23042015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№74 (28552) 23 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Дайындыќ барысы туралы баяндады

● Өңір өмірі

Мемлекеттіѕ ќолдауы тірлігімізге ќарќын ќосты Оралхан ДƏУІТ,

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өтетін алдағы ХХІІ сессиясына дайындық барысы туралы баяндады. Қазақстан халқы Ассам блея сы Төрағасының орынбасары – Хат шы лық меңгерушісі,

сондай-ақ, этносаралық келісімнің қазақстан дық үлгісін ілгерілету жөніндегі жұмыстар мен өңір лердегі дос тық үйлерінің, этномəдени бірлестіктердің қызметі туралы айтты.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Телефон арќылы сґйлесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Алдағы президенттік сайлауға тоқталған Гурбангулы Берды мұхамедов бұл оқиға Қазақстанның бұдан əрі тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға 2014 жылғы желтоқсандағы сапары кезінде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Мемлекет басшылары сапар қорытындысын жоғары бағалады жəне сауда-экономика əлеуеті мен «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржол магистралін тиімді пайдалану қажеттігін тағы бір рет атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердымұхамедов Түрікменстан Президентінің Қазақстанға алдағы ресми сапарына дайындық мəселелері жөнінде де сөз қозғады.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан хал қы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтеді, күн тəртібіндегі тақырып – «Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр». Сессия жұмысына 1500-ден аса адам қатысады. Олардың қатарында Ассамблеяның барлық өңірлердегі мүшелері мен ардагерлері, республикалық жəне өңірлік этномəдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың, шетелдер дипломатиялық миссияларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми жəне шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері бар.

Алла тағалам Мойынқұмның маң даласына құт-береке, байлы ғын аямай-ақ бере салған ғой, шіркін. Осынау кең дала Менделеев ақсақалдың əйгілі кесте сі н д ег і б ар қазын ан ы «менікі, менікі» деп қайшымен қиып алып, қойнауына жасырып тастаған секілді. Əйтеуір, шөл далаға «шөп» болып тұрған сексеуілді былай қойғанда, құт қонған осы өлкеде алтын, күміс, қола, көмір, кокс, қалайы, қызыл түсті гранит, барит, бəрі-бəрі бар. Содан болар бүгінде қойнауы қазынаға толы Мойынқұм ауданында екі цемент зауыты жұмыс істеуде. Дəл қазір Мыңарал теміржол стансасынан «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС-не теміржол тартылып жатыр. Серіктестіктің атқарушы директоры Анатолий Медюков теміржол құрылысының таяу уақытта аяқталатынын, бұл жылына 1200 тонна цемент өндіретін Жамбыл цемент өндіру компаниясы жұмысының жандануына орасан зор септігін тигізетінін айтады. Жалпы алғанда, бүгінде еліміздегі құрылыс компанияларының цементке деген сұранысының 15 пайызға жуығын осы «Жамбыл

Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

«Егемен Қазақстан».

цемент өндірісі компаниясы» ЖШС қамтамасыз етіп отыр. Бұл Қазақстан мен Францияның бірлесіп, өте сəтті жүзеге асырған ин вестициялық жобаларының бірі. Бұлай деп айтуға бірнеше себеп бар. Зауыттың құрылысы аз уақыттың ішінде аяқталған болатын. Яғни, қысқа мерзімнің ішінде кəсіпорын толық өндірістік қуатымен жұмыс істеуге қол жеткізді. (Соңы 2-бетте).

Ардагерлерді ардаќтайыќ Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Рес публикасының ардагерлер ұйымының өңірлік филиалдарының басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына дайындық жəне оны өткізу жоспары талқыланып, сонымен қатар ардагерлерді əлеуметтік қолдау шаралары қарастырылды. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова іске асырылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берді. Атап

Парламент Сенаты кґмек ќолын созды

айтқанда, Т. Дүйсенова Ұлттық банк 207 923 мерейтойлық медальдар əзірлеп, жергілікті атқарушы органдар оларды ардагерлерге тапсыруға кіріскендігін, əкімдіктерге нысаналы трансферттер жіберіліп, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге, жеңіске үлес қосқан басқа да адамдарға біржолғы материалдық көмек төленіп жатқандығын, осы

мақсаттарға республикалық бюджеттен 5,8 млрд. теңге көзделгенін хабардар етті. Сондай-ақ, министрдің ақпараты бойынша, Астана қаласындағы мерекелік іс-шараларға 260 соғысқа қатысушы, ал Мəскеу қаласындағы шараларға қазақстандық 6 майдангер қатысады. «1 сəуірдегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың басынан бері жергілікті бюджеттер қаражатынан 32 мың 500 ардагерге 1,1 млрд. теңге көлеміндегі материалдық көмек көрсетілді.

