Талайдың көңілін алаңдатқан мəселенің түйіні түбегейлі тарқатылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз ұсыныстары бойынша жетілдірілген Заңға қол қойды. Өзгерістер өмірімізге өркенділік алып келсін, ардақты ағайын!
№154 (28093) 22 МАУСЫМ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Браво! Рахмет!
Елбасы зейнетаќыєа ќатысты заѕдарєа ќол ќойды Мемлекет басшысы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында зейнеткерлік жүйені жаңғырту үшін жағдай жасауға, зейнетақы жинақтарының сақталуы мен артуына, зейнетақы активтерін басқарудың ашықтығына бағытталған «Қазақстан Республи касында зейнетақымен қамсыздандыру тура лы» Қазақстан Республикасының Заңына жəне Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сəйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заңдық құжаттардың толық мəтіні газеттің 6-13-беттерінде жарияланып отыр.
Комиссия отырысы Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырыс барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев қазақ стан дық делегациясының Халық ара лық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 153-ші сессиясына қатысып қайтуының қорытындысы туралы баяндады. Қоршаған ортаны қорғау
министрі Нұрлан Қаппаров 20132017 жылдарға арналған болашақ энергиясын дамытудың кешенді жоспарының жобасын таныстырды. Отырыс қорытындысы бойынша, С.Ахметов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-қа жəне мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Мəжілістіѕ кїн тəртібі ќаралды Мəжілісте палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы болатын жалпы отырыстың күн тəртібінің жобасы қалыптастырылды. Кеше кеш бойы осы екі сөз қайта-қайта айтылумен болды. Алғашқысын «Астана Опера» театрының көрермендері айтты, екіншісін театр ұжымы айтты. Алғашқысы тыңдаушы қауымға ғажап əсер сыйлап, мəдениет мерейін өсірген сахнадағы шеберлерге арналды, екіншісі елордаға осындай ғимарат сыйлап, өнер өрісін кеңейткен Елбасына арналды. Иə, кешегі күн, яғни 2013 жылдың 21 маусымы қазақ мəдениетінің тарихынан ойып тұрып орын алатын күн. Кешегі күн тəуелсіз мемлекеттің төл мəдениеті үшін жаңа көкжиектер ашылған күн. Өйткені, енді біз шын мəнінде əлемдік деңгейдегі классикалық опера жəне балет театры бар елміз. Өнерге өркениетті өріс ашқан мемлекетпіз. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында болып, Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының премьерасын тамашалады. Көпшілікке арнаған сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірегей «Астана Опера» классикалық опера жəне балет театрының ашылуымен құттықтап, бұл тамаша ғимарат елорданың 15 жылдығына баға жетпес тарту екенін атап өтті. – Ең алдымен, мен сəулетшілер мен құрылысшыларға алғыс айтамын. Жаңа театр – Орталық Азиядағы ең үлкен өнер шаңырағы. Бұл – бүкіл еуразиялық кеңістіктегі соңғы бірнеше онжылдықта салынған кең ауқымды бірден-бір классикалық театр. Бұл – əлемдегі техникалық жағынан ең жетілдірілген театрлардың бірі. Осы
