21082015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ќиындыќтан сабырлылыќ пен тґзімділік алып шыєады 4-5-беттер Еуразия ўлттыќ университеті: кеше жəне бїгін 8-бет Бизнесмендер бəйгесі 9-бет Бал татыєан «Барќы» ќымызы 10-бет

№159 (28637) 21 ТАМЫЗ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Жаѕа экономикалыќ саясат – жаѕа мїмкіндіктер Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен экономикалық саясаттың алдағы шаралары жөніндегі кеңес өтті. Оған Премьер-Министр жəне өзге де Үкімет мүшелері сондайақ, елдің ірі экспорттаушылары, «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның іскер топтарының өкілдері қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы кеңесте сөйлеген сөзінде əлемдік экономикадағы күрделі ахуалға назар аударды. Елбасы жиын басында əлдеқалай қиындық туар кезең болса халыққа өзі тура айтуға уəде бергенін еске алып, соған орай қазіргі қалыптасқан жағдайды түсіндірмек екенін атап өтті. «Соңғы жылы əлемдік экономикадағы ахуал едəуір төмендеді. Экономиканың бүкіл дүниеде нашарлағаны бəрімізге көрініп отыр. Дағдарыс барлық бағытта, яғни шикізат тауарларына, валюта, қаржы нарықтарына əсер етуде. Бұл дамушы жəне дамыған мемлекеттерде орын алып отырған жағдай. Шикізат тауарларына

баға барша əлемде төмендеді, сондықтан біздің бюджетке түсетін қаржының ауқымы едəуір төмен болды. Біз бұрын мұндай жағдайлардың талайынан өттік. Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі кездегі жылына екі мың пайыз инфляциядан өткеніміз естеріңізде болар. Барлық зауыттар мен фабрикалардың тоқтап, екі миллион адамның жұмыссыз қалғаны, зейнетақы мен жалақы төлей алмай қалғанымыз белгілі. Ол мемлекеттің ешқандай қоры болмаған кез еді. Одан кейін өткен ғасырдың аяғындағы Шығыс Азиядағы ұлы дағдарысқа түстік. Ресейдің рублі 6-дан 24-ке дейін көтеріліп, төрт есе құлаған кезде Қазақстанның жағдайы мүшкіл болатын. Одан кейінгі 2007-2009 жылдардағы Америкадан басталған дағдарыстың ең қиын

кезеңінен өтіп, елді алып шықтық», деп өтті Президент. Осы орайда Елбасы одан бері бірқатар дағдарыстар орын алғанын, алайда Қазақстан осы сын-қатерлердің барлығын еңсергеніне тоқталды. «Қанша бағдарламалар жасасақ та, өмір мен жағдай алдымыздан қиыншылықтарды алып келеді. Қазір де осындай қиыншылыққа тақап тұрмыз. Бұл дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де сырт қала алмайды. Қазақстанның əлемдегі бүкіл мемлекеттермен байланысы бар. Ал енді халықаралық сарапшы ұйымдардың айтуынша, бұл дағдарыс тез уақытта еңсеріле қоймайды. Соған алдын ала біз барлық жағынан дайындалуымыз керек. Осы мəселені сіздерге түсіндіру үшін жиналып отырмыз», деді Елбасы. Біз барлық əлемдік экономика секілді қиын-қыстау заманды бастан кешіріп жатырмыз. Соңғы жылы əлемдік экономикадағы ахуалдың едəуір нашарлағаны байқалады. Дағдарыс барлық бағыттарда өршіп келеді, ол дамушы да, дамыған елдерге де əсерін

Уаќыт талабы туындатќан міндеттер Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен Үкіметте селекторлық кеңес өтті. Онда Үкімет басшысы жаңа ақша-несие саясатына көшу туралы мəлімдеді. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Премьер-Министр Кəрім Мəсі мов Қазақстанда инфляциялық таргеттеуге негізделген жəне ұлттық валютаның айырбас бағамын еркіндікке жіберуді қарастыратын жаңа

ақша-несие саясаты енгізілетінін хабарлады. Үкімет басшысының мəлімдеуінше, əлемдік экономикадағы қазіргі жағдай бізге де экономикалық өсім мен баға тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-несие саясатын қабылдауды талап етіп отыр.

