АҚПАРАТТАР аєыны №14 (28238) 22 ҚАҢТАР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Тхеквондо – Ќазаќстанда ќарќынды дамыєан спорт тїрі
ЭКСПО еліміз їшін тиімді пайдаланылуы тиіс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бүкілəлемдік тхэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Бүкілəлемдік тхэквондо федерациясы басшысының сапары еліміздегі бұл спорт түрінің дамуына одан əрі серпін беретінін айтып, ризашылығын білдірді. – Қазақстанның тхэквондо федерациясы Бүкілəлемдік тхэквондо федерациясы құрамына 1993 жылы кірді. Осы кезден бастап спорттық жекпе-жектің осы түрі біздің елде қарқынды дами бастады, 11 мың адам белсене айналысуда, 250-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазақстандық спортшылар əлемдік жарыстарда 9 қола медаль иеленді, ал азиялық деңгейде алтын медаль да бар. Бұл тамаша спорт түрі одан əрі дами береді деген үмітіміз зор. Себебі, ол жастарды тəрбиелеуге жəне саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Мен сіздің сапарыңыз жастардың назарын осы спорт түріне одан əрі аудара түседі деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған қоса, Мемлекет басшысы біздің ұлттың жауынгерлік өнерге бейім екенін, Қазақстан жекпежектің өзге түрлері жəне спорттың күш-қуатқа негізделген түрлері бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті. Чунгвон Чо қабылдау үшін алғысын айтып, Қазақстанға тхэквондоның одан əрі таныла түсуіне бағытталған сапарының маңызды екеніне тоқталды. – Мен Сіздің Қазақстанда жəне өзге де елдерде тхэквондоны дамытудағы білімділігіңізге тəнті болдым. Бүгінде Қазақстан – тхэквондо бойынша жарыстарда Олимпиялық ойындардың тұрақты қатысушысы жəне сіздің елдеріңіздің əлеуеті зор. Тхэквондо Қазақстанда жедел да муда, ал спортшыларыңыз спорттың барлық түрі бойынша зор табысқа жетуде. Мен жуық арада Мемлекет басшысының қолдауымен сіздердің спортшыларыңыз Олимпиаданың
Əріптестік əлеуеті əркез жоєары
Кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Күн тəртібіндегі маңызды мəселелерді талқыға салған кездесу иелері Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған басым бағыттарды алға тарта келіп, Қазақстанның даму болашағын сөз етті. Мəжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Қазақстан парламентшілерінің алдында ин новациялық индустрияландыруды одан əрі ілгерілету, агроөнеркəсіптік кешенді, инфра құ рылым дарды дамыту, қазақ стандық тарды əлеуметтік қорғауды жақсарту, шағын жəне орта бизнес пен мемлекеттік институттар жұмыстарын одан əрі өрістету үшін заңнамалық тетікті жетілдіру мəселелеріне арналған аса ауқымды міндеттер тұр. Өз кезегінде Джон Ордвей
Елбасы Жолдауының Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер көкжиегін кеңейтетінін баса айта келіп, біздің еліміздің жоғары даму қарқынына тоқталды. Қазақстанның сыртқы саяси қызметі, атап айтар болсақ, біздің еліміздің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысу жайы да назардан тыс қалмады. Мəжіліс спикері Қазақстан заңнамашыларының, əсіресе, салалық комитеттер жəне Мəжіліс пен АҚШ Конгресінің ынтымақтастық жөніндегі топтары арқылы қос ел арасындағы парламенттік байланысты дамытуға айрықша назар аударатынын атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Джон Ордвей алдағы уақытта да өзара табысты ықпалдастықты ілгерілетуде Қазақстан мен АҚШ əлеуетінің зор екендігін атап өтті.
Сенімді ґкілмен кездесті
Кеше Президент Əкімшілігінде Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Қожамжаровтың АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Дж. Ордвеймен кездесуі өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік, оның ішінде Иранның ядролық бағдарламасы мен Ауғанстаннан коалиция əскерінің шығарылуы, сондай-ақ, қауіпсіздік саласында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынасты дамыту мəселелері талқыланды. Тараптар Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ) халықаралық ұйымы шеңберінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мəселелері бойынша пікір алмасты.
