Бїгінгі нґмірде:
№206 (28429) 22 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
ЭКСПО ќўрылысы кестеден оза жїргізілуде
«БогатырьКґмірде» еѕбек етеміз» 4-бет Шаѕыраќтыѕ шыраќшысы 5-бет Партизан 6-бет «Егеменніѕ» ќоржынында – миллион 8-бет
● Өңір өмірі
Атыраудыѕ алмасы Жеміс аєашы аялай білсе тўзды топыраќта да ґсетіні дəлелдене тїсуде Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде ЭКСПО-2017 халық аралық көрмесін ұйым дастыру жəне өткізу жұмыстарына дайындықтың барысы талқыланды. Мемлекет басшысы аталған жұмыстар қатаң кестеге сəйкес жүргізіліп жатқанына тоқталды. – Сіздің сапарыңыз əрдайым зор маңызға ие, өйткені, ол бұдан арғы іс-қимылды реттеп, Қазақстан үшін аса маңызды іс-шараны өткі зуге уақтылы дайындалуға
мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. В.Лоссерталес өз кезегінде көрме жобалары сəтті жүзеге асырылып жатқанын, оған оның жалпыұлттық ауқымы мен Қазақстан Президенті тарапынан көрсетіліп отырған ұдайы қолдау септігін тигізіп отырғанын атап өтті. – Құрылыс жедел қарқынмен, тіпті, кестеден оза жүргізілуде. Мен 25 жылдық жұмыс барысында нысандар құрылысының
Таєайындаулар
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ерлік Шəкірұлы Əли Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасының Босния жəне Герцеговина Республикасындағы, Черногория Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Тарихы бірдіѕ – маќсаты бір Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық жəне аймақтық қауіпсіздік төңірегіндегі саяси бастамалары, біздің еліміздің заманауи қатерлерге қарсы қадамдары мен Қазақстан-Венгрия ынтымақтастығының болашағы, соның ішінде, парламентаралық деңгейдегі өзекті мəселелер Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың Венгрияға жасаған ресми сапары барысында кеңінен талқыланды. Қазақстан мен Венгрияны ортақ тарихи тамырластық, барлық салада байланысты кеңейтуге деген өзара мүдделестік, сырт қы саясаттағы көптеген ұқсас ұстанымдар байланыстырады. Сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынасты нығайтудың да əлеуеті зор. Екіжақты ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығы Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов тың Венгрия Президенті Янош Адермен кездесуінде де ерекше назарға алынды. Жүздесу кезінде Мəжіліс Төрағасы Елбасының арнайы өкілі ретінде Янош Адерге Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ стан ның 20172018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігін қолдауға қатысты жолдау-хатын табыс етті. Осы
ретте Қа биболла Жақыпов: – Қазақстан Президентінің салиқалы саясатының арқасында біздің еліміз халықаралық деңгейдегі маңызды мəселелер талқыланатын беделді халықаралық үнқатысу алаңына айналып, əлемдік қоғам дастықтың салмақты қатысушысы ретінде өз орнын айқындады, – деді. Ал Венгрия Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесуінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мəселелері тілге тиек етілді. Екі елдің спикерлері заңнама саласында бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы барлық бағыттар бойынша тəжірибе алмасуға уағдаласты. (Соңы 2-бетте).
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта К.де Маржеридің Мəскеудегі «Внуково» əуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Кристоф де Маржери кəсіпқой маман жəне беделді басшы болатын, Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға жəне еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді», деп атап өткен Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан марқұмның отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтқан.
осынша тез жəне тиісті деңгейде жүргізілгенін ешқашан көр мегенімді айтқым келеді. Алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі табысты өтетініне сенімдімін, – деді В.Лоссерталес. Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысушылардың бірін ші жиналысы ертеңге жоспарланып отырғанын хабарлады. Оған əлемнің түрлі елдерінен шамамен 140 өкіл қатысатын болады.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Бензин тапшылыєы болмайды
Кеше Үкімет отырысында жеңіл өнеркəсіпті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды, сонымен қатар, онда мұнай өнімдеріне қатысты елдегі қазіргі жағдай талқыланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен отырыстың қорытындысына арналған брифингте мəлім болды. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Брифингте мұнай мəселесіне қатысты Энергетика бірінші вицеминистрі Ұзақбай Қарабалин баяндады. Оның хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» компаниясы ағымдағы жылғы мау сым мен қыркүйек айлары аралығында еліміздің ішкі нарығына АИ-92 маркалы 68,8 мың тонна бензин жеткізген. (Соңы 2-бетте).
