22112014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №229 (28452) 22 ҚАРАША СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Астананы дамыту барысымен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС-інде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы онда Астананың бірқатар инфра құрылымдық жобаларының жүзеге

асырылу барысымен танысты. Астана əкімі Ə.Жақсыбеков Қазақстан Президентіне сəулет

жəне қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Атап айтқанда, жүрдек автобус тасымалын іске қосуға мүмкіндік беретін «BRT. Астана қала сының жаңа көлік

Ўйым жўмысын їдете тїсуге їлес ќосуєа дайын Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Швейцария Конфедерациясының Президенті – Сыртқы істер министрі Дидье Буркхальтермен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Мəртебелі мейманды қарсы алған Қ.Тоқаев оның сапарының нəтижелілігін атап өтті жəне Швейцария Президентін біздің еліміздің Мемлекет басшысымен келіссөздерді табысты жүргізуімен құттықтады. Сенат міндеттерімен, саяси жəне экономикалық реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудегі рөлімен жүздесушіні таныс тыра

келіп, Қ.Тоқаев Швейцария Президентін «Нұрлы Жол» Жолдауы туралы хабардар етті жəне «Жаһандық əлем тəртібінің өзгеруі аясында жəне Ресей мен Батыс тың санкциялармен қарсы тұрушылығын ескере келгендегі күрделі халықаралық жағдайда бағдарла малық құжат стратегиялық маңызға ие», деп атап өтті. (Соңы 6-бетте).

Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен, Мəжіліс бюросы өтіп, онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тəртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттар талқысына 2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ, ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары ұсынылады. Мəжіліс депутаттары халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мəселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қарайды. Сонымен бірге, осы күні палата 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты бейінді комитетке қорытынды əзірлеу мерзімін белгілеуді тапсырады.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» ат ты Жол дауының мəн-маңызына тоқталып, оның əрбір тармағы павлодарлықтарға тым жақын екенін айтты. Сондықтан, Жолдауда жүктелген тапсырмалар өңірде мүлтіксіз орындалатынын жеткізді. «Соңғы жылдары Павлодар облысының əлеуметтікэкономикалық дамуы бағытында айтар лық тай табыстарға қол жетті. Осы жетістіктер Елбасы Н.На зар баевтың өңірлерді дамыту жөніндегі берген тапсырмасын орындаудың нəтижесі деп білемін. Ал өңірдің негізгі параметрлеріне келсек, 125 мың шаршы шақырымды құрайтын облыс аумағында 750 мың адам тұрады. (Соңы 6-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Єарыш саласын игеруде кедергі жоќ

4-бет

Бразилиядан Аргентинаєа визасыз ґткен... 8-бет

––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Палатаныѕ кїн тəртібі ќаралды

Іргелі істер ілгерілетіледі

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының əкімі Қанат Бозымбаев брифинг өткізді. Ол өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы əңгімелеп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

жүйесі» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Н азарбаевқа ЭКСПО-2017 халықара лық көрмесі нысандары мен жаңа теміржол вокзалына тартылатын жолдарды жобалау мен салу барысы туралы да айтылды. Сонымен қатар, Мемлекет бас шысына елорданың жылу магис тралінің 4-ші жəне 5-ші кезегін жобалау мен салу, энергетика көз дері ғимараттарын салу мен қай та жөндеу жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Қазақстан Президенті Орынбор көшесіндегі, Салтанат қақпасы маңын дағы Дөңгелек алаң мен Мың жылдық аллеясындағы құрылыстарды, тұрғын үй құрылыстарын жүзеге асыру жоспарын, сондай-ақ, Астана қаласындағы ескі жəне апаттық жағдайдағы үйлерді сүру жөніндегі қанатқақты жобаның жүзеге асырылу барысын қарап шықты. Соңында Мемлекет басшысы елорданы бұдан əрі дамыту бары сында қаперге алынуы тиіс бір қа тар маңызды жайттарды ескертті.

Топшысы берік тўйєын ќыз 10-бет

Телефон арќылы сґйлесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан мен Ресей Прези денттері əңгіме барысында алдағы желтоқсанның 23-інде Мəскеуде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тəртібін, соның ішінде Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу мəселесін талқылады.

Екі ел көшбасшыларының əңгімесіне екіжақты ынтымақтастықты РФ мен ЕО арасындағы өзара санкцияларды ескере отырып дамыту жайы да арқау болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары қыс мезгілінің келуіне байланысты Украинадағы дағдарыстық ахуалға қатысты пікір алмасты.

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Ќытай Халыќ Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы Ќорєас ґзенінде «Достыќ» бірлескен ортаќ су торабын басќару жəне пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы 2013 жылғы 7 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республи касының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару жəне пайдалану туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 20 қараша. № 255-V ҚРЗ

Азаматтыќ алушылар ќатары кґбейіп келеді Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Президент жанындағы Азаматтық беру мəселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Комиссия отырысының жұмысын ашарда Мемлекеттік хатшы қысқаша кіріспе сөз сөйледі. Бұл – биылғы жылғы қорытынды отырыс, деп бастады ол өзінің сөзін. Өздеріңізге белгілі, халықтың əлеуметтік өсу көрсеткіші тұрғындардың азаматтық алуы немесе азаматтықтан шығу деңгейімен өлшенеді. Кейінгі жылдары елімізде азаматтық алуға ниет білдірушілер саны өсіп келеді. Бізге азаматтық алуға жақын шетелдердің ғана емес, алыс шетелдердің де азаматтары келіп жатыр. Бұған, ең бастысы, еліміздегі тұрақтылық, əлеуметтік-экономикалық даму, жаңа жұмыс орындарының ашылуы сияқты алғышарттар негіз болып