Осыған орай Ұлттық банк пен Үкімет 2015 жылдың 20 тамызынан бастап валюталық дəлізді алып тастауға жəне айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақшанесие саясатын жүзеге асыруға кірісу жөнінде шешім қабылдады. «Ағымдағы жылдың 15 тамызында Ұлттық банк валюта бағамының дəлізін кеңейту мақсатымен теңгенің айырбас бағамының еркін нарықта

Теѕге баєамын нарыќ ќалыптастырады Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-Министр Кəрім Мəсімов бастаған бірқатар Үкімет мүшелері баспасөз мəслихатын өткізді. Онда теңгенің еркін айналымға шыққаны жəне осыған орай Үкіметте қабылданған шешімдер мен тиісті мемлекеттік органдарға жүктелген тапсырмалар əңгіме өзегіне айналды. Үкімет басшысы мен Ұлттық банктің төрағасы жəне сала министрлері журналистерді толғантқан сұрақтарға егжейтегжейлі жауап берді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстанның экономикалық саясаты өзгеріп, жаңа бағытқа түскенін жəне Үкіметтің жағдайға орай бүгін қабылдаған шешімдері мен тиісті органдарға берілген

тапсырмалар жөнінде айтқан Премьер-Министр, бұл шараларды Үкімет пен Ұлттық банк біріге отырып қолға алғанын жеткізді. Сөйтіп, баспасөз мəслихатында журналистерді жəне қоғамды ойландырып, жауап іздеген сұрақтар ме н т у ы н дай т ы н мə се л е л ер

жөнінде ашық əңгіме болатынын білдірді. Сондай-ақ, қазіргі орын алған жағдай түсінікті болуы үшін Қазақстан ендігіде қандай бағытпен дамитынын ашық айтамыз деді. «Соңғы 14-15 жылда біз молшылықта өмір сүруге, мұнай, металл бағасының тұрақты өсіміне

тигізді. Бұл дауыл ешбір мемлекетті айналып өтпейді. Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры əлемдік экономика өсімі бойынша өз болжамдарын 3 пайыздан 2,8-2,5 пайызға дейін қайта төмендетті. Мұнайдың əлемдік бағасының арзандауы жалғасады, ал мұнай біздің басты экспорттық əлеуетіміз. Иə, Елбасының айтуынша, өткен жылы 115 доллар болған мұнай биыл 48,5 долларға дейін арзандады, яғни, 2,4 есеге дейін құлдырады. 2011 жылы арзандай бастаған металл бағасы əлі де жалғасып келеді. Металл бағасының индексі 45,5 пайызға төмендеді. Тек осы жылы мұнай бағасының 1 тоннасы 6300-ден 5100-ге дейін құлдырады. Нұрсұлтан Назарбаев мұнай мен металл бағасының төмендігі кемінде 5 жыл бойы сақталуы ықтималдығын тағы бір еске салды. Сондай-ақ, Президент біздің негізгі сауда серіктестеріміз Қытай мен Ресей тарапынан отандық экспорттық өнімдерге деген сұраныс күрт төмендегенін атап өтті. «Бұл

қалыптасуын қамтамасыз етуге қатысты шешім қабылдаған болатын. Бұл өз кезегінде біздің экономикамызға өз əсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Оның үстіне жаһандық экономикадағы жағдай уақыт өткен сайын тұрақсызданып келеді», деді К.Мəсімов. Сонымен қатар, Үкімет басшысы біздің экономикамыздың негізгі тірегі болып саналатын экспорттық өнімдерімізге қатысты нарық бағаларының да құлдырап жатқандығын атап өтті. Қазақстанның негізгі экспорттайтын өнімдері мұнай мен металл сынды шикізаттық тауарларға да сұраныс төмендеп, баға түсіп жатқаны белгілі. (Соңы 2-бетте).

үрдіс те қысқа мерзімді емес. Ресей экономикасының құлдырауы 2 есе күшейе түсті. Қытай экспортының көлемі 8,3 пайызға қысқарды», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы 2014 жылдан бастап АҚШ доллары барлық əлемдік валюталарға қатысты нығайып келе жатқанына назар аударды. Соңғы жылдың өзінде еуро долларға қатысты 26 пайызға, жапон иенасы 22 пайызға, Австралия доллары 27 пайызға, Канада доллары 23 пайызға, Норвегия кроны 35 пайызға, Малайзия рингиті 30 пайызға, Чили песосы 18 пайызға, Бразилия реалы 55 пайызға арзандады. Біздің Еуразиялық одақтағы серіктестеріміз де өз валюталарын құнсыздандырды: Ресей рублі 2 есеге жуық, Беларусь рублі 56 пайызға, армян драмы 17 пайызға түсті. Осылайша, Еуроодақты қоса алғанда, елдердің басым көпшілігі, шикізат экспорттаушы елдер, сондай-ақ Қазақстанның сауда серіктестері өз валюталарын құнсыздандыру шарасын жүргізді.

