НАУРЫЗ ЌЎТТЫ БОЛСЫН! №92 (28031) 23 НАУРЫЗ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ўлыстыѕ ўлы кїнінде
Мереке біткеннің ең ежелгісі, адамзаттың табиғаттың төл баласы екенін айшықтап, тату тіршілікті мұрат еткен талай ұлтпен түбіміз бір екенін ұғындыратын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын оңтүстік астана тұрғындары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, еліміздің бірінші ханымы – Сара Назарбаевамен қарсы алды. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Тарихтың тереңінен бастау алар осынау күнді зороастрий л іктер де тойлап, атап өте тін болған деседі. Дəл осы күні жұмыр Жердің бетінде қазақстандықтардан бөлек Наурыз мейрамын Иран, Өз бек стан, Қырғызстан, Пəкстан, Ауғанстан жəне басқа да Шығыс, Орта Азия мемлекеттері атап өтуде. Əдеттегідей көктемнің шуағын алып келетін аталмыш мерекеге Алматы күні бұрын дайындалады. Наурыз айы туғаннан бастап көшелер, бітелген арықтар, аулалар тазаланып, ағаштар түптеле бас таған еді. Нағыз шығыстық Жаңа жылдың келе жатқанын
біл діріп, қала безендіріле бастайды. Табиғаты түлеп, ауа райы мереке күндері қарсаңында ерекше ашық болған Алматы кеше таңды ақ нөсермен қарсы алды. Тұманды Альбион – Лондонның бүркіп жауатын жаңбыры сықылды сіркіреген күн райы қалалықтардың көңіл-күйін түсіре қоймады десек те болады. Тəубе, тəуелсіз еліміздің тірші лігінде ескіден қалған, бүгіннен қосылған мерекелер барақ. Дегенмен, солардың ішінде ең көнесі де, əрине, бірегейі де – Наурыз мейрамы екен. Түркі халықтардың өзінде тағылымы тəмсіл болған, ұлағаты көкейге шабыт қондырған əз мереке жайлы Наурыз тойында алматылықтармен
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясы 2013 жылғы 24 сəуір күні Астана қаласында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбындағы күн тəртібімен шақырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда. 2013 жылғы 22 наурыз. №188.
Тағайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Қайратұлы Евниев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
қауышқан Елбасымыз ерекше толқыныспен сөз бастады. – Наурыз ықылым заманнан келе жатқан, неше ғасырдан бері елдің жадында қалған, Тəуелсізді гімізбен бірге қайта оралған тамаша мереке болып саналады. Бү гінгі күнді біздің бабаларымыз Ұлыстың ұлы күні деп санап, алысты жақындатып, жақынмен қауышып, бір-бірінен кешірім сұрап, болашаққа ұмтылатын кез деп санаған, – деді Қазақстан Президенті. Осыдан кейін Елбасы Наурыз бен Наурыздың арасын жалғаған жақсылықтарды тілге тиек етті. – Тарих үшін қас-қағым сəт болып саналатын 21 жылдың ішінде адам таңғаларлық қыруар дүниелер атқарылды. Бұрынсоңды болмаған Қазақ мемлекетін құрдық. Қазақты бүтін дүниеге таныттық, мемлекетіміздің терезесін ұлы елдермен тең еттік. Қай жағынан алып қарасақ та, дүние жүзінде Қазақстанға деген құрмет ұлғайды. Экономикамыз
өсті, осының арқасында халықтың əл-ауқаты жақсарды, – деген Мемлекет басшысының сөзін «Астана» алаңына жиналған қалың ел тебіреніспен тыңдады. – Халқымыздың тұңғыш рет өзі таңдаған елордасы Астананы салдық, Алматыны көркейттік, тұңғыш метроны салдық, жаңа ғимараттар салынып жатыр. Көшеге қарасақ, бұрын 20 жылда болмаған жағдайларды көреміз. Көше толған машина. Бір жағынан оның қиыншылықтары бар шығар, екінші жағынан халықтың əлауқатын білдіреді. Балаларымыз дүние жүзінің қай жерінде оқимын десе – оқиды. Халқымыз дүние жүзінің қай жеріне барып демаламын десе – демалады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Баршаларыңызды көктемнің жадыраған мерекесі – еліміздің салт-дəстүрі сақталған Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке құтты болсын, ағайын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Əр шаңыраққа бақыт, жарық тілеймін! Мемлекет басшысы Наурыз – біздің барша көпұлтты еліміз атап өтетін ежелгі мереке екенін айтты. Адал еңбек, берік те үлкен отбасы, жасы үлкенге құрмет, өзге мəдениетті ілтипатпен құшақ жая қабылдай білу – Қазақстан халқының айнымас асыл құндылықтары. Президент Қазақстанның мықты əрі қуатты мемлекетке айналғанын айтты. Мəселен, экономика 16 есе өсті, ішкі жалпы өнім адам басына шаққанда 12 мыңнан астам долларды құрайды, сөйтіп, Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропаның көптеген елдерімен бір деңгейден орын алды. Республикада орташа өмір сүру деңгейі едəуір артты, жаңа мектептер мен денсаулық сақтау нысандары салынды. Нұрсұлтан Назарбаев елі міз қол жеткенді баянды ету мақсатында алдына жаңа міндеттер қойғанын атап өтті.