алтын медалін иеленеді жəне əлем біріншіліктерінде жеңіске жетеді деп сенемін. Қазіргі уақытта тхэквондо спорттық жекпе-жектің қарқынды дамып келе жатқан түрі болып саналады. Мысалы, əлемде шамамен 80 млн. адам шұғылданады, ал Бүкілəлемдік тхэквондо федерациясына 205 ел мүшелікке өткен, – деді Чунгвон Чо. Сонымен қатар, кездесуде жалпы жəне спорттық медицина саласындағы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өзара ықпалдастық, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының əлемдік стандарттарын енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру мəселелері қаралды. Соңында Чунгвон Чо Нұрсұлтан Назарбаевқа тхэквондо (WTF) бойынша құрметті тоғызыншы дан дəрежесі белгісін, сондайақ, тиісті белбеу мен кимононы тапсырды. Мемлекет басшысы бұл кимоно алдағы уақытта тхэквондо бойынша жоғары дан иеленген қазақстандық спортшыға тапсырылатынын айтты.
Мемлекет басшысына Т.Ермегияев Астанада ха лық аралық ЭКСПО-2017 ма ман дандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев нысандар құрылысына отандық компанияларды тартудың маңыздылығын атап өтті. – ЭКСПО-2017 көрмесінің үлкен кешендерінің салынуын шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін пайдаланған жөн. Ең
алдымен сапа деңгейіне сəйкес келетін қазақстандық құрылыс компанияларын тарту қажет. Қолданылатын құрылыс материалдары да қазақстандық болуға тиіс, ол отандық бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл ретте сапаны қадағалау қажет жəне тиісті мамандар болуы керек. Еліміздің ірі компаниялары дуальды оқыту бағдарламасын іске асыруда. Олардың тəжірибесіне қарап, соған ұқсас бағдарлама əзірлеу – жастарды іріктеу, оларды оқыту, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық пен өткізу барысындағы жұмысқа мамандар даярлау қажет. Мамандар мен компанияларды Қазақстанның барлық өңірінен тарту керек. Тағы да қайталап айтамын, барлық нысандар кейін де халқымыз бен елордамыздың игілігіне пайдаланылуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Назарбаев Университетімен бірлесіп Энергия институтын құру мүмкіндігін атап өтті. – Бұл ғылыми мекеме жаңа энергия көздерін зерттеумен
Тапсырмалардыѕ орындалуы ќатаѕ ќадаєаланады
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру бойынша шаралар талқыланды. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
«Бұл Жолдау айрықша, өйткені, еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыру шараларының нақты бағдарламасын көрсетіп қана қойған жоқ, біздің қолданысымызға отандық тарихымыздағы тіптен жаңа – Мəңгілік Ел ұғымын
енгізді. Мемлекет басшысы бұл тарихи міндет қабылданған «Стратегия-2050» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатынын атап көрсетті», деді Үкімет басшысы. С.Ахметов сөз арасында сондай-ақ 17 қаңтарда өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру іс-шараларының нақты алгоритмі қабылданғанын атап өтті. Яғни бүгінге дейін ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып,
Елордаєа жїктелген міндет жїгі салмаќты
Кеше Астана қаласы əкімдігінің мəжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының еліміз үшін стратегиялық маңызын саралаған қала активінің кеңейтілген мəжілісі болып өтті. Онда Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«Биылғы Жолдау біз үшін орталық ойды саралап, оның əрбір түйінін жаңалап тұрған, халық болып бірігіп, қоғам болып жұмылып атқарар ең басты құжат... Сөз жоқ, осынау тұтас халқымыз үшін ортақ тарихи жолда ел ордасы Астанаға жүктелетін міндеттің орны айрықша, жүгі салмақты болмақ. Мұны Елбасы өз Жолдауында қаламымен қадап,
шешімімен шегелеп берді», деп бастады баяндамасын Иманғали Тасмағамбетов. Одан əрі баяндамашы инновация, ғылыми қамтымды экономика, агроөнеркəсіптік кешен, энергетикалық жəне көліктік салалардағы инфрақұрылымды дамыту, əлеуметтік саладағы қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы қазақстандықтардың əлеуетін ашу сынды Елбасының Жолдауында жүктелген нақты тапсырмаларды жіктей келіп, Астананың таяу болашақтағы
Президент Əкімшілігімен Жолдауды жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспар келісілген. Отырыста Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша əрбір мемлекеттік органда өзінің алгоритмі болуы тиістігіне тоқталған Үкімет басшысы Мемлекет басшысының əрбір тапсырмасы сапалы əрі уақтылы орындалуы қажеттігін де қатаң ескертті. «Бұл тапсырмалардың орындалуы бойынша мониторинг ұйымдастырылып, қатаң сұрау болуы керек», деді С.Ахметов.
