Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Шанхай қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің IV саммитіне қатысты.
№99 (28323) 22 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Азияны əз ўяєа айналдыру
– Шанхай декларациясына ќол ќойєан мемлекеттердіѕ асыл мўраты Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Шанхайдан (Қытай).
Азиядағы өзара іс-қимыл жəне келісім шаралары жөніндегі кеңестің биылғы саммиті Шанхайдағы Халықаралық ЭКСПО орталығында ұйымдастырылды. Бұл – Қытайда 2010 жылы өткен ЭКСПО көрмесіне арнайы салын ған қалашық. Оның мəжіліс залдары кең əрі ғимараттары халықаралық талаптарға сай жабдықталып, керемет безендіріліпті. Енді үш жылдан соң өз елімізде де мамандандырылған ЭКСПО көрмесі өтетін болған соң ба, біз айтулы шараның дəл осы жерде
ұйымдастырылғанынан оң əсер алдық. Қалай дегенмен, саммиттің беделін бағамдап, мəртебесін белгілеуде оның өтер орны да аз рөл атқармаса керек. Ал АӨСШК Қазақстан Президентінің бастамасы болып табылатынын еске салсақ, оның əрбір саммитінің сəтті өтуі біздің ел үшін де абырой екені күмəнсіз. Сонымен, тұрақтылықты нығайту жəне өңірлік қауіпсіздік мəселелерін талқылайтын АӨСШК саммитіне оған мүше бірқатар мемлекеттердің басшылары, атап айтар болсақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин,
Ау ған стан Президенті Хамид Карзай, Өз бекстан Президенті Ислам Ка римов, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Пə кіс тан Президенті Мамнун Ху сейн, Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, барлығы 11 мемлекеттің басшылары қатысты. Кеңес саммитіне, сонымен қатар, 10 халықаралық беделді ұйымдардың басшылары мен арнайы өкілдері келді. Жалпы жинағы 50-ге жуық шетел делегациясы болды. Алайда, саммитке
АӨСШК-нің Іс басындағы төрағасы – Түрік Республикасының Пре зиденті Абдулла Гүл келе алған жоқ. Мұның себебін оның орнына келген Түркияның Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу ел дерін де орын алған апатты оқиға – шахтадағы кеншілердің қаза болу жағдайымен түсіндірді. Cаммитке қатысушы елдердің де легация басшыларын АӨСШК-нің жаңа төрағасы əрі шаңырақ иесі Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин күтіп алды. Барлық мəртебелі мейман салтанатты түрде қарсы алынған соң, Си Цзиньпин саммитті алғысөз айтып ашып берді.
Форум шеѕберіндегі екіжаќты кездесулер Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның бірқатар қатысушыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Ливан парламентіндегі «Мустакбаль» билеуші блогының басшысы, Ливанның бұрынғы премьер-министрі Фуад Синиорамен кездесуде Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ливан өзара тиімді саяси жəне экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін зор мүмкіндіктерге ие екенін айта келіп, қазіргі күрделі халықаралық жағдайда парламентаралық үнқатысудың рөлі арта түскенін атап өтті. Төраға Сенаттың Ливан парламентімен байланыстарды, атап айтқанда, Əлемдік
жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің халықаралық мəртебесін одан əрі нығайту мақсатында одан əрі үдетуге əзір екенін жеткізді. Ф.Синиора Астананың жəне тұтас тай Қазақстанның дамуына таңданысын білдіре келіп, стратегиялық тұрғыда көреген əрі қазіргі замандағы көрнекті сая саткер ретіндегі Нұрсұлтан Назар баевтың ерекше рөлін атап өтті. Ливан саясаткері екі елдің парламенттері мен іскерлер қауымдары
Ґзекті мəселелер бойынша ґзара пікір алмасылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов VII Астана экономикалық форумына келген Ливан Парламентіндегі «Мустакбаль» басшылық блогының жетекшісі, экс-премьер-министр Фуад ас-Синиорамен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.
Олар Қазақстан-Ливан мəселелері бойынша жəне парламенттік, ынтымақтастық жайында екіжақты пікір алмасып, күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелерге де назар аударды. Қабиболла Жақыпов əлем бүгінгі экономикалық жəне қаржылық дағдарыс жағдайында алдымен келісім мен ұжымшылдық жəне жан-жақтылыққа көңіл аударып отырғанына тоқталды. – Осы жағынан алып қарағанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың G-Global идеясы өзінің əлемге қажеттілігін тағы бір мəрте дəлелдеп отыр, – деп атап өтті Мəжіліс Төрағасы. Өз кезегінде Фуад ас-Синиора Қазақстанмен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтудің Ливан үшін маңызына тоқталып, біздің елдің барлық бағытта қарқынды дамып отырғанын атап өтті. – Бұл өркендеуде 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын нақтылап қойған сіздердің
арасындағы белсенді байланыстарды дамытуға Бейруттың ұмтылысы туралы айтты. Ф.Синиора Астана экономикалық форумы қазіргі замандағы ең көкейкесті мəселелер бойынша қызықты жəне сындарды пікірсайыс үшін тамаша тұғырнама екенін танытты деп санайды. БҰҰ Азық-түлік жəне ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Бас директорының орынбасары, Еуропа жəне Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Владимир Рахманинмен кездесуде Қазақстан мен ФАО арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мəселелері талқыланды. (Соңы 6-бетте). Президенттің еңбегі зор, – деді ливандық парламентші. Тараптар Қазақстан мен Ливан өз аймақтарында тұрақтылық пен сенім жағдайында белсенді жақтастар екенін қуаттады. – Қазақстан Таяу Шығыстағы тұрақ тылық пен бейбітшілікке өте мүдделі, – деді Қабиболла Жақыпов осы орайда. Екі жаққа пайдалы ҚазақстанЛиван ынтымақтастығын кеңейту, экономикалық байланысты өрістетіп, құқықтық-шарттық базаны дамыту, банк саласындағы тəжірибемен бөлісу тұрғысында пікір алмасылды. Қабиболла Жақыпов пен Фуад асСиниора парламентаралық байланыстарды нығайту жайында өз пікірлерін білдірді. Тараптардың ойынша, парламенттердің салалық комитеттерінің тұрақты байланысы осы жолда көп үлес қосатын болады.
