23092014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №185 (28408) 23 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Аќордадаєы кездесу

Сенат Бюросыныѕ отырысы Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюро отырысы барысында палатаның 2014 жылғы 25 қыркүйекте болатын кезекті жалпы отырысының күн тəртібіне ұсыныстар енгізілді. Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге жəне тер роризмге қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарау жоспарланып отыр. Бюрода, сондай-ақ, Мəжілістен келген заң жобалары бөлініп берілді. Экономикалық саясат, инновациялық даму жəне кəсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік

басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді. Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитеті «Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болды.

Ынтымаќтастыќ жайы сґз болды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Респуб ли касының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

салаларындағы негізгі мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар баев пен Рустам Минниханов өзге де бірқатар салаларда өзара іс-қи мылды дамытуға үлкен əлеует бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

-----------------------------------------

Қазақстан Республикасының Заңы

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

29 қыркүйекте Қазақстан Президенті Астраханьда (Ресей Федерациясы) өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының төртінші саммитіне қатысады деп жоспарлануда. Іс-шараға, сондай-ақ, Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев, Иран Президенті Хасан Рухани, Ресей Президенті Владимир Путин жəне Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қатысады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Ўлыбритания жəне Солтїстік Ирландия Ќўрама Корольдігініѕ Їкіметі арасындаєы Ўлыбритания жəне Солтїстік Ирландия Ќўрама Корольдігі Ќарулы Кїштерініѕ Ауєанстан Ислам Республикасын тўраќтандыру мен ќалпына келтіру жґніндегі халыќаралыќ іс-ќимылдарєа ќатысуына байланысты Ќазаќстан Республикасыныѕ аумаєы арќылы жїктіѕ/арнайы жїктіѕ транзитін ќамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 15 сəуірде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/ арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 19 қыркүйек. №237-V ҚРЗ

● Дода

Ќоржында əзірге – 2 алтын, 2 кїміс, 5 ќола Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында еліміздің қоржынына əзірге 2 алтын, 2 күміс жəне 5 қола түсті. Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан» – ИНЧХОННАН.

Тарата айтар болсақ, ауыр атлетикадан өткен жарыста 48 кило салмақтағы Маргарита Елисеева алтын жүлде иеленді. Ол жұлқа көтеруден 85 килоны бағындырып, серпе көтеруде 107 кг.-мен алдына жан салмады. Маргарита барлығы 194 кг. алды. Одан 7 ұпайға артта қалған индонезиялық Шри Вахиуни Агустиани – екінші, өзбек Махлио Тогоева үшінші орынды алды. Ал Маргарита Елисее ваның əріптесі Зүлфия Чиншанлоға бұйырғаны күміс медаль болды. Ауыр атлетикадан 53 кило салмақта сайысқандар арасында тайпейлік Шу Чин Хсу 233 кг. нəтижесімен алтын медаль алса, Зүлфия Чиншанло 228 килоны көтеріп, екінші орыннан көрінді. (Соңы 10-бетте).

 Оймақтай ой Ақыл – өлшеусіз жарық нұр. Шəкəрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ.

Өткен сенбіде Үкімет үйінде Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Татарстан Республикасының Президенті Рустам Мин ни хановпен кездесті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, оның ішінде мұнай өңдеу, мұнай химиясы, машина жасау, азық-түлік өнеркəсібі жəне ауыл шаруашылығы саласындағы ын тымақтастықты

кеңейтудің өзекті мəселелерін талқылады. Сондай-ақ, білім беру жəне гуманитарлық салаларда қа зақ стан дық-татарстандық өзара іс-қимылдың

Алтын ќўрсаќты аймаќ ардаќты əулетті алќалады

Елбасы бастамасымен ұйымдас тырылған «Мерейлі отбасы» байқауында бірінші орынға ие болған Бимаханбетовтер əулеті туралы «Егемен Қазақстан» газеті кезінде «Түркістан тектілігі» атты мақала жариялаған болатын. Елтай мен Еленаның отбасынан өрбіген 8 перзент, 33 немере жəне 15 шөбере бұл күндері алтын құрсақты аймақтың алақанында. Мархабат БАЙҒҰТ,

«Егемен Қазақстан».

