22082015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №160 (28638) 22 ТАМЫЗ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

 Еркін елдің ертеңі

«Мектепке жол» акциясы:

ОЌУШЫЛАРЄА ƏЛЕУМЕТТІК КҐМЕК КҐРСЕТІЛДІ Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Наќты тапсырмалар берілді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесі өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңеске Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері мен бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Онда арнайы органдардың қызметін же тіл діру, талдау жəне болжау жұмыс тарының сапасын арттыру мəселелері қаралды. Мемлекет басшысы сыртқы нарықтардағы үдерістерді

мұқияттылықпен мониторингтеу, ахуалдың өзгеруін, ықтимал тəуекелдер мен қатерлерді бағалау, сондай-ақ, оқиғалардың дамуын болжау негізінде алдын алу шараларын əзірлеу қажеттігін атап өтті. Президент, сондай-ақ, мем ле кеттік органдардың əлеу меттік-экономикалық даму, бес

институттық реформаның жəне «Нұрлы Жол» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары ел ішіндегі жəне əлемдегі жағдайды жан-жақты талдауға негіз делуі тиіс екендігін атады. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Облыс орталығындағы «Жастар» саябағында «Мектепке жол» акциясы өтті. Өскемен қаласы əкімдігі мен білім бөлімі ұйымдастырған акцияға ба лалардың шығармашылық үйі мен өнер мектебі жəне шығармашылық ұжымдары, отбасы мен балаларды қолдау

орталығы жəне мемлекеттік құрылымдар өкілдері қатысты. Акция аясында оқушылар мен ата-аналарға арналған мерекелік концерт, мультфильмдер мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойын алаңы ұйымдастырылды. Қала əкімдігі əлеуметтік жағынан аз қамтыл ған отбасылардың балаларына мектеп құралдары салынған 42 портфель сыйлады.

«Бала лардың досы» қалалық қозғалысы шеңберінде балаларға көмек көрсеткен демеушілерге құрмет көрсетілді. Өскемен қаласы білім бөлімі нің хабарлауынша, тамыз айының басында басталған «Мектепке жол» республикалық акциясының алғашқы кезеңі аяқталды. (Соңы 8-бетте).

--------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Экономикалыќ интеграцияны дамытуєа арналды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мəскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. ЕЭК Кеңесі аясында Еу разиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы-мемлекеттердің экономикалық интеграциясын дамытуға бағытталған бірқатар ауқымды мəселелер талқыланды. Отырыс барысында ЕАЭО жəне Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасаудың қаншалықты пайдалы екендігі туралы мəселені жан-жақты зерттеу жөнінде зерттеу тобын құру туралы шешім қабылданды. Израильмен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерді бастау мүмкіндігі туралы мəселе де талқыланды. Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық комиссияға

Корей Республикасымен саудаэкономикалық ынтымақтастықты дамытудың болашағын зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу тапсырылды. Əртүрлі елдермен ынтымақтастық байланысты кеңейту ЕАЭО мемлекеттерінің сыртқы сауда құрылымын əртараптандыруға жəне оның көлемін кеңейтуге үміт артуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, отырыс барысында Одаққа мүше мемлекеттер жəне ЕЭК арасында үшінші тараппен халықаралық сауда бойынша келіспеушілік мəселелері туған кезде өзара ынтымақтастық байланыс жасау мəселелері қаралды. Мұндай өзара ынтымақтастық

байланыс сауда мəселесі бойынша дау-дамай болған кезде ЕАЭО мемлекеттерінің мүддесін қорғаудың тиімділігін арттырады. Өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі міндетті талаптарды белгілеуге қатысты бірыңғай көзқарас қалыптастыру үшін ЕАЭО техникалық регламентінің құрылымдық түрі жəне мазмұны бойынша ұсыныстар мақұлданды. Сонымен бірге, ұлттық өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесін қамтамасыз етуге байланысты жекелеген кедендік-тарифтік реттеу мəселелері қаралды. Жалпы алғанда, ЕЭК кеңесінің мəжілісіне қатысушылар Мəскеуде өткен кездесулер барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мəселелері бойынша өзара тиімді шешімдер тапты. «Егемен-ақпарат».

Талап ќойып, міндеттер жїктеді Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Алматыда болды. Мұнда Вице-премьер мега полистің əлеуметтік-экономикалық дамуымен, жаңа оқу маусымына дайындығымен танысып, Алматының қысқы Универсиада2017-ге əзірлік барысын көрді. Сондай-ақ, Азиада нысандарын пайдаланудың тиімділігін тексерді. Атап айтқанда, ол «Сұңқар» халықаралық шаңғы трам плиндері кешенін қарап шығып, Универсиада нысандарын – Мұз ареналарын, сондайақ 5 мың спортшыны қабылдауға

арналған Атлеттер ауылын аралады. Сонымен бірге, Бердібек Сапарбаев республикалық жəне қалалық қан орталықтары мен жалпы білім беретін мектепке барып олардағы жағдаймен танысты, Балуан Шолақ атындағы спорт жəне мəдениет сарайын аралап көрді. Сапар барысында Вице-премьер қала активінің қатысуымен кеңес өткізді. Онда білім мазмұнын жаңарту жəне оның болашаққа бағдарлануы мəселелері қаралды.

