22082014

Page 1

Ақпараттар ағыны №163 (28387) 22 тамыз ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Театрдың толғақты мәселелері қозғалды

Бас хатшымен кездесті Мемлекет басшысы Нұр­ сұлтан Назарбаев Театр қай­ раткерлері одағының төр­аға­ сы Тұңғышбай Жаман­құ­лов­ ты қабылдады, деп хабарла­ ды Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде театр өнерін дамы­ ту­дың негізгі аспектілері, театр­ лар­дың репертуар саясаты және олардың шығармашылық деңге­ йін одан әрі көтеру мәселелері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мәдениет пен өнер саласының жүйелі дамуын атай келіп, тарихи тақырыптарға арналған қойылымдардың маңыздылығын айтты. Ал Т.Жаманқұлов өзі басқаратын одақтың қызметі, сондай-ақ, отандық театрлардың, соның ішінде өңірдегі театрлардың жұмысы туралы баяндады.

Ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ететін фильмдер қажет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде отандық кинема­ тографияның жағдайы мен даму перспективалары, киностудияның қазіргі жұмысы, сондай-ақ

алдағы кезеңге арналған жос­ парлары талқыланды. Мем­ лекет басшысы бүгінде киностудия қазақстандықтардың

мәдени дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Осы саланың нығаюы үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті

Өзара ықпалдастық жайы талқыланды

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хат­ шысы Николай Бордюжамен кездесіп, ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Сыртқы саясат­ ведом­ ствосының басшысы әріп­т есіне ҰҚШҰ мүше-мем­л е­к ет­­тер қауіпсіздігін және ­т ұ­­­­­­рақ­т ы­­лығын қамтамасыз ету үшін Ұйым әлеуетін арттыру­ға деген еліміздің ұмтылысы жөнінде айтып берді. Ол, сонымен қатар, үстіміздегі жылғы 3 сәуірде Мәскеу қала­сында өткен Ұйым мүше-мем­ лекеттерінің сыртқы іс­т ер министрлері кеңесінің оты­ры­сының қорытынды­ларына қанағаттанғандығын білдірді.

Әңгіме барысында би­ыл­ғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер сырт­қы істер министр­­­­ле­ рінің бейрес­ми кездесуіне дайындық мәсе­ лелері, сонымен қатар, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі жарғылық ұйым­дары отырыстары­ мен сессия­ларының мәселелері қарас­ты­ рылды. Осыдан соң Ұйым шең­беріндегі ын­ ты­мақтастықтың өзге де аспектілері талқыға салынды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Алдағы іс-шаралар сөз болды

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары (АӨСШК) Хатшылығының қайта тағайындалған Атқарушы директоры елші Гун Цзяньвэймен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар биылғы ма­ мыр айында Шанхайда өткен АӨСШК IV Саммитінің қорытындыларын, со­ нымен қатар, АӨСШК үдерісін әрі қарай дамыту мәселелерін талқыға салды.

Қазақстандық тарап АӨСШК-ны институционалды түрде нығайтудың маңыздылығын және оның аясында барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып, Азиядағы қауіпсіздік пен даму жөніндегі Ұйым құру қажеттілігін атап өтті. Кездесу барысында АӨСШК өлшеміндегі сенім шараларын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, министр қонақты

қазан айында болатын АӨСШК әскери сарапшыларының кездесуі мен олардың Астана қаласында орналасқан әскери базаларға жасайтын сапарлары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, жақын арада АӨСШК Хатшылығының Астанаға көшуі мен елордада 5 қазанда АӨСШК күніне арнап, ресми ісшаралар өткізу мәселесі қарастырылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

