Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеу қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына жəне Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ отырысына қатысты.
№243 (28721) 22 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Серіктестіктіѕ соны сатысы
«жаңа сырқаттардың» дендей бастауы да əсер етуде. Жалпы, бүгінде аталған Ұйымның күн тəртібіндегі негізгі мəселе – əлемде жəне Орталық Азияда айрықша сезіліп тұрған халықаралық терроризм мен экстремистік ұйымдардан төнетін қауіп-қатерлер. Мəселен, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жекелеген азаматтары радикалды құрылымдарға қосылып, заңға қайшы іс-əрекеттерге қатысу үшін Таяу Шығыстағы жəне Ауғанстандағы соғыс ошақтарына баруы жиілей түсуде. Сол себепті, мемлекет басшыларын өңірде, оның ішінде Ауғанстанда қалыптасқан жағдай, лаңкестік топтардың өздерінің «белсенді іс-əрекеттерін» Орталық Азияға кеңінен таратуға барынша ұмтыла түсуі алаңдатып отыр. Демек, бұған қарсы ісқимыл жасау ҰҚШҰ-ға мүше елдер тарапынан тиімді шаралардың қабылдануын талап етеді. Ал дүниежүзі құбылмалы жағдайды бастан кешіп отырғандықтан, Ұйымға артылар жауапкершілік жүгі де күн өткен сайын арта түсетіні белгілі. Кремльде өткен ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев жəне Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты.
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.
Ќауіпсіздіктіѕ басты тетігі – шиеленістіѕ алдын алу Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақтылық тетігін бекіту – бүгінде бұл мəселелер тек Орталық Азияның ғана емес, бүкіл жаһанның алаңдаушылығын туғызып отыр. Себебі, əлем жəне халықаралық қатынастар үлкен өзгерістер мен күрделі кезеңдерді бастан өткеруде. Ал қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күрес жүргізуде мемлекеттердің бұрыннан қалыптасқан қарапайым əдістəсілдерін еш қолдануға келмейді. Мұндай жағдайда қауіпсіздік мəселесі зорлықзомбылық пен лаңкестік іс-қимылдарды өздерінің теріс мақсаттарына пайдалануды көздейтін экстремистік сипаттағы ағымдардың таралуына жол бермейтін жаңа факторларға сөзсіз тəуелді болады. ҰҚШҰ – өңірлік ұйым саналғанымен, оған мүше мемлекеттердің əлемге жария еткен қағидасы «бейбітшілікті, халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ұйым құрамындағы елдердің аумақтық тұтастығын қорғау, тыныштығын күзету», «шиеленісті жағдайлардың түйінін тарқату» сынды ұстанымдармен сəйкес келеді. Сондықтан, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет тердің президенттері қазіргідей аумалы-төкпелі кезеңде, жағдай сəт сайын өзгеріп шыға келетін құбылмалы уақытта тың əдіс-тəсілдердің қажет екенін түйсініп, ұғына түсуде. Бұған кейбір «ескі жаралар» аузының қайта ашылуы,
(Соңы 2-бетте).
● Заманмен үндес заңғар басылым
Еуропамен байланыс екі тарапќа да тиімді
Елдіктіѕ сґзін сґйлейді
Кеше Үкімет үйінде Қазақстан мен Еуропалық одақ жəне оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген əріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ресімделді. Оған ПремьерМинистр Кəрім Мəсімов пен Еуропалық одақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерике Могерини, сондай-ақ, Еуропалық одаққа мүше елдердің Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшілері қатысты.
Еліміздің бас басылымын асыға күтетін оқырманның бірімін десем артық айтқандық болмас. Əріп танып, жүргізіп оқығаннан бері бұл газеттің жансерігімізге айналғаны да шындық. Біздің бала кезімізде қазіргідей ақпараттық молшылық жоқ болатын. Алыс ауылға апталап жететін газетжурналдардың бəсінің артатыны да сондықтан еді. Сол кезде қалыптасқан газет-журнал оқуға деген дағдыдан əлі арылған жоқпыз. Соның ішінде байсалды ұстанымы, танымдық-тарихи жарияланымдары мол «Егемен Қазақстан» газетіне деген көңіліміз айрықша дер едім. Əр санын бір шолып шықпай көңіліміз қоңылтақсып жүретіні де шындық. Ондағы ұлт зиялыларының ұлттық мүддені көздеген материалдары санаңа шуақ құйғандай əсерге бөлейді десем ешкім таласа қоймас. Бұл басылым байсалды ой-пікір түйген материалдарды беруімен ерекшеленеді. Елдегі жағымды жаңалықтарды жұртшылыққа жеделғабыл жеткізеді. Қоғамдық өмірдегі өзекті мəселелерді де айналып өтпейді. Кейбір басылымдардай өңін айналдырып, жалаулатып жариялауға асықпай сараптамалық тұрғыда салиқалы ой түюге бағыт ұстайды. Басылымда Елбасының сарабдал саясатын түсіндіру, еліміздің даму бағыттарын айқындауға байланысты материалдар тұрақты беріледі. Маған ұнайтыны, қай мəселені қаузаса да елдіктің сөзін сөйлейтіні дер едім, халықты бірлікке, отбасылық құндылықтарды сақтауға үндейтін жарияланымдарға көптеп орын берілуі де ұтымды. Сондай-ақ, ұлттық мүддені құрметтеуге, халқымыздың тарихы мен мəдениетіне, əдебиетіне,
