22042014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№77 (28301) 22 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Барша отандастарымыз їшін ортаќ мереке

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Киелі Вознесение кафедралы соборына барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Шіркеуді аралау барысында Мемлекет басшысы діндарлар қауымы алдында сөз сөйлеп, оларды Пасха мерекесімен құттықтады. – Биылғы мереке православиеліктер мен католиктердің оны бір күнде атап өтуімен ерекше. Бұл – барша қазақстандықтар үшін ортақ мереке, өйткені, елімізде

барлық діннің теңдігі қамтамасыз етілген. Біздің халқымыз Пасха мен Рождествоны, Наурыз бен Құрбан айтты бірге атап өтеді, бұл бүгінде дəстүрге айналды. Діндердің өзгешелігі барша Қа зақ стан халқын біріктіруші фактор болып саналады, көптің көңіліне сенімділік, тыныштық, татулық пен келісім ұялатады. Дəл осы арқылы

біз елді дамы тып, азаматтарымыздың əл-ауқатын жақсартып, балаларымызды өсіреміз жəне болашағымызға сеніммен қарай аламыз, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар толеранттылық пен бір-біріне деген өзара сый ластықты қылаусыз сақтауы тиіс екенін атап өтті. – Пасханы мерекелеу үлкен үмітпен ұштас. Мен біздің ортақ үмітіміз баршамыздың алаңсыз еңбек етіп, балаларды тəрбиелей алуымыз үшін елімізде бəрінің

Президент поштасынан

Ќазаќстан їлесіне їміт білдірілген хат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында ХОК басшысы Қа зақстан Президентіне Олимпиада қозғалысын белсенді

қолдағаны үшін алғыс айтқан. Т.Бах Олимпия ойындары ко ман даларға əділ бəсеке,

толеранттылық жəне қандай да бір кемсітушіліксіз өзара құрмет рухында жарысуға мүмкіндік туғызатынын атап өткен. Осының бəрі бүкіл əлемге айқын жолдау болып саналады. Хат соңында ХОК басшысы бей бітшілікті спорт арқылы нығайту идеясын əрі қарай жүзеге асыру ісіне Қазақстан өз үлесін қосатындығына үміт білдірген.

Ќайта ўйымдастырылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сəуірдегі №807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы қосу жолымен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан

Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта ұйымдастырылды. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі əскерлері қайта құру жолымен ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ə.Т. Садыќўловты Ќазаќстан Республикасы Мемлекеттік кїзет ќызметініѕ бастыєы ќызметіне таєайындау туралы

Əнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 21 сəуір. № 810

Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Ардақ Əшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет

қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды; Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды; Қанат Орынтайұлы Оразқұлов

Қазақстан Республикасы Мем лекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды; Ермек Елеуханұлы Үкібаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды; Айдарбек Мұстажапұлы Абдулов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды.

тұрақты болуына саяды деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті. Сөзінің соңында Мемлекет басшысы христиандарға жəне барша Қазақстан халқына мол игілік, зор денсаулық, əр шаңыраққа бақ-береке тіледі. Өз кезегінде Астана жəне Қазақстан Митрополиті Александр соборға келіп, православие христиандарын Пас хамен құттықтағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. – Сіз даналықпен айтқандай, бұл

Науќан ерте басталады Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Ерте келген көктем шығысқа зақстандық диқандарды дер кезінде егіс даласынан табылуға міндеттеді. Қар əбдекей түсе еріп кеткендіктен, наурыздың екінші жартысы мен сəуірдің басында күн күрт жылынып, температура 20-25 градус шамасына дейін көтерілді. Ауа райының жылдағыдан ерте жылынуы

өңірдегі шаруашылықтарға топырақтағы ылғалды сақтау жəне егістік жұмыстарына шұғыл əзірленуді талап етті. Аталған жайт егіс алқаптары мол Зырян, Глубокое аудандарына қолайлы жағдай жасаса, Көкпекті, Бородулиха жəне Шемонайха аудандарына бірқатар қосымша міндеттер артты. Жуырда Бородулиха ауда нының орталығында өткен «Агроөнеркəсіптік кешен

(Соңы 11-бетте).

