23082013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Халықтың əлауқатын арттыру – мемлекеттің негізгі міндеті 3-бет Қазақстандық құрылыс сапасы 4-бет Сиырлар да Моцартты... тыңдайды! 5-бет

№196 (28135) 23 ТАМЫЗ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

● Əлем жəне Қазақстан

Єаламдыќ этика Жер планетасын ќорєайды

Сайланєан əкім халыќ сенімін аќтауы тиіс Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Ақмола облысында таяу да сайланған ауылдық округтер əкімдерімен жергілікті өзінөзі басқаруды дамытудың келешегін талқылады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Сенат Төрағасы жергілікті билік басшыларын маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен құттық тады жəне ауыл əкімдері сайлауының нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Пре зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуінде алға қойылған міндеттерге жан-жақты тоқталды. «Еліміздің саяси жүйесін жаңғырту, жергілікті жерлердегі басқару жүйесін реформалау, жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысуды ұлғайту жолында маңызды қадам жасалды, деп атап өтті Қ.Мəми. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан əрі

дамыту жергілікті халықтың əлеуметтік белсенділігін арттырып, азаматтардың жаңа бастамаларына серпін беретін болады». Өткен сессияда Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша əзірленген екі заңды қабылдады. Соған сəйкес, ауыл əкімдеріне қосымша өкілеттіктер беріліп, төменгі деңгейдегі əкімдердің қаржылық жəне экономикалық дербестігі кеңейтілді, жергілікті органдар басшыларына өздерінің кіріс көздерін қалыптастыру құқықтары берілді. Одан басқа, тұрғындардың жиналыс тары жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуге бөлінген бюджет қаржысын пайдалануға мониторинг жүргізу өкілдігіне ие болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі 2013 жылғы 22 тамыз. №65. Астана, Парламент Мəжілісі

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2013 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН.

Алтай – алтын бесік Астанада 23 тамызда басталатын «Мəдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығының» ресми тұсаукесері аясында ЮНЕСКО-ның «Ғаламдық этика: Жер планетасын сақтаймыз» атты халықаралық конференциясы болып өтті. Онда жердегі əлеуметтік жəне мəдени жүйелердің тұрақтылығын сақтауды көздейтін «Жаһандық этиканың» өзекті мəселелерін қолдау жəне дамыту жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін үйлестіру жайы талқыланды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Конференцияның басты мақсаты адамның əмбебап құ қықтарына негізделген ғаламдық этиканы ынталандыру, мəдениет аралық диалог пен барша үшін əлеуметтік теңдікті орнату ар қы лы тұрақты дамуды

одан əрі қамтамасыз ету болып табылады. Ал іс-шараның ашылу салтанатына ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері жө ніндегі Қазақ стан ұлттық комис сиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстан Парламенті Мəжілісінің депутаты Дариға Назарбаева, Мəдениет жə не ақ парат вице-министрі Ас қар

Бөрібаев, ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік клубтар, орталықтар, ассоциациялар федерациясының президенті Джордж Христофидес, ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхит клубтар, орталықтар жəне ассоциациялар федерациясының президенті Джей Кун Ю қатысты. – Бұл жолғы диалог алдағы ай да Нью-Йоркте орналасқан БҰҰ-ның бас кеңсесінде жалғасын табады. Онда жаһандық құнды лық тар жайы ортаға түседі. Ең маңыздысы, біз осы форумда түзілген ұсыныстарымызды сонда түгел ұсынатын боламыз, – деді Джордж Христофидес. – Бүгін біз, сəл кешірек, арнайы комис сия жұмысының нəтижесін көреміз: комиссия бізге «Астана

Декларациясының» жобасын ұсынады. Осының барлығы қазіргі кезде Астананың өте маңызды рөл атқаратындығына айғақ бола алады. Ол өз сөзінде сонымен қатар, Еуропа мен Азияның ортасында, Еуразия жүрегінде орналасқандықтан, Қазақстанның мəдениеттерді жақындастырудың жаһандық ауқымдағы үрдісінде атқаратын рөлінің айрықша екеніне назар аударды. Бұдан кейін Джей Кун Ю бұл істегі Қазақстан лидерінің ерекше еңбегін атап өтті. – Мен Қазақстандағы тұлға лар дың əлемдегі бейбітшілік пен келісімге қатысты көптеген мəсе лелер бойынша үлкен қамқорлық танытып отырғанына куə болдым, – деді ол. – Қазақстан

қонақжай, достық пейілдегі мейірбан ел болып табылады. Қазақ елі көптеген мəдениеттердің мұ расына ие. Қазақ елінен біз үйлесім нің үлгісін көріп отырмыз. Осының арқасында Қазақстан айтарлықтай экономикалық өсімге қол жеткізуде. Мұның барлығы таңғалдырады, таңдай қақтырады. Қазақстан қоғамы айқын жолдың арқасында тұрақты дамуда. Қазақ елінде орныққан құндылықтар дамумен үндесуде. Конференцияға қатысушылар бүгін «Мəдениеттер жақын да суының халықаралық онжылдығының» тұсаукесеріне қатысады.

