22022014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Елдіктіѕ ісі – ерлердіѕ їлесі

№37 (28261) 22 АҚПАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ел экономикасы еѕселі биігінен тїспейді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кəсіпкерлікті ынталандыру жəне қаржы секторын сауықтыру мəселелері жөніндегі кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы кеңес барысында еліміздің экономикасын дамыту үшін 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. – Сыртқы қаржыландыру көздерінің біз үшін қолжетімділігі аз жəне бөлінетін несиелер өте қымбат. Банк жүйесіндегі ішкі резервтер шектеулі, өйткені, отандық банктер дағдарыстан енді-енді шыға бастады. Осыған байланысты, өздеріңіз білетіндей, экономиканы, əсіресе, шағын жəне орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, елімізде индустрияландыруды жалғастыру мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге мөлшерінде қомақты қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Ол азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды, еңбекақыларын төлеуді қамтамасыз етеді жəне жалпы тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік тудырады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Ұлттық қордың бұған дейін 2008-2009 жылдары бүкілəлемдік қаржыэкономикалық дағдарыс кезеңінде маңызды рөл атқарғанын, сол кезде бұл қордан айтарлықтай қаражат бөлінгенін айтты. – Сөйтіп, Қазақстан экономикасы қыспақтан құтылды, сол кезде бүкіл əлемде орын алғандай зейнетақының, еңбекақының төмендеуіне жол берілген жоқ. Өздеріңізге белгілі, Еуропаның көптеген елдері əлі күнге дейін еңбекақы, зейнетақы жəне барлық басқа да төлемдерді азайтып, оның зардабын тартуда. Бүгінгі шешім

5-бет Шынайы еѕбек ќана масылдыќтан ќўтќарады 7-бет Кґмбе кґрініп тўр 10-бет

Мемлекет дамуындаєы сындарлы ќадам Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары басшыларынан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. өкілдері былтыр Шығыс Қазақстан облысы экономикасының түрлі салаларына көрсетілген мемлекеттік қолдау 50 миллиард теңгеден асқанын атап өткен. «Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін түсіне жəне Сіздің шақыруыңызға үн қоса отырып, біз өз кəсіпорындарымыздағы еңбеккерлердің еңбекақысы 10%-ға арттырылуын қамтамасыз етеміз», – делінген хатта. Соңында хат иелері еліміздің агроқұрылымдарының барлық басшылары мен кəсіпкерлерін Қазақстанның одан əрі дамуын қамтамасыз етуге жəне өз кəсіпорындары еңбеккерлерінің еңбекақысын арттыру туралы Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға шақырған.

Їшжаќты комиссия отырысы

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастары бойынша Республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ұлттық қор құру жөніндегі біздің қадамымыз дұрыс болғандығын тағы да дəлелдеп отыр. Əлемдік дағдарыс əлі де жалғасып жатқанын ескерсек, мемлекеттің аяқ астынан туындайтын қиын жағдайларға арналған резервтері болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын негізді, нақты жобалар бар екеніне назар аударды.

– Бөлінген қаражат негізінен өңдеу өнеркəсібін дамытуға бағытталатын болады. Экспортқа сапалы өнімдер шығару жөніндегі жобаларды іске асыру да маңызды. Осыған орай қарыз қаражатын бөлу мəселесімен айналысатын тиісті комиссия құрылатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы ел азаматтарын əртүрлі арандатуларға еріп кетпей, сабыр сақтауға шақырды.

Тїсіністік тамыры тереѕде

Мəжіліс Тґраєасы ресми сапармен Əзербайжанда болды Қазақстан мен Əзербайжан – стратегиялық əріптестер. Қос елді көп ғасырдан бері жалғасып келе жатқан достық, тату көршілестік пен ынтымақтастық байланыстырады. Осы жақсы дəстүрлерге негізделген біздің елдеріміз басшыларының санқырлы келісімдері екі елді өзара ықпалдастықтың жаңа белесіне көтерді. Ал маңызды мемлекетаралық байланысты дамытуға Қазақстан мен Əзербайжанның заң шығарушылық органдары да зор үлес қосуда. Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев арасындағы ұзақмерзімді құжаттарда белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруды құқықтық жағынан қамтамасыз етуге баса назар аударды. Нұрлан Нығматулин:

● Бəрекелді!

