Бїгінгі нґмірде: Біздіѕ кїшіміз бірлікте 3-бет Шаєын жəне орта кəсіпкерлікті ќолдау 4-бет Кавказдан жеткен їшбу хаттыѕ сыры 5-бет Голливуд ќаћарманы ќазаќ тілінде сґйлейді 12-бет
№78 (28302) 23 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ел тынысы: мың бір мысал
Президент поштасынан
АГЛОМЕРАЦИЯ
Алматыныѕ еѕ кґкейкесті мəселесі Өмір бір орнында тұрмайды. Тəуелсіздіктің бедерінде қалалық жерлерге жұмыс іздеп қоныстанып жатқан отбасылардың көбеюі, оған кейінгі жылдары тұрмысы түзелген қала тұрғындарының қала сыртында шаңырақтарын кеңейтіп, құрылысты қыздыруы өзімен бірге бірқатар өзекті мəселелерді туындатты. Ендігі тіршілікте туындаған түйткілдің бірі – урбанизация мен қалалық агломерация мəселесі Елбасының биылғы Жолдауында тұңғыш рет қозғалды. «Егемен Қазақстан».
Əрине, бұл заңды құбылыс. Қоғамның дамуы, өркениеттің көшіне ілескен халқымыз жақсы өмірді қаладан іздейтіні аян. Осы тұрғыдан алғанда, əу бастан-ақ арман болған Алматы урбанизация үдерісінің тап ортасында тұр. Əлеуметтік даму барысын зерттеушілердің болжамы бойынша, 20-30 жылдан кейін Қазақстандағы ауыл мен қала тұрғындарының арасалмағы 65-35 пайызды құрайтын көрінеді. Қазір бұл көрсеткіш Ресейде –72, Беларусь, Украина, Арменияда – 70, Америкада 90 пайызға тең екен. Əсіресе, соңғы 15 жылда ауыл тұрғындарының қалаларға қарай ағылуы, миграция мəселесі, көрші елдерден жұмыс іздеп келген жандар «жалған урбанизация» мəселесі бар екендігін де көрсетіп берді. Мəселен, Алматыда көптеген жылдардан бері күн кешіп жатқан адамдардың көпшілігінің ауылда тұрмысы бар.
Таєайындау
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Сүйінші!
Парламентаралыќ їнќатысуды ныєайту жолында Кеше Қазақстан Республи касы Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілер палатасының Төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
қатысу мүмкіндігін талқылады. Сенат Төрағасы: «Қ а зақстан Марокконың Королі Мұхаммад VІ-ның дінаралық үнқатысуды дамы туға бағыт тал ған күшжігерін жоғары бағалайды. Сондықтан біздің елдеріміз мұсылмандар жəне Батыс елдері арасындағы түсініс тік пен бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен бастамаларды көтере алады», деп атап өтті. Қ.Тоқаев Марокко Королінің алдағы жылғы съезге
Астаналыќ мəжілісте не талќыланады?
Астанада алғаш рет өткелі отырған Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің мəжілісінде жол мəселесіне мəн берілмек. Ал оның негізгі тақырыбы «Жаңа Жібек жолы – өзгермелі əлемдегі Азияны Еуропамен біріктіру» деп аталып отыр.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы мəжіліс жайында айтылды. Оған «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов, Азия даму банкінің жыл сайынғы мəжілісінің үйлестірушісі Джил Дрилон жəне Экономика
жəне бюджетті жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Алмас Байтенов қатысты. Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мəжілісі алдағы 2-5 мамыр аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан басқарушы – Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев төрағалық етпек.
бірдей өсіп-өркендей алатын, жан-жақты дамыған қоғамда ғана экономикалық табыс мүмкін екені де назардан тыс қалмаған», деп жазады автор. Сондай-ақ, профессор Стратегияның прагматизмі мен іскерлік рухы бүкіл əлемдегі көптеген адамның ынтасын оятуға тиіс деген пікірін білдірген. «Осындай құжаттарды көптеген үкіметтер қабылдаса, тамаша болар еді. Стратегиямен танысу барысында мен баяндаудың айқындығы мен нақтылығына, сондайақ, ғасыр ортасы таяп қалғаны дер кезінде қаперге салынғанына тəнті болдым. Бəріміз болашақтың бүгіннен басталатынын сезінуге тиіспіз», делінген хатта.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қуатжан Серікқазыұлы Уəлиев Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Қ. С. Уəлиев «А» корпусының кадр резервінде тұрған.
(Соңы 5-бетте).