Өз сөзінде Бердібек Машбекұлы Алматының білім беру саласының проблемалы мəселелеріне баса назар аударды. Бірінші кезекте, бұл мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігіне қатысты екендігін айтып өтті. Премьер-Министрдің орынбасары қалалық əкімдікке жеке сектор, МЖС жəне меценаттарды тарту есебінен балабақшалар ашу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Тағы бір мəселе, оның айтуынша, балалардың қосымша білім берумен аз қамтылуы болып отыр. (Соңы 8-бетте).

● Елімізде биылғы жылдың басынан бері «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағ дарламасы аясында 82 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 63 мың, ал уақытша жұмыс орындарына 18,8 мың азамат орналастырылды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша биыл 513 жобаның жүзеге асырылуы қолға алынып, оның 151-і өз жұмысын аяқтады. ● Үстіміздегі жылы Қазақстанда 1 автовокзал, 8 автостанса, 22 жолаушыларға қызмет көрсету бекеттері мен 151 такси тұрағын салу жоспарланған. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың жəне ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында бұған дейін 2 автостанса, 7 жолаушыларға қызмет көрсету бекеттері мен 99 такси тұрағы пайдалануға берілді. ● А лм ат ы облысын да қант қызылшасының жаңа сорты өсірілді. Салмағы 4 килодан асатын тəтті түбір Талдықорған қаласы Өтенай ауылындағы ғылыми-практикалық орталық базасында дайындалған. ●Қарағандының негізгі ка питалына инвестициялар ағымы биылғы бірінші жартыжылдықта 158,8 млрд. теңгені құрады. Кəсіпорындар өз қаржысы есебінен барлық капиталдық салымдардың 74,4 пайызын қамтамасыз етті. Ал компаниялардың өткен жылғы инвестициялық салымы 66 пайызды құраған болатын. ●Қызылорда облысында жылына 31,2 мың дана жарық диодты шамдар өндіріледі. Жалағаш ауданында орналасқан бұл зауыт таяуда іске қосылады. Өңірлік индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып отырған жобаға 98,3 млн. теңге бөлінген. ● Көкшетауда азық-түлік тауарларының бағасын негіз сіз өсіруге жол бермеу үшін арнайы штаб құрылды. Қала əкімі Ермек Маржықпаев төрағалық ететін штаб құрамына қалалық мəслихат хатшысы Боранбай Бегалин, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрайымы Зəуреш Нұрымова жəне өзге мемлекеттік органдардың басшылары еніп отыр. ● Қостанай облысында қазақы ақбас жəне əулиекөл асыл тұқымды ірі қара малын сатуға арналған аукцион өтті. «Қарасу» сауда-өнеркəсіптік компаниясы»ЖШС ұйымдас тырған бəссаудада жалпы сомасы 18,6 млн. теңгені құрайтын 37 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатылды. ●Атырау теміржол вокзалының стансасы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін толығымен жаңғыртылды. Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған вокзалдың жалпы аумағы 3307,8 шаршы метр. Стансадан барлығы 13 жұп пойыз өтеді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ ШАРАЛАР – ЎЛТТЫЌ МЇДДЕНІ ЌОРЄАУ Бүгінде əлем экономикасы өте күрделі жағдайды бастап кешіп отыр. Оған белгілі Үкіметі ел экономикасының одан арғы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңге бір дəрежеде шикізат көздерінің құнсыздануы, атап айтқанда, мұнай бағасының бағамының еркін айналымын қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға барып отыр. құлдырауы да себепкер болуда. Бұл ахуалдың əлемдік рынокқа өз тауарларын Бұл мəселені қалың жұртшылық қалай қабылдауда? Үкімет не істеуде? Төмендегі шығаратын біздің елімізді де айналып өте алмасы анық. Осыған орай Қазақстан материалдарда міне, осы жөнінде айтылады.

Баєа ќатаѕ баќылауда Бағаның негізсіз өсуіне, əсіресе, əлеуметтік маңызы бар өнімдердің жəне қызметтердің бағасының қымбаттауына жол бермеу туралы Үкіметтің тапсырмаларына сəйкес Алматы қаласында бағаға мониторинг жасау жəне инфляциялық үдерістерге тосқауыл қою жөніндегі Жұмыс тобының белсенділігі арттырылды. Сонымен бірге, қаланың барлық аудандарында Жұмыс тобының қызметі жандандырылды. Олардың қызметіне құқық қорғау органдарының мамандары тартылды. Мониторинг əлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарлары бойынша жүргізілуде.

