Бїгінгі нґмірде:
№116 (28594) 23 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Халќыныѕ баєына біткен перзент 3-бет Єасырлыќ меже 4-бет Ќазаќ хандыєыныѕ бастаулары мен тарихи дəуірі 5-бет Кейіпкерінен шындыќ іздейтін актер 8-бет
Дїниежїзілік сауда ўйымына кіру жґніндегі келіссґздердіѕ аяќталуына байланысты Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтыѕ Ќазаќстан халќына
ЇНДЕУІ
Құрметті қазақстандықтар! Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кəсіп орын дарымыздың шетел нарықтарына шы ғуын қамтамасыз етеді. Ал тұтыну шы лар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 пайызы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нəтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің Үкімет жəне сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік. ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның
жеңісі. Бұл – еліміздің жаһан дық эконо миканың бөлінбес бөлше гі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуы мыздың символдық мəні бар. Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Біртұтас кедендік жəне экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда əлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бəсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелдерден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кəсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бəсекеге сай болу керек. ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дəлелдеу қажет болады. Бұл Қазақстанның қолынан келеді жəне біз əлемнің озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз деп кəміл сенемін.
Телефон арќылы сґйлесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Əңгімелесу барысында П.Порошенко қол жеткізілген бұрынғы уағдаластықтарға сəйкес Украина Қазақстанның ДСҰға кіру үдерісін қолдағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдауы үшін Украина
Президентіне ризашылық білдірді. Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелеріне қатысты пікір алмасып, алдағы уақытта өтетін Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастық
Кїн тəртібі ќаралды Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты бюросының отырысында палатаның 25 маусымда болатын кезекті жалпы отырысының күн тəртібі қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенаторлар бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялауды жоспарлады. Атап айтқанда, олар Каспий теңізінің түбін Қазақстан мен Түрікменстан арасында бөлу туралы келісімді, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы үкіметаралық келісімді, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері инженерлік əскерлерінің гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау жəне ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы құжаттар болатын.
Депутаттар отырыста Азаматтық процестік кодексінің жобасын жəне заңнамаға азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша түзетулер енгізу туралы ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Сондай-ақ, бірқатар заңнамалық актілерге меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттеме лерді қорғауды кепілдендіру жəне оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мəселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарауды жоспарлады. Одан басқа, заңнамаға мақта саласын дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым) жəне «Өсімдіктер карантині тура лы» заңға өзгерістер мен
мəселелері жөніндегі бірлескен мемлекетаралық комиссия отырысында жемісті нəтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенетіндерін айтты. Қазақстан мен Украина президенттері П.Порошенконың Астанаға жасайтын алдағы сапарын да талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.
толық ты рулар енгізу туралы заң жобалары сенаторлардың қарауына ұсынылады. Бас комитеттердің төрағалары заң жобаларының Сенат отырысына дайындығы туралы баяндады. Бюро мүшелері Сенаттың 2015 жылға арналған Негізгі іс-шараларының жоспарына өзгерістерді де бекітті. Атап айтқанда, палата Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы «Қорғас» автомобиль өткізу бекетінде ветеринарлық-санитарлық бақылау жəне Қорғас өзеніндегі «Достық» су жүйесін бірлесе пайдалану жөніндегі мəселелерді талқылау үшін Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің биылғы IV тоқсанда Алматы облысына көшпелі отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Бюро отырысында Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің атынан депутат Елеусін Сағындықовқа «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалін табыс етті.
Жол – тіршілік тамыры «Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы саланы модернизациялау жүзеге асырылуда. Бұл 2020 жылға қарай жүк айналымын 1,6 есе жəне транзиттік жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».
Айтар болсақ, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде автожол саласында 11 жобаны іске асыру көзделген. Ал автожолдар саласындағы инфрақұрылымдық
Қазақстан Сенатының басшысы еліміздің қазіргі кездегі дамуы жəне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық
реформасын іске асыру жоспары туралы айтты. Ол Еуразиялық экономикалық одақ жəне Латын Америкасындағы интеграциялық бірлестіктер қызметі тұрғысында Қазақстан мен Мексика сауда-экономикалық ынты мақтастығының жаңа мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға шақырды. Қ.Тоқаев мексикалық компанияларды Астанада өтетін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды. Г.Куэвас Мексиканың Қазақстанмен жан-жақты қатынастарды дамытуға зор мəн беретінін, оған биыл Астанада Мексика елшілігінің ашылатыны дəлел болатынын
іске асыру жалғастырылуда екендігінен хабардар ете отырып, ол құрылысы жүргізіле бас таған жобаларды атап өтті. Олардың қатарына «Орталық – Оңтүстік» (Астана – Алматы), «Ор талық – Шығыс» (Астана – Өскемен), «Орталық – Шығыс» (Ас танаАқтөбе – Атырау – Ақтау), Алматы – Өскемен, Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда жəне Атырау – Астрахань кіреді. (Соңы 2-бетте).
