23072013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Кен орындарын кемел игеру жїріп жатыр Біздің өңірдегі «СарыБидайық» кен орнында əктас, Шəукенде құм, «Майсор» мен «Қарасор» кен орындарында да құм жетеді. Бұдан басқа «Тыңқұдық», «Құмкөл» көмір кен орындары, Екібастұзда, Қалқаманда, Ақсуда, Май ауданының аумағында кеніштер, оның ішінде «Кемертұз» кеніші бар. Екіншіден, «Павлодар өзен порты» АҚ Ертіс өзенінің мүмкіндіктерін арттыра түсуде. Жалпы, осы табиғи ресурстар қаншалықты тиімді пайдаланылуда? Кен орындарын өркендету бойынша қандай жобалар жүзеге асырылуда, жер қойнауын пайдаланушы өндірістердің жұмыс нəтижелері қандай деңгейде? «Егемен Қазақстанның» Павлодар облысындағы тілшісі Фарида Бықай облыстық табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Əлібек Несіпбековке:

– Сіз бұған не дейсіз? – Жалпы, кен орындарының жұмысын жандандыру жайы біздің басқарманың тұрақты назарында. Облыстың минералдышикізат қорын игеруді дамыту бойынша 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бүгінде өңірдегі 35 пайдалы қазбалар кен орнының 17-сі игерілуде. Олардың 12-сінде түсті кен шығарылса, қалғандарында көмір өндіріледі. Сонымен қатар, кең тараған пайдалы қазбалардың 105 нысаны тіркелген. Өткен жылы кен орындарын игеруге салынған инвестиция көлемі – 183,6 млрд. теңгені құрады. Мысалы, «Павлодар» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» АҚ жер қойнауындағы байлықты іске жарату бойынша 19 жобаны жүзеге асыруда. Бұл игілікке барлығы 17 млрд. теңге инвестиция құйылмақ. Құрылыс индустрия сы дамып, өнім алыс-жақын шетелдерге экспортталмақ. Көршілес Омбы облысының біздің өңірдің кірпішіне деген сұ ранысы артып отыр. Осы бағытта «Қарасор кен байыту комбинаты» компаниясының негізінде жылына 20-30 млн. кірпіш шығаратын зауыт іске қосылады. Жергілікті кəсіпорындар кірпіш экспорттау бойынша ресейлік компаниялармен келісімшарттар жасасуда. Ал алдағы үш жылда негізгі күш қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге ба ғытталады. Ол бойынша «Сары-Бидайық» кен орнында əктас, Шəукен ауылында құм игеру, «Майсор» мен «Қарасор» кен орындарында кварц құмын өндіру қолға алынады. Облыс аумағындағы «Тыңқұдық», «Құмкөл» көмір кен орындарында барлау жұмыстары жүргізіледі. Екібастұзда, Қалқа манда кірпіш шығаратын өндіріс орындары ашылады. Сонымен қатар, Ақсу қаласы мен Май ауданының аумағында орналасқан «Кемертұз» кенішінен отқа төзімді материалдар шикізаты өндірілетін болады. Ертіс өзені арқылы ауыр жүк тасу тасымалдаудың өзге түрлеріне қарағанда арзан əрі тиімді. Қиыршық тасты ірі көлем де Ресейге өткізу өңір экономикасына, жергілікті өндіріс орындарына пайда əкеледі.

№175 (28114) 23 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда? «2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сəйкес толықтай жаңартуы тиіс. Бəсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді əзірлеуге тиіспіз. Бұл, əсіресе, БСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы əсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Альберт II-ге жəне оның ұлы Филиппке жоғары биліктің ресми түрде берілуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Бельгияның ұлттық мерекесі – Корольдің ант беру күнімен құттықтап, бұл күні биліктің берілуінің символдық мəні барын жəне маңызды тарихи оқиға болып саналатынын атап өтті. «Өкілеттігіңізді ұлыңызға беруіңіз Бельгия халқының есінде қалатын тарихи маңызы зор оқиға болмақ. Мен Брюссельде өткен екіжақты кездесулерді ықыласпен еске аламын. Елдеріміз арасындағы достық пен екіжақты жəне көпжақты пішіндегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі қадамдар Сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында іске асырылғаны анық», – деп атап өтілген Король Альберт II-нің

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

Теѕдесі жоќ бірегей жоба Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

атына жолданған құттықтау жеделхатында. Нұрсұлтан Назарбаев ханзада Филипптің Қазақстанға 2010 жылғы қазандағы сапарын да жылы сезіммен еске алатынын жеткізген. «Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан өзара қарымқатынастар Сіздің қолдауыңызбен алда да екі ел халықтарының игілігі үшін достық жəне өзара түсіністік рухында одан əрі дамитынына сенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы Альберт II-ге жəне Король Филиппке зор денсаулық, қызметтеріне мол табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке мен игілік тілеген.