––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

● Айбын

«Дала ќыраны»

халыќаралыќ əскери бітімгершілік оќу-жаттыєуы аяќталды Алматы облысындағы «Іле» полигонында өткізілген «Дала қыраны-2013» халықаралық əскери бітімгершілік оқу-жаттығу шарасы өз межесіне келіп жетті. Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Литва, Швейцария, Италия, Қырғызстан, Тəжікстан мемлекеттері Қарулы күштерінің өкілдері бірлесіп бейбітшілікті сақтау мақсатында күні-түні белсенді түрде əскери операциялар өткізді. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Бітімгершілік оқу-жаттығуының белсенді кезеңін қорытындылау барысында біріккен əскерлер жеке адамдарды жəне көліктерді тексеру, тактикалық оперативтік орталықтың қызметін ұйымдастыру, жергілікті нысандарды күзету ісін жүргізу, тікұшақ арқылы толық бақылау шарасын меңгеру жəне шабуыл жасалған нысанның ахуалын анықтау секілді негізгі тапсырмаларды орындады. (Соңы 3-бетте).

● Оймақтай ой Азамат жолы – ар жолы. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

АҚПАРАТТАР аєыны Ауыл тұрғындарының қазіргі басты мақсаты – астықты дер кезінде жинап алып сақтау. Кеше Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев Шемонайха ауданында шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық құрылымдары жетекшілеріне осындай міндет жүктеді. 2015 жылы бастауыш сынып оқушылары аптасына бес күн оқу тəртібіне көшеді. Бұл жөнінде кеше Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Əділхан Дүйсебек мəлім етті. Осы арқылы 12 жылдық білім беру жүйесі де сөреден шығады. Астанада 2800 орындық 12 балабақшаның құрылысы басталды. Ал «Балапан»

Елордадағы «ҚазМедиа орталығында» Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметінің ұйымдастыруымен 26-27 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысында өтетін «Алтай – түркі əлемінің алтын бесігі» атты ІІ халықаралық форумына дайындық барысына арналған брифинг болып өтті. Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Түбі бір түркі жұртының басын біріктіретін рухани құндылықтарды түгел зерттеп-зерделеудің маңызы зор. Мəселен, «Қорқыт ата кітабы», «Манас», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Едіге батыр», т.б. халық ауыз əдебиеті ескерткіштерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, əзербайжан, түрік, башқұрт пен ұйғыр тілдеріндегі сюжеттік ұқсастықтары олардың əу бастағы тарихи тамырының ортақ екенін білдіреді, сондай-ақ түркілердің дəстүрлі музыкасындағы сарқылмас сарыннан бір-бірінен бөлек алып қарауға болмайтын тұтастықты, кей жағдайда егіз қозыдай ұқсас болып өрілетін жарасымды жалғастықты байқау қиын емес. бағдарламасы шеңберінде биыл 2600 орындық 6 мемлекеттік, 8 жекеменшік балабақша, 2 шағын орталық ашылды. Павлодар облысында 33 спорт алаңы салынады. Павлодар облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының бастығы Марат Айдашев бұл үшін облыстық бюджеттен 150 млн. теңге көлемінде мақсатты трансферт бөлінгенін айтып отыр. Ақтауда өткен «Шын жүректен» акциясының аясында 150 отбасыға көмек көрсетілді. Көмекке мұқтаж адамдардың жартысынан астамы азық-түліктің 12 түрінен құралған қоржындар алып, қалғандары мектепке қажетті сөмкелер, канцелярия өнімдері, альбомдар, дəптерлер секілді бұйымдарға ие болды. Қызылорда облысында

«Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында алда өтетін «Алтай – түркі əлемінің алтын бесігі» атты ІІ халықаралық форумы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мəдени мұра» стратегиялық жобасы аясында байырғы музыкалық мұраны байыптау, оны көпшілік қауымның назарына ұсыну, түркітілдес халықтың ата-дəстүр, салт-сана, əдет-ғұрыптары арқылы мəдениетіміздің ежелден өркендеп, дамығандығын мақтан ету, дəстүрлі музыка өнері өкілдерін ынталандыру, түркі халықтарының əні мен жырын, күйі мен сазын, эпостық үлгілерін жанжақты насихаттау мақсатында өткізілгелі отыр. (Соңы 10-бетте).

биыл бірінші сыныпқа баратын егіз балаларға сыйлық тапсыру рəсімі өтті. «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада облыс əкімі Қырымбек Көшербаев көпбалалы жəне тұрмыстары төмен отбасыларынан шыққан 40 бүлдіршінге портфельдер мен мектеп жабдықтарын сатып алатын сертификаттар ұсынды. Шымкентте жастарға кеңес беру орталығы қатарға қосылды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының оңтүстіктегі филиалының бастамасымен ашылған мекен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
23082013 by Egemen - Issuu