Ўлыс оѕ болсын!
Бірінші бағана
ОСЫДАН ОТЫЗ ЖЫЛ БЎРЫН Күнтізбе бойынша көктем келгелі жиырма күннің жүзі болса да Арқаның арқа қаритын аязының беті қайтпай, азынаған желі өкпектете соғып тұрған еді. Кеше табан астынан тына қалыпты. Май тоңғысыз дейтіндей ауа райы бір-ақ түнде орнай қойыпты. Күн жарқырап тұр. Жел жоқ. Астанадағы Наурыз тойы тамаша басталды. Жиналған жұрттың жүзі жадыраңқы, көңілі көтеріңкі. Сағат он екіге жақындағанда Елбасы келді «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңға. Ақтарыла, ағыла сөйледі. Күн мен түн теңескен шаққа астрономиялық дəлдікпен тұспатұс келетін Наурыздың атам заманнан, тіпті сонау бес мың жыл бұрыннан келе жатқанынан тартып, оның татулықтың, тағаттылықтың, тұрақтылықтың мерекесі болып табылатынын, мұның өзі бүгінде жер-жаһан «Қазақстан жолы» деп атаған біздің таңдауымыз екенін айтты. Ойыма осыдан отыз жыл бұрынғы оқиға оралады. Онда да көктем күні болатын. 1984 жылдың 22 наурызы еді ол. «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі кезім. Наурызды мерекелей қойма ға нымызбен, қазақы орта емеспіз бе, редакцияда бір-бірімізді құттықтасып, тілек айтысып жататынбыз. Дəл сол күні «Социалистік Қазақстанның» телетайп лентасына, ол кездегі тіл мен айтсақ, Қазақ ССР Жо ғар ғы Советі Президиумының Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты Қазақ ССР Министрлер Советінің Председателі етіп тағайын дау туралы Указы түсті. Қырықтың қырқасына жаңа шыққан жігіттің республика Үкіметінің тізгінін ұстағанына таңданушылар табылмағаны есімде. Бəрі де содан он жылдай бұрын, 1973 жылы газеттің меншікті тілшілерінің көшпелі жиналысы Теміртауда өткенін еске түсіріп, қайраған қылыштай қылпып тұрған қазақ азаматының – қалалық партия комитетінің екінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ойының нəрі мен де, сөзінің əрімен де журналистерді тəнті еткенін, кездесу соңында Көкшетаудағы меншікті тілші, арқалы ақын Еркеш Ибраһимнің көзі жасаурап: «Алда, қарағым-ай, сені дүниеге əкелген ата-анаңа рахмет. Мен білсем, түбі үлкен адам боларсың» дегенін айтысып жатты. Теміртаудағы кездесуден кейін арада он бір жыл өткенде сол азамат Үкімет бас шысы қызметіне тағайын далды. Ол екі аралықта облыстық пар тия комитетінің, Қазақ стан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы міндеттерін атқарып, əбден ысылды, болашағы үлкен қайраткер ретінде бағаланды. Ақыры Кеңес Ода ғын дағы ең жас премьер атанды. Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріндегі жаңа белестің жаңару күнімен жарасып келгенін де жақсы ырымға жорысты жұртшылық. Білігі бойынша да, білімі бойынша да металлург, бұған дейін көбіне өнеркəсіп мəселелерімен айналысып келген басшының экономиканың, əлеуметтік саясаттың барлық салаларының ұңғылшұңғылын егжей-тегжейлі зерттеп шығуына мүмкіндік берген, ұйымдастырушылық қасиеттерін барынша жарқыратып ашқан бұл қызмет, яғни Нұрсұлтан Назарбаевтың 1984-1989 жылдарда республика Үкіметін басқаруы кейіннен бəріміздің бағымызға айналды. Елбасымыздың Қазақстанды қиранды, құланды күйінен мемлекет етіп құрып шығуы, халықты небір тар жол, тайғақ кешуден аман-есен алып өтуі, алыс та, жақын да мойындайтын, құрметтейтін ел етуі алдағы күндер бар бағасын бере жататын ұлы еңбек, ерен ерлік десек, бұл істе Елбасымыздың кезінде Үкімет басқаруының мəні бөлекше болғаны анық. Президентіміз дің өмі ріндегі еңселі белестердің біріне дəл бүгін дəл отыз жыл толып отырғанын жұртымыз біле жүрсін деп жедеғабыл жаздық бұл жолдарды. Елі үшін түн қатып, түс қашып, аттан түспей жүрген Азаматтың алдынан ақ таң ата берсін деп тілейік, ағайын. Отыз жыл бұрын басталған жемісті жол елімізді озық отыздықтан орын алуға жеткізсін! Сауытбек АБДРАХМАНОВ.
