АҚПАРАТТАР аєыны №140 (28364) 22 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
ЮНЕСКО Ќазаќстанды не їшін таѕдады?
● Ел тынысы: мың бір мысал
Денсаулыќ дəнекері
Астана қаласында ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың 22-24 шілде аралығындағы бірінші жалпы кеңесіне ЮНЕСКО-ға мүше 130-ға жуық мемлекеттен 170ке тарта өкілдер қатысады деп күтілуде. Ел астанасында алғаш рет өткізілгелі жатқан бұл басқосу ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық комиссияларының жаңаша сипаттағы жұмыс үлгісі болып табылады. Ұлттық комиссиялардың жалпы кеңесі барысында ЮНЕСКО бөлімшелері мен Ұлттық комиссиялар арасындағы ықпалдастық пен ынтымақтастық мəселелері, ЮНЕСКО қызметін елдік деңгейге көтеру, сондай-ақ, Мəдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы (2013-2022 жж.) шеңберіндегі бастамаларды жүзеге асыру сияқты қадау-қадау ойлар ортаға салынады. Шара қарсаңында Мəдениет министрі, ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ халықаралық ұйымның бүгінгі таңдағы жұмыстары туралы ойларымен бөлісті.
Жаѕа салынєан емхана Екібастўз ќаласыныѕ тўрєындарын ќуантты Мұнда тұрғындардың ауру түрлерін ерте бастан анықтайтын скринингтік тексерулер жүргізуге, сəулелік, зертханалық, жалпы клиникалық, фукциялық жəне эндоскопия бойынша диагностикалық қызметтер көрсетуге арналған №2 емхана ашылды. Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, елімізде қабылданған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында халықтың денсаулығын сақтауда емделушілерге сапалы медициналық көмек көрсету, саламатты өмір салтын жүргізу сияқты нақты міндеттер белгіленді. Заманауи медициналық құралжабдықтармен жабдықталған жаңа емхана күніне 500 адамды қабылдай алады. Ал жалпы, қаланың 50 мыңдай тұрғынына қызмет көрсетеді.
Барлық жағдай жасалған. Бірінші қабатта мүгедектерге арналған жеке бөлмелер жəне «Отбасы денсаулығы» орталығы орналасқан. Орталықта педиатрлар, терапевт дəрігерлер қабылдау жүргізеді. Сондай-ақ, 40 орынға арналған күндізгі стационар
жүйесін құру қарастырылуда. Биыл 18 жас маман келіпті. Емханада 67 жоғары білімді дəрігер, 200-ге жуық медбике, орта медицина қызметкерлері еңбек етуде. Өткен жылы қалалық əкімдік 49 жас дəрігерге пəтер кілттерін табыс еткен болатын. Қала əкімі
● Əлеуметтік қорғаудың əлеуеті
Кемтар жандарєа – тегін ќызмет Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Елбасының мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек қамқорлық жасау жөніндегі тапсырмасы облыста ойдағыдай орындалып келеді. Жыл басынан бері оларға тікелей қатысты 22 бос жұмыс орындары жəрмеңкесі өткізіліп, 200 адам жұмысқа орналастырылды. 10 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде иелігінде бірнеше əлеуметтік жеңіл көлік пен инвотакси бар «Əлеуметтік такси» қызметін 4 мыңнан астам кемтар жан пайдаланады. Соңғы жылдары автопарк арнайы жабдықталған екі неміс көлігімен толықты. Алайда, қажеттіліктің өсуіне байланысты көлік жетімсіздігі əлі де байқалады. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов өңірдің əлеуметтік сала жағдайымен танысқанда қалалық мүгедектер қоғамының төрайымы Валентина Заборовская осы мəселені жеткізген еді.
Арада көп уақыт өтпей жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Асқар Сақыпкереев ұйымға арнайы келіп, облыс əкімі атынан су жаңа «Лада Ларгус» көлігін табыс етті. Ғимарат ауласына асфальт төселіп, айнала қалыпқа келтірілді. Қызылжар ауданында тұратын жеке кəсіпкерлер Жұмабек жəне Жанна Тəшкенбаевтардың Жолдаудағы бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды назардан қалдырмау жөніндегі талаптарына орай бірінші топтағы кембағал жандарға тегін қызмет көрсету қадамы құптарлық. Осылайша, «Астана» отбасылық такси қызметі аясында күніне рейске онға жуық жеңіл көлік шығып, жүріп-тұруы қиын адамдарды əлеуметтік маңызы бар нысандарға тегін жеткізумен айналысады. Кəсіпкерлер палатасының аудандық филиалы екінші топтағы мүгедек жандарға да тегін қызмет көрсету жайын ойластырып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы.
