Кеше елімізде ғасырдың ғаламаты деуге лайықты игілікті ірі іс жеріне жеткізілді. Арқа төсі мен еліміздің батыс қиырын жалғастырған жаңа теміржол желісінің жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асады. Жасампаздық жолымыздағы тағы бір жарқын жеңісіміз құтты болсын, ардақты ағайын!
№164 (28388) 23 ТАМЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Келешекті кемелдендіретін кїрежолдар Кеше Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев Жезќазєан – Бейнеу жəне Арќалыќ – Шўбаркґл теміржолдарыныѕ іске ќосылуына ќатысты
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бұл күндері өндірісті аймақ жақты ыстық буып тұр. Ал тамыздың шыжыған дəл осы шағындағы өңір өмірінде өркен жайған өзгерістер адамдар көңілін одан да аса ысытып, көкіректі көріктендіріп, шалқытқан шаттық пен мақтанышқа бөлеуде. Өлке шырайын ажарландырып, келешегіне кең тыныс себуші ғасырдың ғажайып құрылысы – Жезқазған – Бейнеу теміржолының Орталық Қазақстаннан Батыс Қазақстанға ұласар тұсындағы үлкен бекет Сексеуілге дейінгі тармағы түйісіп, шалғайдағы ел іші дамуына жаңа жарқын жол ашылып
жатса, бұдан асқан қуаныш болар ма. Мұнымен бірге Арқалық – Шұбаркөл бағытындағы тораптың іске қосылуы да ел болашағын көрегендікпен көздеп, ұлан-байтақ өңір қиырларының бір-бірімен байланысын бекемдетуге бұдан екі жыл бұрын берілген Мемлекет басшысы тапсырмасының тыңғылықты орындалуының нақты бір дəлелі болды. Соның арқасында ел мен ел, жер мен жер арасы жақындап, өсіп-өркендеудің белесті биігіне нық қадам жасалған ұлы тарихи оқиға деп марқайып, мəртебеленіп жатыр жұрт. Кеше жергілікті халайық тағатсыздана күткен Жезқазған – Бейнеу теміржолының ашылу салтанатына қатысуға, қуатты
өндіріс қара шаңырағының тыныс-тіршілігімен танысуға келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жезқазғандықтар зор құрметпен қарсы алды. Жезқазған, Сəтбаев қалалары, Ұлытау ауданы жəне өңірлер өкілдері бас қосқан жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сөз сөйлеп, бұл болат жолдың ыңғайлы орналасу жүйесі еліміздің батысынан шығысына, солтүстігінен оңтүстігіне жүк тасымалдауды əлдеқайда қысқартып, Қазақстанның транзиттік əлеуетінің көкжиегін кеңейтетіндігін атады. Жаңа теміржол Орталық жəне Батыс Қазақстанның да муына экономика лық белсенділікті күшейтуімен де,
Їміткерлер ўсынылуда Сенат депутаттыєына кандидаттарды ўсыну мен тіркеу барысы туралы Ортсайлаукомның деректеріне сəйкес 22 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 83 кандидат ұсынылды. Олардың 15-ін мəслихаттар ұсынса, енді 68-і өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 4-і əйел адамдар. Кандидаттардың орташа жасы 53,5 жасты құрайды. Олардың ең жасы 37 жаста болса, ең үлкені – 68 жаста. Мамандығы бойынша: 28-і инженерлер, 13-і экономистер, 13-і ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дəрігерлері жəне басқалар), 11-і оқытушылар, 10-ы дəрігерлер, 4-і заңгерлер. Қызмет түрі бойынша: 4-і Парламент Сенатының депутаты, 33-і мемлекеттік органдар, ұйымдар, кəсіпорындар жəне мекемелердің қызметкерлері, 28-і коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 13-і ғылым, мəдениет, білім беру жəне денсаулық қорғау қызметкерлері. Екі үміткер сайлау додасынан шығып қалды. Олардың біреуі Конституция мен сайлау заңнамасы Сенат депутаттығына кандидаттарға қойған талаптарға сəйкес келмегендіктен, екіншісі Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін өз өтініші бойынша өзінің кандидатурасын алып тастады. Ұсыну 31 тамызға дейін созылады.
Оның қорытындыларын Ортсайлауком 2 қыркүйекте жариялауды жоспарлап отыр. Қазіргі сəтте облыстық, Астана жəне Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары Сенат депутаттығына кандидат ретінде 58 адамды тіркеді. Олардың екеуі – əйел адамдар. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының соңғы сайла ны мының өз кандидатураларын ұсынған қызметтегі 4 депутаты да Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы 53 жасты құрайды. Мамандығы бойынша: 21-і инженерлер, 10-ы ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дəрігерлері жəне басқалар), 8-і оқытушылар, 8-і дəрігерлер, 7-і экономистер, 2-і заңгерлер. Қызмет түрі бойынша: 4-і Парламент Сенатының депутаты, 26-сы мемлекеттік органдар, ұйымдар, кəсіпорындар жəне мекемелердің қызметкерлері, 16-сы коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 10-ы ғылым, мəдениет, білім беру жəне денсаулық қорғау қызметкерлері. Кандидаттарды тіркеу 11 қыркүйекте аяқталады. Ал 12 қыркүйектен бастап тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Оќырман назарына!
