23052015

Page 1

Кеше Астананың Тәуелсіздік сарайында VІІІ Астана экономикалық форумының пленарлық отырысы болды. Оның жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

№95 (28573) 23 МАМЫР Сенбі 2015 ЖЫЛ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҚҚА 100 ҚАДАМЫ Астана экономикалық форумының қонақтары Елбасы реформасына осындай баға берді Пленарлық отырыс басталмас бұрын алдымен форумның басты қонақтарымен суретке түсу рәсімі болып өтті. Мұнан кейін залға кірген Қазақстан Мемлекетінің басшысын жиналғандар қол шапалақтап қарсы алды. Пленарлық отырыстың мәжілісіне Бас бизнес тілші, әлемге танымал BBC телеарнасының Talking Business бағ­ дар­ламасының жүргізушісі Линда Юэ ханым модераторлық етті. Отырысты жүр­гізуші өз сөзін Қазақстанда сегізін­ші рет өтіп отырған халықаралық деңгей­дегі бұл маңызды шараның жақсы ұйымдас­ ты­рылғандығынан бастап, осы үшін ел бас­шылығына форум қонақтары атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар, Нұр­ сұл­тан На­зарбаевты жуықта елімізде өт­к ен сай­л аудағы үлкен жеңісімен құттық­тап, мұ­нан кейінгі қызметіне та­ быс тіледі. Біз бүгін халықаралық қауым­д ас­ тық­тың алдында тұрған келелі мәселені талқыламақпыз. Негізгі назарды экономи­ ка мен қаржы саласындағы қиындықтарға, көліктік инфрақұрылымдарды дамыту мәселесіне, осы салаға инвестиция тар­ ту жолдарына аудармақпыз. Аталған мақсатта Қазақстан қазір Мемлекет бас­ шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ машылығымен үлкен істерді қолға алды. Сонымен қатар, бұл елде мемлекеттік құрылыстың келелі мәселелерін кең ауқымды қамтитын реформалар тізбегі қолға алынып, оны жүргізу жолдары айқындалды. Осыған орай жиындағы басты сөз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне құрметпен беріледі, деді модератор. Мінберге көтерілген Елбасы сөзінің басында Астана экономикалық фо­ румына қатысуға келген жетекші саясаткерлерді, экономистерді, іскерлік, ғылыми қауымдастық пен халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Қазақстанға келген сапарларымен құттықтап, форум жұмысына сәттілік тіледі. Содан кейін

негізгі айтар ойларын баяндауға кірісті. Астана экономикалық форумы 2008 жылғы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысқа жауап шараларын ың бірі ретінде құрылған болатын. Ол

дағдарыстың әлемдік экономиканың 80 пайызын қамтығандығы белгілі. Мі­н е, содан бергі аралықтағы жеті жыл уақытта әлемдік экономика өзінің бұ­р ынғы қарқынына ие болатындай

Нұрсұлтан Назарбаев:

«Астана форумы әлемдік экономиканың дамуына үлес қосады деп үміттенемін» Елбасы Нұрсұлтан На­ зарбаев Нобель сыйлы­ғ ы­ ның лауреаттарымен, халық­ аралық ұйымдар мен даму институттарының басшы­ лығымен, VIII Астана эконо­ микалық форумына қаты­ суға келген компаниялар же­т екшілерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысымен кез­ десуге Нобель сыйлығының лау­ реттары Ф.-Э.Кидланд, Э.Мас­ кин, Дж.Смут, Т.Карман, сон­ дай-ақ, француз экономисі Ж.Ат­ тали, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы­ның бас директоры Ж.-Г.Да Силь­ ва, БҰҰДБ әкімшісі Х.Кларк, ЭЫДҰ Сыртқы байланыс жө­ н і н ­д е г і д и р е к т о р а т ы н ы ң басшы­с ы М.Бонтури, ЕҚДБ

ви­це-президенті Б.Нельсон, АДБ ви­це-президенті Ч.Вэнчай және Mc­KinseyGlobalInstitute директо­ ры Р.Доббс қатысты. Әңгіме барысында ин­­фра­­құ­ ры­лым­дық және ин­дус­триялық-

инновациялық дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан Қазақ­с танның қа­былдап жатқан шара­лары тал­ қыланды.

Елбасы қабылдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцманды, басқарма төрағасы Мағжан Әуезовті және директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында елдің банк жүйесін одан әрі дамыту келешегі, сондай-ақ, шағын және орта бизнеске «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, банктің дирек­ торлар кеңесінің құрамындағы соңғы өзгерістерге орай елдің ірі инновациялық қаржы институтын құру жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттің жүзеге асырылу барысы қаралды.

(Соңы 5-бетте).

қалыпқа түсе алмай келеді. Оның ірге­ лі проблемалары шешусіз күйінде сақталып қалды. Солардың қатарында жоғары деңгейдегі жұмыссыздық пен бо­рыштың артуы секілді мәселелер бар.

