21102015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Театр деген бір сиќыр... Ўлы Дала атаулары №201 (28679) 21 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ґркені ґскен ґѕір Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қызылорда облысына сапары кеше ертеңгісін қайта жалғасты. Мемлекет басшысы «Көксу» қосалқы шаруашылығында болды. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Аралдың ақ толқыны көбік атып, Сырдария екі ернеуін керіп аққан заман өткен. Сол кезеңдерде мына дарияның айналасы ну орман болған деседі. Қалың өскен қамысынан түйелі адамның өзі көрінбейді екен. Жидесі мен жидегі, жыңғылы мен тораңғысы тұтасып өсіп, тоғайына торғай тұмсық тыға алмайтындай болса керек. Өткен ғасырдың бас жағына дейін сол нудың арасында жолбарыс жүрген көрінеді. Сырдағы соңғы жолбарысты атып алған адамдар туралы аңызға бергісіз əңгіме бар. Кейін ғой, Арал тартылып, табанынан су кеткен соң жұрттың Қызылорданы «депрессивті аймақ» деп жүргені. Теңіздің ұлтаны аптап шілдеде сусырап аузы кепкен пенденің

кеберсіген ерніндей болып қалғаны анық. Тұзы ұшып, соры шығып жатты. Бірақ Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында кіші Аралға су жетіп, жоғалған теңіз қайта қалпына келе бастады. Содан бері Қызылорданы дағдарыс аймағына жатқызуға болмайды деген ойдамыз. Осындай пікірді Қызылорда облысына сапары кезінде Мемлекет басшысының өзі де айтты. «Сырдың күріші шетелдерге экспортталып жатыр. Депрессивті аймақтың өнімін өзге ел сатып ала ма?» – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Расында да солай емес пе? Соңғы үш жылда Қызылорда облысы күріштің рекордтық өнімін жинады. Айталық, 2013 жылы Сыр диқандары гектарынан 49 центнерден өнім алып, ел қамбасына құйған. Былтыр бұл көрсеткіш 51

центнерге жетті. Биыл Ыбырай Жақаевтың ізбасарлары 50,5 центнерден өнім жинады. «Күріш Қызылорданың ең негізгі өнімі саналады. Аймақ кейінгі үш жылдың бедерінде күріштен мол өнім жинап келеді. Рекорд орнатты. Мұндай жетістік Кеңес өкіметінің тұсында да болмаған»,– деп бағасын берді Елбасы сапар барысында. «Қызылордаға ағаш өспейді, соры бетіне шығып, тұзы ұшып, құмы көзіңді жауып, топырағы тісіңнің арасында жүреді», дейтіндерге бір дəлелді сөз айтайық. «Өтірікшінің куəсі қасында» деген емес бұл. Қаланың дəл іргесінде «Көксу» деген қосалқы шаруашылық бар. Аумағы 18,7 гектар жерді құрайды. Қосалқы шаруашылықты 2000 жылы қызылордалық кəсіпкер Рая Үдербаева құрған. Өзі əуежайға барар жолдың жиегінде жатыр. Бұрын əрі-бері өткенде: «Бұл не болды екен?» дейтінбіз. Сөйтсек, шаруашылық иелері кəдімгі ботаникалық бақ жасап жатыпты.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF жəне WBC interim тұжырымдары бойынша əлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы жеделхатта Г.Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен.

«Атақты қарсыласпен өткен əділ əрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның – Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына жəне еліміздегі бокстың одан əрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін», – делінген құттықтауда. Қазақстан Президенті, сондай-ақ, Г.Головкинге мықты денсаулық жəне жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.

Ќоєамныѕ тірегі – бірлік Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, бірқатар нысандарды аралады. Қоғамдық ұйым өкілдерімен, бюджеттік мекеме қызметкерлерімен, студенттер қауымымен кездесті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысына қатысып, Елбасының ұлтаралық, конфессияаралық саясатының тағылымды тəжірибелерімен ой бөлісті. Өмір ЕСҚАЛИ, кесте бойынша атқарылып «Егемен Қазақстан». жатқанын, жоба құны 5,1 миллиард теңгені құрайтынын, Мемлекеттік хатшының ал- келесі жылы көктемге салым ғашқы танысқан нысаны респуб- толық аяқталатынын жеткізді. ликалық маңыздағы Жезқазған Жаңғырту жұмыстарына 100 тех– Петропавл бағытындағы ника, 170 адам тартылған. Бұдан кейін Г.Əбдіқалықова тасжолдың күрделі жөндеу барысы болды. «К-Дорстрой» ке шенді спорт сарайының АҚ-тың директоры Александр ашы лу шарасына қатысып, Луценко ені 18 метрге жететін ж и н а л ғ а н д а р ғ а қ ұ т т ы қ т а у төрт жолақты күре жолды л е б і з і н а р н а д ы . О б л ы с қалпына келтіру жұмыстары тұрғындарының 27 пайы зы

