21112013

Page 1

Кеше Астанадаєы Тəуелсіздік сарайында Ќазаќстан Республикасы судьяларыныѕ VІ съезі болып ґтті. Оныѕ жўмысына Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев ќатысып, сґз сґйледі.

№258 (28197) 21 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

«Билік айту – оѕай, біліп айту – ќиын»

Бұл кездесу жай ғана басқосу емес. Өздеріңізге белгілі, осыдан 1 жыл бұрын мен Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Осы бағдарламаның ең негізгі түйіні – сол кезге дейін дүниенің өркендеп өскен, ең байыған 30 мемлекетінің қата рына кіреміз деп отырмыз, деді сөзінің басында Н.Назарбаев. Біз меже қылған биік белестер барлық саладағы игіліктерді көздейді. Сондықтан, сот жүйесі сол елдердің сот жүйесімен бірдей болуы керек. Қазақстанның сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы қажет. Бұл туралы мен Стратегияда нақты көрсеттім. Барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғары тұрғаны Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы – Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы. Біз «Қазақстан 2050» Стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз реформа жасағанда экономикада, саясатта сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз, деп жалғады сөзін Президент. Біздің азаматтар сот жүйесінде барлық мəселелерді шешуі керек, өзінің құқығын қорғай алуы керек. Мемлекеттің де, менің де сот жүйесіне көп көңіл бөліп

отырғаным сондықтан. Осындай үлкен жауапкершілікті баршаларыңыз түсінесіздер деп ойлаймын. Осы салада көп жұмыс істеп келе жатырсыздар. Сіздер тəуелсіздігіміздің 22 жылы барысында атқарылған шаруалардың ішіндегі басты мəселелердің шешілуіне қатыстыңыздар. Сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Елбасы келесі кезекте Қазақстан судьяларының VI съезі жауапты тарихи сəтте өтіп отырғанына тоқталды. Тура бір жыл бұрын өзінің еліміздің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын жариялағанын еске салды. Жаңа саяси бағыттың барлық векторы үшін басымдықтар мен міндеттер айқындалып жатқанын атап көрсетті. Олардың бəрі ұлы стратегиялық мақсатқа – осы уақыт ішінде əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған. Бұл – сот жүйесін де қамтитын барлық мемлекеттік органдардың міндеттері мен барлық жұмыстары соған сəйкестендірілген негізгі мақсат, деді Н.Назарбаев осы орайда. ХХI ғасырдағы ұлттың дамуының маңызды өлшемі – мінсіз жəне тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тəуелсіз жəне əділетті сот – құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз əлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық

Қазақстан Республикасының Заңы

Психикасыныѕ бўзылуынан зардап шегетін адамдарды мəжбїрлеп емдеуден ґткізу їшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы

1997 жылғы 28 наурызда Мəскеуде жасалған Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мəжбүрлеп емдеуден өткізу үшін беру туралы конвенция ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 19 қараша. №141-V ҚРЗ

ахуалдың да, азаматтардың əлауқатының жоғары деңгейінің де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес. Президент сөзін судьялардың осының алдындағы V съезінен бері өткен төрт жылда Қазақстанның сот жүйесі «Соттардың тəуелсіздігі» өлшемі жөнінен Бəсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингісіндегі өз көрсеткішін бірден 23 орынға күрт жақсартқанын айтумен жалғастырды. Бұл жақсы. Бірақ соған қарамастан, біз əзірше əлемде 88-орын аламыз. Демек, 30-дың қатарында болу үшін бізге тағы 60 орынға көтерілу керек. Сондықтан құқық жүйесін, əсіресе, оның өзегі – сот төрелігі жүйесін реформалау жөніндегі жұмысты екі есе арттыру қажет. Біздің құқықтық жүйенің бəсекеге қабілеттілігін оның көпшілік құқығындағы да, жеке құқықтағы да барлық негізгі салаларында арттыру – «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты міндетінің бірі. Қазір биліктің сот тармағының беделін, тəуелсіздігін жəне тиімділігін арттыру жөніндегі ауқымды жұмыстардың басымдығы бар бағыттары мен нақты тетіктерін анықтау маңызды. Судьялардың алтыншы съезінің басты міндетін мен осыдан көремін, деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Н.Назарбаев бүгінде Қазақстан

кəсіби судьялар корпусы бар заманауи сот төрелігіне ие ел екенін атап өтті. Елде жалпы, əкімшілік, экономикалық, қылмыстық, ювеналдық жəне қаржылық юрисдикциядағы 378 сот қызмет көрсетеді. Оларда қатаң біліктілік таңдауынан өткен 2214 судья жұмыс істейді. Мейлінше ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істер алқабилердің қатысуымен қаралады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында тұтқындауды сот санкциясымен жүзеге асыру институты енгізіліп, табысты жүргізілуде. Қазақстанда жасалған сот реформасы сот төрелігі жүйесін азаматтар талаптары мен мүдделеріне жақындатты, істерді сотта қараудың сапасын айтарлықтай арттырды. Қазақстандықтардың соттарға деген сенімі арта түсті. Мұны, біріншіден, сот тəртібімен қаралатын істердің саны артқаны көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2000 жылдан бері жылына 1 миллионнан асып түседі. Екіншіден, Қазақстанның сот жүйесіндегі сапалық өзгерістерді БҰҰ қолдауымен өткізіліп келе жатқан əлеуметтік зерттеулер де дəлелдеп отыр. Судьялардың тəуелсіздігін арттыру үшін олардың тəртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі өкілеттіктер тек қана Сот қазыларына берілді. Бұл судьяларға кез келген түрдегі қысым жасаудың

