АҚПАРАТТАР аєыны №137 (28615) 22 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
«СемАЗ» ќўрастырєан 7000-шы трактор
«ҚазАгро» жүйесінің қолдауымен «СемАЗ» машина жасау зауытынан 7000-шы «Беларус» тракторы конвейерден шығарылды. Əу баста осы саланы қаржыландыруға «ҚазАгро» холдингі 1,3 млрд. теңге құйған.
Осыған орай «ҚазАгро» ұлттық холдингі журналистердің басын қосып, пресс-тур өткізді. Кəсіпорынның басшылары айтқандай, ауылшаруашылық техникасын өндіру 2009 жылы қарапайым «Беларус 80.1»,
Қазақстанда жасалған
«Бе ларус 82.1» жəне «Беларус 1221.1» маркаларын шығарудан басталған. Бұл тракторлар тек ауыл шаруашылығында ғана емес, коммуналды шаруашылықта да кеңінен қолданылады.
Бүгінде кəсіпорында тракторлардың 9 түрі бар. Олардың ең озығы – «Беларус 3522». Зауыттың техникалық зерттемесіне қарағанда, ол неғұрлым қуатты көп қажет ететін ауылшаруашылық жұмыстарына арналған. Мəселен,
Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».
тїрлі баєдаршам шыєаратын зауыт Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Жол қозғалысын реттейтін бұл бағдаршамды «Светоком» ЖШС шығарады. Үстіміздегі жылғы мамыр-маусым айларында ТМД елдері арасында өткен бизнес форумдарда Армения, Қырғызстан, Тə жік стан, Ауғанстан жəне Өзбекстан елдеріне Ақтөбеден шығатын бағдаршамдар таныстырылды. Аталған бес мемлекет жергілікті өнімге бір ден қызығушылық танытты. Қазір олармен келіссөздер жүргізілуде.
Аталған компания бағдаршамның 18 түрін шығарады. Өз өнімдерімен осы кезге дейін Қазақстанның 40 қаласын қамтамасыз етіп келді. Бағдаршамның орташа бағасы 70-80 мың теңге тұрады. «Светоком» ЖШС алғашқы өнімін осыдан 10 жыл бұрын шығара бастаған болатын. Қазір облыс орталығындағы көшелерде тұрған бағдаршамдардың 70 пайызы осы «Светокомның» өнімі болып табылады. Ақтөбе облысы.
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Реджеп Ердоғанға Суруч қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы оқиға салдарынан ондаған жазықсыз жанның қаза тапқаны жəне жүзден астам адамның жарақаттанғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Қазақстан Президенті терроризмнің бүгінгі таңда адамзатқа ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанына да тоқталған. Нұрсұлтан Назарбаев террорлық əрекеттің ұйымдастырушылары мен орындаушылары анықталып, қатаң жазаға тартылатынына сенімді екенін жеткізген. Жеделхат соңында Мемлекет басшысы бүкіл қазақстандықтардың жəне жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, барша Түркия халқына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуіне тілектестік білдірген.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.
Мїлікті жария ету жалєасуда Жария ету нəтижелері бойынша елімізде 292 млрд. теңге заңдастырылды. Оның ішінде ел аумағындағы мүлік бойынша 30 мыңнан астам нысан мен 219 млрд. теңге сомасына бағалы қағаздар жария етілді.
18
дəнді дақылдарды отырғызу, арамшөптерді отау, жемшөп дайындау сияқты толып жатқан функциялары бар. Айта кету керек, «ҚазАгро» өндірісті қаржыландырып қана қойған жоқ. Ұлттық хол динг
бүгінде зауытпен бірге шығарылған техниканы өткізумен де айналысып келеді. «Қаз АгроҚаржы» бағдар ламасының лизингті жүйесіне орай кəсіпорында шыға рыл ған техника, трактор түрлері республикадағы шаруа қожа лық тарына таратылады. «СемАЗ» ЖШС бас директоры Əсемқан Досқұжановтың айтуынша, «ҚазАгроның» инвестициялық бағдарламасына орай зауыт дағдарыстан шығып қана қоймай, кəсіпкерлік саласын да кеңінен дамыта білді. Ұлттық холдинг қаржылай көмегін аямай, тиімді баға да ұсынды. – Жобамыз аяқталды. Өткен жылы біз несиемізді жаптық. Ауыл шаруашылығына арналған техника шығару жобасы Қазақстандағы ең бір маңызды жобалардың бірі болып табылады, – деді кəсіпорын басшысы Əсемқан Досқұжанов. – Біз енді екінші транш алып, өндіріс көлемін ұлғайттық. Міне, қарасаңыздар, біз тракторлардың бірнеше жаңа түрлерін шығармақпыз. Шығарған тракторлардың тұрып қалған жері жоқ. Барлығы да ауыл шаруашылығында жұмыс істеп жатыр. «СемАЗ» ЖШС тракторлардан басқа автобус пен жүк көліктерін де шығаруда. «Daewoo» автобустары 25 тоннаға дейін жүк көтере алатын «Урал» мен «SHACMAN» көліктер бүгінде тұтынушылар талғамынан шығып отыр.
Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебав мəлімдеді. Сондай-ақ, ол мемлекет аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша он жеті нысан жəне сомасы 636,5 млн.теңгенің бағалы қағаздары жария етілгендігін атап өтті. Бұл ретте ақшалай жария ету көлемі 73 млрд.теңгені құрағандығы айтылды.
Бїгінгі нґмірде: Абыройы асқан киелі түбек 2-бет
Ұлтты есейту жолындағы бағдарлама 3-бет
Мынау аумалытөкпелі дүние... 4-бет
Тағдыр жолы сан тарау 5-бет
Сонымен қатар, ол аталған министрлік тарапынан мүлікті жария ету мен кепілдіктерді қамтамасыз ету үдерісін құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалаудан жеңілдету жағына қарай қайта қарау туралы Елбасы берген тапсырмаларды іске асыру үшін тиісті заң жобасы əзірленгендігін жеткізді. Бұл ретте ақша бойынша жария етуді, оларды екінші деңгейдегі банктерде міндетті түрде орналастырумен ғана емес, сол сияқты мұндай жағдайда өзінің қалауы бойынша шектеусіз билік ету мүмкіндігімен, онда
міндетті түрде 10% алым сомасын төлей отырып, өткізу ұсынылатындығын айтты. Жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға құқығы ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы, сол сияқты одан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша декларативтік түрде, тиісті комиссиясыз мемлекеттік кірістер органдарында өткізу ұсынылатындығын тілге тиек еткен вице-министр бұдан басқа да мəселелерге тоқталып өтті. Жария етудің мерзімін келер жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделетіндігін нақтылады. Жария ету субъектілері үшін кепілдік беру бөлігінде жəне құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдары қызметкерлерінің заңсыз əрекеттерінен қосымша
қорғау бөлігінде қылмыстық заңнаманың нормаларын нақтылау мен қатаңдату көзделетіндігін мəлімдеді. Осы жөніндегі заң жобасын əзірлеушілердің пікірі бойынша аталған түзетулерді іске асыру жария ету үдерісін жеңілдететіндігін, бұдан да қолайлы жəне тартымды жағдай жасауға, соның арқасында үдерістерді жандандыруға ықпал ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, жария етілетін қаражатты Астана қаласының Қаржы орталығына инвестициялау мүмкіндігін ұсынамыз, деген А.Теңгебаев мүлікті жария ету акциясы əлі де жалғасуда екендігін айтты. Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда ел аумағында мүлікті жария ету əкімдіктер жанындағы жария ету комиссиялары арқылы жүзеге асуда.