(Соңы 2-бетте). даму бағдарына кеңінен тоқталды. Жолдауда Үкімет биыл ІЖӨ өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тиісті екендігі атап көрсетілген болатын. Əкімнің айтуынша, соңғы жылдары қала экономикасының өсімі шамамен тұрақты түрде 7 пайыз деңгейді көрсетіп келеді. Алдағы уақытта еліміздің бас қаласында жалпы өңірлік өнім өндіру көлемінің өсімін 8-9 пайызға жеткізу үшін толық экономикалық мүмкіндіктері бар. Жолдауда атап көрсетілгеніндей, 2050 жылға таман елімізде ІЖӨ көлемін жан басына шаққанда 4,5 есеге ұлғайтып, қазіргі 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыру мəселесі көзделген. Бүгінгі нақты есептік көрсеткіштер бойынша, Астанада 2017 жылға қарай бұл көрсеткіш 4,7 миллион теңге немесе 30 мың долларға жететін болады.
(Соңы 2-бетте).
айналысатын болады. Шет елдердің тəжірибесін жинақтап, оларға зертханалық жағдайда талдау жүргізу мүмкіндігін қарастырған жөн. Бүгіннің өзінде маған сан алуан энергия түрлерінің əзірлемелері жобаларын жолдауда. Оларды іске асыру мəселесін қарастырған абзал, – деді Мемлекет басшысы. «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы 2014 жылы құрылыстың басталуы жəне Халықаралық көрмелер бюросының ресми туын алу жоспарланғанынан хабардар етті. – 2013 жылғы желтоқсан айында көрмені өткізуге байланысты тіркеу ресімдерінің бəрі аяқталды. Қазіргі уақытта барлық мəселе ай сайын үкіметтік комиссияда шешілуде. Бүгінгі күні ісшаралар жұмыс кестесіне сəйкес жүргізілуде, олқылық пен кешігу жайттары жоқ. Көрме аясындағы нысандар құрылысының басталуы осы жылдың сəуір айына жоспарланып отыр, – деді Т.Ермегияев. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Жамбыл облысы Мойын құм ауданындағы цемент зауыты қазір толық қуа тына шықты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде салынған кəсіпорынға барлығы 34,9 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Кəсіпорын бүгінде 236 адам ды жұмыспен қамтып отыр. Ақмола облысы Степногор қаласындағы күкірт қышқылы зауыты жылдың екінші жартысында іске қосылады. Жылына 180 мың тонна өнім шығаруға лайықтанған өнеркəсіп орнының жобалық құны 12,23 млрд. теңгені құрайды. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында шағын гидроэлектр стансасы салынбақшы. Ауданның Қарақол су қоймасында қанат жаятын құрылым құрылысын Қытай фирмасы жүргізеді. Аймақта баламалы қуат көзін өндірудің бір нысаны болып табылатын станса 12 кəсіпорынды электр жарығымен қамтамасыз етеді. Қызылорда облысы Қазалы ауданында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 2 жоба жүзеге асты. Өткен жылы ауданда жалпы 12 жоба Индустрияландыру картасына енгізілсе, солардың 9-ы қазір пайдалануға беріліп қойды. Ақтау халықаралық əуежайына паркомат жүйесі орнатылды. Енді мұнда келген автомобильдер жолаушылар терминалы алаңында 15 минут қана тегін тұра алады. Одан арғы уақыттың бəріне тариф бойынша ақы төлейтін болады. Ақтөбе облысының прокуратурасы маршруттағы «ГАЗель» көліктерін алып тастауды талап етуде. Осыған орай «Троллейбус паркі» АҚ үшін қала көшелеріндегі 46 бағ ыт т а жү р г ен о сын дай көліктердің орнына жайлы жолаушылар автобустарын шығару міндеті қойылды. Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Марат Мұханбетқазыұлы Тəжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен; Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Қажымқанұлы Мəсімовке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.
Жолдау – басты баєдар, тура жол
Алматы қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылаған актив жиыны болып өтті. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Алқалы жиынға қаладағы барлық аудандардың əкімдері мен олардың орынбасарлары, қалалық мəслихаттың депутаттары, қалалық құрылымдардың басшылары, белгілі ғалымдар мен сарапшылар, қоғам жəне мемлекет қайраткерлері, денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері, саяси партиялар мен БАҚ басшылары, жастар ұйымдары мен этномəдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы талқыланып, оны жүзеге асырудағы кезек күттірмейтін жəне ұзақ мерзімді басым бағыттар нақтыланды. Маңызды құжатта тəуелсіз Қазақстанның алдағы даму жолында атқаратын істері айқын көрсетілген. Қала басшысы Ахметжан Есімов актив отырысына қатысушылар назарын осыған аударып, əр салаға жеке тоқталды. (Соңы 2-бетте).
(Əлеуметтік сұрау салулардың қорытындысымен 4-беттен танысасыздар)