Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландыру күні» өтті. Онда елімізде жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру бағдарламасының орындалу барысы қорытындыланып, Елбасының «Алтын сапа», «Парыз», «Өндірістегі үздік инновация-2013», «Үздік индустриялық жоба» атты арнайы сыйлықтары табыс етілді.
№279 (28218) 21 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
ҐМІРДІЅ ҐЗЕГІ – ҐНДІРІС Телекґпір таєылымы
Салтанатты шара барысында жалпы ұлттық телекөпір ұйымдастырылды. Телекөпір арқылы Елбасы Үдемелі индустриялықинновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бірнеше өндірістік жобаларды іске қосты. Ағымдағы жыл Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының төрт жылын тауысып, алғашқы бесжылдыққа аяқ басқан шақ. Онымен қоса бұл Елбасының мемлекет алдына маңызды міндет қойған «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау кезеңіне кіріскен жыл. Яғни, осы жылдан бері Қазақстан əлемдегі ең озық отыз елдің қатарына кіру мақсатындағы күрделі жолдың алғашқы жылын артқа тастағалы отыр. Иə, үздік отыздыққа ену үшін еліміздің индустрияландыру картасы аса маңызды рөл атқарары анық. Себебі, бізді биікке беттетіп, асуды бағындыруға апарар күш осы өндірістік жетістіктер болса керек-ті. Бірден отыздық туралы ойға алуымыз да бекерден емес, оған біздің бүгінгі өндірістік əлеуетіміз, қолға алған бірегей жобаларымыз батылдық бергені рас. Мəселен, атап айтар болсақ, индустрияландыру картасының негізінде бүгінге дейін 600-ден астам жоба пайдалануға беріліпті. Оның 125 жоба сы ағымдағы жылы іске қосылған. Барлық кəсіпорындардан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының қатысушылары 2,5 трлн. теңгеге өнім шығарған. Сондай-ақ, 60 кəсіпорын 126 млрд. теңгеге өнім экспорттаған. Индустрияландыру картасының нысандарында 50 мың адам тұрақты жұмысқа тұрған. Бұл бағдарлама тек өнеркəсіп орындарын ашумен шектелмейді. Сонымен қоса еліміздің логистикалық əлеуетін арттыру мақсатында мыңдаған шақырымға созылған теміржол мен тас жолдардың құрылысы да осы бастаманың жемісі. Бұдан бөлек елді мекендерді табиғи газбен қамту жəне коммуникациялық қызмет сапасын арттыру жұмыстары бойынша да оң нəтижелер бар. Ал кешегі телекөпір барысында Елбасының рұқсат беруімен іске қосылған 10 жоба, кеңейіп-жаңғыртылған
4 жоба да осы бағдарламаның жарқын жетістіктері. Сонымен, «Индустрияландыру күнінде» Астанадағы Тəуелсіздік сарайына бүкіл билік басындағылар, Үкімет мүшелері, депутаттар мен бизнесмендер «төрт көзі түгел» жиналды. Бəрінің назары алдарындағы алып экран, еліміздің түкпіртүкпірімен лезде тікелей байланыстыратын – телекөпірде. Тізгінді ұстаған қос жүргізуші кезегімен өңірлерді байланысқа шақырды. Бірінші болып Маңғыстаудан Ақтау теңіз портындағы құрғақ жүк тасымалдау компаниясы тікелей эфирге шықты. Ақтау теңіз портындағы құрғақ жүк тасымалдау кемесінің капитаны Михаил Ялбачев Президент Н.Назарбаевқа кеменің жай-жапсарын баяндады. Қазақстанның транзиттік əлеуетін арттыру мақсатында «Қазақстан темір жолы» компаниясы аталған компанияны құрып, Қазақстанның туы астында жұмыс істейтін, əрқайсысының сыйымдылығы 5
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ќ.А.Бозымбаевты Павлодар облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Павлодар облысының əкімі болып тағайындалсын, ол Жамбыл облысының əкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 20 желтоқсан. №712
Қанат Алдабергенұлы БОЗЫМБАЕВ
мың тоннаны құрайтын 2 кеме сатып алғанын жеткізген капитан М.Ялбачев Елбасынан кемелерге атау беруді сұрады. «Бұл – еліміздің өміріндегі өте маңызды оқиға. Алғаш рет темір жол, автомобиль жолдары арқылы Батыс Қытайды Қазақстан арқылы Каспий теңізімен Еуропаға жалғайтын мемлекетке айналып отырмыз. Сондықтан да құрғақ жүк тасымалдау мəселесі біз үшін маңызды болатын. Қазір біз суға қазақстандық кемелерді түсірдік. Мен барлық теңізшілерді жəне маңғыстаулықтарды осы зор оқиғамен құттықтаймын. Жалпы, ат беру қарапайым іс емес. Оның зор жауапкершілігі бар», деген Президент кемелердің бірін – Түркістан, ал екіншісін – Бекет ата деп атады. Телекөпір арқылы Елбасы назарына ұсынылған келесі жоба – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының «Шымкент-Түркістан» учаскесінің ашылуы болды.
