Кеше Тəуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астананы одан əрі дамыту жəне ЭСКПО-2017 көрмесін өткізуге əзірлік мəселелерін талқылауға арналған кеңес өткізілді.
№112 (28051) 23 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Астана атаєына сай алєа басуы тиіс Ґзара ыќпалдастыќ
ґрелі дипломатиялыќ ќызметке тəуелді Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республи касына жаңадан тағайындалған Таиланд, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия, Швеция Корольдікте рі, Швейцария Конфедерациясы жəне Біріккен Араб Əмірліктерінің елшілері Чариа Жулламон, Кэролин Браун, Манне Вэнгборг, Мауро Рейна жəне Сухейль Матар əл-Кетбиден Сенім грамоталарын қабылдады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Кеңес басталмай тұрып Мемлекет басшысы қала құрылысы саласының, жол инфрақұрылымы жəне қалалық шаруашылықты жетілдірудің маңызды жобалары бойынша əзірленген стенділермен жəне макеттермен танысып шықты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Астананың дамуы əрқашанда мемлекеттің назарында, менің назарымда. Астана ауысқаннан бері қарай жалпы өнім 90 есе өсті, тартылған инвестициялар көлемі 32 есеге жетті. Сөйтіп, елорда бүкіл Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып жатыр. Он бес жылда қалада жалпы көлемі 11,5 млн. шаршы метр үй салынып, орташа жалақы он бес есе көтерілді. Ал бюджетке түскен түсім көлемі 1998 жылмен салыстырғанда 20 есеге артып, өткен жылы ол 640 млрд. теңгені құрады. Əлеуметтік сала да айтарлықтай дамып келеді. Осы жылдар ішінде балабақшалар саны 3 есеге артып, мектептер 44тен 82-ге дейін көбейді. Қазір тағы 25 білім ошағы салынып жатыр. Денсаулық сақтау саласы бойынша да ірі орталықтар бой көтерді, деп бастады сөзін Мемлекет басшысы. Əйткенмен, əуелде жетістіктер ді баяндаудан басталған Елбасы сөзі одан əрі жұрт күткендей сарында жалғаса қойған жоқ. Өйткені, бір күн бұрын түнгі Астананы аралап шыққан Мемлекет басшысының қолында қаланың көңілді жабырқатар жерлері туралы нақты айғақтар мен мəліметтер бар болып шықты. Қазақстан Президенті өз сөзінде архитектура жəне қала құрылысы тақырыбын қозғай келіп, жаңа ғимараттардың маңайында да көлік қоятын орын жетіспейтінін атап көрсетті. Жаңа үйлерді салу кезінде мен
көлікке арналған орын мəселесін міндетті түрде қарастыруды тапсырдым. Бірақ соңғы үш жылда 41 мың пəтер берілсе, 3,5 мың көлікке арналған тұрақ қана салынды. Оған басты себеп, əкімдіктің көлікке арналған тұрағы жоқ үйлер құрылысына да рұқсат беруінде болып отыр. Бас прокуратураға осы фактілерді тексеруді жəне көлікке арналған тұрағы жоқ үйлерді, аулаларды, балалар алаңдарын пайдалануға кім рұқсат бергенін жəне кімнің шешім қабылдағанын анықтауды тапсырамын, деді Президент. Мемлекет басшысы қалалықтар демалатын жəне бос уақытын өткізу үшін арнайы орындар салу қажеттігіне назар аударды. Əлемнің барлық астаналарында ауасы таза, адамдар бос уақытында демалатын қоғамдық орындар бар. Мысалы, Лондонда – Пикадилли көшесі, Парижде – Елисей алаңы, ал Нью-Йоркте – Таймссквер бар. Астанада мұндай орын, ойымызша, Сулы-жасыл бульвар болуға тиіс. Бірақ, өкінішке қарай, бұлай болып отырған жоқ. Бульварды қайта құрылымдап, оны қалалықтар мен елорда қонақтары үшін мəдени орынға айналдыру керек. Алаңды машиналардан босатып, жаяу жүргіншілер жүретін аймақ жасап, суретшілер мен музыканттарға арналған кеңістікке айналдыру қажет. Бульварды жол өтетін бөлікке дейінгі деңгейге көтеріп, субұрқақ маңынан 3-5 мың орынға арналған көлік тұрағын салу қажет. Сол жерден сауда жəне ойын-сауық орындарын,
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге Сычуань провинциясында болған зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы зілзала салдарынан көптеген жанның құрбан болып, мыңдаған адамның зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. «Осындай сын сағатта Қазақстан халқы атынан жəне жеке өз тарапымнан жойқын табиғат апатынан қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ, бүкіл Қытай халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», делінген жеделхатта.