Наурыз нақыштары
Астана ажары
айшыќты мерекемен ашыла тїсті
Елордада Наурыз мейрамын тойлау 21 наурыздан басталып та кетті. Қала тұрғындары мен қонақтары дəстүрлі демалыс орындарында мерекені ерекше атап өтуде. Ал 22 наурыз күнгі мерекелік шаралар «Қазақ елі» монументі алаңында жалғасып, онда келушілерге «Ұлыстың ұлы күні» атты театрланған қойылым көрсетілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Бұл күні аспанды ала шұбар бұлттар торлап, жел терісінен соққанымен, алаңға қарай ағылған, Наурыз қызығына асыққан халық нөпірі толастамады. Осылайша, елорда тұрғындары мен меймандары бүкіл түркі əлемі үшін маңызды əрі ұлы саналатын Наурыз мерекесін ерекше салтанатпен тойлауға кірісіп кетті. (Соңы 3-бетте).
– Біз 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын қабылдадық. Біз дің мақсатымыз – əлемнің жетекші 30 елінің қатарына кіру. Біз алдымызға өте батыл мақсаттар қойдық. Ол қыруар жұмысты, үлкен қажырқайратты талап етеді. Біз барша қазақстандықтардың жақсы өмір сүруі үшін ұзақ мерзімді даму жолын саналы түрде таңдадық, – деді Қазақстан Президенті. Сөз соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бақыт, үміт, молшылық жəне рухани күш-жігер тіледі. Осыдан кейін оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары Елбасымен бірге ғажайып театрландырылған көріністерді тамашалады. Ежелден бұл мерекеге дайындық алдымен үйді аластап, кірқоқыстан арылудан басталатын. Ауыл ер-азаматтары бау-бақша, ағаш егумен қатар бұлақ көздерін, арықтарды, құдықтарды аршу сияқты көктемгі қауырт
шаруаларды ауыл-аймақ болып бірігіп атқарғанын бала кезімізде көріп өстік. Сол көріністер көз алдымызда салтанат құрды. Алматыдағы белді театрлардың артистері ықылым замандардан келе жат қан ырым-нанымдарды оятып, адыраспан тұтатқан əжелер ұлтымызды тіл-көзден, түрлі ке сапаттан, жаманшылықтан аластады. Қызыр Ата келгенде ақ жаулықты апалар «Астана» алаңына тəттілерден шашу шашып, еліміздің берекесі бітпесін, татулығы таусылмасын деп бата тіледі. Жақсылыққа бастаған рəсімдер тамаша концертке ұласты. Келісті жігіттер, еліктің лағындай сұлу бойжеткендер, періштедей бүлдіршіндер биі мерекенің сəнін арттырып жатты. Ең таңдаулы таланттарымыздың бəрі дерлік осы Наурыз мерекесінен табылып, елдің қуанышын көбейтіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. (Соңы 2-бетте).
Ќара шаѕыраќ ќазаќта ќалєан
Жыл өткен сайын жақсылықтар жалғасып жатыр. Жарқын дəстүрлеріміз қымбат қырларымен жарқырай түсуде. Биылғы Наурыздың алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар мемлекет басшыларына осы мерекеге байланысты құттықтау жеделхатын жолдауы жыл жаңалығы болып отыр. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, Ататүрік қоғамындағы кездесу«Егемен Қазақстан». де Наурыз мейрамының қадірқасиеті туралы əңгімелегенін, Алдыңғы күні «Хабар» арна- сол сөзден кейін ол кездегі сынан елді елең еткізетін екі сю- Мемлекеттік министр Догру жет көрсетілді. Оның біріншісі мырзаның Наурызды күрдтердің – Наурыздың түрік жерінде, мейрамы санап келгенін айтқанын, Ыстамбұлда тойлануы тура- енді ойлап қарасақ, бүкіл түркі лы. Осы жайға да Қазақстанның дүниесінің мейрамы екен, соған қозғау салғаны белгілі. Елбасымыз көзіміз жетті, Меджлиске арнайы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы мəселе етіп қойып, Наурызды 15 наурызда «Халықтық көктем ұлттық мейрам ретінде атап өтуге мерекесі – Наурыз мейрамы тура- тырысамыз дегенін жазушымен лы» Жарлыққа қол қойғалы бері сапарлас болған журналист баян бұл мереке ресми сипат алған еткен еді («Егемен Қазақстан», болатын. Президент идеяларын 2002 жыл, 6 сəуір). Бұл идеябіліктілікпен түсіндіруші көрнекті ны насихаттауға ТҮРКСОЙ қаламгер Əбіш Кекілбаевтың халықаралық ұйымының бас хат«Түркі дүниесіне қызмет» халық- шысы Дүйсен Қасейіновтің еңбегі аралық сыйлығын алуына орай ерен екенін айту парыз. Түркияға жасаған сапары кезінде ойшыл ағамыздың Анкарадағы (Соңы 2-бетте).