Негізінен, Азиядағы өзара іс-қи мыл жəне сенім шаралары жө ніндегі кеңес бастамасын жүзеге асыру Қазақстанның сыртқы саясатында айрықша басымдыққа ие. Өйткені, бұл АӨСШК-ні шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткені белгілі. Яғни, қашан да жақсы бастаманың жаршысы болып жүретін Қазақстан Прези денті АӨСШК тарихында да айрықша аталады. Бастаманың басты мəні əлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда мұндай тетік əлі жасала
қоймаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді жəне əмбебап құрылым жасақтау бағытында бұрын жүзеге аспаған талпыныстарды қайта жаңғыртуда жатыр. Жұмыс атқарып келе жатқан жылдар ішінде АӨСШК Азиядағы бей бітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іргелі халықаралық форумға айналды. АӨСШК Азиядағы жəне бүкіл əлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық арасында тікелей байла ныс бар екенін ұғынуға негіз деле ді. Бұл халықаралық ұйымның құры лу жолындағы
Қазақстан Президентінің айрықша рөлі жайында кешегі саммитте де жиі айтылды. «АӨСШК бастамашысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Біз оның үлкен саяси көрегендігі мен аймақтық қауіпсіздік пен əлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуді өзінің парызы санайтын қасиетіне тəнтіміз», деп атап өтті Қытай Төрағасы Си Цзиньпин саммитте сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, АӨСШК-нің даму жолы көпжақты сенімді нығайтудың өзекті мəселелеріне, Азия елдерінің талаптарына жауап беретінін көрсетеді. (Жалғасы 2-бетте).
ЖАҺАНДЫҚ ҮНҚАТЫСУ АЛАҢЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР Астанаєа айрыќша назар Кеше Тəуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Биыл форумға 15 мыңнан астам делегат қатысып отыр. Олардың ішінде, əлемнің жүз ден астам мемлекетінен 130-дан астам салалық министрлер қатысуда. Форумды негізгі ұйымдастырушылардың бірі – «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті Мұрат Кəрімсақовтың айтуынша, форум бағдарламасы жүзден астам тең ұйымдастырушылардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың, ұлттық компаниялардың, ғылыми-зерттеу институттарының, 9 Нобель сыйлығы лауреаттарының қатысуымен өткізілетін болады. Олардың ішінде Нобель сыйлығының жаңа лауреаттары Курт Вьютрих, Арье Варшель, Святослав Тимашев бар. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Қазақстанда экономикаға жаңа инвестициялар тартуда тың қадамдар ойластырылуда. Бұл туралы VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) шеңберінде өтіп жатқан V «Astana Invest-2014» Халықаралық инвестициялық форумында Премьер-Министр Кəрім Мəсімов мəлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, еліміз алға қойып отырған асқаралы меже – «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын іс жүзіне асыру үшін шетел инвестициясын тарту
қажет. Шетел инвестициясын тартуда еліміз бұрын да қомақты нəтижелерге қол жеткізді. Мəселен, тек соңғы бес жыл ішінде Қазақстан экономикасына 160 миллиард доллар инвестиция тартылды. «Инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау мақсатындағы біздің атқарған жұмысымызға Бүкілəлемдік банк тарапынан жоғары баға берілді. Бəсекеге қабілеттілік бойынша əлемдік дəрежеде біз инвестицияны қорғау жөнінде үздік орындарды иеленіп келеміз. Соңғы айларда Үкімет инвестиция тарту бойынша кешенді бағдарлама белгіледі. Жақын арада заң жобасы Парламентке ұсынылатын болады», деді өз сөзінде Кəрім Мəсімов.
Осы орайда Үкімет басшысы біздің еліміздің дамуында Астана қаласының өркендеуі ерекше орын алатындығын атап өтті. Қазірдің өзінде елорда өмір сүрудің жоғары стандарттарын ұсынып отырған, зор қарқынмен дамушы мегапо листердің бірінен саналады. Сондай-ақ, Премьер-Министр елорда халықаралық университеттердің, зерттеу орталықтарының, медицина мекемелерінің басын біріктіріп отырған үлкен рухани орталық екендігін де тілге тиек етті. «Болашақта қала ЭКСПО-2017 көрмесін қабылдайтын болады. Бұл əлемдік инвесторларды, технологияларды, инновацияларды, саяси қайраткерлерді тартатын халықаралық ауқымды шара болмақ. Мен осы мəселелермен жан-жақты танысуға шақырамын», деді Премьер-Министр. «Astana Invest-2014» – əлем елдерінің сан саладағы маңдайалды мамандарының басын қосатын əмбебап жиын. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған бұл форумның еліміз бен елордамыздың дамуына қосатын үлесі зор, деп бастады Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов V Халықаралық инвестициялық форумда сөйлеген сөзін. Бүгінде Астана қай салада болмасын серпінді қарқынмен дамып келеді. Елорданың ендігі басты міндеті – қаланы осынау даму үрдісінен жаңылдырмай ілгері оздырып, əлемнің үздік шаһарларының қатарына қосу. (Соңы 3-4-беттерде).