23052014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№100 (28324) 23 МАМЫР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Ќытай Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ саяси кґрегендігіне тəнті Қытайдың Шанхай қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің ІV саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин осылай деді. Бұл – Қазақстан Президентіне деген зор баға, ал халқымыз үшін үлкен мақтаныш деп білеміз. Иə, кеңеске мүше 11 елдің мемлекет басшылары, жалпы 26 мүше, 7 байқаушы мемлекет, 4 халықаралық ұйым өкілдері, тіпті, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның өзі арнайы қатысқан ауқымды халықаралық жиында жалпақ əлемге жарияланған Елбасы туралы бұл пікір шараға қатысқан журналистерді ғана емес, ақпарат құралдары арқылы хабардар болып отырған барлық қазақстандықтарды мақтанышқа бөлегені анық. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«АӨСШК бастамашысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Біз оның үлкен саяси көрегендігі мен аймақтық қауіпсіздік пен əлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуді өзінің парызы санайтын қасиетіне тəнтіміз», деп атап өтті Қытай Төрағасы Си Цзиньпин саммитте сөйлеген сөзінде. Сондайақ, ол АӨСШК-нің даму жолы көпжақты сенімді нығайтудың өзекті мəселелеріне, Азия елдерінің талаптарына жауап бере ті нін көрсетіп отырғанын айтты. «Мұндай жетістіктер бұл іске мұрындық болған Қазақстан мен қазіргі төрағалық етуші ел – Түркияның ауқымды үлесінсіз жүзеге аспас еді», деп бір қосты. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин атап өткендей, Азиядағы өзара ісқимыл жəне сенім шаралары кеңесін құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Ал бұл бастама бүгінде өз өміршеңдігін дəлелдеп, Азия елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ, ауқымды ұйымға ұласты. Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іргелі халықаралық үнқатысу алаңына айналды. Яғни, қашанда жақсы бастаманың жаршысы болып жүретін Қазақстан Президенті саяси көрегендігін осылайша тағы бір дəлелдеді. Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары кеңесінің ІV

саммитінде сөйлеген сөзінде де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің парасаттылығын көрсетіп, бастамашыл бағыттағы бірқатар тың идеяларымен бөлісті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаңа қауіптер мен сынқатерлердің пайда болуына байланысты əлемдік құрылымдағы кейінгі кездері байқалып отырған түбегейлі өзгерістерге назар аударды. Бұл ретте əскерисаяси саладағы сенім шаралары тұжырымдамасын қабылдау əлі де маңызды деп санайтынын ашық айтты. Осыған орай Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті сондай-ақ, ядролық қарусыз бейбітшілікке қол жеткізу жөнінде де ойын ортаға салды. Сонымен бірге, бейбіт атом энергетикасын дамыту кедейшілікті, жұмыссыздықты, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелерін шешу үшін маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту АӨСШК қызметінің негізгі бағытының бірі екеніне басымдық берді. Бұл ретте азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең өзекті мəселенің бірі болып отырғанын, ол үшін өңірдің барлық мемлекетінің кешенді күш-жігері қажеттігін, соның ішінде, АӨСШК желісі бойынша азық-түлік өндірісіне байланысты нақты тетіктерді əзірлеу керектігін тілге тиек етті. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының инфрақұрылымдық қорын құру идеясы аса маңызды

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

23 мамырда Мемлекет басшысы VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференцияның жұмысына қатысады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесу өткізеді.

