АҚПАРАТТАР аєыны
№73 (28551) 22 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
● Индустрия игілігі
Отандыќ тўѕєыш теѕіз бўрєылау ќондырєысы АЌШ – Ќазаќстанныѕ стратегиялыќ серіктесі Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Таяуда Сенім грамотасын тап- əріптесі болып табылады. Астана сыруымен Дж.Кролды құт тық- мен Вашингтон ауқымды мəсетаған Қазақстан Сенатының Төра- лелер бойынша сындарлы ынтығасы дипломатқа Қазақстандағы мақтастықты табысты дамытып миссиясының табысты болуына келеді», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. тілек тестігін білдірді. «АҚШ (Соңы 4-бетте). Қазақ станның стратегия лық
Сапалы деѕгейге жеткізу ќажет Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысының Құрық кенті аумағынан отандық верфьте құрастырылған тұңғыш бұрғылау қондырғысы суға жіберілді. Өздігінен көтерілетін «Сəтті» қондырғысы Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аймағында жұмыс істемек. Аймақтағы кеме жасайтын екі компания арасында 2012 жылы қол қойылған келісімшарт негізінде құрастырылған техника барлаумен əрі бұрғылаумен айналысады жəне еліміздің теңіз аймағына арналып жасалғанмен, қазақстандық компаниялар болашақта Иран, Түрікменстан шекарасына шығаруға, яғни тапсырыс қабылдауға ниетті. Ені – 72, биіктігі 64 метрлік қондырғының 119 метрлік үшбұрышты тіреулері
бар. Теңіздің 5-80 метрлік таяз əрі өте терең тұстарында 6 мың метр тереңдікке дейін бұрғылау жүргізе алатын, құны 270 млн. долларды құрайтын қондырғы америкалық технология бойынша екі верфьте – алғашында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан бұрынғы «Кеппэл» зауытында жиналып, соңынан Құрық елді мекеніндегі Ерсай верфінде үш жылда құрастырылды. Бортында 86 адам жұмыс жасайтын қондырғы теңізде автономды түрде екі апта бойы тұра алады. Жалпы салмағы 10800 тоннаны құрайтын қондырғы аумағынан жұмысшылар үшін тұрғылықты орын мен тікұшақ қонатын алаң қарастырылған. Мамандар жаңа бұрғылау қондырғысының қауіпсіздіктің барлық талаптары мен ережелеріне сай екенін жəне
экологиялық талаптарға толық жауап беретіндігін айтуда. – Бұл – тұтастай Қазақстанда құрастырылған алғашқы баржа. Мұндай ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы біз технологияны дамытуға мүмкіндігіміздің бар екендігін таныдық, яғни біздің компаниялар Қазақстанның теңіздегі бұрғылау жұмыстарын дамытуда ірі жобаларды жасай алады деп сенеміз. Жаңа баржа арқылы Каспий теңізінің қазақстандық секторында барлау жұмыстарын жүргізе аламыз жəне бұл жоба «Теңізшевройл» кен орнын кеңейтуге зор мүмкіндік береді. Біздің верфьтерде кем дегенде 45 мың тонна металл құрылымдарының тапсырыстары орналастырылады деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда осы мақсатта іске қосылған үш арнайы орын аталған тапсырыстарды
Көктемгі егіс
Алќапќа аттаныс алдында Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Ақтөбе өңірі егіншіліктің тəуекелді аймағына орналасқан. Бұған соңғы жылдардағы ауа райының қуаңшылықты болуы қосылып, диқан қауымы əр көктемді күпті көңілмен күтетін болды. Биыл да үміттің жібін жалғаған егіншілер тəуекелге бел буып отыр. Əрине, «Шегірткеден қорыққан егін екпес» дегенді қаперге алған диқан қауымының үміттенуі де орынды. Табиғат жомарттық танытайын десе қиын ба. Алайда, жүректері шайлығып қалған бірқатар шаруа қожалықтары «əліптің артын баққанды» дұрыс көрген сыңайлы. Сондықтан, үстіміздегі жылы егіс алқабының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 80 мың гектарға азайтылған екен. Биыл облыс бойынша барлығы 453 мың гектар жерге егіс салу көзделуде. Оның 340 мың гектарына бидай, арпа егіледі. 30 мың гектарға майлы дақыл, ал 75 мың гектарға мал азығындық бір жəне көп жылдық екпе шөптер егіледі.