Қазіргі күні көптеген сарапшылар жағ­ дайдың ептеп те болса қалыпқа түсіп келе жатқандығын айтады. Бірақ өсу белгілері бытыраңқылық күйінде қалып отыр. Көптеген елдер сол дағдарыстың

сал­д арларынан әлі де еңсе тіктеген жоқ. Ал енді бір сарапшылар 2008 жыл­ғы жаһандық дағдарыс мейлінше тоқы­раушылық сипатқа ие болды. Ол өзінің түбегейлі себептерін – қазіргі терең үйлесімсіздікті тудырып отырған себептерді еңсермей оңалмайды деп есеп­теуде, дей келе осы мәселелерге кеңі­нен тоқталып өтті. Бірінші кезекте ойландыратын нәрсе – валюталық және сауда рыноктарын­ да орын алып отырған жағдайлар. Са­ рапшылардың мәлімдеуінше, қазіргі күні көпшілік қауым құбылмалы құбылыс деп қабылдап отырған жағдай шын мәніне келгенде жаһандық дағдарыстың келесі кезеңінің жасырын, беймәлім форма­ лары болып табылады. Қазірдің өзінде ол қаржы саласынан әлем елдерін дүр сілкіндіріп отырған заңсыз санкция­ лар және әлеуметтік-саяси соғыстар түріндегі валюталық, экономикалық ки­кіл­жіңдерге өте бастады. Міне, осы жағдай­дың өзі Батыс пен Шығыстың, Ресей мен Қытайға қарсы АҚШ пен НАТО-ның қарама-қайшылық көңіл-күй­ лерін өрістетуде. Ал егер таяудағы уақытта жаһандық дағдарыс өзінің қазіргі белгісіздік, бей­мә­ лімдік фазасынан терең тоқырау түріндегі ашық кейпіне шықса не болмақ? Бұған жауапты экономикалық ғылым, әлемдік ғылыми ой иелері бере алар еді. Міне, біз осы үшін жылма-жыл форумдар, соның ішінде, Астана экономикалық форумын өткізіп келеміз. Біз әлемдік ғылыми ойдың үздік өкілдерімен бірлесе отырып, біздің елдеріміз бен халықтарымызды болуы мүмкін қатерлі апаттан сақтап қалудың жолдарын табуға міндеттіміз. Осындай жауапты іздестіру жолда­ рын кеңейту үшін біз G-Global әлемдік сараптамалық-талдау жүйесін құрдық. Шамасы мұның өзі де жеткіліксіз секілді, деді Елбасы жиналғандарға қарата. (Жалғасы 2-3-беттерде).

Құрылыс алаңдарында болды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көп­ функциялы «Талан Тауэр» және «Әбу-Даби Плаза» кешендерінің құры­л ыс алаңдарында, сондайақ, «Жасыл орам» тұр­ ғын үй кешенінің таныс­ ты­р у бөлмесінде (шоурум) болды, деп хабарла­ ды Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы жүргізіліп жат­ қан жұмыстардың бары­ сымен танысып, нысан құ­ры­ лысшыларымен әңгімелесті. «Талан Тауэр» көпфун­к ­ циялы кешені жобасына 157 орындық қонақүй, ауданы 8300 шаршы метр сауда галерея­сы, А сы­н ыпты бизнес-орталық және тұрғын жайлар кіреді. Ны­сан құрылысына 40-тан аса мер­дігерлік ұйым тартылған. Мұнда Қазақстанда бірінші рет «жасыл» технологиялар – «жасыл» шатыр, энергия тұрғы­сынан тиімді лифтілер, энер­г ия сақтаушы әйнектер, жаң­быр суын қайта пайдала­ ну қон­дырғысы қол­данылады, паркинг және электромобиль­ дерге арналған зарядтаушы станса­лар, арнаулы орындар, велоси­п ед­ш ілерге арналған киім шешетін және жуынатын орындар болады. «Әбу-Даби Плаза» кешені – түрлі мақсаттағы блоктардан құ­ралған көпфункциялы зәулім ғимарат. Атап айтқанда, оған кеңселер, қонақүй және тұрғын үй кешені кіреді. Құрылыстың жал­пы ауданы – 500 мың шар­ шы метр. «Жасыл орам» кешені жобасы энергия сақтаудың жаңа технологияларына не­­ гіз­делген. 20 гектардан астам

ау­м ақта көп­қ абатты үйлер, к е ң с е ғ и м а р а т т­ а р ы , п а р ­ кинг, сон­дай-ақ, субтро­пика­ лық микро­к лиматы, экзоти­ калық дендро­саябағы бар ша­ ғын көл, биокүмбезді мәде­ ни және әлеумет­т ік инфра­ құ­р ылым нысан­д арын салу жоспарланған. Мұнда суарылмайтын ланд­ шафт жүйесі, «қалдық суды» ком­мер­циялық ғимараттарда қайта пайдалану, қоқысты орталық­т ан­д ырылған жинау жүйесі, «ақылды» автотұрақ жүйесі, велокөліктерді қоюға арналған орындар, елдегі элек­ трмен зарядтайтын алғашқы то­лыққанды станса қарас­ты­ рылған.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.