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
Александр Вербняк емхана құрылысын салуға республикалық бюджеттен 1 млрд. 670 млн. теңге бөлінгенін, кеншілер қаласы тағы бір жаңа емханамен толыққанын айтып өтті. Павлодар облысы.
– Арыстанбек Мұхамедиұлы, ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірінші өңіраралық кеңесінің Астанада өтуі ел тарихы үшін үлкен оқиға болып саналады. Мұндай кең ауқымды кездесулер тұсында əуелі жиынды өткізуге кімдер мұрындық болып отыр, күн тəртібінде қандай мəселелер тұр, əйгілі тұлғалардан бұл шарада кімдерді кездестіруіміз мүмкін деген сұрақтар міндетті түрде қойылады. Əңгімеңізді осы оймен сабақтастырып өрбітсеңіз. – Қазақстанда қаншама экономикалық, геосаяси форумдар
өткені мəлім. Ал мəдениет саласында дəл мынадай кең көлемдегі халықаралық басқосумен алғаш рет бетпе-бет келіп отырмыз. Əрине, бұған дейін небір фестиваль дар, байқаулар, басқа да мəдени шаралардың болғаны рас, ал бүгінгідей бүкіл дүниежүзі мəде ниет қайраткерлерінің басын бір шаңырақтың астына топтастырған ауқымды жиын, əр елдегі ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлт тық комиссиялардың басқосуы Қазақстанда бірінші рет. Сондықтан ол біз үшін, жалпы Қазақ стан үшін үлкен мереке іспетті оқиға. (Соңы 3-бетте).
● Айбын
«Алтын їкі-2014»
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының аумағында арнайы мақсаттағы бөлімшелер мергендер жұбының «Алтын үкі-2014» халықаралық жары сы аяқталды.
Сайыста Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пəкістан жəне АҚШ қарулы күштерінің əскери қызметшілері шеберлік сынасты. «Алтын үкі» Қазақстанда осымен бесінші рет қатарынан өткізіліп
келеді. Оған қатысушылардың барлығы өздерінің ерік-жігерлерін көрсете білді, үздік нəтижелерге қол жеткізу үшін барын салды, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сəкен Жасұзақов. – Осы сайыста сіздерге бойдағы күш-қуатты, психологиялық жəне дене дайындығын көрсетуге жақсы мүмкіндік берілді. Ең бастысы бұл – баға жетпес тəжірибе». Қатысушылар бес күндік қызу жарыста даярлықтың арнайы түрлері бойынша нормативтер тапсырды жəне жауынгерлік тапсырмаларды орындау жолында жақсы əзірліктерін көрсете білді. Мергендер түрлі кедергілермен қоса, снайперлік қарумен күрделі жағдайларда ату сияқты сындарға түсті. Нəтижесінде, қазақстандық арнайы мақсаттағы əскерилер бірінші орынға ие болды. Екінші орын Қытай Халық Республикасының қатысушыларына берілсе, үшінші орынға Ұлыбритания өкілдері қол жеткізді. «Егемен-ақпарат».