№56 (28280) 22 НАУРЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Бірліктіѕ бастауы, татулыќтыѕ туы Елордалыќтар жаѕару мен жаѕєыру мерекесін Елбасымен бірге атап ґтті
Міне, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі де келді. Наурыз – жаңару мен жанданудың символы. Бұл күні адамдар күнделікті қым-қуыт, қарбалас тіршіліктерінен бір сəт бас көтеріп, тағы бір жылды аман-есен еңсергендеріне шүкіршілік айтады, келер күннен жақсылық күтеді. Күллі Шығыс əлемі үшін Жыл басы саналатын Наурыз – шаттықтың, молшылықтың, бірліктің мерекесі. Бұл күн жаныңды жадыратар жылылығымен де көптің көңіліне шуақ сыйлайды. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында осынау ұлық мейрамды мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысып, барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Əз Наурызды халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаса, ал көктемді жаңару кезеңіне балаған. Наурыздың алғашқы шуағымен бірге елге құт, береке, ырыс қонады деп сенген. Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты əжелер «Ұлыс
оң болсын, ақ мол болсын» деп ақ батасын берген. Сондықтан да биылғы Наурыз барша жұртқа татулық пен бірлік, ынтымақ пен бақ дарытсын деп ақжарма тілек тілеген қала халқы «Қазақ елі» монументінің алдына көптеп жиналды. Ал ұлық мерекені атап өтуге жиналған қауым алдында сөз алған Мемлекет басшысы
Наурыздың халқымыздың бірлігі мен татулығының символы екенін атап өтті. Бұл – халықтың ұлы мерекесі, күн мен түннің теңелуінің белгісі. Көктем бүкіл тіршілік атаулы табиғатпен бірге оянып, жаңаратын кез. Бірлік, ба уырластық, толеранттылық жəне тұрақтылықтың нышанындай бұл
Алматы
АСПАННАН НЎР ЖАУДЫРЫП, ƏЗ НАУРЫЗ КЕЛДІ ЕЛІМЕ! Алматы жылдағыдай Наурыз мерекесін үлкен сəн-салтанатпен қарсы алды. Биылғы мерекенің ерекшелігі сол, қала əкімдігінің бастамасымен табиғат түлеген бұл мерекені зиялы қауым өкілдері мен ел намысын қорғап жүрген спорт шеберлері қалалық мəдениет жəне демалыс саябағына жас көшет отырғызып, жаңару мен қайта түлеу дəстүріне сай мерекелік шараларды қолға алудан бастады. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Наурыз мерекесінде қаладағы барлық мекемелер ұлттық-мəдени шараларды ұйымдастырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары келушілерге арнайы сыйсияпат жасады. Жекелеген мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары мен банк қызметкерлері ұлттық киім киіп, əрбір тапсырыс беруші жəне мұқтаж жанға мерекелік сыйлықтар тапсырды. Қалада орналасқан əрбір ғимаратта наурыз көже мен сыйлықтар үлестірілді. Елбасының өзі ашқан «МЕГА АЛМАТЫ-2» ойын-сауық кешенінде Бостандық ауданының əкімдігі мерекелік үлкен шара ұйымдастырды. Сыйлықтар таратылып, мерекелік шаралар, түрлі спорттық-мəдени ойындар өткізілді. Қаланың Орталық алаңынан бастап,
барлық аудандарда жеңілдетілген бағамен жəрмеңкелер ұйымдастырылды. Бұл күні, сондай-ақ қазақ эстрадасының шеберлері ел алдында өнер көрсетіп, белгілі спорт жəне мəдениет қайраткерлері халқымен бірге болды. Қала əкімдігінің ұйымдастыруымен халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық спорт түрлері – балуан күресі, арқан тартысу, жеке сайыс түрлерінен бақ сынасу бəсекесі жиналған қауымның көңілінен шыға білді. Қала алаңдарына тігілген киіз үйлер келуші қонақтарды мерекелік дастарқанмен күтіп, этнос өкілдері мəдени іс-шаралар ұсынды. Кешкісін қала аспанын əдеттегідей от-шашу көмкеріп, жастардың би кеші нің құрметіне Қазақстан эстрада жұл дыздарының мерекелік концерті өтті. –––––––––––– Тақырыпқа қатысты материалдар топтамасын 4-5-беттерден оқисыздар.