Сондай-ақ, түрлі көкөністерден басқа 13 мың гектар алқапқа картоп отырғызылмақ. Облыста егіс басқа аудандарға қарағанда жері анағұрлым құнарлы жəне ылғал да көбірек түсетін Хромтау, Əйтеке би, Қарғалы жəне Мəртөк аудандарының аумағына салынатын болады. Дегенмен, басқа аудандарда да көктемгі егіске қамданып жатқан шаруалар бар. Мамандардың айтуынша, биыл облыстағы шаруашылық құрылымдарының көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсету мақсатында барлығы 500 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Оның 400 миллион теңгесі Азық-түлік келісімшарт корпорациясы, қалған 100 миллион теңгесі Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы беріледі. Диқандардың тұқым, жанаржағармай жəне техника үшін қажет қосалқы бөлшектер сатып алуына бөлініп отырған бұл қаржы жеңілдетілген үстемеақымен несиеге беріледі. Облыс əкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев басшылық ететін арнайы комиссия
шаруашылық құрылымдарының өтініштерін қарап, несие берілетін қожалықтардың тізімін бекітіп қойыпты. Облыс көктемгі егіске қажет тұқымдық астықтың 80 пайызын өзі қамтамасыз ете алады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тұқым қоры бар. Кейбір шаруа қожалықтары да қажет тұқымды алдын ала дайындаған. Қалған жетпейтін 20 пайызын шаруа қожалықтары көршілес өңірлерден жəне Ресейдің Орынбор облысынан жеткізуде. Биыл Орынбор облысынан 3 мың тоннадай тұқым сатып алынады деп күтілуде. Көктемгі дала жұмыстар үшін облысқа 8 мың тоннаға жуық жанар-жағармай бөлінген. Бұл жеткілікті, əрине. Жанаржағармай шаруа қожалықтарына арнайы белгіленген оператор «Файн-Трейд» ЖШС арқылы литрі 82 теңгеден босатылуда, бұл баға нарықтағы бағадан 17 теңгеге арзан. Науқанға қатысатын барлық техника түрлері дайын, алды алқаптарға шығарыла бастады.
Ўлттыќ ўлы ґнердіѕ ќасиетті мекені 7-бет
Адалдыќтыѕ аќыры...
қабылдай алады. Олар – Ерсай мен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Кеппэл» верфьтері жəне Ақшұқұр ауданындағы бірлескен кəсіпорын. Ендігі негізгі қадам – Қашаған жобасына қатысты болмақ. Алдын ала жасалған есеп бойынша, мұндағы тапсырыс көлемі 2 мың тонна металл құрылымына дейін жетеді, – дейді Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Рахымбек Əміржанов. Каспий теңізінің табаны біркелкі емес, «Қашаған» кен орны орналасқан солтүстік Каспий түбі таяз болса, Баутино аймағында теңіз түбі терең болып келеді. Таяз жерлерде бұған дейін «Жамбыл» баржасы жұмыс жасап келген болатын. Маңғыстау облысы.
Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Білім жəне ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ты аралап көрді. Кездесуге Президент Əкімшілігінің өкілдері, Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов, Ұлттық экономика вицеминистрі М.Əбілқасымова, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Д.Арғындықов қатысты. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».
