23072015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №138 (28616) 23 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» жобасыныѕ жарќын беттері жазылуда Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде Еуразия кеңістігі шеңберінде ықпалдасып жəне ынтымақ тасып қызмет жасап жатқан мемлекеттердің бірқатар жоғары оқу орындары арасындағы бірлескен жобалары өз нəтижесін бере бастады. Атап айтқанда, тұрақты жəне серпінді даму жөніндегі жобалық басқару бағдарламасы бойынша магистрлердің тұңғыш түлектері қоғамдық өмірге жолдама алды. Көрші мемлекеттердің əртүрлі аймақтары арасында жүйелі талдау жəне тұрақты дамуды басқару бағыттары бойынша талапкерлерді бакалавриат пен магистратураға қабылдауда жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бұл жөнінде газет тілшісіне Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті, «Дубна» мемлекеттік универ ситетінің президенті Олег Кузнецов жан-жақты əңгімелеп берді. Ресейлік ғалым, əсіресе, Қазақстанның инновациялық жəне телекоммуникациялық университеті (КазИИТУ) базасында тұрақты дамудың ғылыми мектебінің бөлімшесі құрылғанына терең ризашылық сезімін білдірді. Ол оның болашағы мен перспективасы жарқын деп есептейді. Əрине, аталған құрылым тақыр жерден тамыр тартпағаны айтпаса да түсінікті. Өйткені, Қазақстанның Орал қаласында

Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтыќ немесе сауда істері бойынша сот ќўжаттары мен соттан тыс ќўжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны ратификациялау туралы 1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция Қазақстан Республикасының мынадай мəлімдемелерімен ратификациялансын: «1) Конвенцияның 5-бабының үшінші бөлігіне сəйкес тапсыруға жататын құжаттар, егер олар қазақ жəне (немесе) орыс тілдерінде жасалса немесе көрсетілген тілдерге аудармасы қоса берілген болса ғана, қабылданады; 2) Конвенцияның 16-бабында көрсетілген мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат, егер ол сот шешім шығарған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін берілген болса, қанағаттандырылуға жатпайды.». Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 22 шілде. №338-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Жапония арасындаєы Инвестицияларды кґтермелеу жəне ќорєау туралы келісімді ратификациялау туралы

да бұған дейін де бірлескен ғылыми жобалар мен еңбектер шығарылған. Əрі құндылығы жоғары бұл материалдарға Ресей мен Қазақстанның ғылыми жəне іскерлік ортасы жоғары баға бергені де үлкен мерей. Соңғы кезде «Еуразиялық журнал: инновация, басқару, даму» мемлекетаралық журналының жарық көруі де атап айтуға тұрарлық жайт. Бұған қоса мұнда Еуразиялық экономикалық кеңістіктің

сайты да қоса орналастырылған. Сонымен бірге, қазіргі күні қазақстандық жəне ресейлік ғалымдар КазИИТУ базасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысты бірлескен ғылыми жобаларды əзірлеу үстінде. Осы орайда, тізе қоса отырып қолға алынған семинарлар мен дөңгелек үстелдер, кадрлардың мамандығы мен біліктілігін көтеру жөніндегі ортақ курстар, ғылымитəжірибелік конференциялар,

баламалы қуат көздерінің күшімен жүретін автокөліктің құрастырылуы екі ел арасындағы осы үлкен істің бастамасы деп түсінгеніміз жөн. Тақырыпқа шығарып отырғанымыздай, мұның бəрін ынтымақтастық пен ықпалдастық шеңберіндегі атқарылған қат-қабат істердің кейбір қорытындылары мен нəтижелері деп бағалағанымыз орынды.

Ќылќалам ґнеріндегі тарих сабаєы

Кеше Ұлттық музейде ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мəңгілік Ел» триптихының таныстырылымы өтті. Шараға мəдениет жəне қоғам қайраткерлері, белгілі тарихшығалымдар, өнер жанашырлары қатысты.

(Соңы 4-бетте).