Жас университеттіѕ жарќын жетістіктері Еліміздің маңдайалды оқу ордасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жар салып айтуға тұрарлық жақсы жаңалық көп. Қай бағытта да үнемі ілгерілеу үстінде келе жатқан Еуразия ұлттық университеті білім беруді бағалау бағытындағы Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясының соңғы QS Top 50 Under 50 рейтингісі бойынша да үздік елулікке енген болатын. Рейтингіге əлемнің құрылғанына жарты ғасырдан аспаған мыңдаған ЖОО қатыстырылып, оның ішінен озық үлгідегі 50 оқу орны іріктелініп алынған. ЕҰУ елулік арасынан 32ші орынға табан тіреді. Олардың арасында Гонконг, Оңтүстік Корея, АҚШ, Испания, Австралия, Швеция, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Бразилия, Германия, Аргентина, Италия, Франция жəне

2-бет

Президент поштасынан

Хатта авторлар Мемлекет басшысы жүргізіп отырған елді əлеуметтік-экономикалық жаңғырту жəне қаржы тұрақтылығын қамта ма сыз ету саясатына қолдау білдіреді. «Ұлттық валюта бағамына жасалған өзгеріс пен макроэкономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған шараларды түсіністікпен қабылдаймыз. Теңге бағамына өзгеріс енгізілуі отандық өндірістің дамуы на, инвестиция ағынына, жұ мыспен қамтудың ұлғаюына септігін тигізіп, түпкі нəтижесінде азаматтарымыздың əл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретініне сенеміз», – делінген хатта. Өңірдің агроөнеркəсіп кешенінің, шағын жəне орта бизнесінің

● Туыстық туы

Əзербайжанда ресми сапармен болған Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Əзербайжан Милли Меджилисінің Спикері Октай Асадов алдағы өзара ісқимылдың маңызды мəселелерін талқылады. Тараптар Қазақстан

Халќымыздыѕ сапалыќ кґрсеткішін тґмендетпейік

Сауд Арабиясы сынды елдердің алдыңғы қатарлы білім ордалары бар. Айта кету керек, ЕҰУ – үздіктер қатарына іліккен ТМД мемлекеттері арасындағы бірденбір жоғары оқу орны. Университет ұжымының мерейін асырған тағы бір қуанышты хабар – əлемдегі университеттердің веб-сайттарына жүргізілген Вебометрикс рейтингісіндегі көр сеткіш. Бұл саралауда ЕҰУ дүниежүзі бойынша 22 000 ЖОО мен білім беру ұйымдары ішінен 2213-ші, Азия елдерінің оқу ордалары арасында 729-шы орынға көтерілді. Университет былтырғы жылғы тізімде 4006 болып тұрғандығын ескерсек, биыл 1793

– Əзербайжан – Қазақстанның Кавказ өңіріндегі негізгі жəне сенімді əріптесі. Жəне біздің президенттеріміздің бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі түркі халықтарын біріктіруде маңызды рөл атқарады, – деді. Спикерлердің пікірінше, біздің елдеріміздің инвестиция саласында, оның ішінде мұнай жəне газ тасымалдау, ауыл шаруашылығы, көлік жəне коммуникация, басқа да экономикалық салаларда ынтымақтастық мүмкіндігі өте зор.

(Соңы 2-бетте).

– Біздің экономикамыз ойдағыдай жəне ешқандай да күйреу болған жоқ. Елдегі бірде-бір банк бүгінде банкротқа ұшырамайды. Біз 2009 жылы БТА жəне өзге банктерге қатысты да мұндайға жол берген жоқпыз, себебі, оларда азаматтарымыздың салымдары болды. Біз қазір де бұған жол бермейміз. Біз халықтың басым көпшілігінің қаражаты сақталатынына кепілдік береміз. Ал банк тер

айналасында дүрбелең тудырғандар қазір табылды жəне жауапкершілікке тартылатын болады. Бəріміз елімізде тыныш тық пен тұрақтылықтың болғанын қалаймыз, бұл – барша қазақстандықтардың міндеті. Жоспарлағанымыздың барлығын біз əрдайым орындап келдік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Абай ТІЛЕНШИЕВ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика жəне саясаттану факультетінің студенті.

жүзеге асыру міндетін қойды», деді Б.Сағынтаев кеңесті аша отырып. Өз кезегінде, Б.Сағынтаев бюд жеттен төленетін əлеу меттік жəрдемақылар мен төлемдердің өсірілуі ғана емес, квазимемлекеттік жəне жеке меншік секторлар жұмыскерлерінің еңбекақыларының арттырылуы да қарастырылатынын атап өтті. «Президент ірі тау-кен жəне металлургиялық кəсіпорындар, мұнай-газ жəне ұлттық компаниялар басшыларына өндіріспен айналысатын жұмыскерлердің жалақысын 10 пайызға көтеру жөнінде үндеу тастады. (Соңы 2-бетте).