мейрам 5 мың жылдан бері атап өтіліп келеді. Осының бəрі – Қазақстан жүріп келе жатқан жол. Бұл идеяны біз тəуелсіздігімізді жариялаған күннен бастап жүзеге асырып келеміз. Сол уақыттан бері бұл мереке елдің бірлігіне, татулығына, тұрақтылығына негіз болып келеді. Бірліктің арқасында мемлекет өседі, өркендейді. Бұл – ұлы қазына, біз оны көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз. Елімізде 100-ден астам этнос, 40қа жуық діни конфессия өкілдері татулық пен достықта өмір сүріп келеді. Осының арқасында біз мемлекет құрдық, сүйікті елордамызды тұрғыздық. Қас-қағым сəт сияқты бар болғаны 23 жылдың ішінде Қазақстан бүкіл дүние жүзіне белгілі болды, өскен, өркендеген елдермен терезесі тең болды, əлем
сыйлайтын халық болды, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз сөзінде Қазақстан Президенті қазіргі əлемнің нəзік те күрделі екеніне тоқталды. Жыл са йын ғаламшарда 30-ға жуық қарулы қақтығыс орын алып, 100 мыңдаған адам құрбан болуда, 800 миллионға жуық адам аштық азабын тартуда, ал 400 миллион адам ауыз судан зəрулік көруде. Кез келген келеңсіз əрекет бізде бар игілікке зардабын тигізуі мүмкін, деді бұл орайда Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев, сондайақ, барша қазақстандықтар үшін ортақ мақсат – республикамыздың 2050 жылға қарай əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін атап көрсетті. Біз еңбектің, береке-бірліктің жəне тұрақтылықтың арқасында
дамып келеміз. Бүкіл əлемде жұмыс орындары қысқарып жатқан уақытта индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында біз 60 мың жұмыс орнын аштық, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтамасыз етіп, жаңа кəсіпке оқытудамыз. Бұған қоса, мен өз Жарлығыммен бюджеттік ұйымдар жұмысшыларының еңбекақысын арттыруды тапсырдым. Менің шешіміме қолдау көрсеткен, сондай-ақ, өз ұжымдарының еңбекақысын арттырған барлық компанияға алғыс айтамын, деді Қазақстан Президенті. Сөзінің соңында Мемлекет басшысы баршаны мерекемен тағы да құттықтап, тыныштық, келісім, Отанға жəне өз жақындарына сүйіспеншілік тіледі. Бұдан кейін қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Наурыз-2014» əсерлі шоуы мен Қазақстанның белгілі əртістерінің, шығармашылық ұжымдардың концерті ұсынылды. Театрландырылған шоу «Қазақ елі» монументі алдындағы бас сахнадан өріліп жатты. Мерекелік іс-шараларды көруге келген халық назарын бірден аударған шоудың негізгі бөлімі ұлттық музыкалық аспаптар оркестрінің Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындауымен басталды. Бұдан кейінгі кезекте жұрт ерекше қойылым – «Қасиетті көктем» əлқиссасын тамашалады. Бұл қойылым арқылы елордалықтар мен қала қонақтары тіршілік атаулының жанданып, ЖерАнаның бусанғанын, көктемнің алғашқы хабаршысындай болған бəйшешек гүлінің бүр жарып, жан дүниенің жаңарғанын тамашалады. Сахнада салтанат құрған шоу жиналғандарға көктемнің шуақты сəттерін сыйлап қана қоймай, Табиғат-ананың ояну құбылысын көз алдымызға əкелді. Алайда, бұл сəтте əсерлі көрініс сап тыйылып, аспанды қара бұлт торлап, төңірек ақ қарға оранды. Артынша, көктем ару өз келбетіне қайта еніп, төңірек қайтадан жадырап сала берді. (Соңы 2-бетте).
АҚПАРАТТАР аєыны Оралда бекіре тұқымдас балық өндіру кешенінің базасында зауыт құрылысы басталады. Бұл туралы мəлімдеген Қоршаған ортаны қорғау жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мұның еліміздегі балық шаруашылы ғын жаңаша бағытта дамытуды мақсат еткен алғашқы инновациялық жоба екенін атап өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының əкімдігі Майра Мұ хамедқызына автокөлік сыйлады. Белгілі опера əншісін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қабылдаған аймақ басшысы Асқар Мырзахметов оның əлемдік деңгейде өнер көрсетіп, елдің абыройын асқақтатып жүргеніне ризашылық білдірді. Ал бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрда мерекелік концерт береді. Петропавл қаласының тұрғыны 114-ке толған туған күнін жақын-жұрағаттарымен тойлады. Қазақстанда ең ұзақ өмір сүруші екінші адам болып табылатын Бикамал Мұржықова əжей бүгінде 12 немере мен 25 шөбереден бөлек, шөпшек те сүйіп отыр. Павлодарда Наурыз мерекесі қарсаңында 115 тұрғынға
жаңа пəтерлердің кілттері тапсырылды. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған 9 қабатты үйдің ендігі иелері арасында жұмыссыздар, мүгедектер мен облыс орталығының еңбек нарығындағы қажет мамандықтарға арнайы курстарда оқып жатқан жас отбасылары бар. Қызылорда облысының прокурорлары заңсыз берілген 1,9 млн. теңгенің жалақысын бюджетке қайтарды. Облыстың Сырдария аудандық прокуратурасы аудандық ішкі істер бөлімінің бюджет қаржысын игеруін тексеру барысында лажсыз бос жүрген уақыты үшін 2 қызметкерге заңсыз төленген ақшаның кері қайта рылуына қол жеткізді. Тараз кардиохирургиялық емханасы жүрекке ота жасаудың жаңа түрін меңгерді. Бұдан бірер күн бұрын «Жүрек» атты орталықта қан шығармау тəсілімен жүргізілген «радиожиілік аблациясы» аталатын бұл операцияны жас дəрігер Тимур Əшіров Еуропадан келген Роин Реквавамен жəне Ярослав Стрехарскимен бірге жасады. 24KZ, BNews.kz, Nur.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.