Оны Оңтүстік Қазақстан облысынан тікелей байланысқа шыққан Көлік жəне коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев таныстырды. М.Пішембаев Президенттің тапсырмасымен салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің биыл 806 шақырымы аяқталғанын хабарлады. Бүгінде құрылыс жұмыстары 5 облыста жүргізілуде екен. Бұл жұмысқа 35 мың адам тартылған. Жаңа жол бойында заманауи қызмет көрсету орындары ашылып жатыр. Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша оңтүстікқа зақстандықтарды осы айтулы шарамен құттықтай келе, «Жол құтты болсын! Жаңа ғана Каспийге түсірілген 2 кемеге ат бердік. Біреуінің аты – Түркістан, Қожа Ахмет Ясауи – біздің рухани қазына мыз. Екіншісінің аты – Бекет ата. Солардың аруағы бізді қолдап жүрсін дегім келеді. Рұқсат», деді. Бұдан əрі телекөпір арқылы Елбасының рұқсатын алған
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
К.Н.Көкірекбаевты Жамбыл облысының əкімі қызметіне тағайындау туралы
Кəрім Нəсбекұлы Көкірекбаев Жамбыл облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 20 желтоқсан. №713 1957 жылы туған, Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Шу станциясының локомотив депосы машинисінің көмекшісі болып бастаған. Мамандығы бойынша Алматы темір жолы мекемесінің бөлімшелерінде жұмыс істеді, «Алматыжелдорэкспедиция» мемлекеттік мекемесі бас директорының бірінші орынбасары, кейін бас директоры, «Қазақстан темір жолы» РМК Алматы темір жолы мекемесінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданының əкімі, республиканың Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ вице-президенті, Жамбыл облысы əкімінің орынбасары қызметтеріне тағайындалған. 2009 жылғы желтоқсаннан – Жамбыл облысы əкімінің бірінші орынбасары.
Облысќа жаѕа əкім таєайындалды
Əкімніѕ орнын орынбасары басты
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Актив жиналысында сөз алған Қанат Бозымбаев екінші облысты басқаруға сенім білдірген Елбасына рахметін айтып, талап пен сенім үдесінен шығуға ұмтылатынын жеткізді. Қ.Бозымбаев 1998-2001 жылдары еліміздің Энергетика, индустрия жəне сауда министрлігінде
департамент директоры, вицеминистр, 2001-2007 жылдары «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ президенті, 2008 жылы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ бас қар ма сының төрағасы қызметтерін атқарды. (Соңы 4-бетте).
