21102014

Page 1

● Жасампаздық жемісі

Рекорд!!! Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

№205 (28428) 21 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Миландаєы мəдени мўралармен танысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына жұмыс сапары аясында Миланның көрнекті жерлерін аралады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. «Азия-Еуропа» форумы саммитінің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Миланның негізгі көрнекті орындарын аралап көрді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев сахнасына əлемнің ең үздік опера əншілері шығатын Миланның «Ла Скала» опера театрында болды. Қазақстан Президенті, сондай-ақ, Еуропадағы екінші жұртшылық кітапханасы əрі еуропалық мəдениеттің басты қоймаларының бірі саналатын Амброзиан кітапханасына барды. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевқа Леонардо да Винчидің қол жазбалары, еуропалық суретшілердің суреттері, сондай-ақ, VII ғасырдағы Құран секілді құнды артефакт таныстырылды.

Сапар ќорытындысына арналєан брифинг Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитіне қатысқан Мемлекет басшысы Миланнан қайтар жолда сапарын қо рытындылады, сондай-ақ, Бельгия Корольдігі мен Беларусь Республикасына жасаған соңғы сапарларының нəтижелері туралы əңгімеледі. Қазақстан Президенті əлемдік қаржыэкономикалық дағдарыстың салдары халықаралық нарықтарға, соның ішінде біздің елімізге де əлі теріс ықпал етіп отырғанын айтты. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев соңғы айда болған сапарлар түрлі мемлекеттермен арадағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге

Сенаттыѕ бюро отырысы ґтті Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Сенаттың алдағы 23 қазанда болатын жалпы отырысының күн тəртібі талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенат отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарау көзделіп отыр. Сенаторлар, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын (екінші оқылым); «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан əрі жеңілдету, төрешілдік ресімдерді азайту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (екінші оқылым) қарайтын болды. Депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының комиссияларын құру туралы мəселені де қарайды. Бюрода «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында Іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығы туралы» 2007 жылғы 18 қазандағы Сенат бюросының қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мəселесі қаралды.

бағытталғанын, бұлар Қазақстанның іскерлік байланыстарын нығайтуға жəне экономикасын əрі қарай дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысы Брюссельде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы бойынша алты жыл бойы жүргізілген келіссөздердің аяқталғандығы жөніндегі құжаттың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында Еуропалық одақпен екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжат та айрықша мəнге ие.

Қазақстан Президенті еліміздің ЕО мемлекеттерімен тауар айналымы 53 миллиард долларды құрайтынын жəне аталған келісім тараптардың арасындағы өзара іс-қимылды бұдан да қарқынды ету үшін мүмкіндіктер тудыратынын айтты. Бұл қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді жəне ел экономикасына оң əсер етеді. Миландағы саммитке тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев оның тұжырымдамасы негізгі тармақтарының бірі Еуропа мен Азияның арасындағы тығыз саудаэкономикалық қарым-қатынастарды дамыту болып табылатын «Еуразиялық идеямен» үндес екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы 50-ден астам елдің мемлекет жəне үкімет басшылары қатысқан салиқалы шараға Орталық Азия

 Оймақтай ой Ең алдымен өз қадіріңді жоғалтпа! ПИФАГОР.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Алтай – біздіѕ ортаќ їйіміз

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Əбдірашит Төлегенұлы Жүкенов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен; Əли Амантайұлы Көмекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

елдерінің ішінен тек Қазақстанның ғана шақырылғанын айтты. Қазақстан Президенті мұндай форумдар өзге мемлекеттердің басшыларымен өзекті мəселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды. Атап айтқанда, саммит жұмысының бір жарым күні ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания, Жапония, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия жəне Нидерланд көшбасшыларымен кездесулер өткізді. Мемлекет басшысы олармен өткен келіссөздер ынтымақтастық аясын одан əрі кеңейтуге жəне тереңдетуге, сондайақ, өзара іс-қимылды дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға бағытталғанын мəлімдеді. – Бұл кездесулер еліміздің əлемдік

