпатты ұлттық сана-сезім қалыптасқанын көрсетіп берді. Ең бастысы – ол жаңа буын өз тізгініміздің өз қолымызда болмауы неге соқтыратынына назарды шындап аударта алды. Кеңестік федерализм қағидаты бойынша республикалардың бəрі Одақтың тең құқықты субъектілері деп саналғанымен, іс жүзінде олай болған жоқ. Мəскеу шу шығады-ау, наразылық туады-ау деген республикаларға өзгеше өбектеп қарайтын. Момын, көнбіс қазақтар көтеріледі-ау деген ойды олар қаперіне де алмаған. Одақтық өндірістің құрылымы да тізгінге қол созуға тіпті мүмкіндік бермейтін. Республикадағы барша өнеркəсіптің, ауыл шаруашылығының 95 пайызы Мəскеуден басқарылатын. Біздің тікелей қарауымызға тек тамақ, жеңіл өнеркəсіп жəне халыққа тұрмыстық қызмет салалары ғана қалдырылатын. Өз жеріміздегі кей нысандарға да бара алмайтынбыз. Мысалы, Байқоңыр ғарыш айлағына қазақстандық журналистердің табаны тəуелсіздік жақындағанда, 1989 жылы ғана тұңғыш рет тиді. Ұлттық республикалардың өзінде ұлттық кадрларға тиісінше мүмкіндік берілген жоқ. Ол заманда биліктің қай сатысында да бірінші басшы қазақ болса, екінші басшы орыс немесе керісінше етіп қойылатын. Ең негізгі себеп қашанда экономикада жатады. Қазақ жастарын өндірісте жұмыс істеуге дайындамады. Іс жүзінде ұлтты қалыптастыратын жұмысшы табы екені ескерілмеді. Немесе нағыз ұлттың қалыптасуына мүдделілік болмады деген де орынды шығар. Тіпті зауыт жұмысшыларының ішінде біліктілігі жоғары мамандықтарға, табысы мол орындарға қазақ жастарын қоймады. Оны мен өз көзіммен талай көрдім. Осы арада сол кездегі жағдайдың əлі күнге түзелмей келе жатқанын да айта кетейін. Өндірістегі мəні шешуші мамандықтарды игерген қазақ жастары əлі де аз. Бір кездегі себеп, жаңа айтқанымдай, жергілікті ұлт өкілдерінің қабілетіне сенбеу, сол арқылы халықты кемсіту болса, қазіргі себеп басқаша. Қиындықтан қашқалақтап тұратын, үлкен істерден ығып жүретін, жауапкершіліктен жалтаратын жастарымыз жеткілікті. Осы заманғы ең қажет мамандықтарды өзіміз игермесек, ол шаруаны біз үшін кім атқарады? 1985 жылдың сəуір айынан басталған қайта құру үдерісі арқасында қазақтар да өзінің тарихы, ұлттық өрлеуі, туған тілінің тағдыры туралы айтып, халықтың жартысына жуығын баудай орып түсірген аштықтың ақиқатын ашуға ұмтыла алды. Əсіресе, тілдің жағдайы аса алаңдатарлық еді. Астанада – Алматыда жалғыз ғана қазақ мектебі болатын!.. Қазақ тілінің қоғамдық міндеттері əбден тарылып біткен-ді. Ол іс жүзінде қоғамдық өмірдің небəрі оншақты саласында ғана қолданылатын. Тіпті бұл тілдің шамасының өзі сондай
екен, негізінен фольклордың, əдебиеттің, өнердің тілі екен, ғылым мен техниканың күрделі ұғымдарын толық жеткізе алмайды екен деген сияқты ұғымдар да кеңінен таратылып жүретін. Бір отбасында атасы мен немересінің екі тілде сөйлеуі əбден қалыпты жайға айналған еді. Тілдер туралы заң жобасы талас-тартысқа түскен тұста менің қазақ халқы ассимиляция ернеуіне тақау тұр деп ашына айтқаным сондықтан. Одақтық орт а лықтың тұт ас бір халықтың мүддесін аяқасты ететіндігі, қазақтардың айдың-күннің аманында, өз жерінде азшылыққа айналғаны, жоқ, дұрысы – айналдырылғаны (1989 жылғы санақтың өзінде қазақтардың саны республика халқының 40 пайызына да жетпеген) ұлттық сананы əбден қорлап біткен еді. Қалаларда «қазақ қабаттары» деген ұғым болғаны өзіңнің де есіңде шығар? («Қазақ қабаттары» деп лифті жоқ үйлердің бірінші жəне бесінші қабаттарын айтатын, жергілікті ұлт өкілдеріне пəтерлер көбіне-көп сол ыңғайсыз қабаттардан тиетін – С.