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Құжатқа Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Еуропалық одақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерике Могерини қол қойды. Кеңейтілген əріптестік пен
ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рəсімінен кейін баспасөз мəслихаты өтті. Онда Ерлан Ыдырысов Қазақстан мен Еуропалық одақтың жаңа келісімінің маңыздылығын айтып берді. «Біздер үшін бұл – айрықша оқиға. Ол үш жылға созылған зор еңбектің нəтижесі десек те болады. Еуропалық одақ пен
Қазақстанның келіссөз командалары кешенді жұмыстар жүргізді. Бұл келісім екінші буын саналады. Сондықтан да Қазақстан мен Еуропалық одақты біріктіретін ынтымақтастық салаларын жаңадан ашуға күш жұмсалды», – деді Е.Ыдырысов. Министрдің атап өтуінше, жаңа келісім өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды. Бұл ретте сауда бөлімі өзінің əзірленуі жағынан барынша тартымды болып отыр. Бұдан бөлек, құқық қорғау саласындағы өзара ісқимылға да айрықша мəн берілген. Өз кезегінде Федерике Могерини мұндай маңызды
Кїн тəртібі талќыланды Парламент Сенатының жалпы отырысы алдағы 24 желтоқсанда өтеді. Бұл палата отырысының күн тəртібі талқыланған бюро жиналысында белгілі болды, – деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенаторлар «Атом энергиясын пайдалану туралы» жəне «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобаларын қарайды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен
асыл тастар мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда талқыланады. Сенаторлар заңнамаға спорттық жəне спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мəдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарайды. Бюро мүшелері Парламент Сенатының
келісімнен кейін Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы ынтымақтастық одан əрі беки түсетінін атап өтті. «Қазақстан «жаңа буыннан» осындай келісімге қол қойып отырған Орталық Азия бойынша бірінші маңызды серіктесіміз екенін айтып өткеніміз жөн. Сондай-ақ, біз Қазақстанның бұл құжатқа қол қоюы осы өңірдегі басқа да елдердің осындай келісімге қол жеткізуіне септігін тигізер деген үміттеміз», – деді Еуропалық одақтың өкілі. Сонымен қатар, ол ауқымды саланы қамтитын бұл келісімнің екі тарапқа да тиімділігі зор болатынын жеткізді.
2016 жылға арналған Негізгі шаралар жоспарын да бекітті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын, «Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау, сондай-ақ, Жолдауды түсіндіру мен насихаттау сенаторлардың алдағы жылғы жұмысының басты бағыты болады. Сенат, сондай-ақ, «Дін терроризмге қарсы» халықаралық конференциясын, бірқатар көшпелі отырыстарды, дөңгелек үстелдерді, мемлекеттік жəне жергілікті өкілді органдардың өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
салт-дəстүріне қатысты танымдық материалдарды көптеп жариялауы да құптарлық. Газеттің əр санынан өміріңе қажетті, көңіліңе қонымды материалдар табуға болады, Мұның өзі еліміздің бас басылымының о баста ұстанған баянды бағыттарын үзбей жалғастырып келе жатқанының көрінісі болса керек. Рас, қазір əлемді құрсаулаған қаржы дағдарысы біздің елге де салқынын тигізуде. Алайда, қазақта: «Бұдан да жаманымызда тойға барғанбыз», деген аталы сөз бар. Сонау егемендіктің елең-алаңында халықтың жағдайы бұдан қиындау болды. Соның өзінде өзімізге етене «Егеменнен» қол үзгеніміз жоқ. Қазір жағдайымыз ол кездегіден əлдеқайда тəуір. Сондықтан еліміздің бас басылымына жазылудан иісі қазақтың қашқақтамайтынына сенімдімін. Əсіресе, ақыл тоқтатқан аға ұрпақ мұндай істе өнеге көрсетіп, өздері бірінші болып жазылады деп ойлаймын. Ал, ел ертеңін өзіміз жасаймыз дейтін кейінгі ойлы ұрпақ-жастарымыз да осы қадамға барары сөзсіз. Бұл ұлттық намыстың көрінер сəті дер едім. Сондықтан еліміздің бас басылымы əр шаңырақтан табыларына бек сенемін. Қырық жылдай қол үзбеген еліміздің бас басылымын бір күн оқымасақ сағына қауышатынымызды жеткізгім келеді. Бұл барша қазаққа тəн екеніне шүбəм жоқ. Келдібай ЕСПАҒАМБЕТОВ, Қазақстан Республикасы бейбітшілік жəне келісім кеңесі Ақтөбе облыстық бөлімшесінің төрағасы.
Ақтөбе облысы.