Бїгінгі нґмірде:

Электр стансасы іске ќосылды

Болашақтың баспалдақтары

2-бет

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

«Шамның жарығы түбіне түспейді» дегендей Шымкентті шиырлап қонған шағын елді мекендерде Ильичтің шамы өлеусіреп жанып тұрар еді. Облыс, қала əкімдері есеп бергенде осы ауылдың тұрғындарының арыз-шағымы негізінен жарық мəселесі болатын. Айтса айтқандай, ауылдың шағын трансформаторы жекенің қолында болды. Биік қоршаумен қоршалған үйлердің кейбірінде электр қуатымен жұмыс жасайтын ша ғын кəсіпорындар бар. Ақша үнемдеу үшін электр қуатын тіке лей қосып алады. Ішіне кіре алмайсың. Олар жұмысқа кіріс кенде шағын, ескі трансформа тор тыртаңдап, күші келмей зоры ғып кете жаздайды. Үйлердегі электр жарығының қуаты пілте шамның əр жақ-бер жағында. Балалар сабақтарын оқи алмай пұшайман болады. Ай соңында кіші станса иесі ұрланған жарықты тұрғындардың мой нына жазып жіберіп, улыған-шулыған болып жатады. Осы проблема шешілді. Жақында «Нұрсəт» шағы н ау данында «Солтүстік» электр стан сасы іске қосылды. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің жаңғырту бағдарламасы бойынша пайдалануға берген кіші стансасы «Нұрсəт», «Қайтпас-1» жəне «Нұрсəт» шағын аудандарын толықтай электр қуатымен қамтамасыз етеді.

2014 жылғы 23 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне қорғау туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 22 шілде. №339-V ҚРЗ

Жақсымен жанас

4-бет

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС инженері Самитдин Нұртаев: «Электр стансасын салу кезінде отандық жəне шетелдік заманауи құрал-жабдықтар қолданылды. Негізгі құрал-жабдықтардың көлемі шағын. Бұл құрылыс жұмыстары кезінде өте ыңғайлы болды. Мұнда Кентау трансформатор зауыты өндірген қуаты 4000 ваттық 2 трансформатор бар. Ал өзімізде шығарылмайтын жабдықтар Ресей мен алыс шетелдерден əкелінді», деді. Автоматты түрде басқарылатын жаңа электр стансасы ондаған жылдарға созылған мəселені шешіп тастады. Инвестиция – игергенге игілік деген осы. Миллиардтаған қаржыға салынған электр стансасының қызығын тұрғындардан бөлек, əлеуметтік маңызға ие нысандар, шағын кəсіпорындар да көре алады.

Ұлтым, ұлысым, тынысым! 7-бет

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Шарада Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай: «Тарихтың айнасы – музей жəне оның жəдігерлері десек, бұл орайда Ұлттық музейдің жаңа құндылықпен толығып отырған бүгінгі сəті өте бір айрықша күн. Бұл – Елбасының «Мəңгілік Ел» мұрасына деген қамқорлығының арқасында жүзеге асқан идея. Мұның алдында мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламасы арқылы жақсы нəтижелерге қол жеткіздік. Оған жəне «Тарих толқынында» атты салалық бағдарламаны, Саяси қуғын-сүргін

жəне ашаршылық құрбандарын еске алу, Халық тұтастығы мен ұлт тарихы, Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылдарын қоссақ, ел тарихының қашанда маңызды саналғанын аңғару қиын соқпайды. Хандық дəуірдегі ерекше оқиғалар мен құндылықтар айшықталып, Елбасы бейнесімен түйінделген мынадай ірі қылқалам туындысын осыған қосылған толайым үлес деуге толық негіз бар. Бұл туындылар біздің елдігіміздің мəңгілік екендігінің көркемдік көрінісі. Жəне де оның Ұлттық музейдің төрінен орын алуы біз үшін үлкен мақтаныш. (Соңы 3-бетте).