«Егемен Қазақстан».

«Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамына қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ел экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан іргелі кəсіпорын. Акционерлік қоғам нарықтық қатынас жағдайында ырғақты жұмыс істеп қана қоймай, өндіріс тиімділігін арттырудың соны жолдарын іздестіруде. Осы бағытта үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында жаңадан салынып жатқан кəсіпорынның №4 цехын өз алдына бөлек ферроқорытпа зауыты десе де болғандай. Еліміздің индустрияландыру картасына енгізілген бұл жоба əлемде теңдесі жоқ жоғары көмірсутекті феррохром өндірісінің инновациялық технологиясын енгізумен, электр қондырғыларының, автоматтандырудың жəне тұрақты ток пештерінің жаңа жүйесін пайдаланатындығымен бағалы. Жобаны жүзеге асыру еліміздің жоғары көмірсутекті феррохромды экспорттау мүмкіндігін 16 пайызға, облыс бойынша 46 пайызға арттырады, өнімнің өзіндік құнын кемітеді деп күтілуде. Мұнда еңбек өнімділігі 3-4 есе өседі, жоғары темпе ратураның жұмысшыларға əсері анағұрлым кемиді. Қазір

 Талап жəне тəртіп

Алќабилер

арасында да ала-ќўлалыќ бар

қарастырылған қаржының басым бөлігі игерілген, жобаны пайдалануға беру биыл төртінші тоқсанға жоспарланып отыр. Жаңа зауыттың жылдық қуаты 440 мың тонна ферроқорытпа шығаруға мүмкіндік береді. Қазір құрылыс жұмыстарында 2 мың қазақстандық еңбек етуде, ал, зауыт іске қосылғанда 1 мың адам жұмыс істейтін болады. Жаңа зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылысқа Қазақстанның түкпір-түкпі рінен келген жұмысшылар жұмылдырылуда. Қазіргі таңда жаңа зауыт құрылысына Қазақстандағы ең ірі деген 28 мердігерлік ұйымдар, білікті мамандар тартылған. Солардың бірі – қазақстандық «Имсталькон»

компаниясы жаңа зауыттың төрт балқыту пешін құрастырумен айналысады. Осы жұмыста компанияның 350 адамы бір кісідей ұйымшылдықпен еңбек етуде. Компанияның Қарашығанақта, Қашағанда, Теңізде ірі жобаларды жүзеге асырған мол тəжірибесі бар. Ол жобаларда тек цехтар мен эстакадалардың металл құрастыр маларын құрастырса, енді қондырғыларды орнатумен де айналысуға тура келуде. Жоба жүзеге асырыла бастағаннан бергі екі жылда компания 27 мың тонна металл құрамаларын, 50 мың қоршау құралдарын құрастырған екен. – Қазір стандартқа жатпайтын қондырғы – газ тазарту жəне басқа қондырғыларды құрастырумен айналысудамыз. Олар осы цех

 Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Антыѕа адал бол!

Сонымен, белгіленген мезетте, яғни сағат тілі 10-ды көрсеткенде бөлім жеке құрамы Жеңіс алаңында сап түзеді.

Павлодар облысы.

АҚПАРАТТАР аєыны  Алматыда жыл басынан бері 791,6 млрд. теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметі көрсетілді. Сонымен қатар, сальдоланған қаржылық нəтиже 136,7 млрд. теңге сомасындағы табыс ретінде анықталса, пайдалылық деңгейі 10,3 пайызды құрады.  Павлодар облысында «Жұлдызды Жасыбай» атты ретро фестиваль өтті. Жылдағыша Баянауыл жерінде керуен керген өнер мерекесінде Тамара Асар, Меруерт Түсіпбаева, Рамазан Стамғазиев, Жанар Айжанова, Жанна Орынбасарова сынды эстрада жұлдыздары мен «Жігіттер», «Алашұлы», «КZ» топтары Жаяу Мұсаның, Майраның, Естайдың, Иса Байзақовтың əндерін шырқады.