30 елдің қатарына кіруді мақсат ететін «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылуының басталғаны туралы айтты. Ол Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Марокконы қатысуға шақырды. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы ретін де Қ.Тоқаев 2015 жылға жоспарланған бесінші съезге əзірлік туралы хабардар етіп, оған Марокконың жоғары саяси деңгейде
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Иордания университетінің ректоры, профессор Эхлейф Тараунеден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында Э.Тарауне «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы елдің болашақ дамуына деген көзқарасты зор қызығушылықпен зерделегенін айтады. «Бұл құжатта көрініс тапқан Сіздің жаңа идеяларыңыз көреген əрі инновациялық жоспарлармен толыға түскен, онда айқын əрі нақты мақсаттар қойылған. Инновациялық индустрияландыруға, ауыл шаруашылығына, ғылымға бейімделген экономикаға, энергияны тиімді пайдалануға жəне адами ресурстар үшін инвестиция жұмсауға ерекше көңіл бөле отырып, Қазақстан қазіргі əлемде көптеген түйткілдерді шешудің өте жақсы үлгісін көрсетіп келеді. Бұл ретте халқының барлығы
Айнаш ЕСАЛИ,
Сенатта Қазақстан-Марокко қатынастарының ауқымды мəселелері жəне халықаралық саладағы өзекті тақырыптар төңірегінде төрағалардың арасында жемісті əңгіме өрістеді. Қ.Тоқаев жоғары мəртебелі мейманның сапары парламентаралық байланыстардың маңызды орын алатын өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Осыған байланысты жүз десушілер екі елдің парламенттеріндегі депутаттардың ынты мақтастық топтарын дағы жұ мысына жан-жақты жəрдемдесуге уағдаласты. Қазақстан Сенатының Төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемдегі ең дамыған
Болашаќ бїгіннен басталады
Шараға құрамында Азия даму банкіне мүше-елдерден бас қарушылар, қаржы ми нис тр лері, ірі халықаралық банк тер жетекшілері, қаржылық ұйымдардың, мемлекеттік жəне мем лекеттік емес, басқа да ұйымдардың жетекші мамандары бар, барлығы 3500-ден 5000-ға дейін адам қатысады деп күтілуде. (Соңы 2-бетте).
қаты сатынына сенім білдірді. Өз кезегінде Марокко Парла менті жоғарғы палатасының Төрағасы қазіргі кездегі Марокконың дамуы, араб əлеміндегі жəне Африка құрлығындағы жағдай туралы жан-жақты айтып берді. Елде конституциялық реформа жүргізіліп жатыр, саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеу қамтамасыз етілуде. Кездесу қорытындысы бойынша журналистер алдында сөз алған М.Биядилла Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы Қазақстанның елеулі үлесін атап өтіп, біздің еліміздің тұрақтылық пен даму қарқынын жоғары бағалады. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жəне Марокко Королі Мұхаммад VІ ішкі саяси жəне аймақтық тұрақтылыққа зор мəн береді. Сонымен қатар, екі мемлекеттің басшылары өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуға жанжақты жəрдемдесіп келеді. Мұндай үнқатысу қауіпсіздікті нығайтуға елеулі түрде ықпал етеді», деп атап өтті ол. Мейманның айтуынша, Қазақстан мен Марокконың, тұтастай қарағанда, ынтымақтастығын одан əрі дамытуда, оның ішінде баламалы энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларында көптеген ортақ мүдделері мен мүмкіндіктері бар.
Кїш-жігерді їйлестірген ўтымды Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілер палатасының спикері Мұхаммад АшШейх Биядилламен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Қ.Жақыповтың атап өткеніндей, Марокко Қазақстанның Солтүстік Африкадағы маңызды əріптестерінің бірі. Сондықтан біз Ислам ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынты мақтастық ұйымы сияқты, басқа да кеңестік-жиналыстық тетіктер мен аймақтық институттар аясында бірлескен күшімізді одан əрі үйлестіруді толықтай қолдаймыз, деді Мəжіліс Төрағасы. Осы ретте Қ. Жақыпов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Наз арбаев саясатының басым бағыттарының бірі – ұлтаралық келісім, бейбітшілік жəне толеранттылық ұстанымдарының маңыздылығы мен өзектілігіне баса назар аударды. (Соңы 2-бетте).
