АҚПАРАТТАР аєыны №195 (28134) 22 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Өңір өмірі
Тарихына ќаныќ жастар єана серпінді дамудыѕ кепілі бола алады
Їміт ўшаєы
Кеше «Нұр Отан» ХДП ғимаратында жастарды патриоттық рухта тəрбиелеуде ұлттық тарихтың рөлі тақырыбында өткен дөңгелек үстелде еліміздің белгілі сарапшылары, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері аталған мəселе бойынша өз пайымдарын ортаға салды. ұйымдастырылған. Отырыста сөз алған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жастарды патриоттық рухта тəрбиелеудің маңызына кеңінен тоқталды.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Аталған шара «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институты мен Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жəне Мемлекет тарихы институтымен бірлесе
(Соңы 3-бетте).
Ќазаќстан ґз тəжірибесімен бґлісуге əзір
Қыздың бұрымындай сылаңдап ағып жатқан Сырдың бойын мекендеген аймақтың арғы басынан күн шығып, екінші шетінен кеш бататындай əсер ететіні бар. Себепсіз емес. Жаңақорған жағы оңтүстікпен шектессе, Арал беті батысқа мұрнын тығып жатыр. Мына салынып жатқан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күрежолының 812 шақырымы Қызылорда облысын басып өтеді. Көлікпен жүрсеңіз, жарты күндік уақытыңызды сарп етесіз. Ал жол толық аяқталмаған осы кезде одан да көп уақыт шығындауыңыз бек мүмкін. Бұл қарапайым жолаушының көрер қиындығы. Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Егер осы жағдай дəрігерлердің басына түссе ше? Мысалы, Аралда ауыр халде жатқан адамды шұғыл түрде облыс орталығына жеткізу керек дейік. Оның сыртында алдындағы науқастың жағдайын бағамдау, диагноз қоюда жеткілікті медициналық құрал-жабдықтардың болмауы, дəрігер біліктілігінің кемшіндігі, денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою керек. Ол
қалай болмақ? 103-тің жедел жəрдемі науқасты орталыққа жеткіземін дегенше үзіліп кетуі де мүмкін ғой. Осындай тосын жағдайлар ескеріле отырып, аймақта санитарлық авиация жұмыс істеп тұр. Расын айтайық, санавиация талай адамды ажалдың тырнағынан арашалап қалды. Біздің облысымызда санитарлық авиация қызметінің тарихы сонау 1927 жылдан бастау алады. Ал 1949 жылы отауын бөлек алып жедел жəне шұғыл медициналық көмек көр се те тін бөлімше болып ашылады. Алғашқы кезде
бөлімшеде медициналық қызмет көрсететін бір бригада, бір санитарлық автокөлік қана болған екен. 1967 жылы қалалық ауруханада жедел жəрдем қызметі ашылып, облыстық ауруханада тек шалғай елді мекендерден түскен шақыруларға шұғыл медициналық көмек көрсететін бөлім болып қайта жасақталады. Материалдық-техникалық базасы кеңейіп, білікті мамандар толыққанды медициналық көмек көрсететін болды. Жылдық шақырулар саны сол кезеңдерден бастап 100-ден асып жығылды. Мамандандырылған дəрігерлік топ аудандар мен ауылдарға шығып, оталар жасап, шұғыл көмектерін беріп жүрді. 1990 жылы облыстың экологиялық жағ дайын ескере отырып, арнайы жабдықталған (госпиталь-тікұшақ) көлік берілді. Бірақ сол кезеңнің мемлекетіміздегі қар жылықэкономикалық жағдайына байланысты, кейін көлік Денсаулық сақтау министрлігіне қайтарылды.
Мектептер оќу жылына толыќ дайын болуы тиіс
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте білім беру ұйымдарын 2013-2014 жаңа оқу жылына дайындау мəселесі талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов хабарлағандай, алдағы оқу жылында республика мектептерінде 2,5 миллионнан астам бала оқитын болады, қыркүйектің
ба сында мектептерде шамамен 294 064 педагог, оның ішінде 9645 жас мұғалім өз жұмыстарына кіріседі. Қазіргі уақытта педагог кадрларға деген барлық қажеттілік
Елшімен кездесті
Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Петер Юзаны өз өтініші бойынша қабылдады.
Кездесу барысында ОСК төрағасы Юза мырзаны Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдері сайлауының қорытындыларымен таныстырып, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Ортсайлауком басшысы аталған сайлау біздің елімізде алғашқы жержердегі əкімдер сайлауы екенін жəне қолданыстағы заңнама мен демократиялық сайлау процесі нормаларын сақтай отырып,
ұйымдасқан түрде өткенін атап өтті. Ал елші ынтымақтастықтың келешектегі дамуына ниет білдірді жəне Қазақстан Республикасының сайлау ұйымдастырушыларына сəттілік тіледі. Қ.Тұрғанқұлов Орталық сайлау комиссиясы қарым-қа тынас тықтың барлық деңгейінде тəжірибе мен ақпарат алмасуға ашық екенін жəне сыртқы байланыстарды халықаралық ұйымдар шеңберінде, сондай-ақ, екіжақты кездесулер аясында белсенді дамытатынын атап өтті.