спортпен айналысып, саламатты өмір салтын серік еткен. Олимпиада чемпионы, даңқты велошабандоз Александр Винокуров, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, жеңіл атлетші Маргарита Мұқашева, жұдырығы гүрзі боксшы Жанат Жақиянов, тағы басқалары мақтаныштар саналады. Сəнсалтанаты келіскен екі қабатты ғимараттың жобалық құны – 3 миллиард теңге. Он да жеңіл атлетика манежі, 500 орындық спорт, тренажер, көркем гимнастика, акробатика, оқу-жаттығу залдары, 1000 орын дық жасанды мұз айдыны, велошабандоздарға арналған екі трек алаңы орналасқан. (Соңы 2-бетте).

Сөзімізге сенбесеңіз, көзіңізбен барып көруге болады. «Көксу» қосалқы шаруашылығының бақшасында қарағай мен арша, шырша мен емен сияқты аймақтың табиғатына икемделмеген ағаш түрлері өсіп тұр. Негізінен Қызылорда облысының табиғатына терек, сексеуіл, қарағаш, ақ тал, жыңғыл, үйеңкі жəне тағы басқа оңтүстік өңірде өсетін ағаштар бейім келеді деген түсінік болған. Ал «Көксу» шаруашылығы Сыр өңірінде өспейді, жерсінбейді деген ағаштар мен жеміс түрлерін жерсіндіріп жатыр. Шаруашылық облыстағы шөлейт жерлерді көгалдандыру мен аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен септігін тигізбек. Қылқанды ағаш түрлері өсетін жерлердің ауасында да емдік қасиеті болады емес пе? Шаруашылықтың тағы бір ерекшелігі – егістікте зиянды өндірістерден жеңіл жұмысқа ауыстырылған, еңбек демалысына

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Румиль Тауфикұлы Тауфиков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы бастығының орынбасары Тимур Владимирұлы Пірімбетовке Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді.

жіберілген адамдар мен зейнеткерлер жұмыс істейді. Онда 150 мыңға жуық қылқанды, мəуелі, жапырақты жəне декоративті ағаш түрлері мен бұта өседі. Аталған ұйым қаланы көгалдандырумен қатар, жергілікті климат жағдайына бейімделген жаңа ағаш түрлерін өсіру мақсатында селекциялық жұмыстарды да атқарады. Шаруашылықтың өз жылыжайы да бар. Жылыжайда не өсіп тұр деңіз? Мандарин! Таң қаласың. Қызылордалық шаруалар экзотикалық өнім саналатын мандаринді өсіріп, өнімін алып отыр. Мұның бəрін неге айтып отырмыз? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына сапарының екінші күнінде осы шаруашылықта болды. Бақты аралап, жылыжайдағы жұмыстармен танысты. «Бір ғана адамның ойы мен ерік-жігерінің арқасында тұзы мен соры шығып жатқан жерге мынадай орман өсіру деген қандай

керемет! Мақтаса, осындай адамдарды мақтау керек. Астананың да айналасына ағаш өспейді дегендер болды. Ал соны қазір қараңыздар. 70 мың гектар орман өсіп тұр. Болашақта Бурабайдың орманымен қосылып, тұтасып кетеді. Егер барлық жастарымыз «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша ағаш отырғызып, сол ағашты күтіпбағатын болса, соның өзін өмірде үлкен із қалдырды деп санауға болады. Ал мына баққа қарасаң, көзің тояды. Барлық жеміс-жидек пен əртүрлі ағаш өсіп тұр. Мұның барлығы еңбектің арқасында іске асқан», деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Кейінгі жылдарда өңірде айтарлықтай алға ілгерілеу бар. Бір ғана деректі айтайықшы. Қызылорда облысы үш ауысымда оқитын мектептерді түгелімен жойды. Енді алдағы жылдарда апатты мектептердің барлығынан арылып, орнына жаңа ғимараттар салынады. Қазақстанның өзге аймақтары секілді Сырдың бойы