кинотеатрлар салу ұсынылады. Тиісті жоба əзірлеуді тапсырамын, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент үлескерлер проблемасын шешу үшін едəуір қаражат бөлінгенін, тек Астанада 40 мыңнан астам адамға көмек көрсетілгенін атап өтті. Құрылыс салушыларға талаптарды қатайта тын заң қабылданды. Соған қарамастан, көптеген компаниялар үлескерлік қатысу шарттарын жасасу орнына инвестиция салу шарттарын жасасады, бұл 25 пайыз мөлшеріндегі өз қаражатын салуға жəне сатуға, ең төменгі капиталы болуы жөніндегі талаптан жалтаруға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Астанада игерілмеген қаражаттың көлемі екі есе төмендегенін, жобалардың қымбаттауы жайттарының саны 18-ден 5-ке дейін қысқарғанын, кредиторлық қарыздың азайғанын атап өтті. Сонымен бірге, қаражатты қайта бөлу фактілерін жоя отырып, бюджетті жоспарлауға бақылауды күшейту қажеттігіне назар аударды. Мемлекет басшысы бұдан бөлек жер телімдерін сатып алуда бірегей көзқарас пен ашықтықтың жоқтығына, соның нəтижесінде 10 есеге дейін баға айырмасының болуы мүмкін екендігіне назар аударды. Осы орайда, жер ресурстарын басқару тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Астаналық жер – инвестиция тарту үшін маңызды экономикалық актив. Алайда, бүгінде, Бас прокуратураның мəліметтері бойынша, қалада алаңы 10 мың гектардан асатын 503 учаске игерілмей отыр. Көбі жерді су тегінге алған, енді ештеңе істемейді. Оны қайта сатуға болатын уақытты күтуде. Мен игерілмеген учаскелерге жоғары
АҚПАРАТТАР аєыны Көктемгі дала жұмыстары үшін 360 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінгелі тұр. Қазіргі таңда шаруаларға жеңілдетілген жанармай кесте бойынша жөнелтілуде. «Бейнеу-Бозой» газ құбырының жобасы биыл басталатын болды. Бұрын бұл 2014 жылы қолға алынады деп межеленіп отыр еді. Павлодарда кеше республика бойынша кəсіпкерлерге арналған үшінші қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұған дейін Алматы жəне Шымкент қалаларында осындай
салық енгізуді тапсырдым. Бұл мəселені жылдың соңына дейін шешуді жүктеймін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент елордада индустриялық парктер, арнаулы экономикалық аймақ, заманауи ғылыми орталықтар ашыл ғанына тоқталды. Сонымен бірге инвесторларға ұсынылған салықтық жəне кедендік жеңілдік тер өндірісті арттыру саласында тиісті нəтиже бермей отыр. Индустриялық паркте жарияланған 46 жобаның тек 11-і іске қосылған, ал былтыр ашылған екінші индустриялық парк жұмыс істемей тұр. Мемлекет басшысы өнеркəсіп секторын ынталандыру жүйесінде тəртіп орнатуды, инновациялық өндірістерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізуді жəне машина жасау саласы өнімдері экспортын ұлғайтуды талап етті. Нұрсұлтан Назарбаев соңғы үш жылда жол жөндеуге жəне оның құрылысына 100 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті. Алайда, жұмыс сапасы төмен. Тіпті, өткен жылы тас төселген жолдар қазір қайта жөндеуді қажет етеді. Қалаға төрт жəне бес жолақты жолдар қажет. Бірақ оларды екі жəне үш жолақ түрінде салу одан əрі жалғасуда. Егер қазірдің өзінде жолдарда бүгінгідей «кептеліс» болса, онда ЭКСПО-ға бірнеше миллион адам келгенде не күтуге болады? Жол логистикасы саласында да проблемалар бар. Көпірлер мен айналма жолдар қиылысы жеткіліксіз қолданылуда. Осының салдарынан негізгі көлік жолдарында кептеліс көп, деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).