Еуроодаќ – негізгі серіктес Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова елімізде миссиясын аяқтаған Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Аурелия Бушезбен кездесті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы 2011 жылдан бері ЕО-ның еліміздегі өкілдігінің

басшылығын атқарған Аурелия Бушезге екіжақты қарым-қатынасты кеңейтудегі ауқымды жұмысына жəне Қазақстан мен ЕО арасындағы келіссөздер үдерісін дамытуға қосқан жеке

Таєайындау Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы

үйреніп алдық. Өкінішке қарай, енді мұндай кезең аяқталды. Ал алдағы уақытқа көз тастасақ, таяу болашақта, яғни 5-7 жыл, мүмкін бұдан сəл ұзағырақ мерзімде мүлде бөлек экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. Атап айтқанда, қазақстандықтар мұнайдың бағасы барреліне 3040-50 доллар болатын жағдайдағы экономикалық ахуалда өмір сүруге үйренгені жөн. Бұдан былай Қазақстанда бар металдар мен өзге де шикізаттардың бағалары барынша төмен деңгейде болуы əбден ықтимал. Осыған орай, Ұлттық банк жəне Үкімет талапқа сай жаңа үлгіде əрекет етіп, өзінің экономикалық саясатына түзету енгізіп, өз бағытын анықтағаны лəзім», деді К.Мəсімов. (Соңы 3-бетте).

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Ұлттық банктің бағалауы бойын ша, Қазақстан экспорты бірінші жартыжылдықта 73 пайызға азайғанын тілге тиек етті. «Біз қазірдің өзінде кəсіпорындарымыздың бəсеке қабілетінің төмендеп, табыстарының азайғанын көріп отырмыз. Бұл жағдай кəсіпорындарда жұмыспен қамтылған еңбеккерлерге əсер етуде. «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасының ақпаратына сəйкес, көптеген кəсіпорындардың Ресейге экспорты төмендеп кеткен. Бұған қоса, олардың Қазақстан нарығындағы өнімдерін ресейлік өндірушілер тықсыра бастады», деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Кентау трансформатор зауытын мысалға келтірді, оның Ресейге экспорттайтын өнімдері 47 пайызға қысқарған. Кəсіпорын 50 жұмысшыны жұмыстан босатқан, ал мемлекетке 30 миллион теңгенің салығы төленбеген. Алматы ашытқы зауыты өндіріс көлемін 50 пайызға азайтқан, ал кəсіпорынның шығыны 30 миллион теңгеге жеткен. Алматы желдеткіш зауыты өндірісін 47 пайызға төмендетіп, жұмысшылардың 20 пайызын қысқартқан. «Бұл – Қазақстан бойынша өте көп мысалдардың бір парасы ғана. Осының нəтижесінде жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу жайы нашарлауда. 2015 жылы бюджетке түспей қалатын табыс 264 миллиард теңге көлемінде бағаланып отыр. Сондықтан біз əлеуметтік саладан басқа шығыстардың көбін қысқартуға мəжбүрміз», деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

үлесі үшін алғыс білдірді. «Сіз жұмыс атқарған кезеңде екіжақты қарым-қатынастардың белсенділігі артып, ол жаңа деңгейге көтерілді, Қазақстан мен ЕО арасында көптеген игілікті істер атқарылды. Сіздің осы ретте бейбітшілікті, достықты жəне ынтымақтастықты нығайтуға қосқан еңбегіңіз үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, сондайақ, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталғаныңызбен құттықтаймын», – деді Г.Əбдіқалықова. (Соңы 2-бетте).

Төтенше жəне өкілетті елшісі Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

 Сараптама

ƏРІ-СƏРІ КЇЙГЕ ТЇСКЕН ƏЛЕМ

Бүгінде шикізатты экспортқа шығаратын мемлекеттер ауыртпалықты сезіне бастады. Əсіресе, «қара алтынға» деген бағаның түсуі соңғы кезде жағдайды одан бетер ушықтыра түсті. Ал санкциялық қысымға тап болған көршіміз – Ресей бұл тығырықтан шығудың жолдарын қарастырып жатыр. Сондай-ақ, Қытай валютасы – юаньның құнсыздануы, шынын айтқанда, көп мəселеден хабар беріп тұр. Міне, осы жағдайлар Ресеймен жəне Қытаймен едəуір көлемде сауда-саттық, алыс-беріс жасап келе жатқан біздің еліміздің де экономикасына əсер ететінін жасыра алмаймыз. Африканың бірқатар елдерінен жəне «отты нүктелерден» ағылған мигранттар бүгінде

Еуропадағы елдерді басып қалды. Олар сонда өз отанынан неге бас сауғалап қашады? Оның барлығы сол елдердегі əлеуметтік проблемалар мен экономикалық қиындықтарға байланысты болса керек. Біздің елімізде халықтың көңіл-күйіне, тұрмыс жағдайына кері əсерін тигізетін жоғарыдағыдай мəселелер жоқ. Оның көрініс беруі мүмкін де емес. Себебі, Қазақстан басшылығы барлығын күні бұрын ойластырып, соған сəйкес ұзақ мерзімді қамтитын бағдарламалар мен жобаларды жасап қойған. («Əрі-сəрі күйге түскен əлем» тақырыбындағы топтама материалдарды 6-7-беттерден оқи аласыздар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.