23012014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Кəсіпкерді ќажетті ќолдау 2-бет Ел мен Елбасыныѕ абыройы їшін ќызмет ету – міндет 3-бет «Ќазаќстан-2050» Стратегиясы – їздіксіз ґсуді ґрістету жолы 4-5-беттер Ўстаз 6-бет

№15 (28239) 23 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

 Жүрекжарды

Жер бетінде мəѕгі тўр, Ќазаќ Елі!

Күлəш АХМЕТОВА,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

«Мəңгілік Ел» ұғымы ұлттық идеяға айналуы керек деген қуатты ой, құтты лебіз менің ақын жүрегіме үміттің шалқар шұғыласын құйды. Қазақ деген елдің жойылып кетпеуі үшін жан берісіп,жан алысқан батырлар мен күңіреніп өткен абыздардың, ақ тілеулі аналардың арманы да ұлан-ғайыр даланың

бейбіт халқымызға мəңгілік қоныс болуы еді ғой! Азаттықтың кемесінде мезгілдің шексіз мұхитына ұлы шеру тартқан мемлекетіміз үшін жаңа тарихи кезең басталған сияқты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауынан осындай шешімді ой түйдік. Мəңгілік Ел. Мəңгілік Тіл. Ендігі жерде миллиондаған адамның

аузынан Мəңгілік Ел боламыз деген аталы сөз айтылып, өскелең ұрпақ осы идеологиямен өмір сүретін болады. «Жақсы ойла. Жақсы сөйле. Жақсы орында. Жақсы өмір сүр», делінеді ақылды кітаптарда. Бұл қағиданы ұстанған адам – жақсы адам. Жақсы адамдар мемлекетіміздің мерейі емес пе? «Жақсы сөз – жарым ырыс». «Сөздің жаны бар», дейді дана халқымыз. Иə, тілектер қабыл болады – ізгі ниетімізге əрекетіміз сай келіп, ішіміздегі қасиетті күшіміздің игілігін ісімізде көрсетуге

Теміржолшылар тыѕ міндеттеме алды

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2013 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысын шығарды. Сонымен қатар, 2014 жылғы басым бағыттар белгіленді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Ұлттық компания өткен жылды табысты аяқтады. Еліміздің көліктік-транзиттік əлеуетін кеңейтіп, көліктік-логистикалық хабты дамыту, сондай-ақ, тасымалдау жылдамдығын арттырып, сервистік қызметті жақсарту жұмыстары нəтижелі болды. Жиналыста компания президенті А.Мамин баяндама жасады. «2013 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық негізгі өндірістік жəне қаржылық міндеттемелерін толық орындады», деді ол. Сонымен, жоспардағыдан жүк айналымы – 1, жолаушы айналымы 0,3 пайызға өскен. Таза табыс – 3,2, еңбек өнімділігі əр адамға шаққанда 1,3 пайызға, яғни артығымен орындалған. Мұнымен

қатар, компания стратегиялық дамуын жүзеге асырып, өндіріске жаңа технологиялар енгізіпті. Активтері де жаңғыртылуда екен. Компанияның қоры жеке өндірістік жəне жоғары технологиялық өнімдермен толықтырылып жатқан көрінеді. Атап айтқанда, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ тепловоздары мен «Тұлпар-Тальго» ЖШС, сондай-ақ «ҚВК» ЖШС өнімдерімен толыға түскен. Қаңтар айында 12 қазақстандық алғашқы тепловоздар тəжірибелік сынақтан өткізіліпті. Былтыр 135 локомотив, 3154 жүк, 288 жолаушылар вагонын сатып алып, 631 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізіп үлгірген. Мұнымен бірге, жаңа жолаушы пойыздарының құрамы – Астана – Атырау, Алматы