Кеше облыс əкімдігі үйінде бесінші шақырылған облыстық мəслихаттың ХХІ кезектен тыс сессиясы болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов қатысты. Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Сессияда облыс əкімінің қызметіне жаңадан та ғайын далатын əкімнің кандидатурасына келісім беру туралы мəселе қаралды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов Қазақстан Республикасының Президенті
Таєайындау
Мемлекет басшысының Жар лығымен Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Хроника
Кəрім Нəсбекұлы КӨКІРЕКБАЕВ
1969 жылы туған, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, мамандығы – экономист, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі. Академияны бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді, кейін Алматы қаласы əкімінің аппаратында, республиканың Экономика жəне сауда министрлігінде еңбек етті. «Қазтрансойл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компанияның жиынтық-қаржы департаментінің бастығы, вице-президенті, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия жəне сауда министрлігінің мұнай жəне газ департаментінің директоры болды. Энергетика, индустрия жəне сауда вице-министрі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының президенті қызметтеріне тағайындалды. 2009 жылғы қарашадан – Жамбыл облысының əкімі.
Кеше облыс активінің жиналысы болып, онда Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов Елбасының Жарлығымен тағайындалған облыстың жаңа басшысы Қанат Бозымбаевты таныстырды. Бұған дейін облысты басқарған Ерлан Арын өз өтінішімен қызметінен босатылды.
жоба – «Global Ecological Group Almaty» ЖШС (GEGA) өндірістіклогистикалық орталығы. Кəсіпорын директоры Николай Ка ширин орталықтың заманауи талаптарға сай зор мүмкіндіктерін баяндады. Оның айтуынша, орталық халықаралық А стандартына сай салынған. Азық-түлік сақтаудың қажетті барлық температурасын қамтамасыз ете алатын арнайы орталық сапалы əрі қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтуға мүмкіндік бермек. Бұдан əрі телекөпір байланысы арқылы Түркістанға газ қо сылды. Айта кетейік, таяуда ғана қосылған «Бейнеу-БозойШымкент» газ құбыры арқылы еліміздің оңтүстігіне отандық газ келе бастағаны белгілі. Соның нəтижесінде енді, міне, 200 мыңнан астам халқы, 40 мың тұрғын үйі бар Түркістан қаласы экологиялық отынға қол жеткізіп отыр. Қалаға газ беруге рұқсат еткен Мемлекет басшысы қала тұрғындарын құттықтай
Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысының əкімі қызметіне бұған дейін Жамбыл облысы əкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарып келген Кəрім Нəсбекұлы Көкірекбаевты ұсынғанын жеткізді. Елбасы ұсынған кандидатты қолдап сессияға жиналған 27 депутат бір ауыздан дауыс берді. (Соңы 4-бетте).
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ерлан Мұхтарұлы Арын Павлодар облысының əкімі қызметінен; Қазақстан Респуб ли ка сының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Респуб ли ка сындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды.
келе, «Шымкент-Түркістан арқылы автокөлік дəлізі салынды. Темір жол бар. Енді газ келді. Жақсылап жұмыс істеңіздер, табыс ты болыңыздар. Елімізге қызмет етіп, өз жағдайларыңызды, елдің жағдайын ойлаңыздар», деді. Жалпыұлттық телекөпір аясында бұдан əрі Президент Алматы облысындағы Қапшағай күн электр стансасын іске қосты. Тікелей эфир арқылы жобаны таныстырған «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Алмасадам Сəтқалиев Қапшағай күн электр стансасының қуаты 2 МВт құрайтынын, ол 600 үйді электр қуатымен қамтамасыз етуге жететінін хабарлады. Елбасы жобаны зор қуанышпен қосатынын жеткізе отырып, «Бұл – еліміздің «жасыл экономикаға» көшуіндегі алғашқы қарлығаштардың бірі. Бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында да маңызды. Күннен қуат алатын электр энергиясы ел
(Соңы 2-3-беттерде).