Атыраудың табиғаты жартылай шөлейтті, топырағы тұздылау келетіні рас. Ауа райы да көңілге қолайлы емес. Бірақ, қара талдан басқасы тамыр жаймайды дейтін пікірді тас-талқан ете бұзып, Алматы мен оңтүстік өңірлерде жайқалып тұратын алманың сан алуан түрін өсіруге бағыт ұстанғандар қатары көбейіп келеді. Демек, қауын, қарбызды былай қойғанда, Атыраудың тұзы бетіне шығып жататын топырағында алма да өседі екен. Мұны өздерінің бағбандық еңбегімен дəлелдеуге тырысқандардың бірі – «АтырауАгроӨнімдері» серіктестігінің ұжымы. Бұл серіктестіктің Атырау қаласынан 45 шақырым қашықтағы Сарайшық ауылының тұсында 150 гектарлық алма бағы бар. Серіктестік директоры Тамила Розметованың айтуынша, Волгоград ауыл шаруашылығы академиясында өсірілген алма ағаштары Атыраудың табиғатына тез жерсініпті. Қазір алқапқа өсірілген алма ағаштары тамшылату əдісімен суарылады. Əсіресе, «Богатырь», «Яндуковский», «Мельба» түрлерінен алынған өнім маңдайтердің өтелгеніне дəлел бола алады. Бақтағы алма түрлерін аялап өсіру үшін Сарайшық ауылының 20 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылыпты. – Біздің алма бағымыз орналасқан алқаптың да топырағы тұздылау болғандықтан, бұрын мұнда түйенің сүйсініп жейтін шөбі өсіп тұрған. Сол себептен, алғашқыда алма түрлерін өсіруімізге ден қойғанымызда,
Суреттерді түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.
əрине, тəуекелге бел байлағанымызды жасыра алмаймын. Себебі, бағбандық кəсіп, оның үстіне алма ағашын баптау тынымсыз еңбекті қажет етеді. Біздің бұл кəсібімізге үрке қарағандар да кездесті. Дегенмен, ортақ мүддеге жұмылған əріптестерімнің ерінбейтін еңбекқорлығының жемісін бере бастағаны қуантады. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің де əсері молынан тиді. Өйткені, алма бағының əр гектарына 450 мың теңгеден субсидия беріліп отыр. Биыл 200 тонна алма аламыз деген ойымыз іске асты, – дейді Тамила Розметова. (Соңы 2-бетте).
● Атамекен
Кереку ґѕірініѕ ќошеметі Биыл тамыз айында Ақтауға жұмыс сапарымен барғанында Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі сəт сапар тілеген «Менің елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы ұйымдастырушылар үшін де, жастар үшін де маңызды. Елбасы Ұлытауда берген сұхбатында: «Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Бірақ, ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай əулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол. Мəңгілік Елдің жолы!» – деген болатын. Еліміздің батыс өңірлерінен басталған, орталық, солтүстік жақтарына келіп жеткен этнографиялық экспедицияның автошеруі жеті облыстың жерінен өтіп, Кереку өңіріне, алдымен өндірісті Ақсу қаласына келіп жеткен еді. Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Жүрегі елім, жерім деп соққан жастардан құралған этнографиялық экспедицияның Павлодар облысына сапары Ақсу қаласынан басталды. Жақында ғана шаһардың туған күніне орай əлемдегі ең үлкен флешмоб ұйымдастырып,
Гиннестің рекордтар кітабына енген ақсулықтар экспедиция мүшелерін үлкен қошеметпен қарсы алды. Өндірістік салада да талай рекордтарға қол жеткізген энергетиктер қаласында мыңдаған жас қайнаған еңбектің ортасында өсіпжетіліп келеді.
(Соңы 5-бетте).