өнеркəсіптік əлеуетті игеруді жеделдетуімен де, аймақтардағы өндірісті өркен детуге жағдай жасауымен де, Қытайдан Ресей жəне əрі қарай Еуропа бағыттарына өте тін трансқазақстандық көлік дəліздерінің транзиттік қуатын көтеретіндігімен де маңызды деп атап өтті. Іс-шараға орай Жезқазған қаласының орталық алаңында жаңа теміржолдың Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау жəне Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан басты стансаларымен арада телекөпір ұйымдастырылды. Станса басшылары Қазақстан Президентіне жаңа жол қатынасын пайдалануға беруге дайын екенін баяндады.
АҚПАРАТТАР аєыны Астанада кеше жаңа ло гис тикалық қойма кешені іске қосылды. «Кешен өндірісті дамытуға, қайта өңдеуге жəне елордаға азық-түліктер жеткізуге өз үлесін қосады. Аталған кəсіпорынның ашылуы Астанада кəсіпкерлікпен айналысудың тартымдылығын тағы да бір мəрте дəлелдейді», – деді қалалық кəсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мəжитов. Солтүстiк Қазақстан облысында кеше орақ науқаны басталды. Осыған арналған шара бұл жолы Тайынша ауда нындағы «ТайыншаАстық» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде өттi. Облыс əкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ай бар бек Сапаровтың
Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған – Бейнеу» жəне «Арқалық – Шұбаркөл» жаңа теміржол желілерін салтанатты жағдайда іске қосты. Барша қазақстандықтарды құттықтаған ел Президенті магистральдің ашылуын жыл дың ең маңызды əлеуметтік-экономикалық оқиғасы деп атады. – Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл жолы бірнеше өңір мен бүкіл республиканың тіршілігіне жан бітіріп, ондаған жылдарға алға жетелейді. Біз тəуелсіздіктің барлық кезеңінде теміржол құрылысын тоқтатқан жоқпыз, қайта үдете түстік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы теміржол құрылысына 10 мыңнан
айтуынша, үстіміздегі жылы өңір диқандары 4 млн. 345 мың гектар алқаптан астық жинап алуды жоспарлап отыр. Шығыс Қазақстан облысы халқының өмір сүру деңгейі аймақ экономикасы арқасында көтерілді. Бұл туралы кеше облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинская мəлім етті. Оның айтуынша, əлеуметтік салада жақсарған ең маңызды көрсеткіштердің бірі өңірде адам жасының ұзақтығын ұлғайту болып табылады, бүгінде орташа көрсеткіш мұнда 68-69 жасты құрайды. Батыс Қазақстанда 979,9 млн. теңгеге 10 жоба мақұлданды. Облыс əкімінің орынбасары Марат Кəрімовтің төр ағалық етуімен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында олар қолдау тапты. Бұлардың арасында
астам адам тартылғанын, енді тағы 3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтты. – Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл теміржолдары жапсарлас аумақтардың дамуына жаңа серпін береді. Оның əсерін Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда жəне Қостанай облыстарының тұрғындары мен кəсіпорындары тікелей сезінетін болады. Аграрлық жəне өнеркəсіптік өнімдерді жеткізу мерзімі мен қашықтығын қысқартудан бүкіл Қазақстан ұтады, – деді Президент. Сонымен қатар, Мемлекет бас шысы жаңа теміржолдар Жезқазғанның дамуына оң ықпалын тигізетінін, енді бұл өңір
автокөлік қызметтерін көрсету, сауда қызметі салалары бар. Сыр бойында тағы 8 ауыл таза сумен қамтылатын болды. Бұл биыл Қызылорда облысына «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 8 млрд. теңге қаражат бөлінуі арқасында мүмкін болды. Осының арқасында 10,5 адам таза ауыз суға қол жеткізеді. Бұған қоса, облыс орталығын сумен жабдықтау жəне суды сыртқа шығару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар басталды. Шымкентте «Мектепке жол» арқылы бүлдіршіндер 57 млн. теңгеге оқу құралдарын алды. Қалада бүгінде əлеуметтік көмекті қажет ететін 24 мыңнан астам бала есепте тұр. Оларды мектепке дайындау акциясы аясында жалпы білім қорынан 6250 балаға материалдық көмек көрсетілді. Бұған
республикалық жəне халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта болатынын атап өтті. Қазақстан Президенті елдің көлік-логистикалық əлеуетінің артатынына тоқталды. – Осы теміржол желілерін іске қосу – Солтүстік-Оңтүстік жəне Шығыс-Батыс бағыттардағы жаһандық көлік қызметтері үшін де айтулы оқиға. Іс жүзінде біз Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу уақытын үш еседен аса қысқартатын транзиттік дəліздің өзімізге тиесілі бөлігін жасадық. Бұл – мүлде жаңа əлеует жəне оны толығымен пайдалану қажет, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).