 Ауыл – алтын бесік

 Қазақстанның Даму банкі арқылы құны 31,5 млрд. теңгені құрайтын 35 жоба қаржыландырылды. Ол жұмыстар өңдеу өнеркəсібіне мемлекеттік қолдау көрсету аясында жүзеге асуда. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мəлімдеді.  Астанада осы жылдың алғашқы бес айында халық саны 9 мыңға артты. Қала əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның жартысынан көбі (4 621) Есіл ауданына қоныстанған. Сəйкесінше, Сарыарқа ауданы – 3 463, ал Алматы ауданы 1 002 адамға көбейген. Бүгінде елорда халқының саны 861 968 адамды құрайды.  Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО мерей тойларының тізіміне енді. Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, археолог Карл Байпақовтың айтуынша, Алматының осынша жылдық тарихы бар. Қала əкімдігі 2016 жылы бұл датаны кең көлемде атап өтпекші.  Оңтүстік Қазақстанда балық өсіргісі келген шаруаларға жеңілдетілген пайызбен несие берілуде. Облыс əкімдігі баспасөз қызметінің мəлімдеуінше, бүгінде бұл бастаманың игілігін Түлкібас ауданындағы фермерлер көруде. Қазіргі таңда осы ауданда 33 тонна форель мен 18 тонна бекіре балығын өсіріп отырған 10 бассейн жұмыс істейді.  Қызылордада ферроқорытпа зауытының жобасы ма құлданды. Облыс əкімінің орынбасары Ғалым Əміреевтің хабарлауынша, кəсіпорынның қуаттылығы жылына 162 мың тонна төмен алюминийлі ферросилиций шығаруға жетеді. Зауыт толық іске қосылған кезде 700 адам жұмыспен қамтылады.  Жамбыл облысында 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласына 8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан дерекке сүйенсек, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есеге көп. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, бір ғана Жуалы ауданында 13 жоба жұмысын бастаған.  Қарағанды облысында іске қосылған құрғақ бие сүтін шығаратын зауыт тамыз айында алғашқы өнімін өндіреді. Кəсіпорын директоры Ғалымжан Мейрамбековтің сөзіне қарағанда, қазіргі күні зауытқа 500 бие əкелінген. Бастапқы жоба бойынша зауытта жылына 15 мың тонна құрғақ бие сүтін өндіру жоспарлануда.  Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері жеке тұрғын үй құрылысы үшін 16 333 жер телімі берілді. Жалпы, қаңтар-маусым айларында өңір тұрғындарынан 20 606 өтініш келіп түскен. Өскемен қаласында тіркелген 10 974 өтініштің 571-і ғана қанағаттандырылды.  Солтүстік Қазақстанда білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 461 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыстық білім басқармасының басшысы Владимир Ткаченко «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 468,1 млн. теңгеге 24 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланғанын айтты. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

ШЫМКЕНТ.

 Білім. Бағдарлама. Білік

Кешенді тест нəтижесі елдегі білім ісіне сын болєалы тўр Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Отанымызда кешенді тестілеу өткізудің бекітілген кестесіне сəйкес ағымдағы жылдың 18 шілдесінен бері сынақ өткізілу үстінде. Жоғары білім алуға талпынғандардың саны 81295 болса, оның 56747-сі қазақ тілінде, 24548-і орыс тілінде өтініш бергендер екен. Кешенді тестілеуге кімдер қатысады дегенге келетін болсақ, жалпы орта білімді, яғни 11-сыныпты аяқтағаннан кейін техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарына түсіп, соны бітіргендер мен 9-сыныпты аяқтаған соң кəсіптік-техникалық білім орындарында қабылданып,