тарихи сəт əлемдік опера өнерінің жылнамасына енеді. Ғаламат «Астана Опера» ғимараты қазірдің өзінде еліміздің тарихына жазылды. Оның күмбезі астында мен «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жария еткенімді білесіздер. Онда мəдениет біздің ұлтымыздың генетикалық кодының ажырамас бөлігі болып белгіленді, – деді Елбасы өз тілегінде. Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Қазақстанның дарынды халқының шығармашылық əлеуетін ашу үшін барлық жағдай жасалып отырғанын тілге тиек етті. – Тəуелсіздік жылдары Қазақстан мəдениетінің нағыз қайта өрлеу дəуіріне айналды. Осы уақыт ішінде мəдениет мекемелерінің желісі кеңейді. Бүгінде олардың 41-і республикалық жəне жеті мыңнан астамы жергілікті ұйымдар, оларда 75 мың адам жұмыс істейді. 2012 жылы мемлекеттің мəдениет саласына бөлген қаржысы 35 миллиард 500 миллион теңгеден асты. Менің
тапсырмаммен Астанада Қазақ ұлттық мұражайы салынуда. Бүгінде Қазақстан мəдениеті жаһандық мəдени мұраның танымал бөлігіне айналуға тиіс. Бұл қазіргі заманғы өнердің барлық түріне – музыка, театр, кино, əдебиет, сурет өнеріне қатысты. Бұл үшін болашақта өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін, сондай-ақ өзге ісшаралар мен əлемдік деңгейдегі форумдарды пайдалану керек, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еліміздің елеулі артықшылыққа ие екенін атап өтті. – Біз жаңа елміз, Астана – жаңа елорда. Əлемнің түкпір-түкпірінен біздің мəдениетімізбен, дəстүрімізбен, тарихымызбен танысуға миллиондаған адамдардың ықылас білдіруі əбден табиғи нəрсе. Біз осы артықшылықты пайдалануымыз керек! Зауыттар мен жолдар салып жатқан еліміз бірнеше жылға алдын ала негіз қалауда. Мектептер мен ауруханалар тұрғызып жатқан еліміз ұлтымыздың онжылдықтағы келешегінің қамын жасауда. Театрлар салып жатқан еліміз алдағы ғасырларға бүгіннің биігінен қарауда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті санаулы күндерден кейін республикамыз елорданың 15 жылдық мерейтойын атап өтетініне тоқталды. – Біз Отанымызды алып шаhармен байыта түстік. Жарқын да əсем жаңа елорда
Отанымыз үшін жарқын болашақтың жаршысына айналды. Бүгінде Астанада да, Қазақстанның бүкіл өңірінде де жүзден астам этнос өкілдері тұрып жатыр. Бұл – күн сайын қоныс тойы, күн сайын мереке, тойлар өтетін қала – он мыңдаған қоныс иелерінің, жаңа отбасылар мен жаңа тағдырлардың қаласы. Міне, біз тұрғызған Астана мен жаңа Қазақстанның негізі – бейбіт өмір жəне келісім! Қазақстандықтардың еңбегі мен шығармашылығы арқасында жылданжылға еліміз нығая жəне жаңара түсуде. Елордамыз ғасырдан-ғасырға өркендей берсін! Бейбітшілік пен береке-бірлік əрқашан жасампаз Қазақстан халқымен бірге болсын! Мерекелеріңізбен! Сіздерді «Астана Опера» жаңа мəдениет ордасының ашылуымен құттықтаймын! – деді Мемлекет басшысы. Еске сала кетсек, ұлттық классикалық өнердің інжу-маржанымен тұсауын кесіп отырған «Астана Опера» театрында өткен жылдың 15 желтоқсанындағы салтанатты мəжілісте Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының жария етілуі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болып қалған еді. Сол ғимаратты кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде ашып берді.
Президент поштасынан
Екіжаќты ќарым-ќатынасќа оѕ баєа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Өз хатында Б.Обама Қазақстан тəуелсіздігін алған кезден бастап екі ел арасындағы қарым-қатынастардың серпінді дамуына қатысты Нұрсұлтан Назарбаевтың оң бағасына қосылатынын атап өткен. «АҚШ пен Қазақстан арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы үнқатысу қазіргі заманғы сын-қатерлерді еңсеруде ортақ көзқарас пен ұстанымның дəлелі болып табылады. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру ісіндегі берік ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін.