5-бет 7-бет

Атаєы ќыр асќан «Атлетико» 13-бет Ќўралайды кґзге атќан 14-бет

да күннен-күнге жасарып, жаңарып келеді. Облыста атқарылған шаруалармен танысқан Елбасы аймақ басшылығының жұмысына оң бағасын берді. «Қызылорда облысына келіп, жалпы жағдаймен таныстық. Қазақстанның басқа өңірлері сияқты өркендеп-өсіп жатқан жағдайы бар. Кейінгі кездері қаланың іші əсемденіп, көшелері жөнделіп, саябақтар көбейіп, халықтың жағдайы жақсарды. Сырдың сол жағалауына жаңа қала салып, оны игеру мəселелері қолға алынып жатыр. Қызылорда облысының аймағынан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дəлізі, теміржол, «Бейнеу–Бозой– Шымкент» газ құбыры өтіп жатыр. Аймақ тұрғындарының барлығы Сырдың бойында орналасқан. Бұл халықтың кəсіппен айналысып, жағдайын түзеп, əрі-бері қатынасқа үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан өңірдегі жалпы жағдайды дұрыс деп айтуға болады. Ал индустриялық бағдарлама бойынша үлкен-үлкен кəсіпорындар іске қосылмақ. Соның ең бастысы – Шыны зауытының құрылысы. Ол бүкіл Қазақстанды өз өнімімен қамтамасыз ететін болады»,– деді Елбасы. (Соңы 2-бетте).

–––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

БЕЛІМІЗДІ БЕКЕМ БУАЙЫҚ Елбасымыздың əр сөзі ел жүрегіне жетіп жатады. Соның ішінде Президенттің ресми кездесулерде, жұмыс бабындағы қабылдауларда айтатын пікірлеріне де құлақ түреді қалың ел. Дүйсенбі күні Премьер-Министр К.Қ.Мəсімовті қабылдау кезінде Елбасымыз бүкіл əлемді қыспағына алып тұрған дағдарыстың мұнан бұрынғы, 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан да күшті болатынын ашық айтты, туған халқын, өз елін қиындыққа қарсы тұруға шақырды. Оның алдын алудың, мүмкін болатын ауырлықтарын жеңілдетудің нақты жолдарын белгіледі. Азаматтардың əлеуметтік көңіл-күйінің төмендеуіне жол берілмейтінін, халықтың əлеуметтік əлсіз топтарын қолдау бағдарламасы дайын болуы тиістігін

қадап көрсетті. Ел газеті «Егемен Қазақстанның» электронды поштасына, басылым сайтына кеше жедел түскен, облыстардағы меншікті тілшілерге хабарланған пікірлер халқымыздың ертеңгі күнге сенімділіктің басты тірегін Елбасымыз – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан тауып отырғанын, елдік пен бірлік арқылы қандай қиындықты да еңсеретінін кəміл көрсетеді. Газет сайтындағы бір коммент «Біз бəрін де жеңеміз. Алға, Қазақстан!» деп аяқтапты. Дəл солай болады! Белімізді бекем буайық! ––––––––––––––– (Оқырмандар пікірлерінің топтамасы газеттің 3-бетінде жарияланып отыр).

● Орақ-2015

Отан ќамбасына 5,4 миллион тонна дəн ќўйылды Солтүстікқазақстандықтар орақ науқанын ұйым шыл дықпен аяқтап, ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Бұл туралы облыс басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров макарон өнімдерін шығаратын «Сұлтан» ЗММК акционерлік қоғамында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мəлімдеді. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

– 3,2 миллион гектар егістік алқаптарынан 5 миллион 425 мың тонна астық жиналып, орташа түсім 16,9 центнер болды. Жауапты науқанға 4 мыңға жуық серіктестік пен фермерлік шаруашылық белсене атсалысты. Жамбыл, Айыртау, Қызылжар, Есіл аудандарында

шығымдылық 20 центнерден айналды. Отан қамбасына жөнелтілген алтын дəннің 40 пайыздан астамы 3-ші, қалғандары 4-5-ші сыныптарды құрайды. Ауа райының құбылмалы болғанын ескерсек, бұл – жақсы көрсеткіш. Келер жыл тұқыммен толық қамтамасыз етілді.

Мемлекеттің қуатты қол дауы арқасында бітік егін өс кенін айта кеткім келеді. Биыл агроқұрылымдар 17,5 миллиард теңге мөлшерінде жеңіл дікті демеуқаржы алды. Көктемгі-дала жұмыстарына 73 мың тонна арзандатылған дизель отыны алынып, əр литрі 84 теңгеден босатылды. Танаптарға 45 мың тонна минералдық тыңайтқыш сіңіріліп, 3 миллион гектар жер гербицидпен өңделді,–деді Айдарбек Сейпілұлы. Ол журналистердің бидайдың сату бағасы қандай болмақ деген сауалына былай жауап берді. Бір тонна 3-ші сыныпты бидай бағасы 3842 мың теңге төңірегінде. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жергілікті филиалы 42 мың теңгеден сатып алуда. Бүгінде берілген несиенің үштен бірі қайтарылды. Бұл бағытта жұмыс жанжақты жүргізіліп жатқандықтан, ешқандай проблема туындамауы тиіс. (Соңы 13-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.