қоса, шараға қатысқан демеушілердің көмегімен 57 миллион теңгеге 5700 балаға қажетті оқу құралдары сатып алынды. Маңғыстау облысында бірыңғай мектеп формасы тегін беріледі. Аймақта бұл көмекті жаңа оқу жылында мектеп табалдырығынан аттайтын 12 500 бүлдіршін пайдаланады. «Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың мектеп формасына қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Əрбір мектеп формасының құны мемлекеттік сатып алу заңына сəйкес анықталады. Орташа есеппен 5-6 мың теңге көлемінде шығып отыр», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, egemen.kz агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттары деректері бойынша дайындалды.
Білім жəне ғылым министрлігінің назарына
Таусылмайтын «тəжірибеніѕ» торына тїстік Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысып, магистратура оқу бағдарламасы бойынша құжат тапсырмақ ниетте едім. Ол үшін қажетті дайындықтың бəрі жасалды, ағылшын тілінен IELTS емтиханын тапсырып, тиісті балл жинадым. Өзім оқығым келетін елді де таңдап қойған болатынмын. Алайда, бұл арманымның орындалуына кедергі келтіріп отырған бір жайт бар болып шықты. Ол – «Болашақ» бойынша магистратура бағдарламасына бұған дейін магистратураны оқымаған азаматтар қатысуға құқылы деген ереженің алдымызды орауы. Ал мен 2010 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің магистратурасын тəмамдағанмын. Бірақ... иə, бірақ
магистрант деген дəрежем болмаса, бұл диплом еш жерге жарамсыз-тын. Себебі, бізге бір жылдық магистратура бағдарламасын оқытқан болатын. Ал ол қалай болды дейсіздер ғой. Мен 2009 жылы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін журналистика мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірдім. Дəл сол жылы осы жоғары оқу орнының журналистика факультетінің магистратурасына мемлекеттік грант негізінде түстім. Ол кезде аталмыш факультет магистратурасына 13 білім гранты бөлінген екен. Қыркүйек айында оқуға келгенімізде қазақ бөліміне түскен 9 магистрант тек бір жылдық білім грантына ие болғанын, ал екі жылдық бағдарламаның 4 гранты орыс бөліміне берілгенін білдік. Факультет басшылығы оқуға қабылдар алдында құжат тапсырушыларға сол жылы бір жылдық жəне екі жылдық магистрлік
бағдарлама бар екенін ескертпеді. Құжаттардың барлығын жалпы байқауға қабылдады да артынша гранттарды өз қалауларынша бөле салды. Тіпті, байқау кезінде жинаған балдарымызға қараған да жоқ. Сол кездегі факультет деканы Ғалия Ыбраеваға шағым айтқанымызда, одан: «Қайта қазақ бөліміне көбірек грант бергенімізге рахмет айтыңдар», – деген жауап алдық. Өкініштісі, бұл саны бар, сапасы жоқ білім гранты болып шықты. Өйткені, дипломымыз қазір жарамсыз. Сөйтсек, біз түскен жылы Білім жəне ғылым министрлігі тұңғыш рет тəжірибе ретінде бір жылдық білім гранттарын бөлген екен. 2010 жылы, яғни бір жылдан кейін оқуды бітіргенде қолымызға «журналистика бойынша білім магистрі» деп жазылған диплом тиді. Ал екі жылдық магистратураны бітірген түлектердің дипломында
«журналистика бойынша ғылым магистрі» деп жазылған болып шықты. Бірақ ең сорақысын сол жылы Phd докторантурасына түспек болғанда көрдік. Бір жылдық магистрлік дипломмен бұған тапсыра алмайды екенбіз. Оны былай қойғанда, университетте оқытушы болып қалып, сабақ беруге де құқымыз жоқ болып шықты. Ойлаңыздаршы, магистратура бағдарламасының өзі алдағы уақытта ғылыммен айналысуға жол ашатын мүмкіндік емес пе? Бұлай болмаса магистратураның қажеті не? Министрлік дəл сол жылы дипломы еш жерге жарамсыз шикі, дүбəра магистранттарды не үшін дайындады? Сонымен, бұл құжат кəдеге жарамаған күйі үйде жатты. Жатса жатсын, бірақ ол маған кесірін тигізеді деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. (Соңы 2-бетте).