Сіздердің елдеріңіздің көмегі ауғандықтар өмірін жақсартуға жəне осы елдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық күштердің тиімділігіне оң ықпал етеді», делінген хатта. Б.Обама Қазақстан Президентін Америка əскери бөлімшелерінің шы ғарылуы қарсаңында Америка Құрама Штаттары Ауғанстандағы жəне бүкіл өңірдегі іске алдағы уақытта да кеңінен қатыстырылатынына сендіреді. Ол екі мемлекеттің Ауғанстан халқының өсіп-өркендеуіне жағдай жасау
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, теріс пиғылды күштердің ешқашан бұл елден баспана таба алмауына бірдей мүдделі екенін атап өтеді. АҚШ Президенті ядролық қауіпсіздік жəне оны таратпау мəселесі оның əкімшілігі үшін басымдық болып табылатынына тоқталады. Осы орайда, ол Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның, Америка Құрама Штаттарының жəне бүкіл əлемнің қауіпсіздігінің оң нəтижесін қамтамасыз еткен осы бағыттағы көшбасшылығы үшін өз ризашылығын білдіретінін атап өткен. Сондай-ақ, Б.Обама Иран ядролық бағдарламасы мəселесі жөніндегі «5+1» пішінінде келіссөздерді ұйымдастырудағы
жəне жүргізудегі Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалайды. Б.Обама Қазақстан Бүкілəлемдік сауда ұйымына кіру мəселесін қоса, саяси жəне экономикалық жаңғырту мəселелерінде Америка Құрама Штаттарының нақты қолдауына ие болатынын атап өткен. Бұл ретте ол демократиялық даму жəне транспарентті нарықтық экономика екі ел арасындағы ұзақ мерзімді тұрақтылыққа жəне берік достыққа нақты кепіл болып табылатыны туралы пікір білдірген. Хатының соңында АҚШ Президенті екіжақты күн тəртібінде белгіленген жəне өзге де көптеген мəселе жөніндегі екі елдің одан арғы жемісті ынтымақтастығына сенім артады.
(Соңы 3-бетте).
Тағайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Рес публикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
Депутаттардың талқылауына «Ішкі істер органдары туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымға шығарылатын болды. Палата қарауына инвестиция-
ларды көтермелеу мен өза ра қорғау туралы Қазақстан-Румыния үкіметаралық келісімін ратифи кациялайтын құжат та ұсынылып отыр, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Ата кəсіптіѕ абыройы ќайтсек артады? Кеше еліміз Парламентінде «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мəселелері мен перспективалары» деген тақырыпта маңызды мəселе қаралды. Парламенттік тыңдау деңгейінде өткізілген бұл мəселені талқылауға екі палатаның да депутаттары, Президент Əкімшілігі мен Үкіметтің жауапты қызметкерлері, облыс əкімдерінің орынбасарлары, аграршы ғалымдар, саланың білікті мамандары, шетелдік сарапшылар қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Осы алқалы жиында сөз алған Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің əлеуметтік-экономикалық жағдайындағы мал шаруашылығының алатын орны мен маңызына тоқтала келе қазіргі уақытта бұл салада бірқатар алға басулар байқалып отырғандығын, сонымен қатар, шешімін күткен толғақты мəселелер де жоқ емес екендігін атап көрсетті. Мал шаруашылығы ауылда тұратын халықтың басым көпшілігі үшін негізгі күнкөріс көзі болып табылады. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ауыл халқын жұмыспен қамтуда, Қазақстанның ұлан-байтақ жер ресурстарын іске қосуда, Қазақстан экономикасының кластерлік
дамуын жолға қоюда бұл сала үлкен рөл атқарады. Мəжіліс спикері қазіргі уақытта Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы құнының 52 пайызы мал шаруашылығына тиесілі екендігін айта келе, назар аударарлық бірқатар проблемаларды ортаға салып өтті.
Парламент Мəжілісінің Төрағасы еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығын, соның ішінде, əсіресе, мал шаруашылығын несиелендіру жөніндегі ұстанып отырған саясатын қатаң сынға алды. Оның айтуынша, екінші деңгейдегі банктердің барлық берген несиелерінің тек 3 пайызы ғана ауыл шаруашылығына тиесілі екен. Осы аз несиенің 95 пайызы ірі жəне орта шаруашылықтарға, яғни заңды тұлғаларға беріліп келсе, несиенің тек 4 пайызы ғана шағын шаруа мен фермерлік қожалықтарға ұсынылған.
(Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Ќазаќстан – мемлекеттік ќызмет саласында кґшбасшы 2-бет
Жылы сґз, жылышырай 5-бет
Їздік миллионерлер 14-бет