АҚПАРАТТАР аєыны
● «ҚазАгро» 2014 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 61,6 млрд. теңге бөледі. Кеше таратылған баспасөз парақшасында мұның 40 млрд. теңгесі бюджеттік несие екені айтылған. Бұдан басқа, ұлттық компания алғаш рет егіс жұмыстарына екінші деңгейлі банктер арқылы 20 млрд. теңге қаржы қарастырады. ● Алматы қаласының маңында жаңа əуежай бой көтереді. Бұл туралы Алматы облысы əкімінің орынбасары Амандық Баталов мəлімдеді. Оның айтуынша, жаңа əуе қақпасы үшін оңтүстік астанадан 54 шақырым жердегі Жетіген кенті маңында 2 мың гектарға жуық жер телімі белгіленіп қойылған. ● Оңтүстік Қазақстанда қуаттылығы 12 МВт күн энергиясы стансасы салынады. «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Азат Бетекбаевтың мəлімдеуінше, қазір жоба бойынша жұмыстар
Оралмандар їшін азаматтыќ алу мерзімі ќысќарады Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Кеше Үкімет отырысында көшіқон, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту жəне «Халықтық IPO» бағдарламасын одан əрі жүзеге асыру сияқты бірнеше маңызды мəселе қаралды. Бұл жөнінде отырыстан соң бірден Орталық коммуникациялар қызметіне жиналған Үкімет мүшелері мəлімдеді. Бұл отырыс бұрынғыдан өзгешерек. Себебі, бұрынғыдай журналистер Үкімет үйіне барған жоқ. Керісінше, отырыс аяқталған соң Үкімет мүшелері Орталық коммикациялар қызметіне жиналған журналистерге келді. Иə, брифинг мінберіне де біреу емес, бірден жеті спикер жайғасты. Үкімет мүшелерін брифингке бастап келген ПремьерМинистрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова отырыстың күн тəртібіндегі бірінші мəселе Қазақстан Президентінің осы жылдың 18 сəуірінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары болғанын атап өтті. Бұл мəселе бойынша Мəдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қосымша баяндап,
басталып кеткен. Аймақтағы əлеуметтік нысандарда 4 стансаның жобалау жұмыстары жасалуда. ● Шығыс Қазақстан облысы Ресей ет экспортын 200 тоннаға дейін жеткізеді. Қазіргі таңда аймақта 44 мың бас ірі қараны семіртіп жатқан 276 мал бордақылау алаңы осыған үлес қосады. Ал мал бордақылаушылар мемлекет тарапынан үлкен қамқорлыққа ие. Олар өткен жылы қазынадан 5 млрд. теңгеден астам субсидия алды. ● Кеше Көкшетауда классикалық жəне халық музыкасының ІІ фестивалі сөреден шықты. Мəреге ертең жететін «Көкшетау - тал бесігім» атты бұл өнер мерекесіне Қазақстанмен қатар, Ресей жəне Италия елдерінің көптеген танымал шеберлері қатысып жатыр. ● Бүгін Қызылорда қаласында Ақтөбе облысының күндері басталды. Сəуірдің 2327 күндері аралығын қамтитын мəдени шарада меймандар «Алақай» қуыршақ театрының
ведомствоның үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Конституцияның 20 жылдығын өткізу бойынша ұлттық жоспар шаралары жобасын жасайтынын жеткізді. Ал келесі мəселе «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша сөз қозғалғанда Премьер-Министрдің орынбасары Г.Əбдіқалықова бағдарлама іске қосылғаннан бері, яғни 2005 жылдан бастап 44 млн. түп ағаш отырғызылғанын атап өтті. Оған сондай-ақ, 200 мыңнан астам жас қатысқан, 11 мың гектар жер өңделген. Өз кезегінде Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов Үкімет отырысында «Жасыл ел» бағдарламасын одан əрі дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырғанын тілге тиек етті. Білім жəне ғылым министрлігінің мəліметінше, 2013 жылы республикалық бюджеттен бағдарламаны қаржыландыру көлемі 212 млн. теңгені құраған. 2014 жылға қаржыландыру шамамен 2 есеге артып, 404 млн.-ға жуық теңгені құрап отыр. Жергілікті бюджеттен 2013 жылы – 317,9 млн., 2014 жылы 303,6 млн. теңге бөлінген. (Соңы 2-бетте).
мульти-шоуын, суретшілердің көрмесін, облыстық филармонияның гала-концертін ұсынады. Делегация өкілдері сонымен қатар, Жалағаш, Қазалы жəне Арал аудандарын аралайды. ● Атырауда тозығы жеткен пəтерлер орнына жаңасы берілетін болды. Қалада алдағы 7 жыл ішінде өткен ғасырдың басында салынған 80 үй сырылып, олардың 2 мыңға жуық тұрғыны басқа қоныстарға көшіріледі. ● Қостанай облысында көпқабатты үйлерді жөндеуге 670 млн. теңгеден астам қаржы қаралды. Бұл туралы айтқан облыс əкімінің бірінші орынбасары Евгений Аман алғаш рет Таран ауданы Тобыл кентінің пəтерлері жөнделетінін, облыс орталығындағы 18 үйдің жұмыстарына 323,5 млн. теңге жұмсалатынын жеткізді. BNews.kz, Alau.kz, Altaynews.kz, Egemen.kz ақпарлары, облыстық əкімдіктер сайттары бойынша дайындалды.