оны аяқтағандар құрайды. Алғашқы күнгі, нақтылай түссек 18 шілдедегі тестілеуге барлығы 7502 талапкер қатысса, оның 5305-і қазақ, 2197-сі орыс тілділер екен. Сол 7502 талапкердің 4351-і шекті деңгейден өте алмай қалыпты. Олардың 2803-і қазақ тілді, 1548-і орыс тілді талапкерлер. Енді 19 шілде күнгі мəліметке ден қояр болсақ кешенді тестке 25641 үміткер қатысса, оның 17053-і қазақ тілді, 8588-і орыс тілді десек, осылардың 18022сі шектік деңгейден өте алмай қалған. Олардың 11258-і қазақ, 6764-і орыс топтарынан болып отыр. 20 шілде күнгі мəліметке көз жүгіртіп көрсек, 22859 талапкер сынаққа кірген. Сол 16247 қазақ,

6612 орыс тілді үміткерлер арасынан 15745-і діттеген жеріне жете алмай қалып қойған. Олардың 10808-і қазақ, 4938-і орыс тілді жастардың еншісінде екен. Сонымен үш күнде кешенді тестке кірген талапкерлердің ұзын саны 56002 болса, бұлардың 38605-і қазақ, 17397-і орыс топтарынан. Осылардың ішінен шектік деңгейден өте алмағандар 38118-ді құрайды. Оның 24869ы қазақ тілді, 13249-ы орыс тілді үміткерлер көрінеді. Осы сандарды пайызға көшірер болсақ, шектік деңгейден өте алмағандар 68,07% болса, оның 65,24%-ы қазақ тілді, 34,76%-ы орыс тілділердің «қанжығасына» байланады. (Соңы 7-бетте).

Тїлеген Тайпаќ Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Болат ЕСҚАЛИЕВ, журналист.

Ақжайық ауданында соңғы жылдары келбеті адам танымастай көріктене түскен ауылдардың бірі – Тайпақ. Еңбек көрігін қыздырған, есімдері облысқа мəлім кəсіпкерлер де, білім сайыстарында оза шапқан шəкірттерді шыңдаған мақтаулы мұғалімдер де, өнерімен өрге жүзіп, республика сахнасынан көрініп жүрген көркемөнерпаздардың да мұнда қатары қалың.

Тайпақ ауылдық округіне газ құбыры 1993 жылы жүргізілді. Содан кейін таза ауыз су құбыры да тартылып, халықтың тұрмыстірлігіне зор серпіліс келді. Ал өмірді өрге сүйрейтін қуат – кəсіп керлік жөнінде де бұл өңір адамдары лайықты түрде мақтана алады. Былтырдың өзінде 11 кəсіпкерлік субъектісі тіркелді, 23 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде 179 кəсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды, оның 49-ы шаруа қожалығы болып табылады. 3 автосервис, 2 жанар-жағармай бекеті, 37 дүкен, 4 шаштараз,

2 ағаш өңдеу цехы, 3 тойхана, 2 дəмхана, баспа на лық қамыс қабырға дайындайтын 1 цех, басқа да нысандар ауыл тіршілігін түлетіп-ақ тұр. Шаруа қожалықтарының арасында мал өсірумен қатар, бақша егумен шұ ғылданатындар да аз емес. Шаруалар мен тұрғындар болып, биыл 82,5 гектар жерге бақша салған. Оның өнімі Оралдағы, Аты рау дағы базарларға да апарылады. Халықтың тілегіне сай Орал – Атырау күрежолы бойынан «Нұр» жанар-жағармай бекетін ашқан Нұртай Сахипов пен автосервисі,

моншасы жəне бірнеше дүкені бар, қайырымдылық қозғалысына белсене қатысушы, ауылға мешіт салған Болат Хисин немесе «Бекарыс Батыр» шаруа қожалығын құрып, қымыз өндіруді қолға алған Əлібек Қайырғалиев сынды кəсіп иелерін тайпақтықтар ерекше қадірлеп, өнеге тұтады. Көріктендіруге, санитарлық тазалыққа қатысты істер де бəсеңдеген емес. «Таза ауыл», «Үлгілі аула» байқаулары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жүлдегерлер халық алдында мадақталып, қошеметтеледі. Биыл 1,6 километр көше жолы орташа жөндеуден өтуде. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Тайпақ ауылы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.