Мемлекет мерейі

Дэниел ЕРГИН:

Бўл Ќазаќстан барєан сайын їлкен рґл ойнайтын тарих болмаќ Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

мəнге ие екенін ескере отырып, Қазақстан Азия құрлығының дəл орталығында орналасқандықтан, Жібек жолы жобасының штабпəтерін Алматыға көшіру туралы ұсыныс жасады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы кез келген елдің интеграциялық таңдауы халықтың əл-ауқаты мəселесі екенін айтып, экономикалық интеграция үрдістерінің маңыздылығын да ұмыт қалдырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде АӨСШК арқауында Азиядағы қауіпсіздік жəне даму жөніндегі ұйым құру қажеттігіне сенімді екенін білдірді. «Ол ЕҚЫҰға сындарлы бəсекелес болуы тиіс. Өзара ынтымақтастық пен өзара түсіністік болмайынша, шығыс дəстүрлері мен құндылықтарын ескермейінше, Батыс Шығыстан тысқары, орнықты дами алмайды», деді Қазақстан басшысы. Ең бастысы достықтың негізі болып саналатын өзара сенім болашақ халықаралық ұйымның негізгі ұстынының біріне айналуы тиіс екенін баса айтты.

Міне, осы жəне басқа да маңызды мəселелерді талқыға салған Қазақстан Президентінің халықаралық ұйым алдындағы бөлекше беделі IV саммитте айрықша аталғаны жайында кешегі мақаламызда да жазған болатынбыз. Ал 2010 жылы Түркияда өткен ІІІ саммитте де Қазақстан Президентіне қатысты парасатты пікірлер айтылғанын саясаткерлер əлі ұмытқан жоқ. Сөз орайында солардың кейбіріне тоқ талайық. Мəселен, Түркия Президенті Абдулла Гүл: «1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰның Азиядағы баламасы ретінде АӨСШК ұйымын құру идеясын ұсынды. Бұл жаһандық ауқымдағы тарихи оқиға болды. АӨСШК табысты дамып келеді. Мұның басты қағидаты ынтымақтастық негізіндегі қауіпсіздік болып табылатын АӨСШК үдерісінің маңызын көрсетеді» десе, Ресей Президенті (ол кезде ПремьерМинистр) Владимир Путин: «АӨСШК-нің беделі көп жағдайда

осы форумды құру бастамашысы болып табылатын Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында айтарлықтай артқанын атап өтпей тұра алмаймын», деді. Ал Ауғанстан Президенті Хамид Карзай: «АӨСШК Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығының арқасында дүниеге келді. Оның көп жылғы күш-жігерінің нəтижесінде АӨСШК күрт өсті», деген лебізін білдірсе, Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев: «Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа АӨСШКні маңызды халықаралық форум ретінде трансформациялаған күш-жігері үшін ризашылығымды білдіргім келеді. АӨСШК-нің болашағы зор», дегені бар. Міне, осындай орнықты ой-пікірлер мен жүрекжарды сөздерді ескере отырып, Қазақстан Президентінің саяси көрегендігіне көпшілік елдің тəнті екеніне тағы бір көзіміз жетті. Мерейіміз арта түсті.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Астана экономикалық форумы: 2-ші күн

Жаћандыќ ќаржы жїйесі: даєдарыс тудырєан дəрменсіздік Елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумы кешегі күні одан əрі жалғасты. Бұл күні де осы халықаралық деңгейдегі ірі басқосу аясында бірқатар конференциялар мен форумдар жəне сессиялар болып өтті. Солардың маңызды бірі «Əлемдік экономика болашағы: қаржылық жаһандану немесе қаржылық бөлшектену» атты сессия отырысы болды. Оның жұмысына аттары əлемге танымал қаржыгерлер мен саяси қайраткерлер қатысты. Сессия жұмысын Бреттон-Вудсты жаңғырту жөніндегі комитетінің атқарушы директоры Марк Узан жүргізіп отырды.