● Заманмен үндес заңғар басылым
Ар ілімін ардаќтаєан арда газет Аға газет – «Егемен Қазақстан» алғаш «Ұшқын», кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атанды. Аты өзгергенмен халыққа жанашыр қалпы өзгерген жоқ, ағалығынан айныған емес. «Газет оқымасаң күллі дүниеде не болып жатқанын білмейсің... Газет оқымасаң, меңіреу, құлақсыз, саңыраусың» (Сəкен Сейфуллин). Бұл басылыммен мектепте оқып жүрген кезімнен таныспын. ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскеннен кейін достасып, айнымас серігіме айналды, авторының бірі болдым. Бұл – мен үшін əлі күнге дейін үлкен мəртебе. «Социалистік Қазақстанға» қарағанда, əрине, «Егеменнен» еркіндікті сезінеміз. Қазір əдеби көркем шығармаларға кеңірек орын беріліп, тілі мен стилі өзгерді, келісті тіл, кемел ой оқырмандарға жақындата түсті. Таптық емес, ұлттық газетке айналды, ұлттың ұйытқысы, бірліктің, бейбітшіліктің, туысқандықтың туы болды. Барымыз жарқырап көрініп, жоғымызды табудың жолдары көрсетілуде.
Таяныш боп талмайтын талпынғанға, Ақыл берді аһ ұрып алқынғанға. Дəріс алды кемелді басылымнан Диқан, ғалым, батырлар, ақындар да. Еліміздің ертеңін көре білген, Бірге жасап келеді Ол еліммен. Бүгінімді пайымдап шабыт алып, Тарихымды табамын «Егеменнен!» Тоқсан бес жыл ел кезіп жүргеніне, Жаңалық ап жетеді күнде еліне! «Ұшқын» еді бір кездер, Айналды енді Заңғар биік елдіктің мінберіне! Тілі сонда қазақтың тұнық таңдай, Ұлы сөздер айтады Ұлықпандай. Тигенінше қолыма Болып жүрем Ұлағатты ұстазымды ұмытқандай. Сонау жылдар – Ғұмыры басталғаннан Бойын оның кернеген асқақ арман. Асқарлардан көрініп асыл сөзбен, Жасқағанға жабырқап, Жасқанбаған!
Халыққа арнап бедерлі бар ғұмырын, Үйретумен келеді Ар ілімін. «Халық көзі, құлағы, тілі» – «Егемен», Ғұмырының тілеймін мəңгілігін! Серікбай ОСПАНҰЛЫ, ақын, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры.
ҚОСТАНАЙ.
АҚПАРАТТАР аєыны ● Ұлттық қордан шағын жəне орта бизнесті қолдауға бөлінген 100 млрд. теңге толық игерілді. «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев көрсетілген қаржы 437 жобаны іске асыруға жұмсалғанын мəлімдеді. ● Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында биыл 140 үй жөндеуден өтті. Өңірлік саясат жəне мəслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесте Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев атап өткендей, үстіміздегі жылғы 10 қазанда жергілікті атқарушы органдар бұл бағытта 17 млрд. 779 млн. теңгені игерген. ● Елімізде желтоқсан айынан бастап жаңа үлгідегі жеке куəліктер беріле бастайды. Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұл куəліктің қорғанысы жоғары болатынын айтты. ● Биыл Астанада 800 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Астана қалалық статистика департаментінің мəліметіне қарағанда, үстіміздегі жылдың 9 айында елордада 6 366 пəтер пайдалануға берілген. Бұл – өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға артық. ● Ұзындығы 64,4 шақырым «Алматы-БайсеркеТалғар» газ құбыры іске қо сылды. Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың айтуынша, бұл құбыр арқылы жылына 380 мыңға жуық халқы бар 60тан астам елді мекен «көгілдір отынмен» қамтылады. Жобаның жалпы құны – 7,8 млрд. теңге. ● Қарағанды облысында биыл 240 гектар жерге ағаш отырғызылды. Орман шаруашылығын дамыту мəселелері талқыланған облыстық кеңесте табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Шагурашид Мамалинов биыл аймақта ағаш отырғызу 2011 жылға қарағанда 2,4 пайызға артқанын жəне мемлекеттік орман қоры 91 957 гектарды алып жатқанын жеткізді. ● Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында 60 жəне 80 пəтерлік екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған аталған үйлерге талай жылдан бері үй кезегінде тұрған түркістандық 140 отбасы қоныстанды. Бұл мақсатқа облыстық қазынадан 633 млн. теңге қаржы бөлінген. ● Үстіміздегі жылы Аты рау облысында 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 3 600 млн. теңге бөлінгенін, бұл қаржының арқасында 3 108 адамды жұмыспен қамту мүмкін болғанын мəлім етті. Хабарлар үкіметтік, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері негізінде дайындалды.