● Интеграция игілігі

Алєашќы ґнімін Чикагоєа жіберіп еді

Атырауда бизнестің қай түрі болса да, оны мұнай-газ өнеркəсібімен байланыстыруға толық негіз бар. Өйткені, мұнайлы өңірде бұл сала қарқынды дамуға бет алды. Өңірде отандық кəсіпорындармен бірге шетелдіктермен бірлескен компаниялар да «қара алтын» қайнарын тасытуға бел шеше кіріскен. Сол себептен, осы саладағы кəсіпорындар өз игілігі үшін қажет өнімдерді қымбат болса да шетелден тасымалдаудан тартынбайды. Бұдан 10-20 жыл бұрын дəл осылай болып келген. Өйткені, сол кезеңде Атырауды айтпағанда, еліміздің өзге өңірлерінде де нақ мұнай-газ өнеркəсібінің сұранысын өтей алатындай бəсекеге қабілетті əрі сапалы өнімдер шығару қолға алынбаған еді. Осы сала сұранысын қамтамасыз ететін кей өнімдер əлі де шетелден алынады. Енді сол олқылықтың орны толатындай жаңа бір мүмкіндікке жол ашылып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

орынды артқа тастап, дамудың нақ ты үлгісін танытып отыр. «Webometrics Ranking World Universities» (Вебометрикс) университеттік веб-сайттардың рейтингісі Интернет желісіндегі білім жəне ғылым қызметтерін оқытумен айналысатын Испа ния ның «Laboratorio de Internet» зерттеу тобы тарапынан жүргізіледі. Webometrics рейтингісі университеттегі ғаламтор желісіндегі ғылыми жарияланымдар, əр ЖОО ғалымдарының зерттеу еңбектерін, оларға жасалған сілтемелерді, тағы да басқа көрсеткіштерді ескеріп, ЖОО-ның ғылыми-зерттеу əлеуетін басты нысанада ұстайды. Аталған жарқын жетістіктер жас университеттің білім беру деңгейінің, ғылыми белсенділігінің арта түскендігінің, əлемдік стандарттарға сай қарқынды дамып келе жатқандығының айқын көрінісі.

Күн тəртібінің негізгі тақырыбы еңбек кикілжіңдерінің алдын алу мен сақтандыру мəселелерін талқылау болды. Бұл мəселе бойынша Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Кəсіподақтар федерациясының төрағасы Əбілғазы Құсайынов, орталық мемлекеттік органдар мен облыс əкімдіктері басшылары сөйледі. «Мемлекет басшысы таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында əлемдік экономикаға қарай бағыт алу ағымын жəне ішкі жағдайларды есепке алып, елімізде макроэкономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша сақтандыру шараларын

Мұнай-газ өнеркəсібіне қажет өнімдердің санында шек жоқ. Бұл салаға сапалы құбырлар, бұрандалы сораптар, түрлі арнаулы көліктер де, тіпті арнайы киімдер де керек. Мұнай кеніштерінен мол өнім алу мақсатында геологиялық-техникалық шараларды іске асыру үшін технологиялық ерітінділерді де қажет етеді. Ал ұңғымалардан өндірілген мұнайды ортақ қазандарға тасымалдау қамымен төселген құбырларды орайтын, олардың арасына төселетін тығыздағыш прокладкаға мұнай кəсіпорындарының сұранысы бұрынғыдан да арта бастады. Мұндай өнімдердің əлі де Қытай, Ұлыбритания секілді өзге де шетелдерден сатып алынатынын жоққа шығаруға болмайды. Еліміздегі мұнай-газ өнеркəсібі үшін осындай ең қажет өнімдердің бірін Атыраудан шығаруға сенімді қадам жасаған «Новус Силинг Каспиан» бірлескен кəсіпорнын құруға Орынгүл Есжанова тəуекел етіп еді. Орынгүл Есжанованың айтуынша, бірлескен кəсіпорын құру идеясы 2009 жылы туындаған. Отандық кəсіпорын – «ЮлмарСервисті» басқаратын қазақтың іскер қызы оны шетелдік компаниялардың тапсырысын орындай алатын іргелі ұжымға айналдыруды көздеді. Ағылшынның əйгілі FDS Group

компаниялар тобының құрамына кіре тін «Новус Силинг Лимитед» кəсіпорнымен іскерлік байланыс орнатып, Атырауда бірлескен жобаны іске асыруға уағда жасалған екен. Сөйтіп, бір жылдан соң отандық жəне ағылшын дық кəсіп орындардың бірлесуімен

құрылған «Новус Силинг Каспиан» жалпы құны 160 миллион теңгелік цех құрылысын салу ды қолға алыпты. Мұнда өндірілетін негізгі өнім – сан алуан құбырлар арасына салынатын арнаулы техникалық орамдар, яғни тығыздағыш прокладка шығару. Кəсіпорын цехынан шығарылатын өнімнің таныс тырылымы 2011 жылы Астанада өткен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіндегі жаңа өнімдер көрмесінде Елбасының назарына ұсынылды. Осы көрмеде елімізде бұрын-соңды шығарылмаған жаңа өніммен Мұнай жəне газ министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдері де кеңірек танысып, қызығушылық білдірген еді. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.