– Атырау бағдарына шыға бастады. Ал биыл жүрдек пойыздар Астана – Қызылорда, Алматы – Ақтөбе, Астана – Өскемен, Алматы – Өскемен, Алматы – Ташкент бағыттарына жол тартады екен. Халықаралық жүк пойыздарының контейнерлік құрамалары Чунцин – Достық – Дуйсбург, Чэнду – Достық – Лодзь бағыттарына қатынай бастапты. Алдын ала ақпараттық бағдарлама жəне электронды ресімдеу арқылы бұл пойыз тоқтаусыз тəулігіне 997, кей тұстарда 1100 шақырымға дейін жүреді. Өткен желтоқсан айынан бері Сиань – Қазақстан контейнерлік пойызы жасақталып, Еуропадан Азияға жəне кері қарай қысқа мерзімде жүйелі түрде жүк тасымалдана бастаса, биыл Сиань – Өзбекстан, Шеньжен – Қазақстан, Ляньюнгань – Қазақстан контейнерлік жүрдек жүк пойыздары жасақталады, дейді А.Мамин. (Соңы 2-бетте).

ынта-жігеріміз жетсе! «Адамзаттың баратын ғасырына аман-есен жетсе екен исі қазақ», деп жырлап едік біз де Тəуелсіздіктің алғашқы таңында. Шүкір, солай боларына шүбəсіз сенетін кез келген сияқты. Ілгері үміттің мəңгілігінен өмірдің ұзақ жолдары басталады. Көп дүние қамтылған биылғы Жолдаудағы қазақстандықтардың патриоттық, гуманистік сезім деріне тамызық тастайтын тұжырымдарды қалың көпшілік қызу қолдады. Құрып бара жатқан құндылықтардың бірі – адамның адамға жанашырлық көрсетуі еді. Жолдауда бұл да ескертілді. Осы жолы да миымызды ғылымбілімге, білегімізді жұмысқа жегудің аса маңыздылығы баса айтылды. 2050 Стратегиясы алыс келе шекті ақылмен шолып, ғарыштық кеңістікті қиялмен шарлаған өр рухты халқымыз үшін сонша сағым дүние емес. Өлшемдері əйдік, теңеулері де бойшаң, нəн. Құдаларын-дағы «мың жылдық құда» дей салған. Өрелі халқым, өркениетке ой салған, Аман бол, көп бол, даңқынан дұшпан тайсалған. Əрбір отандасымыз жауап кершілік тізгінін тартып ұстап, уақыт деген ғаламатты ұтымды игеріп, өзі үшін, жақындары үшін, отбасы, Отаны үшін құлшынып білім іздеп, еңсеріп еңбек етсе, тəртібіміз кетпесе, табиғатымыз азбаса, 30 елдің арасынан қара көрсетуімізге кім кедергі бола алар?! Елбасының нақты ұсыныстары мен тапсырмалары елім деген ерлерге, мемлекеттік қызметтегілерге орасан үлкен міндет жүктейді. Оның орындалу мүмкіндіктері мен жолдарын Президент жеріне жеткізіп айтты. Мəңгілік Ел болу үшін қуатымыз артып, мəдениетіміз көтерілуі керектігін саралап, дамудың барлық саласында əділеттілік пен сапалылықтың қадағалануын тиісті орындарға тапсырды. Арғы жағы əркімнің ар, намысына аманат! Осы жолғы рухымызды көтерген ұлттық идея – Мəңгілік Ел болу – қазақстандықтар үшін жасампаз арман, жарқын жол. Таңғы ауаның таусылмай таза лебі, Жан даланың ашылып ажар, өңі, Шаңырағына төгіліп рахман нұры, Жер бетінде мəңгі тұр, Қазақ Елі! ТАРАЗ.