Елімізде соңғы бір айдың ішінде egov.kz үкіметтік порталы арқылы 100 мыңға жуық төлем жасалды. Соның нəтижесінде мемлекет қазынасына шамамен 1 млрд. теңге пайда түскен. Былтыр бір жылдағы пайда 3 млрд. теңгеден аспаған. Ал биылғы І жартыжылдықтың өзінде бұл көрсеткіш 4 млрд. теңгеге жуықтады. Астанада осы жылдың қаңтар-маусым айларында 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Қалалық əкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, сол аралықта 2 300 адам жұмыспен қамтылған. Бұл іс-шара «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Алматыда жыл соңына дейін барлық қоғамдық көлік электронды билет беру жүйесімен жабдықталады. «Көлік холдингі» ЖШС-нің төрағасы Владимир Смирновтың мəлімдеуінше, жолақы арнайы карта бойынша төленеді. Соған сəйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалада қолма-қол төлем жүйесін мүлдем алып тастау жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстанда алты айда 90 млрд. теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді. Ал өңірдегі өнеркəсіп өнімінің көлемі 3,6 пай ызғ а артып, 286,1 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы кеше облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев мəлім етті. Жамбыл облысында дəнді дақылдарды жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сүйенсек, бүгінге дейін тиісті 240 мың га.-ның 127 мыңнан астамы жиналды. Орташа өнімділік шамамен 15,2 центнерді құрап отыр. Жалпы, облыста биыл 557,3 мың га. жерге егін егілген. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жыл басынан бері 449 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұл данды. Аталған жұмыс «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында атқарылды. Қалалық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашы лығы бөлімінің басшысы Самат Зияшевтің сөзіне қара ғанда, тың жобалардың ар қасында 136 жұмыс орны ашылған. Атырауда Жайық өзеніне 10 мың бекіре шабағы жіберілді. Жайық-Атырау бекіре балық шаруашылығы зауытының басшысы Гильман Сəрсемəлиевтің айтуынша, биыл кəсіпорын арнайы тоғанда 3,5 млн. бекіре, қызыл балық жəне ақсерке шабақтарын өсірген. Ақмола облысының Ерейментау қаласында құрылыс материалдарын өндіретін цех іске қосылды. Облыс əкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба құны шамамен 97 млн. теңге. Цех толық жұмыс күшіне көшкен кезде 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
«Батыр арулар» байќауы Қарулы Күштердің əскери қызметші қыз-келіншектері арасында өткен «Батыр арулар» бірінші республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды. Қазақстан армиясының 12 үздік өкілін Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов құттықтады. – «Батыр арулар» байқауы Отан алдындағы қызметінде өздерінің ер-азаматтармен тең дəрежеде иық теңестіріп келе жатқан əскери қызметші қыз-келіншектерді табуға жəне олардың қызметі туралы білуге мүмкіндік берді. Бұл өнеге алудың тамаша үлгісі, жұмыс күндерінің əскери қызметпен үздіксіз байланысы. Бертіндегі əлемдік тарихта «жауынгер қыз» деген түсінік айрықша болып саналатын. Алайда, ХХІ ғасырда осындай əскери қызметші қыз-келіншек немесе сарбаз қыз деген кəсіптің болуы ешкімді таңғалдырмайтыны анық. Мұның бір жарқын көрінісі ретінде «Батыр арулар» байқауын айтуға болады», – деді Қорғаныс министрі. Қатысуға өтініш берген сəттен бастап салтанатты рəсімге дейін көптеген нəзік жанды аруларға ауыр саналатын сынақтардан қызкеліншектер мүдірмей өтті. Олар түрлі қарудан оқ атты, гранаталар
лақтырды, барлық кедергілерді еңсерді, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды жүргізді. «Бұл – өз өмірін армиямен байланыстырған нəзік жандылар үшін жұмыс қана емес, өмір сүру тəсілі жəне үлгісі. Бұл байқау – кəсіпке деген өз қабілетіміз бен сүйіспеншілігімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік.
Сіздің қолыңыздан марапат алу – біз үшін үлкен құрмет жəне жауапкершілік», – деп байқау жеңімпаздарының бірі аға лейтенант Əлия Хайруллина атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, «Батыр арулар» – Қарулы Күштердің əскери қызметші қыз-келіншектері арасындағы бірінші республикалық байқау. Аталған сайысқа Қазақстан армиясының
барлық өкілдері қатысуға мүмкіндік алды. Еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш берген 123 қатысушының суреттері мен жеке сауалдамалары Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына орналастырылды жəне бір ай бойы интернет пайдаланушыларының дауысын жинады. Қырық күндік онлайн-дауыс беру нəтижесінде, қатысушыларға өте көп (255 725) дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың ғана емес, басқа да елдердің тұрғындарының қызығушылығын туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия жəне Үндістан елдерінің интернет пайдаланушылары белсене қатысты. Нəтижесінде сынақтардан мүдірмей өтіп, өздерінің жауынгерлік əзірлігін, шыдамдылығы мен төзімділігін жəне мықтылығын дəлелдеген Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері болып саналатын 12 жеңімпаз анықталды. Байқау соңында аруларды кəсіби стилистердің қолынан əрлендіру жəне «Батыр арулар» байқауының əрбір жеңімпазы əр парақты көркейте түсетін мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессиядан өтетін болады. «Егемен-ақпарат».