2-бет
Адамзат
жаћандыќ ќандай жаѕа сын-ќатерлермен бетпе-бет келіп отыр?
4-бет
(Соңы 7-бетте).
Оймақтай ой Жан – сəуле, жүрек – айна. Мəшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ.
1934 пəн мұғалімін, атап айтқанда, математика, химия, физика, ағылшын тілі мұғалімдерін құрайды. (Соңы 3-бетте). Словакия Республикасының мемлекеттік органдарымен сайлау саласындағы қарым-қатынас бірнеше жылдар бойы тұрақты негізде жүзеге асып келеді. Атап айтқанда, Ортсайлауком өкілдері 2009 жылы Словакия Республикасындағы президенттік сайлауды байқауға, сондай-ақ, 2010 жылы парламенттік сайлауды байқауға қатысты. Өз кезегінде Словакия өкілдері 2007 жəне 2011 жылдары Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын байқауға қатысты. «Біздің ынтымақтастығымыз келешекте де жалғасып, бұрынғысынша жемісті жəне сындарлы сипатта болатынына сенім білдіремін», – деді Қ. Тұрғанқұлов кездесу соңында. «Егемен-ақпарат».
Бїгінгі нґмірде:
Бар игіліктіѕ кілті – білімде
Тəуелсіздіктің 18 жылында республиканың ішінара облыстарында, санитарлық авиация жұмысы қайта жандана бастады. Біздің облысымызға республикалық бюджеттен 16,2 миллион теңге бөлініп, АН-2 ұшағы берілді. Облыстық медицина орталығы жанынан арнайы мамандандырылған санитарлық топтар құрылған бөлімше ашылды. Ол тəуліктің қай мезгілінде де толыққанды медициналық көмек көрсетуге дайын білікті мамандармен жəне ана мен сəбиге, инсульт алған науқастарға, апатты жағдайларға арналған мамандандырылған құралжабдықтармен жабдықталды. Сол 2009 жылы санитарлық авиация бөлімшесіне 421 шақырту түссе, оның 26-на жедел түрде ұшақпен көмек көрсетілді. Бүгінде ажалдың бəрі автокөліктен келіп жатқан сияқты əсердің бары рас.
Туризмніѕ тїрленер тїрі бар ма? 5-бет
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мəмидің БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғарғы өкілі Нассир Абдулазиз əл-Нассермен кешегі кездесуінде Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі мен Өркениеттер альянсы арасындағы өзара іс-қимыл мəселелері сөз болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Нассир Абдулазиз əл-Нассер Қазақстан бастамашы болып табылатын 2013-2022 жылдардағы мəдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығын ұлықтау жөніндегі халықаралық форумға қатысу үшін біздің елімізге келіп отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-сессиясы «Бейбітшілік жолындағы өзара түсіністік жəне ынтымақтастық, мəдениетаралық жəне дінаралық үнқатысуды ілгерілету» қарарын қабылдаған болатын. Əңгіме барысында Қазақстан негізінен əлем мəдениеті жөніндегі қарарлар авторларының бірі ретінде жүйелі түрде көрініп келе жатқаны аталып өтілді. «БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі болып Қазақстанның сайлануы азаматтар құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етудегі біздің еліміз табыстарының халықаралық
тұрғыда мойындалуы екеніне нық сенімдімін», – деді Қ.Мəми. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі мен Өркениеттер альянсы арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылай келіп, əңгімелесушілер жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу ісінде дінаралық жəне мəдениетаралық төзімділік пен келісім рөлін арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды дамыту қажеттігін атап өтті. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қазан айындағы Австрияға ресми сапары барысында екі форумның күшжігерін біріктіруді ұсынған болатын. Біз дінаралық жəне конфессияаралық үнқатысу мен келісімді нығайту саласында жинақталған мол тəжірибемізді Өркениеттер альянсымен бөлісуге əзірміз», – деп атап өтті Сенат Төрағасы.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына кезекті өзгерістер енгізілуде. Олардың алғашқы екі пакетінде жобаларды қарастыру үдерістерін жеңілдетуге назар аударылса, үшіншітөртіншісінде негізгі екпін шағын жəне орта бизнесті, кішігірім жобаларды қолдауға бағытталды. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы соңғы 5 жылда 2,5 жылға ұзарды. Мұны мəлімдеген Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова 2015 жылға қарай бұл межені 70 жасқа дейін көтеру көзделіп отырғанын айтты. Астанада екі қабатты экскурсиялық автобустар қатарға қосылды. Осыны өмірге енгізген «Astana Bus Tours» жобасы Астана əкімдігі мен Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі арқылы жүзеге асуда. Алматыда биыл білім беру саласына қала бюджетінің 20 пайызы бөлінді. Осыған орай саланы дамытуға 57 млрд. теңге берілетінін кеше өткен тамыз кеңесінде қала əкімі Ахметжан Есімов мəлімдеді. Маңғыстау облысының табиғатты қорғау шараларына 213,2 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы баяндаған Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев өңірдегі Қошқарата жасанды көліндегі сұйық фаза деңгейін тұрақты ұстау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Шығыс Қазақстан: ауа райы қателесуді кешірмейді. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың Зырян ауданына сапарының негізгі ұраны осы болып, ол өңір дегі қысқы жылыту маусымына дайындық, егін жинауды сапалы аяқтау жəне əлеуметтік нысандар құрылысын қарқынды жүргізу мəселелерін қамтыды. Оңтүстікте жыл басынан бері 302,7 млрд. теңгенің өнеркəсіп өнімдері шығарылды. Облыста бұл саладағы жетістіктің 26,1 пайызын тау-кен өндіру саласы құрап, ондағы өсім 79,1 млрд. теңгеге артты. Қостанай колледждері студенттердің 3 млн. теңге стипендиясын төлемегені анықталды. Мұның аныққанығына жеткен облыс прокуратура қызметкерлері 2011-2012 оқу жылы мен биылғы жылдың осы кезеңіне дейін 72 студентке осынша берешек жиналғанын жария етті. Астана-Семей бағы тында жүрдек пойыз қатынасы ашылады. Ол алдағы 25 тамыз күні «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құ ралған «Астана-Семей» №63/64 жүрдек пойызы болып жолға шығады. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
Президент тапсырмасы қалай орындалуда? «Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуы керек». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).
«Ізденгенге іс жеткілікті» – дейді 12 баланыѕ анасы, кəсіпкер Зəуреш Жəнібекова Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бұқар жырау баба есімін ардақ тұтқан ауданда Үміткер атты ауыл бар. Баянауыл жақпен шектесіп жатқан жері құтты, табиғаты көрікті тұста орын тепкен, таза қазақы қалпындағы елді мекен. Үміткердің жұртқа сүйінішті бір ерекшелігі, əр үйі балақайлар мен жеткіншектер үніне толған, думанына бөленген ордалы орта. Бес-алтылы өскіннен бастап, он-онекілі өрен өрбіген үбірлі-шүбірлі шаңырақтар мұнда таңсық емес. Тұрмыс күйін танытатын да
солар. Шат жүздері, жарқын күлкілері бұл ауылдың шұғылалы шырайы. Өмірі балаларының бақытымен шуақтанған осындай отбасылардың бірінің отын жарқыратушы Төлен мен Зəуреш Жəнібековтер де өз маңдай терлері арқылы береке сəнін жарастырған жандар. Кейбір құрбыларындай ошақ қасы күйбеңінен аспай, бар салмақты жолдасына артпай, еңбек жүгін бірге көтеруші Зəурештей əйел бұрын осы ауылда сирек болса, қазір біразы уақыт талабына сай жаңа істердің бел ортасында. Зəуреш үлгісі осыған бастаған.
– Жалғызілікті қосағымның 10-15 жанды асырау үшін жанталасты жұмысын көріп отырып қалай шыдарсың, үйелменсүйелмен балаларым бір-біріне қамқор бола бастасымен оның қарсылығына қарамастан мен де ол құрған «Төлен» шаруа қожалығының бір тізгінін ұстастым. Мал күтімімен қоса күніне сан сиыр сауу, сүт тарту, май айыру, құрт, ірімшік жасау сияқты таңертеңнен кешке дейін бітпес жұмыстарға сырттан ешкімді араластырмадым. Кейіннен қыздарым көмекке қосылып, қолым жеңілдеді. Шүкір, отбасымыз бəріміз
жұмылған еңбегіміз жанып, тұрмысымыз əлденді, – деп тілдескен бетте сыр ақтарды ол. Жұмысына ғана болмаса өзгедей пысықтығы жоқ жұбайына қарағанда, ширақтау мінезді Зəуреш тек мал өсірумен шектеліп қалмай табыстың басқа да көздерін құрауға жетелеуші саналады екен. «Жеке белсенді əрекеттің ығын Зəуреш біліп, итермелеп отырады. Мен осы шаруамызды күйттей беруден асқым келмесе, оған ол қарсылық білдіреді. Былтыр біздің жақтағылар қолға алмаған істің де ретін келтірді. Əуелде тайсақтағандай едім, енді байқасам, ауылдастарым көңіліне де жағулы, өзімізге де пайдалы шаруа көрінеді», дейді отағасы. (Соңы 6-бетте).