Мониторингке сəйкес, 20.08.2015 жəне 21.08.2015 мерзімі аралығында бағаның өсуі байқалмады. Бірқатар тауарлардың бағасы Ұлттық экономика министрлігі бекіткен бөлшек сауда бағасынан төмен болды. Сауда кəсіпорындарының қоймаларындағы күнделікті жеткізілетін (нан, сүт өнімдерін) тауарларды есептемегенде азықтүлік тауарларының қоры 1,5-2 аптаға жетеді. Сонымен қатар, көкөніс өнімдері орталықтарында

сауда логистиканы толтыру жөніндегі жұмыс басталды. Сондай-ақ, жанар-жағармай өнімдерінің бағасына да мониторинг жасалуда. Алматы қаласы бойынша, барлығы 229 АЗС жұмыс істейді. Өткізілген мониторинг қорытындысы бойынша, қаладағы жанар-жағармай бағасы Энергетика министрлігі белгілеген бұрынғы деңгейінде қалған. Бүгінгі күнге дейін қала ның мұнай базаларындағы жинақталған қордың көлемі

қаладағы АЗС-тердегі қорды есептемегенде 46,3 мың тоннаны құрайды. Мұнай өнімдерінің қоры қала сұранысын 2 апта бойы толық қамтамасыз етуге жетеді. 21.08.2015 жылы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 19.08.2015 жылғы мерзімде қолма-қол шетел валютасы: АҚШ доллары бағамының өсуі: сатып алу – 20, 94%, сату – 21,15 %; Еуро курсының өсімі: сатып алу – 24, 09%, сату – 24,0%; Ресей рублі бағамының өсуі: сатып алу – 15,36%, сату – 20,52 %; Алматы қаласында 630 айырбас пункті тіркелген. Ұлттық банктің Алматы филиалының ақпараты бойынша, айырбас пункттеріндегі жұмыс қалыпты режімде жүргізілуде, шетел валюталарына деген тапшылық жоқ. Бұл мəселелердің бəрі сағат сайын бақылауға алынған. «Егемен-ақпарат».

Инвестициялар жəне даму министрі Əсет ИСЕКЕШЕВ:

«Даєдарысќа ќарамастан біз инвесторлармен белсенді жўмыс істеуді жалєастырамыз» Инвестициялар жəне даму министрлігі, «барлық туындаған қиыншылықтарға қарамастан, Елбасы айтқандай, индустрияландыру саясатын жаңа жағдайларға бейімдей отырып, жалғастыруы қажет», деп есептейді. Министр Əсет Исекешевтің пікірінше, бүгінде инвесторлар мен технологияларды тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру өте маңызды; əр тартылған миллион теңге, əр құрылған жұмыс орны басымдық берілген бағыт. Жұмыстың бір бағыты – қайта инвестициялау. Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлар өндірісті кеңейтуді жалғастыруы, өнім желісін кеңейтуі, жаңа өнімдер шығаруы жəне өндірімділік деңгейі жоғары жаңа сапалы жұмыс орнын ашуы қажет. Осыған байланысты министрлік атқарған жұмыс нəтижелерінің біріне жаңа жобаларға қайта инвестициялау бойынша

ин вес торлармен қол қойылған 20-дан аса жасалған келісімдер жатады. Оған мысал ретінде Алматы облысындағы қайта инвестициялау есебінен ашылған төрт өндіріс орнының іске қосылуын атап өтуге болады. Атап айтқанда, BTM Group компаниясының зауыты. Инвестициялардың жалпы көлемі 30 млн. АҚШ долларын құрайды, 2017 жылы

мұнда 120 жұмыс орны ашылады. Биыл BTM Group жабын гидрооқшаулағыш мембраналарды (бағытталатын битумдық рулондық гидрооқшаулағыш) өндіруден түскен алғашқы пайданы қайта инвестициялайды. «Біз Қазақстанда 8 жылдан бері жұмыс істеп келеміз жəне екінші өндіріс орнын ашып отырмыз. Өткен жылы экструзиондық пенополистиролдан жылу оқшаулағыш тақталар өндірісі бойынша екінші желіні орнаттық, ал бүгінде жабын гидрооқшаулағыш мембраналар өндірісін бастадық. Тағы да осы жылы гофрленген жабын табақшаларының жəне битум эмульсиясының өндірісін бастауды жоспарлап отырмыз. Біз осымен тоқтап қалуға

ниетті емеспіз. Қазақстанда шетелдік инвесторларға бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалған, біздің компания Орталық Азиядағы өңірлік өндірістің жетекшісі болады деген үміттеміз» – деп атап өтті BTM Group Басқарма мүшесі Фырат Оран. Екінші нысан – сүт өнімін шығаратын Danone зауыты, ҚР ҮИИДМБ іске асыру жылдарында (2010-2015 жж.) кəсіпорынның қуаты 5 есеге артып, жылына 2 398 тоннадан 11 000 тоннаға дейін өнім шығарады. Алдыңғы салынған қаражатты ескергендегі инвестициялардың жалпы көлемі 19 млн. АҚШ долларын құрады. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.