А.). Сөйтіп, республикаға аты берілген халық шын мəнінде өз жерінде өгейге айналғандай еді. Мəдениеті мен тілінен, ұлттық бейнесінен айырылу қаупі төнгенде қандай халықтың да ашынатыны анық. 1979 жылы Қазақстанда неміс автономиясын құру туралы əңгіме көтерілгенде Целиноградта ардагерлер мен жастардың қарсылық шеруіне шығуы соның белгісі болатын. Бірақ, Мəскеу оған сəтсіз экспериментке қатысты кездейсоқ эпизод сияқты қарай салды. Ол оқиғадан Орталық сабақ алған жоқ. – Горбачев билік басына келісімен кадрлық ауыс-түйісті қолға алды ғой. Енді Қонаевтың орнына кім болатыны елді елеңдеткені заңдылық. Қазақстан Компартиясының XVI съезіндегі қосымша баяндамаңыздағы сыннан кейін ол кісінің сізге көзқарасы түбегейлі өзгергенін сезгенімізбен, көпшіліктің ойы биліктің барлық сатыларынан өткен, əбден ысылған, Үкімет басқарып отырған сізге бейіл екендігі белгілі еді. Тіпті өзіңізбен сол орынға бақталас болады-ау дейтін адамдардың да пікір түйіні түптеп келгенде бірінші хатшылыққа сіздің жолыңыз да, жөніңіз де бар екеніне тоқталатын. ДƏЙЕКТЕМЕ: «1986 жылдың қараша айында Мəскеуге, КПСС Орталық Комитетінің ұйымдастырылу бөліміне шақырылдым. Қазақстан секторында Мищенко бір күн оңаша сөйлесті. Республика жағдайын, О рт а л ы қ п а рт и я ком и тет і н і ң жұмысын, кадрлардың құрамын – бəрін, бүге-шігесін қалдырмай сұрады. Біраз мəліметтермен таныстырып, біздің кемшіліктерімізді айтты. Кешке дейін ұстап, аяғында ертең Константин Николаевич Могильниченкоға барамыз деді. Ол кісі кадрлар бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. Ол да бір күн сөйлесіп, кешкісін тоқетерін айтты... «Біз Сізді Қонаевтың орнына ұсынайық деп отырмыз, қалай қарайсыз?». Мұндай ұсыныс болады деп ойламаған мен қатты абыржыдым. Сол бойда өзімнің келісімімді бере алмайтынымды айттым. Біріншіден, денсаулығым көтермейді. Оның үстіне Димаш Ахметович өте беделді кісі. Ондай деңгейде жұмыс жасау менің қолымнан келмейді. Өзімнің қабілетімді білемін. Хатшы болу да үлкен жұмыс, сенім білдірсеңіздер осы қызметімді атқара берейін... «Республикада бұл жұмысты атқару, бірінші басшы болу кімнің қолынан келеді деп ойлайсыз?». «Мен ол орынға лайық кісінің атын атай алам. Ол – Назарбаев Нұрсұлтан Əбішұлы. Тəжірибесі мол, Министрлер Кеңесін басқарады. Экономиканы жақсы біледі». К.Н.Могильниченко асықпай тыңдады. «Сен ойлан, кешке Орталық Комитеттің кадрлар жөніндегі хатшысы Разумовский қабылдайды, əзірлен», – деді. Мен де тағы ойланып, толғанып, бəрін салмаққа салып, қабырғаммен кеңесіп, нақты шешім қабылдадым – бұл ұсынысқа келісім бере алмаймын. Хатшы кешкі 8-ден 10-ға дейін қабылдап, əңгімелесті. Тек екеуміз ғана болдық. К.Н.Могильниченконы да шақырмады. Көптеген сұрақтар қойды. Өзі көп ашылып сөйлемеді. Ең бастысы ешқандай ұсыныс айтылған жоқ. Іштей риза болып шығып кеттім». З.КАМАЛИДЕНОВ, «Өмір жолдары», А., «Арыс», 2010, 148-149 беттер.
(Соңы 2-3-беттерде).