Өткен сенбіде Жеңіс алаңында №5517 əскери бөлімінің биыл жазда əскер қатарына шақырылған жас сарбаздары салтанатты түрде елін, Отанын қорғауға ант қабылдады. Осы салтанатты рəсімге бөлім басшылығының арнайы шақыртуымен Алматы, Павлодар жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ат терлетіп сарбаздардың ата-аналары келді.

(Соңы 2-бетте).

 Шығыс Қазақстанның туристік нысандарында автомобиль жолдары жөнделуде. Былтыр 11 бағыт бойынша қолға алынған автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары «Таңсық бекеті - Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жолының құрылысынан басталды. Мердігерлер келесі жылы осы жолды пайдалануға бермекші.  Жазушы Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығармалар жинағы шықты. Биыл қарымды қаламгердің туғанына 70 толуына арнап шығарылған бұл кітаптың тұсаукесері Алматыда 23 шілде күні Ұлттық кітапханада өтеді.  Қостанай облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 360 млн. теңге шағын несие берілді. Бұл – 2012 жылға қарағанда, 225 млн. теңгеге артық. 2013 жылдың 1шілдесінде 173 шағын несиеге 310 млн. теңге бөлінген.

Қазіргі таңда қаржылай қолдау қоры 399 млн. теңгенің өтінімін мақұлдаған.  Археологтар Тараздағы ескі базардың орнынан көне шаһардың мəдени орталығын тапты. Екі жылдан бері жүріп жатқан жұмыстар барысында бұл жерден шыққан жəдігерлердің ХІ-ХІІ ғасырлардағы қараханидтер дəуіріне тəн екені де анықталды.  Атырауда патшабалық шабақтары су қоймаларына жіберілді. Барлығы салмағы мен бойы қажет дəрежеге жеткен 10 мың шабақ шығарылды. Тоған шаруашылығын құруға арналған жабық цикл инвестициялары 75 млн. теңгені құрайды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

үшін арнайы жасалған. Бұрын мұндайда істемегенбіз, енді осындай жаңа жобалармен жұмыс істеуге дайынбыз, – дейді №4 цехты құрастыру жобасының жетекшісі Константин Авязов. Компаниямен бұрыннан қоянқолтық жұмыс істеп жүрген мердігерлік ұйымдардың бірі «№2 Теміртау – Қазмеханомонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Біз кездескен серіктестік директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Алексей Тарасов та жаңашылдық туралы əңгімеледі. Кəсіпорынның 100-ге жуық жұмысшысы конвейер жəне портальдың тиегіш қондырғыларын құрастыруда. (Соңы 2-бетте).

Оймақтай ой Тату елге тыныштық пен тоқшылық нəсіп. КҮЛТЕГІН.

Кеѕестердіѕ бірлескен отырысы

Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жəне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті.

Бірлескен отырыста сот шешімдерін орындау жүйесін жетілдіру туралы мəселе қарастырылды. Аталған мəселе бойынша Əділет министрлігінің ақпараты тыңдалды. Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес пен Жоғары Сот Кеңесі отырысының ұсынымдары атқарушылық өндіріс мəселелері жөніндегі заңнаманы əрі қарай жетілдіру барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.