Кґкшетау «КамАЗ»-ына сўраныс жоєары 5-бет Даладай дара дарын 6-бет Азия мен Еуропаныѕ алтын кґпірі 11-бет «КАDEX – 2014» кґрмесі ашылды 14-бет

Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Форумның күн тақырыбында келтірілгеніндей, халықаралық қаржы жүйесі болашақта бірбіріне қайшы екі бағытта дамуы мүмкін. Оның біріншісі – үлкен интеграциялану бағыты

болса, екіншісі сегменттелу немесе өзара тұйықталу бағыты болмақ. Үлкен интеграциялануға бағытталатын бірінші жол неғұрлым пайдалы болып табылады, бірақ сонымен бірге, үлкен міндеттемелерді қажет етеді. Бұл интеграциялану түрінің тағы бір артықшылығы капиталды бөлудегі тиімділіктің көтерілуімен қатар елдер арасындағы

əркелкі дамушылық көрінісі азая түспек. Ал сегменттелу жолы дамудың мүлдем қарапайымдалу көрінісі ретінде қарастырылады. Осындай қауіп-қатер халықаралық қаржы жүйесінде, əсіресе, оның банк секторында қазірдің өзінде көрініс беруде. Əзірге, сегменттелу үдерісі əлем дік дамуға өз көлеңкесін тигізе бастайтындығына қанша уақыт кететіндігі түсініксіз қалпында қалып отыр. Аталған басқосуда сөз алған ғалымдар мен қаржыгерлер осы мəселе төңірегінде ой өрбітті. (Соңы 2-бетте).

«Бізге дəстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бəсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық əлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру жəне көмірсутектерді өңдеудің жаңа тəжірибелері керек» – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы бұл сөздер осы саладағы озық ой иелерінен үйренуге де үндейді. Олардың бірі – Астана экономикалық форумына қадірлі қонақ ретінде келген АҚШ энергетика министрінің консультациялық кеңесінің мүшесі, Энергетика саласындағы стратегиялық зерттеулер жөніндегі арнаулы комиссияның төрағасы Дэниел Ергин. Алдыңғы күні форум аясында оның əлемге əйгілі «Қазына. Мұнай, ақша жəне билік үшін күрестің бүкілəлемдік тарихы» атты кітабының қазақ тіліндегі тұсаукесері өткізілді. Кітап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының демеушілік қолдауымен, «Альбина Паблишер» баспасының қолғабысымен «Раритет» баспа компаниясынан жарық көрген. Əдетте экономикалық əдебиетті тек сол саланың мамандары оқиды, бұл тақырыпқа тек сол саланың мамандарының ғана тісі батады деп саналады. Ал «Қазына» кітабын қолға алсаңыз, мұнайды маңайлап көрмеген адам болсаңыз да, соншама қалыңдығына (орысша нұсқасының көлемі тұп-тура 944 бет) қарамастан, бір тараудан бір тарауға жеткенше асығып отырасыз. Автор көз алдыңызға Джордж Биссел Батыс Пенсильванияның мұнайлы аудандарын аралаған 1853 жылдан, полковник Дрейк Тайтусвильде алғашқы мұнай ұңғысын іске қосқан 1859 жылдан бастап, АҚШ-та мұнайдың бағасы 1 баррельге 147,27 доллардан асып, мұнай бағасы саяси мəселелердің ең маңыздысына айналған 2008 жылға дейінгі қым-қуыт тарихтың кең картинасын жайып салады. Джон Рокфеллер мұнай компаниясының негізін қалап, артынша мұнайлы штаттарда соғыс ашылған сонау ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бері осы қазынаның адамзат өркениетін қандай белестерге бастағаны, əуелде шырағданға құйылатын керосин күйінде ғана пайдаланылған қоймалжың