Жаѕа басшыларды таныстырды Үкімет қаулысымен Ғалым Оразбақов Бəсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеше Үкімет басшысы Серік Ахметов ұжымға ведомствоның жаңа басшысын таныстырып, мемлекеттік органның алдында тұрған міндеттерді белгіледі. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау тұрғысында Бəсекелестікті қорғау агенттігінің алдында отандық кəсіпорындардың БЭК жəне КО елдерінің тауарлық нарықтарына қолжетімділігіне тепе-тең жағ дайларды қамтамасыз ету, сол сияқты бизнесті жүргізу, бəсекелестік орта қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде маңызды міндеттер тұр, деп атап өтті Премьер-Министр. С.Ахметов агенттік ұжымына алға қойылған міндеттерді шешуде табыстар тіледі. * * * Сондай-ақ, Үкімет қаулысы мен Болатбек Қуандықов Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Соған орай кеше түс қайта Премьер-Министр Серік Ахметов агенттік ұжымына жаңа басшыны таныстырып, ведомство алдындағы басым міндеттерді белгіледі. Агенттік алдында тұтынушылар құқықтарын жəне бүтіндей алғанда, отандық тауар өндірушілердің құқықтарын қорғау жөнінде міндеттер тұр. Басымдықтар қатарында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлықэпидемиологиялық ахуалды бақылау, өнімдер мен қызметтердің техникалық регламенттерінің сақталуын қадағалау сияқты жұмыстар бар. Ең қысқа мерзім ішінде тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мен қалыптастыру бойынша ұсыныстар əзірлеу қажет, деп атап өтті С.Ахметов.

Елбасы Давос форумына ќатысады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцария Конфедерациясына келді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Қазақстан Президентінің жыл сайын өтетін Давостағы форум жұмысына қатысуы, сондай-ақ, бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған. Бұған қоса, Мемлекет басшысы

халықаралық форумның ашылуына орай ДЭФ атқарушы төрағасы К.Швабтың атынан берілетін ресми кешкі асқа қатысты, оған мемлекет жəне үкімет басшылары, ірі халықаралық компаниялар жетекшілері шақырылған.

Иран Парламентініѕ Тґраєасымен əѕгіме

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ирандық тараптың бас тамасы бойынша Иран Ислам Республикасы Ислам Консультативтік Кеңесі Мəжілісінің Төрағасы Али Лариджанимен телефон арқылы сөйлесті.

А.Лариджани Ислам ын тымақтастығы ұйымы Парламенттік одағы Конференциясының 14-19 ақпанда Теһранда болатын 9-сессиясына əзірлік барысы туралы хабардар етті. Қ.Тоқаевтың айтуынша, осы форумға қатысу үшін қазақстандық парламентшілердің өкілетті делегациясы жіберілетін болады.

Төрағалар одан басқа, биылғы жылы парламентаралық байланыстар мен ынтымақтастық мəселелер, сондай-ақ аймақтағы жағдай жөнінде келіссөздер өткізуге уағдаласты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Инновациялыќ заѕ жобасы – технологияларды мемлекеттік ќолдаудыѕ тетігі

Кеше Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті. Отырысты ашқан спикер Елбасы Жолдауы депутаттық корпус үшін зор жауапкершілік жүктейтіндігін ерекше атады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жолдаудың «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді стратегияны жүзеге асыру жолдарын ғана емес, ел дамуының барлық басым бағыттары бойынша нақты міндеттерді айқындайтынын жеткізген палата Төрағасы Жолдаудан кейін Мəжіліс бюросында кешенді шаралар жоспары қаралғандығын алға тартты. «Бұл ең алдымен, инновациялық

индустрияландыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталады. Соның бірін біз осы отырыста қарайтын боламыз. Бұдан бөлек, агроөнеркəсіп кешенін жаңғырту, шағын жəне орта бизнесті дамыту, денсаулық сақтау саласын жетілдіру мəселелері, білім мен ғылым, азаматтарды əлеуметтік қорғау салаларындағы заңнамалар тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі», – деді Нұрлан Зайроллаұлы. (Соңы 2-бетте).