ҰОС 82 қатысушысы мен мүгедегі тұрғын үй алды. 31,6 млн. теңгеге 1 мың 300 ардагердің тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пəтерлеріне телефондар орнатылды. 17 мың 600 ардагер 72,4 млн. теңгеге дəрілік заттармен қамтамасыз етілді», деді Т.Дүйсенова. Бұдан басқа, ардагерлерге теміржол көліктерінде жеңілдікпен жол жүру, санаторийкурорттық емдеу, коммуналдық қызмет тер шы ғыстарын төлеу мүмкіндіктері қарас ты рылып, басқа да əлеуметтік көмектер көрсетілді. (Соңы 2-бетте).

 Елімізде исламдық қаржыландыру бойынша 800-ге жуық ауыл тұрғынына қолдау көрсетілген. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ пен Ислам даму банкі арасындағы 2012 жылы жасалынған келісімшарт арқасында Қазақстанда ауыл тұрғындарын исламдық қағидаттарға сəйкес шағын қаржыландыру жұмыстарын алғаш рет жүзеге асырды. 20122013 жылдары Ислам даму банкі берген 10 млн. АҚШ долларын толығымен игерген қор, енді исламдық қаржыландыруды өз қаражатынан жүзеге асыруда.  ҚТЖ еліміздің көлiктасымал саласына 36 млрд. доллар инвестиция салады. «Қазақстан темiр жолы» АҚ вице-президентi Бауыржан Орынбасаровтың айтуынша, жүк ағымын ұлғайту үшiн Қазақстан əлемдiк жүйелермен жалғасқан дамыған көлiктiк инфрақұрылымға ие болуы шарт.  Астанада мамыр мерекелеріне орай 200-ден астам мəдени шара өтеді. Қалалық мəдениет басқармасының хабарлауынша, елордада 10 сəуір мен 10 мамыр аралығында түрлі концерттер, көрмелер мен театр қойылымдары, патриоттық акциялар, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рəсімдері, халықтық серуендер өз деңгейінде ұйымдастырылмақ.  Талдықорғанда 5 мың көшет отырғызылды. Алматы облысы əкімдігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, жыл сайын сəуір айында өтетін «Тал күні» экологиялық акциясы биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жəне Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналды.  Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында алғашқы құс фермасы ашылды. əкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, «Жаңа жер» шаруа қожалығына қарасты бұл кəсіпорында күніне 4 мыңнан астам құс жұмыртқасы өндірілмек. Сұранысқа сай нарықты сапалы құс өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отырған ферма өз жұмысын одан ары кеңейтуді жоспарлап отыр.  Ақмола облысы Аршалы ауданында кəсіп кер лерді қолдау орталығы пайдалануға берілді. Облыстық кəсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мəлім еткендей, мекемеде мамандар бизнесті ашу мен жүргізу жəне өзге де құқықтық мəселелер бойынша кеңестер беру, қаржылық институттар мен кəсіпкерлікті қолдау жəне «Бизнестің жол картасы-2020» мембағдарламасы шеңберінде көптеген өзге де ақпараттарды ұсыну сияқты тегін қызметтер көрсетіледі. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХІІ СЕССИЯСЫ

Парламент Сенатының депутаттары мен Аппарат қызметкерлері тасқын судан зардап шеккен Ақмола жəне Қарағанды облыстарының тұрғындарына бір күнгі еңбекақысын аударды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Пар ламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Тґтенше жаєдайдан зардап шеккендерге кґмек кґрсетіледі

Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мəжіліс депутаты Төлеген Ибраев күннің күрт жылынуынан су астында қалып, ауыр зардап шеккен азаматтар мен олардың отбасыларына көмек көрсету туралы əріптестеріне үндеу жолдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

– Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың отбасына,

ел-жұртқа кең көлемде, толықтай көмек көрсетілуде, Үкімет тарапынан əлі де қомақты қолдау болары сөзсіз. Əйтсе де, осындай жағдайда тұрмысына ауырлық түсіп, қиналған адамдарға дер

Ассамблея жылында атќарылєан шаруалар кґп Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы алдындағы ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жақсыбай САМРАТ, – Хатшылық меңгерушісі Ералы «Егемен Қазақстан». Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды. Күн тəртібіне «Бейбітшілік пен Оны Қазақстан халқы Ассамб- келісімнің жол картасы» мега-жолеясы Төрағасының орынбасары басының іске асырылуы, «ҚХА 20

кезінде қолұшын беру, ел болып, жұрт болып көмек беру ата салтымыз, қанға сіңген əдетіміз. Қара жамылып, қайғы басқан, қазалы отбастарына шын жүректен көңіл айтамыз, – дей келіп, Т.Ибраев əріп тестерінен бір күндік еңбек ақы ларын көмек ретінде бөлуді сұрады. (Соңы 2-бетте).

жылдығына – 20 игілікті іс» эстафетасының қорытындылары жəне «ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің қызметі туралы» мəселелер енгізілген екен. Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша Ералы Тоғжанов алғашқы сөзді Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықоваға берді. Мемлекеттік хатшы өзінің сөзін ҚХА-ның биылғы сессиясы президенттік сайлаумен тұспа-тұс келіп отырғанынан бастады. (Соңы 6-бетте).

«МƏҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР» 2015 ЖЫЛҒЫ 23 СƏУІР 

АСТАНА


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
23042015 by Egemen - Issuu