● Қазақстан жаһандық инновациялық индекс рейтингісінде 5 сатыға көтерілді. Ол «The Global Innovation Index» өлшемі бойынша анықталды. Осылайша республика 79-орынға табан тіреді. Ол Орталық Азия мен Оңтүстік Азия елдері арасында өңірлік классификацияда Үндістан мен Бутанның ара сындағы 2-орынға орналасты. ● Еліміздің АКТ саласына биылғы 5 айда 26,9 млрд. теңге инвестиция салынды. «Қазақстанның Даму банкі» АҚ мəліметінше, енді «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қоры» жеке капиталының, сондай-ақ, халықаралық компаниялардың есебінен осы салаға 100 мыңнан - 3 млн. долларға дейін инвестиция салу жоспарланып отыр. ● Шымкентте кеше деректерді өңдеу орталығы ашылды. Оны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы қатарға қосты. Жалпы аумағы 200 шаршы метрлік орталық кешенді жүйе мониторингімен жəне басқару жүйелерімен жабдықталған. Жоба электрондық үкімет бағдарламасын одан əрі дамытуға арналған инфрақұрылым алаңы болып табылады. ● Өскеменде Қазақстанның Еңбек Ері Бағдат Шаяхметовке ескерт кіш орнатылды. Ол кезінде Өскемен титан-магний комбинатын» ұзақ жылдар басқарып, Жаңа Согра кентіндегі өнеркəсіптің өркендеуіне ерекше үлес қосқан. Б.Шаяхметов комбинат тізгінін ұстаған жылдары комбинаттың титаны əлемдік нарықтың 14 пайызын, əуеғарыш өнеркəсібінің 17 пайызын алып отырған. ● Қостанайда жыл аяғында жаңа цемент зауыты іске қосылады. Бұл облыс əкімі Нұралы Сəдуақасовтың жұмыс барысымен Рудный қаласында болып, əлеуметтік нысандарды аралаған кезінде белгілі болды. Қала маңындағы Жданов ауылдық округінде жылына 500 мың тонна цемент шығаратын ірі зауыт салынып жатыр. ● Байқоңырдың ескі өнеркəсіп аймағында жаңа нысандар бой көтереді. Бұл туралы Қызылорда облыстық сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров мəлімдеді. «Қазір Байқоңыр, Төретам жəне Ақай елді мекен дерін дамытудың жобасы тал қы ланып жатыр. Төретамды «Бейнеу – Бозой» құбыры арқылы газбен қамту қарастырылған», – деді ол. ● Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Жас үздік мал дəрігері» конкурсы болып өтті. Облыста бұл байқау өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылып еді. Бұл жолы меркілік Мейіржан Жарқынтаев жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен жəне дипломдармен марапатталды. ● Қызылорда облысындағы Қа залы ауданының тұрғындары мал шаруашылығын дамыту үшін 24,5 млн. теңге жəрдем алды. Ау дан əкімдігінің бас пасөз хат шысы Балгүл Мə меннің баяндауынша, жыл басынан бері олар бұл қаржыға «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қол жеткізген. Соның нəти жесінде шаруа адамдары 142 бас аналық сиыр мен 8 бас асыл тұқымды бұқа алып, өз кəсіптерін дөңгелетіп келеді. Хабарлар Үкімет, Egemen.kz жəне облыстық «Қостанай таңы», «Знамя труда», «Дидар» газеттері сайттарының деректері негізінде əзірленді.
● Жағымды жаңалық
Єимаратќа да кірді, кґлікке де мінді Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Ақтөбе қаласындағы Ақжар кентінде тұрғын үймен қатар орналасқан учаскелік полиция пунктінің ашылу рəсімі болды. Аталған ғимаратта учаскелік полиция инспекторының, тергеушінің, жедел уəкілдің жəне қоғамдық кеңес бөлмелері бар. Ғимараттың құрылысына 41 млн. теңге жұмсалды. Жаңа ғимараттың салтанатты ашылуында сөз алған Архимед Мұхамбетов: «Біздің тарапымыздан ішкі істер органдарын материалдықтехникалық жабдықтауға аса мəн беріледі. Облыстық бюджеттен 2013 жылы –262,2 млн. теңге, 2014 жылы 467,3 млн. теңге бөлінді», деп атап өтті. Осылай деген ол Ақтөбе қаласы ІІБ бөлімшелерінің, жол-патрульдік
полициясы батальоны жəне рота командирлеріне «Шкода» маркалы 30 қызметтік автокөліктің кілтін тапсырды. 2013 жылы 56 автокөлік алынды, ал 2014 жылы қызметтік көлік саны 72-ге дейін артты. Бұл көліктердің барлығы қоғамдық тəртіпті қорғауға жұмылдырылады. Сондай-ақ, облыс əкімінің өкімімен 40 қызметкер жалпы сомасы 2 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Ішкі істер органдары ардагерлеріне жəне қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің жесірлеріне жалпы сомасы 1 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін 490 қызметкерге ақшалай сыйақы беріліп, 90 қызметкерге алғыс жарияланды. Ақтөбе облысы.