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Заңы
Ќазаќстан Республикасы мен Румыния арасындаєы адамдарды ўстап беру туралы шартты ратификациялау туралы
Ќазаќстан Республикасы мен Румыния арасындаєы сотталєан адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы
2014 жылғы 14 қарашада Бухарестте жасалған Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификациялансын.
2014 жылғы 14 қарашада Бухарестте жасалған Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 22 маусым. №323-V ҚРЗ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 22 маусым. №324-V ҚРЗ
Комиссияныѕ кезекті отырысы Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Комиссия отырысын аша отырып, Гүлшара Əбдіқалықова «Болашақ» стипендия сының елді институттық реформалау үдерісіндегі айрықша рөлін айта келе, болашақтықтардың əлеуетін Мемлекет басшысының
Оймақтай ой
Ақыл мен мінез – екі нəрсе. Жұрт екеуінің қайсысын артық бағалайтыны – уақытына қарай. Ғабит МҮСІРЕПОВ.
Мексикалыќ сенатормен əѕгіме Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мексика Сенаты халықаралық Байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Габриэла Куэвас Барронды қабылдады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, мексикалық сенатордың сапары Қазақстан мен Мексика арасындағы парламенттік үнқатысудың басталғанын көрсетеді.
жобалар бойынша 2020 жылға қарай жалпы құны 2,4 трлн.теңге құрайтын 7 мың шақырымнан астам жол қайта жаңғыртылатын жəне салынатын болса, оның 1 трлн.теңгесі халықаралық қаржы институттарының займдары екендігін атап өту қажет», – деді
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында Инвестиция жəне даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев. Оның айтуы бойынша, «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде аралас салаларды қоса алғанда барлық автожол жобалары бойынша жұмысқа 200 мың адамды жұмылдыру көзделген. Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасын
атап өтті. Ол екіжақты жəне халықаралық парламенттік форумдар аясындағы парламентаралық байланыстарды нығайту жайында да айтты. Өзінің Қазақстанға сапарынан алған əсері туралы айта келіп, мейман аймақтық дамудағы біздің еліміздің маңызды рөліне тоқталды, сондай-ақ, əйелдердің қоғамдық өмірге қатысуы жоғары деңгейде екеніне назар аударды. Жүздесушілер, сонымен қатар, терроризм мен есірткі тасымалына қарсы іс-қимыл мəселелері туралы да пікір алмасты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
«бес институттық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындауға барынша тарту қажеттігін атап өтті. Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов «Болашақ» ха лықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған да му жоспарының жобасын
ұсынды. Жоспардың мақсаты эко номиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімдігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатыны жеткізілді. Комиссия мүшелері «Бо лашақ» бағдарламасы бойын ша Split PhD іске асыру тұжырымдамасын мақұлдады. Тұжырымдама Қазақстанның Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде елдегі жоғары оқу орындарында ғылыми кадрлар даярлаудың жаңа жүйесін енгізуді көздейді. Комиссия отырысында алдын ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау мəселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Гүлшара Əбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі рес публикалық комиссияның жұмысын одан əрі ұйымдастыру аясында бірқатар тапсырмалар берді. Отырысқа аталған комиссияның мүшелері қатысты.
Еркін елдің ертеңі
Астана. Алтын белгі. Алаулаєан армандар Өткен сенбіде «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда Астана қаласының əкімі Əділбек Жақсыбеков Ұлттық бірыңғай тестілеудің нəтижесі бойынша өз білімдерін дəлелдеген елорда түлектеріне «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Дəстүрлі Алтын белгі төсбелгілерін табыстау рəсіміне Қазақстан Республикасы Пар ламентінің депутаттары, қалалық мəс лихат депутаттары, Білім жəне ғылым министрлігінің өкіл дері қатысты. Əкім мектеп бі ті ру шілерді үлкен өмір сапарына бастаған атаулы күнмен жəне білімдерін растайтын алғашқы құжатты алулары мен құттықтады. Қала басшысы, сондай-ақ, биыл Алтын белгі иегерлерінің саны 84-тен 111
түлекке дейін өскенін атап көрсетті. Астана қаласында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 3399 тү лек қатысты. Олардың 111-і Ал тын белгі иегері атанды.
Айта кетейік, №59 орта мектептің түлегі Риана Мұстафина ҰБТ қорытындысы бойынша 125 балға қол жеткізді. (Соңы 10-бетте).