Қазақстан Республикасының Заңы

Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Тəжікстан Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы ґтеусіз əскери-техникалыќ кґмек кґрсету туралы келісімді ратификациялау туралы

2013 жылғы 15 сəуірде Душанбеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тəжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз əскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 19 қараша. № 142-V ҚРЗ

ықтималдығын азайтып, соттардың тəуелсіздігін нығайтты. Соңғы төрт жылда тəртіптік жауапкершілікке тартылған жəне ұнамсыз себеп бойынша лауазымнан босатылған судьялар 4 есе дерлік азайды. Кері қайтарылған жəне өзгертілген сот шешімдерінің жыл сайынғы көрсеткіші 2009 жылдан бері, орташа алғанда, барлық қабылданған шешімнің сəйкесінше 0,5 жəне 0,9 пайызы деңгейінде тұрақтана түсті. Бұл да біздің елдегі сот төрелігін жүзеге асырудың əділеттілік деңгейі артқанын көрсетеді. Ұлттық сот жүйесі əлдеқайда жауапты жəне жедел сипат алды. Бұған облыстық соттар рөлін арттыру мен істі бірінші инстанциядағы соттарға қайтару тəжірибесінен бас тарту шаралары септігін тигізді. Соттарды мамандандыру жұмыстары жалғасуда, деп бір қайырды Мемлекет басшысы. Президент, сондай-ақ, қазақстандық сот төрелігінің барлық құрылымының қызметі мейлінше ашық бола түскенін атап өтті. Қазір соттардың шешімдерімен электрондық режімде – Жоғарғы Сот пен жергілікті сот инстанциялары сайтында танысуға болатынына назар аударды. Өзінің тапсырмасы бойынша 2010 жылы соттар өздеріне тəн емес функциялардан босатылғанын айта келіп, сот актілерін орындау əділет органдарына берілгенін, ал Жоғарғы Сот жанынан

дербес департамент құрылғанын, соттар аппараттарының судьялардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап айтты. Қазақстанда соттан тыс делдалдың көмегімен бітістіру процесі – медиация институты құрылды. Бұл екі жақ та келісетін шешім қабылдануы мүмкін істерді қараудан соттарды біртіндеп босату үшін алғышарт жасайды. Бұл институтты дамытып, əлемдік деңгейге жеткізу қажет. Сот жүйесінің тиімділігін арттыру мемлекеттің жəне менің əрдайым қамқорлығымда болды. Республикалық бюджеттің соттар қызметін қамтамасыз ету шығыстары 2006 жылдан бастап 2,6 есеге – 11,2 миллиард теңгеден биылғы жылы 30 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Біз сот жүйесінің материалдық базасын едəуір нығайттық. Барлық соттар техникалық жабдықталған жəне əділ төрелікті атқарудың заманауи стандарттарына сай ғимараттарда орналасуда жəне бұл жұмыстар жалғасатын болады. Астана қаласы, Алматы жəне Қостанай облыстарының соттарына арналған жаңа ғимараттардың құрылыстары аяқталып қалды. Өткен төрт жылдың өзінде ғана қазақстандық Фемида қызметшілерінің жалақылары 60 пайызға өсті. Барлық деңгейдегі судьялардың еңбекақысы біздің өңірде ең жоғары болып саналады. (Соңы 2-3-беттерде).

Банкроттыќќа да баќылау керек Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында мектеп салу, əйелдерді қолдауды дамыту, жолдарды жаңарту, оңалту мен банкроттық жəне «пирамидаларға» қарсы іс-қимыл сияқты мəселелерді қамтыған заң жобалары талқыға түсті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Пленарлық отырыста бірінші кезекте Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісім жəне оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары қорытынды əзірлеу үшін заңнамалық айналымға алынды.

Осылайша, еліміз Бішкек пен Ош қалаларында əрқайсысы 500 орындық екі мектеп салатын болады. Хаттамаға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2012 жылы тамыздағы Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары барысында қол қойылған-ды. Бұдан кейін отырыс заң жобаларын қараумен ұласты. «Оңалту жəне банкроттық туралы» заң

жобасы мен оған ілеспе кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін заңдық құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Дүниежүзілік банктің сарапшылары əзірлеген кредиторлардың дəрменсіздігі мен құқықтары жөніндегі стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есепке сəйкес, заңның кейбір ережелерінің айқын еместігі немесе маңызды ережелердің жоқтығы, кредиторлар құқықтарының жеткілікті қорғалмауы, рəсімдеудегі кешеуілдету сияқты кемшіліктер анықталған. (Соңы 3-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Былыќ пен шылыќ «тендерді» тґѕіректейді

4-бет

Əйел – əлемніѕ жарыєы

5-бет

Замандар кґшеді, кґршілер ќалады

7-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.