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Сенат бюросы бірќатар мəселелерді ќарады Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бюро мүшелері алдағы 24 сəуір күні болатын Сенат отырысының күн тəртібін қарады. Палата отырысына төрт мəселені шығару жоспарланып отыр. Атап айтқанда, сенаторлар «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) заң жобаларын қарайды. Бұл заң жобаларын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев шұғыл қарау қажеттігі туралы айтқан болатын. Одан басқа, Сенат жалпы отырыста Қазақстан мен Өзбек стан арасындағы стратегиялық əріптестік туралы

шартты ратификациялау туралы жəне Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тəртібі туралы келісімнің күшін жою туралы заң жобаларын қарайды. Бас комитеттердің төрағалары палата отырысында заң жобаларын қарауға əзірлік барысы туралы хабардар етті. Сенат бюросында, сондай-ақ, Мəжілісте мақұлданған бірқатар заң жобалары бөлінді. Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының ұсынуы бойынша бюро Оңтүстік Қазақстан облысындағы қалалық жəне аудандық мəслихаттардың бірқатар депутаттарын отандық құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған қызметі

үшін Сенаттың Құрмет грамотасымен марапаттау туралы қаулы етті. Одан басқа, Қ.Тоқаев Сенат Төрағасының орынбасары Қайрат Ищановқа жəне Сенат Аппаратының басшысы Александр Судьинге ТМД Парламентаралық Ассамблеясының атынан «Достастық» орденін табыс етті. Бюро отырысының соңында Сенат Төрағасы жоғарғы палатаның депутаттары 28 сəуір мен 5 мамыр аралығында еліміздің аймақтарына аттанатынын хабарлады. Сенаторлар сайлаушылармен кездесіп, əлеуметтік сала жəне экономиканың нақты секторының кəсіпорындарында болады жəне Парламенттің қазіргі кездегі заң шығару қызметі мен Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы жұртшылықты хабардар етеді деп жоспарланған.

Мїгедектерге мїмкіндіктер жасау заѕнамалыќ ќолдауды талап етіп отыр

Мəжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен кеше «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды əлеуметтік бейімдеу жəне қоғамға етене араластыру» деген тақырыпта Үкімет сағаты өтті. Депутаттарға Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша шағын көрме ұйымдастырылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұл жолы депутаттар алдында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі

Тамара Дүйсенова баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде 600 мыңнан астам мүгедек өмір сүреді немесе халықтың жалпы санының 3,5тен астам пайызын құрайды.

Министр қолданыстағы мүгедектерді қолдау мен қорғауға арналған заңдық құжаттарды санамалай келіп, еліміздің Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға жəне оған Факультативтік хаттамаға қол қоя отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялау жөнінде міндеттеме алғандығын атап өтті. Мүгедектердің əлеуметтік жəне экономикалық құқықтарының кепілдіктері

BNews.kz, Alau.kz, Altaynews. kz, Egemen.kz ақпарлары, облыстық əкімдіктер сайттары бойынша дайындалды.

Конвенция ережелеріне сəйкес келетінін де хабарлады. Жəне де Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған жоспар қабылданғанын айтты. Министрдің айтуынша, жұмыс берушіде арнаулы жұмыс орындары болған жағдайда əлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, мүгедектердің тауар өндіретін, қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктері оларды жұмысқа орналастырудың негізгі тетіктері болып отыр. (Соңы 10-бетте).

Банк басќарушыларыныѕ басќосуы

Көктемгі егіс

жəне бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін дамыту» атты көшпелі семинар-кеңесте облыстың азықтүлік белдеуін қамтамасыз ету жө ніндегі Президент тап сырмаларының орындалу барысы талқыланды. Аталған жиынға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жəне облыстағы бірнеше аудандардың əкімдері, ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандары мен агросекторда еңбек етіп жүрген шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

– барша қазақстандықтардың мерекесі, өйткені, Сіз бірлік, татулық жəне келісім саясатын жүргізіп келесіз. Қазақстан тұрғындары Сіздің бүкіл халықтың игілігі үшін еткен еңбегіңізді өте жоғары бағалайды, – деді Митрополит. Дəстүр бойынша Митрополит Мемлекет басшысына Пасха мерекесіне арнайы əзірленген жұмыртқаны ұсынды.

● Алматылықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін веложарыспен атап өте ді. Сəуірдің 26-сында ұйымдастырылатын шара сондай-ақ маусымның ашылуына арналады. Мəреге алдымен жеткендерге естелік сыйлықтар мен сый-сыяпаттар тапсырылады. ● Шығыс Қазақстан облысында «Болашақтың энергиясы» жобасы конкурсының қорытындысы шықты. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың басқаруындағы комиссия 86 жобаны таңдап алды. Олардың арасынан 21 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. ● Солтүстік Қазақстанда биыл жастар тəжірибесіне 1,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы В.Молодовскийдің айтуынша, аймақта үстіміздегі жылы 53 əлеуметтік маңызды жобаны іске асыру жоспарланса, олардың 12-сін жастар саясаты жөніндегі басқарма жүзеге асырады. ● Павлодарда Шəкен Аймановтың 100 жылдығына арналған кино апталығы басталды. Облыс орталығында осыған орай 21-25 сəуір күндері «Тақиялы періште», «Жамбыл», «Атаманның ақыры» сияқты фильмдер көрсетіледі. Апталықтың жабылуында Естай атындағы қалалық мəдениет сарайында киноконцерт өтеді. Оған отандық кино өнерінің танымал тұлғалары қатысады. ● Қарағанды облысындағы Көкпекті тұрғындарына көмек ретінде 90 млн. теңге жиналды. Облыс əкімінің баспасөз қызметі хабар лағандай, қазір 330 отбасына гуманитарлық жəрдем берілген. Тағы 14 отбасы жатақханаға орналастырылған. Сол сияқты 2 отбасыға уақытша пəтер ұсынылған. ● Оңтүстік Қазақстанда бір күн ішінде 1600-ден астам көшет отырғызылды. Орман күніне орай «СайрамӨгем» ұлттық табиғи паркінің 4 гектарлық аумағы жеміс ағаштарының өскіндерімен толықты. Шараға орман қоры жеріне іргелес жатқан ауыл азаматтары мен мектеп оқушылары, ұлттық парк қызметкерлері қатысты. ● Қостанай облысының ішкі істер саласына бірден 114 офицер мен сержант қызметке алынды. Осылайша облыста тəртіп сақшылары кадрлық қызметкерлерінің тапшылығы бес есеге азайды. Жалпы, үміткерлер арасынан 600 адам талапқа сай келмегендіктен, өтпей қалды. Департамент баспасөз қызметінде атап өткендей, кезектен тыс аттестаттаудан кейін жергілікті құқықтық тəртіп органдарында кадрлар жетіспеушілігі 500-ден астам бірлікті құраған. ● Жайық-Каспий бассейнінің су айдынында 230 кг қортпа балығы ұсталды. Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі мəлім еткендей, аймақта «Бекіре-2014» акциясы басталғалы бері жалпы салмағы 1112 кг құраған 33 бекіре тұқымдас балық ауланды.

Азия даму банкі Басқарушы кеңесінің биылғы 47-ші мəжілісі Қазақстанда өтеді. Жиын алдағы мамыр айының 2-5 аралығына жоспарланып отыр. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Мұндай жиын өткен жылы дəл осы уақытта Үндістан астанасы Делиде өткен болатын. Онда Азия мен Тынық мұхиты өңірінің экономикасын дамыту, сондай-ақ Азия экономикасының тепе-теңдігін сақтау мəселелері талқыланды. Сол мəжілісте Үндістан ресми түрде 2014 жылғы Азия даму

банкі Басқарушылар кеңесіндегі Төрағалық етуші ел дəрежесін Қазақстанға ұсынды. Бұл ұсыныс бірауыздан қабылданды. Біздің елде өтетін 47-ші мəжілістің негізгі тақырыбы «Жаңа Жібек жолы: Азияны өзгерістегі əлеммен ұштастыру» деген тақырыпта болмақ. Осы ретте аталған алқалы жиынның ұйымдастырушысы болып отырған Азия даму банкі

дегеніміз қандай ұйым, оның біздің елмен қандай байланысы бар, мəжілісті біздің елде өткізудің маңызы неде деген сауалдар туындайтыны рас. Осыған орай, біз бұл ұйым төңірегінде танымдық ізденіс танытып көрдік. Негізінен алғанда, Азия даму банкі көпжақты қаржылық даму институты болып табылады. Банк 1966 жылы желтоқсанда құрылған. Ал қызметін 1968 жылы бастаған. Бүгінде 67 ел банктің акционері болса, оның 48-і сол аймақтың өзінде орналасқан. Оның мүшелері болып Азиядағы дамушы елдермен қатар, Жапония, Австралия

елдері де кіреді. Штаб-пəтері Филиппиннің астанасы – Манила қаласында орналасқан. Бүкіл əлем бойынша Азия даму банкінің 26 кеңсесі жұмыс істейді. Банктің президенті – 2013 жылдың 28 сəуірінен бері жапондық Такэхико Накао. Банктің негізгі саясатын айқындайтын жоғары органы – Басқарушылар кеңесі. Банктің негізгі қызметі ауқымды экономикалық өсім, экологиялық тұрақты өсім, аймақтық интеграция арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағында кедейшіліктің деңгейін қысқартуға арналған. (Соңы 11-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.