жағдайлар жасалуда. Киностудия жоғары дәрежелі жабдықтармен және заманауи түсіру алаңдарымен қамтамасыз етілген. Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпалын тигізуі тиіс патриоттық тақырыптағы фильмдер өндірісі қажеттігін атап өтті. Президент сондай-ақ, Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жас буынын адамгершілік рухта тәрбиелеуге бағытталған анимациялық фильмдер жасаудың маңыздылығын да атады. Е.Аманшаев киностудияның жыл соңына дейін прокатқа түрлі тақырыптағы 8 фильм шығаруды жос­парлап отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қазақстандық кинофильмдер былтыр 1 миллионнан ас­ там кө­рермен жинағанын атап өтті. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Қорғаныс өнеркәсібі кешені: әртараптандыру және экспорттық әлеуетті арттыру Кеше Қорғаныс министрі Серік Ахме­тов­тің төрағалық етуімен Қазақ­ станның қор­ғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі кеңейтілген көшпелі кеңес өтті. Кеңесті ашқан қорғаныс ведомствосының басшысы ел экономикасының тұрақты дамуындағы қорғаныс секторының маңызын атап өтіп: «Мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелеріне, оны әртараптандыруға және экспорттық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр», деді. С.Ахметов қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарын әрі қарай дамыту, олардың өндірістік инфрақұрылымын дамыту, тапсырыс­ тар жүктеу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс­ ты уақытылы және сапалы орындау жөніндегі шараларға баса назар аударды. Министр айтқандай, әскери мақсаттағы өнім шығару бойынша 15 негізгі перспективалық жоба айқындалды, оларды іске асыруға жол карталары бекітілді, қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік қолдау жөнінде барлық қажетті әкімшілік және заңнамалық база жасалуда. Алдағы 2015 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жағдайындағы жұмыстарға қатысты С.Ахметов бұдан әрі саудаэкономикалық және кооперациялық байланыстарды дамыту, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы экспорттық әлеуетті арттыру қажеттігін атап өтті. Кеңейтілген кеңес «Қазақстан Инжиниринг» акционерлік қоғамы және Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындары басшыларының қатысуымен «Қазақстан Аселсан инжиниринг» зауытының аумағында өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ҰҚШҰдағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасының пікірінше, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы пар­ ламентшілердің бірлескен жұмысы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды құрал ретінде ұйымның тиімділігін

арттыруда ерекше маңызы бар. Украинадағы жағдайды тал­ қылай келіп, жүздесушілер Кеден одағы басшыларының 26 тамызға жоспарланған Минс­ кідегі кездесуі Еуропа одағы мен Украинаның дағдарыстан шығуына жәрдемдесетініне үміт артатындарын білдірді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Өкімі 2013 жылғы 21 тамыз

№65

Астана, Парламент Мәжілісі

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 2 қыркүйекте, сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.Жақыпов.

Кеңес келелі міндеттер жүктеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы­ сы – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарушы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен бірқатар мемлекеттік органдар мен Президент Әкім­­шілігі құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысқан кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жиын Қылмыстық, қыл­ мыстық-іс жүргізушілік, қыл­ мыстық атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгі­ сіне көшу іс-әрекетінің бірыңғай мемлекеттік жоспарын орындау мәселелеріне арналды. Кеңеске қатысушылар елі­­міз­ дің құқық қорғау және сот­жүйеле­ рі қызметінің жа­ңа жағдайдағы

норма­тив­тік-құқықтық, қар­жы­ лық және ұйымдастыру-техни­ ка­лық мәсе­­лелерін талқыла­ды. Соның ішін­д е Сотқа дейінгі тергеудің бір­ы ңғай тізілімін ­жасау, қызмет­керлерді жаппай ­қ ай­т а оқытуды ұйым­д астыру, олар­д ы қажетті әдістемелік матери­а л­д армен қам­т амасыз ету мәсе­ле­лері қарастырылды.

338 адам стипендиат атанды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Шетелде кадр­ лар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның оты­ рысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста Республикалық комиссияның хаттамалық тап­ сырмаларын орындау, «Бола­ шақ» халықаралық стипендия­ сын тағайындау және одан айыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері қа­рал­ ды. Атап айтқанда, тілдік курс­ тарды жаңа үлгі бойынша іске асыру тұжырымдамасының жобасы қаралды. Стипендиаттарды тілдік даярлауды әрқайсысы 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімді

қамтитын екі кезеңде жүргізу қарастырылуда. Тілдік даярлауды ұйым­дас­ тыру-техникалық және оқу-әдіс­ темелік мәселелерін шешу үшін шетелдік серіктес ретінде Бри­­тан­ дық Кеңес тартылатын болады. Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды. 338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

l 2030 жылға дейін егістік жерлердің 15 пайызы ыл­ ғал үнемдейтін технология­ ға көшіріледі. Бұл туралы кеше «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев мәлім етті. Оның айтуынша, өз қызметінің аясында қор биылғы жылы егістік жерлердің 1000 гектарында тамшылатып суару жүйелерін енгізуді жоспарлаған. l Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 30 млрд. теңгеге несие беруді көз­деуде. Жалпы, қор тарапынан 2005 жылдан 2014 жылғы 1 тамызға дейін 78,6 млрд. тең­ геге 85,8 мың несие берілді. Ал осы жылы 16,4 млрд. теңгеге 5,7 мың несие беріліп отыр. l Астанада 100 бала­бақ­ шаның құрылысы кезек мәселесін шешеді. Мұны кеше өткен тамыз мәслихатында айтқан қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгінде елорда балабақшаларында 33 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатқанын және кезекте тағы 40 мыңнан астам бүлдіршін тұрғанын атап өтті. l Оңтүстік Қазақстанға жарты жылда 150 млрд. теңгеге жуық инвести­ ция тартылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстық мәслихаттың сессиясында мәлімдеді. Оның дерегінше, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы шеңберінде 50,7 млрд. теңгелік 93 жоба мақұлданған. l Солтүстік Қазақстанда астық жинайтын комбайндар шығарыла бастайды. Жаңа желі 2015 жылы іске қосылады. Бұл туралы әңгімелеген облыс басшысы Ерік Сұлтанов енді ауыл шаруашылығы еңбеккерлері алдында технологияларды дұрыс пайдалана отырып, астықты уақытында жинау мақсаты тұрғанына тоқталды. l Қарағанды облысында кремний зауыты қалпына келтіріледі. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мұны ондағы өндірістік жағдаймен танысу барысында хабарлады. Сондай-ақ, технология­ лық құрал-жабдықты қарап, компания басшылығымен проблемалық мәселелерді талқылады. l Қызылордада жаңар­ тылған химреагент зауыты жоспарлы қуатқа шықты. «Хуа ю интернационал» ЖШС 500 млн. теңге жұмсады. Қазір кәсіпорынның қуаты жылына 2000 тонна өнім өндіруге жетті. Компания өндіретін химиялық реагенттің тиімділігі жоғары, ол мұнай құбырларындағы қақтарды кетіруге пайдаланылады. l Батыс Қазақстанда егін­­нің 64 пайызы жинап алынды. Облыстық ауыл ша­ руашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, күздік бидай орудан 114 мың тонна өнім жиналған. Мұнда өнімділік әр гектарға 16,2 центнерден келген. Әсіресе, 83 мың тонна өнімді алған Зеленов ауданы диқандарының үлесі қомақты. Хабарлар «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», BNews.kz және Egemen.kz агенттіктері сайттары дерек­тері бойынша дайындалды.

l Жағымды жаңалық

Бақыттың салтанатты сарайы Сәулетті ғимараттар қашанда қаланың көркін асыра­ ды. Қостанай қаласы сән-сәулеттен кенде емес. Жақында олардың қатарына Неке сарайы қосылды.

Бұл бұрын Қостанай қаласының артта қалған деп есептелетін КСК тұрғын ауданынан орын тепті. Қаланың соңғы жылдары көркейіп келе жатқан бұл бөлігінде өткен жылы «Жастар» саябағы орын тепкен еді. Міне, енді саябақта Неке сарайы бой көтерді. Неке сарайы тек қаланың көркі үшін ғана емес, демографиясы өсіп келе жатқан облыс орталығына керек-ақ дүние болатын. Өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастардың ең бақытты сәттерінің куәсі – неке қию рәсімі өтетін орын осы кезге дейін Қостанай қаласының орталығындағы бір тұрғын үйдің жапсарында болатын. Көзге қораш көрінетіні рас еді. Міне, енді сәніне салтанаты жарасқан Неке сарайы жас жұбайлардың бақытын тасытқандай болды. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
22082014 by Egemen - Issuu