Кездесу барысында Г.Əбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын əкімшілендіру үдерісімен, үміткерлерді конкурстық іріктеудің, оқу мониторингімен жəне бағдарлама түлектерін одан əрі жұмыспен қамтудың тетіктерімен танысты. Сондай-ақ, аталған бағдарламаның жүзеге асырыла бастаған жылдар ішінде экономиканың түрлі салалары үшін 7929 маман даярланғандығын атап өткен Мемлекеттік хатшы, олардың қатарында 3 мыңнан аса инженер мен технолог, 600-ге жуық дəрігер, 1500-ден астам мұғалім,
оқытушы, ғылыми қызметкер, 81 PhD докторы, ұлттық жəне жеке компаниялардың 2000-нан аса мамандары бар екендігін айтты. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысының «Болашақ» стипендиясының иегерлерінің əлеуетін барынша пайдалану жəне оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажет екендігі туралы айтқан болатын. Сондықтан да қазіргі таңда басты мəселелердің бірі бағдарламаның орындалу барысы қалай екендігін барлай отырып, қажетінше нəтижелі жұмыстарға қол жеткізу керек, деді Г.Əбдіқалықова. (Соңы 4-бетте).
Мақта өсірушілерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 500 млн. теңге бөлінді. Құрылым өткен жылы аталмыш бағытта несиелеу желісін ашып, былтыр да 500 млн. теңге көлемінде қаржы аударған-ды. Нəтижесінде шаруаларға 517 несие беріліп, олар кесте бойынша толығымен қайтарылған. Қазақстанның Даму банкі автокөлік өнеркəсібін қолдауға 20 млрд. теңге бағыттайды. ҚДБ мəлімдегендей, көрсетілген соманың 15 млрд. теңгесі елімізде құрастырылған автомобильдерді сатып алғысы келетін жеке тұлғаларға несие беру үшін, ал қалған 5 млрд. теңгесі арнаулы мақсаттағы автокөлік пен автотехниканы (ауыл шаруашылығы техникаларын қоспағанда) лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кəсіпкерлерді қаржыландыруға жұмсалады. Астанада өтетін əскери парадқа өңірлерден 246 ардагер келеді. Қалалық мəдениет басқармасының хабарлауынша, қонақтарды теміржол вокзалында жəне халықаралық əуежайда салтанатты жағдайда қарсы алып, шығарып салу шарасы ұйымдастырылады. «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазғандағы Даңқ алаңы маңына ағаш отырғызады. Компанияның баспасөз қызметі мəлімдегендей, құрылым жұмысшыларынан жасақталған еңбек десанты бір апта бойы көшет егілетін аймақты даярлап қойған. Қазіргі таңда 400-дей адам 3 гектар жерді күлқоқыстан тазартып, көшеттерді суаратын құбырларды тартты. Оңтүстік Қазақстанда 154 гектарға жерасты жылыжайы салынып жатыр. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі бүгінде Ордабасы ауданындағы бұл жылыжайдың 30 гектарға жуығы іске қосылып, 30 адам жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Ол жылыту жүйесін қажет етпейді. Егер нысан толық іске қосылса, оның жылдық қуаттылығы 50-60 мың тоннаға дейін өнім беруге жететін көрінеді. Қостанайда 1 330 саяжайы мемлекет меншігіне өтті. Қалалық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімінің бастығы Қайрат Сəндібековтің айтуынша, бұл саяжайлар тілек білдірген азаматтарға жалға берілетін болады. Ақмола облысында кəсіпкер жауын құртын өсіріп, пайда таппақ. Зеренді ауданының тұрғыны Талғат Жақыпов қазір аталмыш жəндік санын 10 млн.-ға жеткізген. Кəсіпкердің сөзіне қарағанда, одан өндірілетін биогумус минералды тыңайтқыштарды алмастыра алады. Кəсіпорынның жылына 2 000 тонна тиімділігі жоғары əрі экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХІІ СЕССИЯСЫ
Ақтөбе облысы.
Бїгінгі нґмірде: «Ќара ќабылан» 5-бет
10-бет
«МƏҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР» 2015 ЖЫЛҒЫ 23 СƏУІР
АСТАНА