23/05/2013

Page 1

Ғылым саласындағы негізгі рөлді жоғары оқу орындары ойнауы тиіс. Егер 2010 жылы олар ғылымитехникалық бағдарламаларының жалпы санының 33 пайызын орындаса, бүгінгі күні жоғары оқу орындары жобаларының 67 пайызы мақұлданып отыр. Сондықтан жоғары оқу орындарында қолданбалы жəне ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құру жұмыстарын одан əрі жалғастыру керек.

№132 (28071) 23 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Н.НАЗАРБАЕВ.

ИННОВАЦИЯЛЫЌ ДАМУДЫЅ ЖАЅА МЇМКІНДІКТЕРІ Астанада ґткен Шетел инвесторлары кеѕесініѕ 26-шы пленарлыќ отырысы Елбасыныѕ алєа ќойєан маќсатына ќолдау білдірді

Кеше Астанада əлемнің озық ақылойының назарын аудартқан VI Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Форумның алғашқы күні халықаралық ауқымда маңызы зор бірнеше басқосулар болып өтті. Атап айтқанда, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Экономика жəне басқарудағы қазіргі тенденциялар: жастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми конференция өткізілсе, Тəуелсіздік сарайында сегіз панельдік сессия, бірнеше баспасөз мəслихаты жəне ІІ Бүкілəлемдік жастардың экономикалық форумы өткізілді.

Əлем сарапшылары елордада бас ќосты Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ. «Егемен Қазақстан».

Жаһандық тиімді үнқатысу алаңына айналған Астана экономикалық форумының халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп отырған VI Астана экономикалық форумы (АЭФ) мен бірінші Бүкілəлемдік дағдарысқа қарсы конференцияға (БДҚК) əлемнің 100-ден астам мемлекетінен 11 мыңнан астам қонақтар келді. Олардың ішінде 35 іс басындағы жəне бұрынғы министрлер, 10 Нобель сыйлығының лауреаттары, 40-тан астам халықаралық ұйымдар, корпорациялар мен кəсіпорындардың басшылары бар. Форум қорытындысы бойынша G 20 мемлекеттеріне əлемдік экономиканың одан əрі дамуы үшін ұсыныстар парағы əзірленеді. Əзірленген ұсыныстар G 8 жəне G 20, Халықаралық валюта қорына, Дүниежүзілік банкке, БҰҰ жəне Экономикалық ықпалдастық жəне даму ұйымына жіберіледі. VI Астана экономикалық форумы аясында Тəуелсіздік сарайының баспасөз орталығында

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы пленарлық отырысы болып өтті. Еліміздің жаһандық бəсекеге қабілеттілігінің негізін құрайтын Қазақстанның инновациялық тұрғыдан даму мəселесі осы отырыстағы əңгіменің басты тақырыбына айналды. Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы отырыс басталмас бұрын осы оқиғаға байланысты арнайы ұйымдастырылған инновациялық

көрме жұмысымен танысып өтті. Мұнан кейін пленарлық отырыс жұмысы да басталып кетті. Отырысты ашардағы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев барлық мүшелері мен байқаушыларына кеңес жұмысына белсене қатысқандары үшін жəне оның

тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстары үшін өз алғысын білдірді. – Осыдан 15 жыл бұрын Шетел инвесторлары кеңесін құру туралы шешім қабылданған болатын. Оның қабылдануына Министрлер кабинеті, Инвестициялар жөнін дегі мемлекеттік комитет жəне Еуропа Қайта құру жəне даму банкі басшылығы арасындағы жалпы кеңес нəтижелері түрткі болды. Кеңеске əртүрлі халықаралық компаниялар басшыларын шақыру жөнінде ұйғарым жасалды. Міне, содан бері

Кеңестің 25 отырысы өткен екен. Осы ара лық та оның құрамы айтарлықтай кеңейді. Мен мұны заңды үде ріс деп есептеймін. Бұл бір жағынан алғанда, халықаралық бизнес-қауымдастықтың тарапынан Қазақстанға деген ын таықыластың арта түскендігін біл діреді. Оның үстіне осы аралықта біздің елімізге келіп жатқан шетелдік инвестициялар көлемі де айта қаларлықтай дəрежеде өсе түсті, – деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Елбасы өз

сөзінде отырысқа қатысушыларға кеңес құрамына жаңадан қосылған мүшелерді таныстырып өтті. Мұнан кейін сөз кезегін Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті сэр Сума Чакрабарти мырзаға берді. С.Чакрабарти Елбасына алғысын айтып, инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру ісінде қаржы саласындағы персоналдардың білім-білігі мен тəжірибесіне үлкен мəн беру керектігін айтты. (Соңы 2-3-беттерде).

Кеѕес аясындаєы кездесу

Банк басшысын ќабылдады Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Əңгімелесу барысында Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің Қазақстан экономикасының түрлі секторындағы мемлекеттік жəне жеке меншік жобаларды жүзеге асыруға қатысуының негізгі аспектілері талқыланды. Мемлекет басшысы Еуропа Қайта құру жəне даму банкі бүгінде тиімді үнқатысу алаңына айналған Шетел инвесторлары кеңесін құруға белсене қатысқанын атап өтті.