Астанадан, Президенттен əмбебап микроавтобусты сыйға алып қайтқан Бимаханбетовтерді кешегі дүйсенбіге қараған түнгі сағат 2-де Түркістан шаһарында қала əкімі Əліпбек Өсербаев бастаған жұртшылық пойыздан құшақ жая қарсы алды. Қазақтың қара домбырасымен сүйемелдеп айтылған арнау, əуелеген əн, жүрекжарды құттықтау сөздер Түркістанды таңғажайып күйге бөледі. Кеше күндізгі сағат 12-де Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов ұлттық жарыста озып шыққан отбасын қабылдады. Əкімдіктің кіші залы Бимаханбетовтер əулетіне лық толды. – Елбасымыз арнайы Жарлық қабылдап тұңғыш рет ұйымдастырылған «Мерейлі

отбасы» байқауында облы сымыздың мəртебесі тағы да биіктеді. Қай қоғам, қандай мемлекет болса да отбасылардың орны айрықша. Президентіміз

Їлгісінен – ґнеге, тарихынан таєылым аларлыќ

газеті үздіксіз қызмет етіп келеді. Ылғи бір тағдырлы мақалаларды да, аталы сөздерді де біз үнемі «Егеменнен» оқимыз. «Егемен Қазақстанның» «етжеңді» санын əрбір қазақ асыға күтеді. Күні кеше ғана қасиетті Ұлытаудың тө рін де, Əулиебұлақтың басында те біренген Мемлекет басшысының аталы сөзінің толық нұсқасын

айтқандай, «Отбасы – берекебірліктің қайнар көзі». Кішіпейілділік, бауырмалдық, мейірбандық, ең алдымен, отбасында қа лыптасады. Демографиялық өсімі жақсы облысымыздан отбасының озып шығуы – үлкен қуаныш, əділ шешім деп ойлаймыз. Бұл əулетті ел жақсы біледі, құрметтейді. Қуаныш құтты болсын, ел тілегі қабыл бола берсін! – деген өңір басшысы Бимаханбетовтер əулетіне тағы бір темір тұлпардың кілтін тапсырды. (Соңы 2-бетте).

Хабарлар Үкімет, облыстық жəне қалалық əкімдіктер сайттары деректері бойынша дайындалды.

● Заманмен үндес заңғар басылым

«Егемен Қазақстанның» 85 жыл дығында «Толыпсың 85ке «Егеменім», басынан елдің қамын жеген едің», деп айтқан сөзім бар еді. «Еңбекші қазақ» болып дүниеге келген, «Социалистік Қазақстан» болып кемелденген «Егемен Қазақстан» қай заманда да, қай кезеңде де елдің сөзін ұстаудан айныған емес. Үнемі халықтың қолынан түспейтін, көп оқылатын əрі қызығып оқитын газет болып келеді. Əсіресе, егемендік алғалы бері біздің тəуелсіздігімізді ор нықтыруға, оны нығайтуға бар күш-жігерін салып келеді. Тəуел сіздік алғаннан бері сол азатты ғымыздың желбіреген көк Туының тұғыры етуге өлшеусіз үлес қосуда. Елбасының салиқалы саясатына, Қазақстанды мекендеген барлық халықтың ынтымағына, бірлігіне «Егемен Қазақстан»

айтарлықтай əлеуеті байқалған. Осы орайда, 2013 жылы Қазақ стан Республикасы мен Татар стан Республикасының арасын дағы екіжақты сыртқы сауда айналымы 594,8 млн. АҚШ долларын құрағанын айта кету қажет. 2014 жыл дың 1 қаңтарына Татарстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 30 кəсіпорын тіркелген.