«Артық қыламын деп, тыртық қылды», деген осындайда айтылса керек. Жақында Бəйдібек ауданында бір сотқа арызданушы мəселені тез шешудің төте жолын табамын деп басы дауға қалды. Ол істі өз пайдасына шешу үшін судьяға бара бермей, пара беруді жөн санапты. Тағы мəселесін судьяның зайыбы арқылы шешпек болғанын қайтерсіз?! Қай жерде, қандай қызмет атқаратынын алдын ала біліп алып, əйелдің кабинетіне кіріп барған да, аз-кем əңгімеге тартқаннан кейін əй-шайға қарамастан конвертін тастап кеткен көрінеді. Əйел құзырлы органдарға хабарласып, бөлменің есігі мөрленіп, кейінірек тексеру барысында шынында пара ретінде тастап кеткен 50 мың теңге табылған. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл арандатушылық оқиға соттарды қатты ойлантып тастағаны рас. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Шынында елдің құқықтық сауаты, санасы əлі де жетілмей жатқанын мойындауымыз қажет. Бұл бір жағы сот ісін шапшаң жүргізуге қолбайлау болуда. Бір істе 10 куəгер болса, соларды сотқа шақырып, сөздерін тыңдау қиямет тірлік. Сот болатын күні қолдары тимей қалады. Əйтеуір, «мені сотқа шақырды» деген жауапкершілікті, көрген-білгені істі нақтылау үшін ауадай қажет екенін сезіне бермейді. Ал іс созылған сайын «бұл судья бір нəрсе дəметіп жүр» деген əңгіменің шығатыны тағы бар. Биылғы жылдың 6 айында жергілікті соттарға 2473 қылмыстық іс түсіпті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстыр ғанда 19,4 пайызға өскенін байқатады. Осыдан кейін қаралған істердің саны 14,5 пайызға, үкім шығарылған іс 23,2 пайызға артқан. Жасыратыны жоқ, көпшіліктің түсінігінде сот тек соттаумен, жаза берумен ғана айналысатын сияқты. Бұл бір жақты түсінік. Жазықсыз жандарды ақтау жағынан Оңтүстік алғашқы орында. Биылғы жылдың 6 айында жергілікті соттармен қабылданған ақтау үкімдерінің саны өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 33,3 пайызға артып, 63 тұлға сот залынан ақталып шығыпты. Былтыр осындай кеңшілікті бастан кешіргендердің саны 23 екен. Сондай-ақ, өткен жылы 6 тұлғаны заңсыз соттау фактісі орын алғандығы өкініштіақ. Сондай-ақ, биыл 450 азаматтық іс, 26268 арыз бен талап арыз түскен. Түскен талап арыздың саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,7 пайызға артқан. Осы тұста соттар жұмысының ауырлығын, жүктеменің өте көп екенін айта кету қажет. Негізі норматив бойынша əр судья ары кеткенде 28 іс қарауы тиіс. Ал, оңтүстікте халық көп болғандықтан шығар, судьялардың алды томтом папкіге толы. Мысалы, ƏлФараби ауданының əр судьясы орта есеппен 60-70 істі қарауға мəжбүр болса, Мақтааралда бұл

көрсеткіш 89-ға жетіп отыр. Сондықтан судьялардың санын көбейту ең күйіп тұрған мəселенің бірі екені анық. Əйтсе де ел ішінде соттың жұмысына көңіл толмаушылықтың көп екенін, «судьялар дөрекі, қатал, сөзіңді еркін айтуға мүмкіндік бермейді» деген əңгімелерді жиі еститінімізді жасыруға болмас. Содан болар, биыл сот жұмысын даттаған 181 шағым түсіпті, оның 53-і тікелей судьялардың өзін айыптаған. Биыл облыста қаралған 2324 қылмыстық істің 120-сы медиаторлардың қатысуымен аяқталыпты. Əйтеуір, медиация ісі енді-енді жанданып келе жатқан сияқты. Заңның осы тəртібімен биыл 112 азаматтық іс қаралыпты. Былтыр бар-жоғы 26 іс болған екен. Сот үшін ең абыройсыз үрдіс – үкімнің бұзылуы. Биыл 13 тұлғаға қатысты 11 қылмыстық іс қайта тергеуге жолданыпты. Облыстық соттың аппелляциялық сот алқасында барлығы 12 үкім, кассациялық сот алқасында 2 үкім бұзылып, 31 үкім өзгертілген. «Мұның бір себебі, алқабилердің шынайылық таныта алмауында жатыр, – дейді қылмыстық істер жөніндегі аппелляциялық сот алқасының төрағасы Бек Əметов. – Негізі алқабилерді жергілікті əкімшілік ұсынады. Бірақ, осы мəселеге биліктің салғырт қарайтынын айта кету керек. Алқабилерді таңдауға байланысты ел арасында үгітнасихат, түсіндірме жұмыстары сылбыр жүруде. Тіпті, кей адамдар алқабилер қатарына қалай өтудің қарапайым ережесін білмейді, бізден келіп сұрайды. Бұл топқа кіретін адамдар бұрын-соңды ешқандай тəртіп бұзбаған болуы керек. Тіпті, ол көлігінің жылдамдығын арттырып, жол полициясы тарапынан жазаға ұшыраған болса да жарамайды. Түсінік жұмыстарының кемшіндігінен шығар, осындай айыптарын кейбір адамдар жасырады. Сөйтіп, алқабилер қатарына өтіп алып, адам тағдырына төрелік етеді» – дейді Бек Əметов. Оңтүстік Қазақстан облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.