аренадағы беделін көтереді, жаһандық экономикадағы күрделі ахуал жағдайында Қазақстанға инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді, сон дайақ, республикамызға деген оң көзқарас қалыптастырады. Көптеген елдер қаражаттарын Қазақстанға салуға ұмтылады, ол экономиканың дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен хал қымыздың əл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы саммитке қатысушылар Миланда Украинадағы жағдайды реттеу мəселелерін кеңінен талқылағанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жанжалдың түйінін тек қана келіссөздер жолымен шешкен жөн екенін, Қазақстан өз тарапынан ол үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Еңбектің өзі майдан секілді. Жеңіске, яғни жетістікке бірден жету қиын. Сүйем-сүйем жетістікке тынымсыз еңбектің арқасында ғана жете ала сыз. Мəселен, былтыр Қызылорда облысында Тəуелсіздік алғаннан бері уақытта бұрын-соңды болмаған күріш жиналған. Шаруалар əр гектардан 49 центнерден өнім алып еді. Міне, биыл бұл көрсеткіш жаңарды. Сырдың шаруақор адамдары əр гектардан 51 центнерден күріш өндіріп, ел қамбасына 395 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұрнағы күні егін-тегін жиылып, шаруаның бүгілген белі жазылып, қамба асқа толғанда жасалатын «Алтын күз» мерекесі өтті. Осы мейрамда Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық күріш өндіруші жəне қайта өңдеушілер ассоциациясының төрағасы Абзал Ералиев жоғарыдағы көрсеткішті мəлім қылды. Шат-шадыман шақта Еңбек Ері Елбасына арнайы Үндеуін оқыды. – Сіз «Алаштың анасына» балаған Сыр өңірінің əр саласында серпінді даму бар. Бүгінде кіші Аралдың айдыны шалқып, ТМД елдерімен қатар Еуропаға дейін балық өнімдері экспортталуда. Еуропа мен Азияның түйісу аймағында орналасқан Қазақстанның транспорттық əлеуетін тиімді пайдалану үшін Сіздің бастамаңызбен салынған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодəлізі аймақта өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу жəне алыс шетелдерге тасымалдауға мүмкіндік туғызып, саланың өркендеуіне жаңа қарқын беріп отыр, – деді ол. Облыста басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарынан белгіленген өнім алынды. Келесі жылдың егісі үшін қажет ті тұқым жинастырылып, төрт түлік малдың қысқа қажет ті азығы жасақталып қойды. Облыс бойынша ірі қара малдың басы 263,4 мың басты құрап, уақ малдың саны 609,4 мың басқа жетті. Сүт өнімдерінің көрсеткіші 104 пайызға өсті. «Алтын күз-2014» ме рекелік шарасында облыс əкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың ауылшаруашылық саласының еңбек озаттарын 27 түрлі номинация бойынша марапаттап, əрқайсысына 150 мың теңге ақшалай жəне заттай сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, «Мал шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жаңақорған, «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жалағаш, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде үздік жетістік терге жеткен» – Шиелі аудандары арнайы марапатталды. Ал «Агроөнеркəсіп кешенін дамытуда ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген «Үздік аудан» номинациясы бойынша бірінші дəрежелі дипломды Сырдария ауданы иеленді.

● Бəрекелді!

Халыќаралыќ їйлестіру кеѕесіне Шыєыс Ќазаќстан облысы тґраєалыќ етеді

Өскеменде «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл – төрт мемлекеттің ішіндегі алтайлық алты субъектінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жəне Алтай өңірінің трансшекаралық жобаларын жүзеге асырып жатқан ұйым. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Атап айтқанда, үйлестіру кеңесіне еліміздің Шығыс Қазақстан облысы, Ресейдің Алтай аймағы мен Алтай Республикасы, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районы, Моңғолияның Баян-Өлгей жəне Қобда аймақтары енеді. Аталған отырысқа өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Ресей Федерациясы Алтай

аймағының губернаторы Александр Карлин, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының əкімі Хүзкей Дəрмен, Қобда аймағы əкімінің орынбасары Морх Əмірсана, Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районы Алтай аймағының əкімі Талихади Усунь, осы районның ғылым мен техника басқармасының басшысы Ху Кэл Инь жəне басқа да меймандар қатысты. (Соңы 2-бетте).

Головкинніѕ кезекті жеѕісі

Қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин сенбі күнінің таңертеңінде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласының StubHub Center аренасында мерзімінен бұрын кезекті жеңісіне жетті. Ол мексикалық Марко Антони Рубиомен жекпе-жекке шығып, қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсірді. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Біздің жерлесіміз үшін аталмыш жекпе-жектің бəсі орта салмақта WBA (Super) жəне IBO версиялары бойынша əлем чемпионы атағын сақтап қалу жəне WBC нұсқасының осы салмағындағы уақытша чемпиондығына қол жеткізу болды. Абырой болғанда, Гена бір соққысымен осының бəрін оясына келтірді. (Соңы 10-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.