Бейбітшілікті саќтау – халыќаралыќ ўжымдыќ міндет Енді бўл əрекеттен ќазаќстандыќ əскерилер де сырт ќалмайды
Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысы болып, күн тəртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін бақылаушылар ретінде жіберу туралы ұсынысы қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Отырысқа қос палата депутаттарынан өзге Конституциялық Кеңестің жəне Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Əкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент аппараттарының жауапты қызметкерлері жəне
Ќазаќстан Республикасы Бас прокуратурасыныѕ ресми хабарламасы 2006 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласында Алтынбек Сəрсенбайұлының, Василий Журавлевтің жəне Бауыржан Байбосынның ұрланып, өлтірілуі орын алған болатын. Ішкі істер органдары тарапынан тергеу барысында осы қылмысқа қатысты адамдар анықталды. Олар Рустам Ибрагимов жəне тағы 9 адам. Өз кезегінде Ибрагимов Алтынбек Сəрсенбайұлын өл тіруге тапсырыс беруші ретінде
игілігіне жұмыс істейтін болсын. Іске сəт!» деді. Айта кетсек, жалпы индустрияландыру бағдарламасы аясында бұл бағытта іске асырылып жатқан жемісті жұмыстар аз емес. Мəселен, 2013 жылдың 11 айында елдегі 68 электр стансасы 83 млрд. кВсағ қуат өндіріпті. Төрт жылда өндіру көлемі 10 млрд.-тан астамға өскен. Индустрияландыру бағдарламасына электр энергетикасы саласында 14 жоба қосылған. Бүгінде оның 8-і аяқталды. Сол сияқты, сарқылмас қуат көздері нысандарда 650 млн. кВ сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл бағытта осы жылы 12 нысан іске қосылды. Онымен қоса Қордайда жел электр паркі салынуда. Елімізде осындай жел парктерін салатын арнайы бағдарлама жүзеге асырылуда. Президент телекөпір арқылы Алматы облысы Панфилов ауданындағы Жаркент крахмалсірне зауытын да іске қосты. Аталмыш зауытта жүгері терең өңделіп, қантты толық айырбастайтын өнімдер шығарыла бастайды. Бұдан бөлек, зауытпен қоса жүгеріге қатысты терең өңдеудің кластері қалыптаспақ. Сөйтіп, индустрияландыру картасы аясындағы нысан шеттен импортталатын өнімдерді отандық өніммен алмастыратын болады. Зауыт азықтүлік қауіпсіздігі тұрғысынан да маңызды болмақ. «Панфилов ауданы өзінің жүгері сұрыптары арқылы ұдайы мақтанышқа ие еді. Алайда, бұл дəрежеден соңғы уақытта айырылып қалған болатынбыз. Оны қайтадан қалпына келтіруге тиіспіз. Осы тұрғыдан алғанда жүгеріні терең өңдеуге кіріскендеріңіз қуантады», деді Елбасы Н.Назарбаев. Индустрияландыру бағдарламасы аясында қарқын алған саланың бірі – құрылыс. Қазіргі таңда Қазақстан өзіне қажетті цемент, арматура, құрылыстық бояуларды түгел өзінде шығарады. Осы мақсаттарды көздеген Жамбыл облысындағы «Құрылыс-Полимер» ЖШС бүгінге инновациялық бағыттағы құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. Кеше телекөпір арқылы Елбасына осы кəсіпорынның өнімдері таныстырылды.
сол кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппарат жетек ші сі қызметін атқарған Ержан Өтембаевтың атын айтты. Тергеу барысында анықталған барлық адамдар 2006 жылғы 31 тамызда Алматы облыстық сотымен ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айыруға, ал Ибрагимов тікелей ұйымдастырушы жəне орындаушы ретінде өлім жазасына кесілсе, кейіннен жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конституцияға сəйкес Парламент палаталарының бір лескен отырысында Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін еліміздің Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылданады. (Соңы 4-бетте). Дей тұрғанмен, 2012 жылғы 16 сəуірде, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ибрагимов Қазақ стан Республикасының Жоғарғы Сотына жасалған қылмыстың бұдан бұрын құқық қорғау жəне сот органдарына беймəлім мəн-жайлар хабарланған мəлімдемемен жүгінді. Мəлімдемесінде ол адам өлтіргенін алғаш рет мойындады жəне мұндай қадамға баруының мəн-жайын егжейтегжейлі айтып берді, сондайақ, Алтынбек Сəрсенбайұлын өлтіруге шын тапсырыс беруші Ержан Өтембаев емес, Рахат Əлиев пен Əлнұр Мұсаев екенін хабарлады. (Соңы 4-бетте).