● Астанада 2017 жылға қарай екі жаңа колледж салынады. Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, бұл бүгінгі таңда осы салада туындап отырған бірқатар проблемалық мəселелерді шешуге көмектеседі. ● Елордадағы Қазақ драма театры жаңа ғимаратқа көшеді. Ол енді бұрынғы Күлəш Байсейітова атындағы ұлттық опера жəне балет театры ғимаратына қоныс аударады. ● Кеше Алматыда өткен қала күнін мерекелеуге 200 мыңнан астам адам жиналды. Мерекелік шаралар Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы жəне орталық демалыс-мəдениет саябақтарында өтті. Мұнда келген жұрт саны былтырғыдан 5 есеге артып, рекордтық нəтиже жасалды. ● Бас қалада 300-ге жуық экспонат қойылған бірегей көрме өтіп жатыр. Онда XVIII-XX ғасырдан сыр шертетін бұйымдар мен деректер бар. Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады. ● Оңтүстік Қазақстанда жас экологтар слеті болып өтті. «Ақсу» сауықтыру лагерінде үш күн салтанат құрған шара «Экология – менің денсаулығым, менің болашағым» деген тақырыпқа бағынды. ● Қызылорда облысында жаңа көпір пайдалануға берілді. Ол аймақтың Сырдария ауданындағы Тереңөзек кенті мен Шаған ауылы арасын жалғады. Оның ашылу салтанатында сөйлеген облыс əкімі Қырымбек Көшер баев келер жылы мұндай құрылыстың дарияның Қазалы мен Қармақшы аудандары тұстарына да салына бастайтынын мəлімдеді. ● Көкшетауда ауыл шаруа шылығы тауарларын өндірушілердің кезекті жəрмеңкесі болып өтті. Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжановтың айтуынша, «Алтын ғасыр» сауда үйінің алаңына ұйымдастырылған жəрмеңкеге жалпы құны 31,2 млн. теңгенің 156 тонна, яғни, азық-түліктің 43 түрі əкелініпті. ● Кеше Қарағандыда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзе ге асырылуы барысы қа ралды. Жиынды жүргізген Нұрмұхамбет Əбдібеков 2010 жылдан осы уақытқа дейін 74,5 млрд. теңге тұратын несиелік соманың 398 жобасы қолдау тауып отырғанын атап өтті. Соның ішінде биылғы жылы 8,8 млрд. теңге тұратын 76 жоба бар. ● Солтүстік Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 59 млрд. теңгеден асты. Облыстық статистика департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлзиян Ізбасованың айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігін – 75,5 пайызын ша руашылық субъектілері қаржыландырған.

қазаққа жеткізген осы – «Егемен Қазақстан». «Егемен Қазақстан» қай кезде де шындықтың сөзін айтып келеді. Сондықтан да қазіргі уақытта таралымы ең көп газетке айналды. «Егемен» қашаннан да бас газетіміз. Ендеше, ақпарат құралдарының көшін бастап, Тəуелсіздіктің көк Туын желбірете берсін! «Егеменнің» 95 жылдығы таяп қалды. Осы жылдар ішінде бұл басылымда ұлтымыздың небір ұлылары қызмет етті, айтулы алыптарының туындылары жарық көрді. Сөйтіп, елдіктің жаршысына айналды. «Газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өзінің туған халқын, ұлтын, оның тарихын, өнерін қадірлейтін, келешегін кемел санайтын əрбір қазақ «Егеменнен» ешқашан көз жазбайды деп ойлаймын. Ғасырға таяу тарихы үйретер тағылымы, берер үлгісі бар «Егеменнің» жолы бола берсін! Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ.

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

Бїгінгі нґмірде: Ўлытау – кґрікті ойлар кґмбесі 4-5-беттер

Мəдениет кластерін дамыту – ґзекті мəселелердіѕ бірі

Аѕыздай жўмбаќ єўмыр 6-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.