мекенін іске қосқан «Даму» қоры енді еліміздің барлық өңірлерін қамтуды көздеп отыр. Қазақстанның халық əртісі Айман Мұсақожаеваның альбомын немістің дыбыс жазу компаниясы 5 мың данамен шығарды. Оған музыканттың 1732 жылғы Антонио Страдиваридың скирипкасымен орындаған П.Чайковский мен С.Прокофьевтің скрипкалық концерттерінің эксклюзивтік жазбалары енді. Алматы облысында апорт алмасы өсі рілетін алқап 2 мың гектарға дейін жеткізіледі. Облыс əкімдігі бұл меже 2016 жылға қарай жүзеге асады деп жоспарлап отыр.
Сенім грамоталары тапсыры лып болғаннан кейін Пре зидент Нұрсұлтан Назарбаев қысқаша сөз сөйледі. Бүгінгі рəсім сіздердің дипломатиялық өмірбаяндарыңыздың жаңа беттерін ашады. Осыған орай баршаларыңызды Қазақстандағы қызметтеріңіздің басталуымен шын жүректен құттықтаймын, деп бастады Елбасы өзінің сөзін. Одан кейін Н.Назарбаев өткен жылғы желтоқсан айында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағытын жариялағанын жеткізді. Біз алдымызға əлемнің барынша жоғары дамыған 30 елінің қатарына қосылуды бағдар етіп, жұмыс істеп жатырмыз. Экономиканы түбегейлі жаңарта отырып, индустрияландыру дəуіріне қадам бастық. Астана «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алғанын білесіздер, дей келіп, Президент бəсекелестікке қабілетті салалар бойынша сіздердің елдеріңіз де қуатты екенін біз білеміз, деді елшілерге. Мен сіздің елдеріңіздегі жетекші компанияларды бізде бірлескен кəсіпорындар ашып, нарықты бірлесе игеруге шақырамын. Ол үшін біз барлық қажетті жағдайды жасаймыз. Оған еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуал мен тұрақты экономикалық өсім толық мүмкіндік береді.
Бїгінгі нґмірде: БАРШАМЫЗДЫ БІРІКТІРЕР БИІКТІК 3-бет ТАЅ АЛДЫНДА ТАМДЫ СОЌЌАН 4-бет
Оралда жас ақындардың Мұқағалиға арналған жыр жарысы мəреге жетті. «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты додаға 17 үміткер қатысып, жергілікті студент Алтынбек Ермекқалиевті жеңімпаз деп таныды. Атырау ағаштары 3 мың түп көшетке ұлғайды. «Жасыл жапырақ» бастамасының шеңберінде атқарылған бұл шарада облыстың жастар ұйымдары ерекше белсенділік танытты. ҚазАқпарат, Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
2012 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның ІЖӨ-сі 6 пайыз өсімді көрсетіп, 200 млрд. долларға жетті, деді Елбасы. Одан əрі Президент Қазақстанның əлем қауымдастығының назарын да болған белсенді бастамашыл əрекеттеріне тоқталды. Соның ішінде Алматыда Иранның ядролық бағдарламасына байланысты ақпан жəне сəуір айларында болған екі раундты келіссөздерді атап өтті. Енді, бірнеше күндерден кейін Қазақстанда «Ыстамбұл үдерісі» аясында Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференция өз жұмысын бастайды. Ал Астана экономикалық форумы барған сайын бедел алуда. Оның кезекті сессиясы таяуда өткізілетін болады. Оған 5 мыңнан астам адам қатысады. Олардың арасында сіздердің елдеріңіздің өкілдері де болады деп сенемін, деді Президент. Қазақстанның тұрақты дамуы – елімізді тиімді саяси-эко номикалық серіктестікке айналдыруда. Сіздердің қызметтеріңіз екіжақты қарым-қатынастарды тереңдете түсуге өз септігін тигізеді деп сенемін, дей келіп, Елбасы одан əрі Сенім грамотасын тапсырған ел шілердің мемлекеттері мен Қа зақ стан арасындағы екіжақты қа рымқатынастарға өз бағасын бе ріп өтті. Біз Ұлыбританиямен ынты мақтастыққа айрықша көңіл бөлеміз. Бұл ел Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция
салу бойынша 20 млрд. доллар көлеміне жеткен үшінші мемлекет болып саналады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 600-ден астам британдық компаниялар жұмыс істейді, деп Президент олардың бірқатарын атап өтті. Бірақ екі елдің арасындағы сауда көлемі əзірге 2 млрд. доллардан аспай тұр, бұл экономикаларымыздың əлеуетіне сай емес деп санаймын, деп Президент жаңа елшіге осы іске өз үлесін қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Елбасы Ұлыбритания Премьерминистрінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болатынын жəне оның нақты мерзімі таяу күндерде анықталатынын жеткізді. Н.Назарбаев Қазақстанның Швейцария Конфедерациясымен арадағы ынтымақтастықты да тереңдете түсуге мүдделі екенін айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Швейцария Қазақстанның 8-ші орындағы сауда серіктесіне айналды. Біздің елдеріміздің жаһандық деңгейдегі көптеген мəселелер бойынша да көзқарастары ұқсас. Бұл көпжақты ықпалдастыққа берік негіз бола алады. Осы сəтті пайдаланып, Швейцарияны 2014 жылға ЕҚЫҰның төрағалығына сайлануымен құттықтаймын. Осынау маңызды жəне жауапты міндетті атқаруда біз өз тəжірибемізбен бөлісуге жəне қолдау көрсетуге дайынбыз, деді Президент. Қазақстан мен Швеция Корольдігі арасындағы екіжақты байланыстарға тоқталғанда Елбасы екі елдің арасындағы ынтымақтастық үлкен əлеуетке қол жеткізгенін атап өтті. Бізде ведомствоаралық ынтымақтастықтармен қатар, парламенттік байланыстар да дамып келеді. (Соңы 2-бетте).
Жемқорлық – індет, жою – міндет
Бюджеттен жегенніѕ бїйірі толмайды
Ќостанайда жалєан кəсіпорындар мемлекетті 1 млрд. теѕгеден астам шыєынєа батырды Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».
Қостанай облысындағы жалған кəсіпорындар мемлекетке 1 млрд. теңгеден астам соманың зиянын келтірді. Бұлардың негізгі бөлігі салық пен басқа да міндетті төлемдерді айналып өту арқылы заңсыз ақша айналымын жасауға маманданып алған мекемелердің үлесіне тиеді. – Осы кезге дейінгі жеделтергеу тəжірибесі көрсеткендей, мем лекетке мейлінше ірі мөлшерде залал келтіретіндер салық пен бюджетке міндетті төленуге тиісті басқа да төлемдерді айналып өтіп, ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырып беруге машықтанып алған жалған кəсіпорындар болып отыр, – деді журналистермен кездесуінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа жəне экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының бірінші орынбасары Талғат Башев. Ол өз сөзінің дəлелі ретінде 2011 жылғы қараша айында Қостанайда
заңды кəсіпкерлік жасауға ешқандай да ниеті болмаған бірнеше кəсіпорынға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын келтірді. Олар салықты төлемеу арқылы мемлекетке 1 млрд. теңгенің үстіндегі сомада шығын келтірген болып шықты. Тағы бір мысал, заңды бизнеспен айналысуға ешбір құлқы болмаған Т.Төлеков есімді жалған кəсіпкер 2010-2011 жылдары əлі тергеу анықтай қоймаған күмəнді тұлғалармен келісімге келіп, «DOS Plus KZ» ЖШС мен «Оптснабсервис» ЖШС-ның реквизиттерін іс жүзінде атқарыла қоймаған жұмыстар үшін шотфактура толтыруға пайдаланған. Осы арқылы ол мемлекетке 36 млн. теңгеден астам залал келтірген. – Жедел-іздестіру шараларының нəтижесінде Төлеков осындай жалған кəсіпорынға жазып берген жалған шот-фактуралары үшін 800 мың теңге көлемінде сыйақы алып жатқан кезінде қолға түсті, – деп мəлімдеді Т.Башев. ҚОСТАНАЙ.