сұйықтың Генри Форд алғашқы автокөлікті жасап шығарғаннан кейін, көп ұзамай ағайынды Райттар алғаш рет ұшақпен əуеге көтерілгеннен кейін жылдан-жылға қадірі артып, бəсі биіктей бергені, бара-бара қып-қызыл саясаттың құралына айналғаны, мұнай үшін қырықпышақ болып қырқысу, мұнай үшін бұрын аралас-құраласы шамалы елдердің өзінің бас біріктіруі кəдуілгі жайға айналғаны баршаға түсінікті тілмен, тартымды баяндау мəнерімен айшықты ашылады, қазына жүрген жерде қатер қоса жүретіні де ептеп ескертіледі. Дэниел Ергин алдыңғы күнгі тұсаукесерде: «Сіздерге «Қазына» кітабын ұсыну мен үшін зор мəртебе жəне де осынау мүмкіндік үшін баршаңызға ерекше ілтипат білдіремін» дей келіп, кітаптың Қазақстанда басылуына ұйытқы болған, көп еңбек сіңірген Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке алғысын айтты. Біз сол тұсаукесер рəсімін жүргізіп отырған адам ретінде Дэниел Ергинге «Егемен Қазақстан» арқылы қазақ оқырмандарына арнау сөзін жеткізуді сұраған едік. Ол пікір газетіміздің 3-ші бетінде жарияланып отыр. Мына жайды ескертейік: Дэниел Ергин: «Таяу келешекте Қазақстан дүние жүзіндегі аса ірі мұнай өндіруші он елдің бірі болатынына күмəн жоқ» деп нақты айтқан. Оны аз десеңіз, таяу болашақтағы адамзат тарихы Қазақстан барған сайын үлкен рөл ойнайтын тарих болады деген сенім білдірген. Бұл – үлкен баға, біз үшін құнды болжам. Дүние дидарындағы ең беделді басылымдар «Тарихты жəне мұнай саясатын керемет талдау», «Мұнай тарихы жөніндегі үздік жұмыс» деп бағалаған, «Егер сіз біздің əлемді не қозғап тұрғанын шын мəнінде білгіңіз келсе, Ергиннің мұнай өнеркəсібі тарихын айналып өте алмайсыз» деп ескерткен, 18 тілге аударылып, əлемдік бестселлерге айналған «Қазына» сынды кітап авторының, қысқасы мұнайдың жілігін шағып, майын ішкен дейтіндей аузы дуалы азаматтың айтқаны келсін дей отырып, біз өз тарапымыздан газет оқырмандары мол мұнай қорының арқасында қолымызға қандайлық қымбат қазына тигенін, оны ретімен, жөнімен, ақылмен пайдалану нарықтың ғана емес, парықтың да сынағы екенін терең түсінсе деген тілек қосамыз.

Бас ўйым ґкілімен сўхбат ќўрды Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана экономикалық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Тимор жөніндегі Арнаулы кеңесшісі Ноэлин Хейзермен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара іс-қимылының ауқымды мəселелері, оның ішінде БҰҰ-ның Мыңжылдықтардың даму мақсаттарына қол жеткізуі, орнықты даму, ЭКСПО-2017 жəне 2015 жылы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу секілді тақырыптар талқыланды. Қ.Тоқаев БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған Эко номикалық жəне əлеуметтік ко миссиясының Атқарушы хатшысы ретінде Қазақстанмен табысты ынтымақтастығы үшін

Н.Хейзерге ризашылық білдірді. Сол күні Қ.Тоқаев ЮНКТАД/ ДСҰ Халықаралық сауда орталығының Атқарушы директоры Аранча Гонсалеспен кездесті. Ол Қазақстандағы шағын жəне орта бизнестің халықаралық бəсекеге қабілеттілігін арттыруға Орталықтың жəрдемдесу ниеті туралы хабардар етті. Оның пікірінше, Қазақстан экономикасы табысты дамып келеді жəне атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жəне қызмет көрсету секторын дамыту арқылы одан əрі əртараптандыруда

тамаша мүмкіндіктерге ие. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың экономикалық дамуды ынталандыру туралы бастамасы, оның ішін де шағын жəне орта бизнесті, инфрақұрылымды жəне басқа да маңызды бағыттарды дамыту үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетіні жайында айтты. Палата басшысы атап өткендей, алдағы уақытта капиталға рақымшылық жасау, сондай-ақ, бірқатар басқа да заңдарды қабылдау Қазақстандағы экономикалық реформаларға серпін береді. Қ.Тоқаев Қазақстанның Халықаралық сауда орталығымен ж емісті ынтымақтастығына, атап айтқанда, Орталықтың ЭКСПО-2017 халықаралық көр ме сі не əзір лігі мен өткізуге қатысатынына сенім білдірді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.