отыр, деді Мемлекеттік хатшы. Одан əрі Мемлекеттік хатшы отырыста 638 адамның азаматтық алуға берген өтініші қаралатынын айтты. Олардың құжаттары заң талаптары шеңберінде арна йы органдарда алдын ала қаралды. Қалыптасқан тəртіпке сəйкес комиссия отырысының қоры тындысында оларға азаматтық беру туралы Елбасына ұсыныс енгізілетін болады, деді ол. Комиссия ұсынымының негізінде Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін республикамызға ТМД жəне алыс шетелдерден келген түрлі ұлт өкілдерінен құралған 638 адам Қазақстан азаматы атанатын болады. Əрине, оралмандарға қатысты бұл ресімнің арнайы заңмен біршама жеңілдетілгені белгілі.

● Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 1,3 пайызға ұлғайып отыр. Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған саладағы қаржы 27,5 млрд. АҚШ долларын құраған. ● Елімізде бүгінге дейін жекешелендіруге байланысты 171 нысан сатылымға қойылған. Ұлттық экономика министрі Бақыт Сұлтановтың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда барлығы 91 нысан сатылып, олардан түскен қаржы 7 млрд. теңгеге жеткен. Бұл – олардың бастапқы құнынан 1,3 есе артық. ● Астанада 59 007 белсенді шағын жəне орта бизнес субъектісі тіркелген. Қалалық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасы осы салада 211,6 мың адам еңбек етіп жүргенін мəлімдеді. ● Алматы облысында 250 орындық жаңа емхана ашылды. Облыс əкімі Амандық Баталовтың айтуынша, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Райымбек ауданының Кеген ауылында салынған бұл емханаға 1,6 млрд. теңге жұмсалған. Мұнда терапевтік, хирургиялық, диагностикалық жəне тағы басқа да кабинеттер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 10 орындық күндізгі стационар бар. ● Оңтүстік Қазақстанда ме ди цина саласы мамандарының тапшылығы 2 есеге азайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұмағали Ысмайылов аймақта кадр тапшылығы ауылдық жерде 2,5 есеге төмендегенін, оқып жатқан мамандар 10 есеге көбейгенін жеткізді. Айта кетейік, 4 жыл ішінде бұл өңірде аталған салаға қатысты 308 нысан салынған. ● Қызылорда облысында биыл шамамен 9300 жұмыс орны ашылды. Облыс əкімдігінің баспа сөз қызметінің келтірген дерегінде көрсетілгендей, бұл көрсеткішке шағын жəне орта кəсіпкерлік саласында көптеген өндірістердің іске қосылуы мен жыл басынан бері ондаған əлеуметтік нысанның пайдалануға берілуінің арқасында қол жеткізіліп отыр. ● Жамбыл облысы мен Қырғызстан арасындағы сау да айналымы 9 айда 167,7 млн. долларға жетті. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан дерек бойынша, аталған өңірдегі сауда орындарында Қырғызстанның 5 мыңға жуық азаматы жұмыс істеп жатқаны анықталған. ● Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданында Тұңғыш Президент күніне орай фестиваль өтті. Шара барысында мектептер мен Бөрлі ауыл шаруашылығы колледжінде білім алып жүрген түрлі ұлт өкілдері Отан, туған өлке, ана тілі тақырыбындағы халық əндері мен эстрадалық шығармаларды орындады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

Ќазаќстан шетелдіктіѕ кґзімен

Кеше Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы кітапханасында «ТұңғышПервый» киноапталығының ашылу салтанаты өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Елбасының кітапханасы – аты əлемге əйгілі сəулетші Норман Фостердің елордадағы үшінші ерекше туындысы. Ерекше дейтініміз, қабырғасы мен төбесінің шыны пакетпен жабылып, ғимараттың өз басы шарасына тұнған көз пішінде бой көтеруі елорданың көркіне көрік үстемелеп тұр. Оның ашылғанына да əлі көп бола қойған

жоқ. Сол үшін киноапталықтың ашылуына жиылған көпшілік, яғни Астанадағы ЖООлардың студенттері мен мектеп оқушылары, мұғалімдер алдымен əсем де сəнді ғимаратқа экскурсия жасап, мұндағы қызмет барысымен танысты. Сонан соң кино залына өтіп, биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған шараның ашылуына куəгер болды. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков апталықты ашып, оның маңыздылығы туралы атап өтті. Елбасының кітапханасында өткізіліп жатқан киноапталық Тұңғыш Президентіміздің жасампаз саясатын

жан-жақты қолдауға айналған дəстүр. Жоба бүгінде əлемде орын алған қауіп-қатерлер мен сындарға деген тəуелсіз Қазақстанның парасатты жауаптарын, ел халқының тəжірибесін, оның Тұңғыш Президентінің бейбітшілікті сақтау жəне толеранттылықты қалыптастырудағы орасан зор рөлін паш етеді, деген М.Қасымбеков көрермен қауымды Елбасы кітапханасы туралы да бірқатар мəліметтермен қанықтырды. Дүние жүзіндегі Президент кітапханалары туралы, олардың халықтың танымы мен талғамын қалыптастырудағы рөлі, мəдени шараларға ұйытқы болудағы ұстанымдары жайында баяндады. (Соңы 7-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.