Комитет кґкжиегі кеѕейеді

Қандай қоғамдық бірлестіктің қызметі де бақылануға тиіс. Ең алдымен оның өзінің тарапынан. «Нұр Отан» партиясының ішкі партиялық тəртіп мəселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін бақылаушы органы – Партиялық бақылау комитеті. Ол өз жұмысында партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын, комитет туралы ережені жəне партия мүшелерінің партиялық тəртіпті сақтауын бақылауын ұйымдастыру жөніндегі регламентті басшылыққа алады. Кеше партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қол қойған қаулыға сəйкес жаңа құрамы бекітілген комитеттің алғашқы отырысы өткізілді. Партиялық бақылау комитетінің төрағасы – «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Парламент Мəжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов алда тұрған міндеттерді саралай айтып,

жұмысты жаңаша ұйымдастыру, комитет көкжиегін кеңейту жөніндегі мəселелерді қозғады. Комитет мүшелері – төрағаның орынбасары Серікжан Қанаев, Парламент депутаттары Сергей Громов, Владимир Редкокашин, Ирина Аронова, Майра Айсина, партияның Орталық аппаратының басшысы Құмар Ақсақалов, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов, партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі Əнуар Ілиясова, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Абай Байгенжин, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Болат Ысқақов, комитет хатшысы Марат Жүнісов Партиялық бақылау комитеті ережесінің жобасы, комитеттің 2014 жылғы жұмыс жоспары туралы ұсыныстарын айтып, ой-пікірлерімен бөлісті. «Егемен-ақпарат».

 Айтайын дегенім...

Бўрылыстаєы жол ќашан жґнделеді? Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақсу қаласының Алғабас ауылының тұсындағы жол бұрылысы арқылы Ақтоғай, Ертіс аудандарына бара аласыз. Бұрылыс бəленбай жылдан бері ой-шұңқырдан көз ашпай тұр. Жолсапарға шыққанда көзіміз көріп жүр. Алғабас ауылымен қатар көрші ауылдың əкімі Жеңіс Əбікеннің айтуынша, бұрылыс тіпті де жергілікті əкімдіктердің құзырында емес. Бұрылыс Екібастұзға, Баянауылға, Астанаға баратын жол өтетін айналма көпірге таяу жерде. Жарқыраған жарық шамдары жоқ көпір түнде көрінбейді. Көпірдің əр жаққа

қарай жолдар өтетін айналасына күрделі жөндеудің жылдар бойы жасалмағаны көрініп тұр. Өткен жылы басталған Павлодар – Астана жолының құрылысы дəл осы ауылдың тұсынан өтеді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы жоқ па, жолдың екінші бағыты жабық. Ал, əкімдері бар, басқарма басшылары бар əлі күнге дейін ауылдарға алып баратын бұл бұрылысты «сен жөнде, мен жөндемен» бір-біріне сілтеп отырған сияқты. Ауылдағы үлкен-кіші, кəрі-жастың, балашағаның амандығы – əкімдердің міндеті. Мың шұңқырлы бұрылыспен ауылдарға автобустар, жекеменшік таксилер жүретінін ескеру керек. Қазір екі күннің бірінде жол-көлік

оқиғалары болып жатады. Жаман айтпай жақсы жоқ. Сондықтан, Алғабас ауылының жанындағы қауіпті бұры лысқа шұғыл жөндеу қажет. Жолдың бұрылысы екі аудан мен Ақсу қаласына ортақ. Біз хабарласқан Қанат Қашқиров басқаратын облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы «бұл бұрылыс біздің жол емес, облыстық маңызы бар жолдар қатарында жоқ», деп шықты. Жарайды делік, ойшұңқырлы бұрылыс пен алып көпір Ерсін Сариев басқаратын еліміздің «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалына қарайтынын білдік. Олай болса, жылдар бойы күрделі жөндеу жүргізбей «Қазавтожол» АҚ қайда қарап отыр?.. Павлодар облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.