– Кеңес отырысында инвесторларды толғандыратын барлық мəселе қарастырылады. Сонымен қатар, біз өз тілектеріміз бен ұсыныстарымызды айтамыз. Қазақстан мен Банк арасындағы екіжақты ынтымақтастық серпінді əрі табысты дамуда. Біз елімізді одан əрі дамытуға бағытталған біздің се ріктестігімізді өте жоғары ба ға лай мыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті Мемлекет басшысына кездесу үшін алғысын айтып, екіжақты ынтымақтастықтың одан əрі нығая түсетініне сенім білдірді. Еуропа Қайта құру жəне даму банкі 1991 жылы Орталық жəне Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға өтуі кезінде жобаларға қаржылық көмек көрсету үшін құрылған. Бүгінде 64 ел жəне 2 халықаралық ұйым (Еуропа одағы жəне Еуропа инвестициялық банкі) Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің мүшесі болып табылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында «Ресей Жинақбанкі» ААҚ басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстанда банк саласын дамыту мəселесі жəне Еншілес банктің біздің еліміздегі қызметінің нəтижесі қаралды. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстанда ұлттық қаржы жүйесін жетілдіру жəне нығайту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, ортақ күш салу еліміздің банктік секторының одан əрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. Герман Греф тəуелсіздік жыл дарында Қазақстанда қолай лы инвестициялық ахуал қалыптасқандығын айта келе,

банктің біздің еліміздегі қызмет аясы ұлғаятынына үміт артатынын айтты. Жинақбанкі Ресей Федерациясындағы жəне ТМД елдеріндегі ірі банк болып табылады жəне рыноктық капиталға айналдыру жөнінде əлемдегі 20 ірі банк құрамына кіреді. Банктің қызметін 100 миллионнан астам жеке тұлға жəне 1 миллионға жуық кəсіпорын пайдаланады. 2006 жылдан бері Қазақстан аумағында «Ресей Жинақбанкі» АҚ еншілес банкінің 13 филиалы жұмыс жүргізуде.

Орталық Азияның орнықты даму сарапшыларының желісі (NECDCA) жəне Экономикалық зерттеу институты Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық жəне əлеуметтік комиссия (UNESCAP) мен АҚШ халықаралық даму агенттігінің Орталық Азиядағы миссиясы (USAID) бірлесіп ұйымдастырған «Жасыл» өркениетке өту негіздері» атты тақырыпта панельдік сессия болып өтті. Əлемдік қоғамдастықтың «жасыл» стратегияларға қызығу шылығы жоғары болғанмен, əсіресе Рио-+20-дан кейін, қазіргі жағдайда табиғатпен үйлесімді экономикалық дамуды қамтамасыз ететін, дамудың жаңа модельдерін қалыптастыратын нақты методология мен құралдар анықталмаған. Осыған орай, аталған сессия халықаралық тəжірибені, елдің даму бағдарламаларын талқылау негізінде дамыған жəне транзиттік елдердің «жасыл» экономика мүдделеріне сай ғылыми зерттеулер мен оқу-ағарту саласын кеңейтуге байланысты ұсыныстар жасау мақсатында ұйымдастырылды. (Соңы 3-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жəне ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы

Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жəне ұлттық экономиканы дамыту мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен: 1) «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан əрі – «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ) құратын болсын; 2) «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ-тың негізгі қызметі өзіне меншік құқығымен тиесілі жəне ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың сенімгерлікпен басқаруға берілген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг деп айқындасын; 3) мыналарды: акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін, оның ішінде осы Жарлыққа 1-қосымшаға сəйкес акционерлік қоғамдарды қамтитын, акционерлік қоғамдар тізбесін бекітуді; «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының меншігіне осы Жарлыққа 2-қосымшада көрсетілген республикалық мүлікті айырбастау шарты бойынша беруді; 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін экономиканы дамытуға жəне əртараптандыруға жəрдемдесу, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту мақсатында «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің заңнамалық негізін əзірлеуді қамтамасыз етсін; 4) осы Жарлықты іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қабылдасын. 2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 мамыр. № 571 -----------------------------------Жарлыққа қосымшаларды 4-беттен оқисыздар.

Ќамтамасыз ету тапсырылды Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қуандық Уəлиханұлы Бишімбаевтың «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып сайлануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Көңіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Оклахома штатында болған жойқын торнадо салдарынан адамдардың өмірі қиылып, зардап шегуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жойқын торнадо салдарынан ондаған жанның өмірі қиылып, жүздеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. «Осындай ауыр сəтте Қазақстан халқының жəне жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын, сондай-ақ жараланғандардың тез арада сауығып кетулеріне тілектестігімді білдіремін», делінген жеделхатта.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.