23102013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№237 (28176) 23 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

«Нұр Отан» – нақты істердің партиясы 2-бет Көкпар 5-бет Ақылы жол Төлем жүйесіндегі түйткілдердің сыры неде?

6-бет Шәмшінің шәрбат әндері 10-бет

Мїдделер мен мїмкіндіктер тоєысы Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар жаңадан тағайындалған шетелдік елшілерден, атап айтқанда, Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Мишель Петерманстан, Арменияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Ара Саакяннан, Беларусьтің Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовтан, Бразилия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Деметрио Буэно Карвальодан, Францияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Франсис Этьеннен, Кубаның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Карлос Энрике Валдес де ла Консепсионнан жəне Катардың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Абдулла бен Ахмед Юсиф Ахмед Əл-Мутаваадан Сенім грамоталарын қабылдады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы елшілерге Қазақстанға, оның елордасы Астанаға келулерімен құттықтап, жаңа дипломатиялық қызметтерінде табыс тіледі. «Сіздер біздің елімізде болып жатқан сыртқы саясаттағы маңызды оқиғалар кезеңіне дөп келіп отырсыздар. Мен былтырғы жылдың желтоқсан айында ел дамуының жаңа басымдықтары белгіленген «Қазақстан-2050» Стратегиясын жарияладым. Ондағы біздің алға қойған мақсатымыз – əлемдегі 30 аса өркендеген елдің қатарына кіру. Біз бүгін осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағдарламамен танысқан боларсыздар деп ойлаймын. Сіздер Қазақстанның əлемде өзінің орнын тауып, озық мемлекеттермен бірлесе жұмыс істеп жатқанын да білесіздер. Біз тəуелсіздіктің 22 жылы ішінде сіздердің мемлекеттеріңізбен достық қарым-қатынасымызды берік орнықтырдық», деді Елбасы өзінің сөзінде. Осылай дей келе, Мемлекет басшысы Қазақстанның өзге елдермен əріптестік байланысына тоқталып өтті. «Қазақстан мен Беларусь өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді. ҚазақстанБеларусь қарым-қатынастарын жандандыруға осы айдың басында Александр Лукашенконың біздің елімізге жасаған сапары үлкен ықпалын тигізді. Біз – Кеден одағының Біртұтас экономикалық кеңістігі аясында өз қарым-қатынастарымызды өркендетіп жатқан елдерміз. Сондай-ақ, Қазақстан Армения Республикасымен көп жоспарлы қарымқатынастарды нығайтуға, одан əрі дамытуға

Телефон арќылы сґйлесті

ерекше маңыз береді. Екі ел арасында барлық деңгейде сындарлы жəне өзара сенімге құрылған диалог орныққан. Біз Армениямен екіжақты саудаэкономикалық, мəдени-гуманитарлық қарымқатынас аясын кеңейтуге, тереңдетуге мүдделіміз. Елшілік осы бағытта қызмет істейді деп сенемін», деді Беларусь пен Армения мемлекеттерімен арадағы ынтымақтастық турасында сөз қозғаған Мемлекет басшысы. Бұдан кейінгі кезекте Елбасы Францияның Қазақстанның сенімді саяси серіктесі болып табылатынын жеткізді. «Біздің елдерімізде уақыт сынынан өткен берік достық пен экономикалық қарымқатынас бар. Астана мен Париж арасындағы өзара саяси түсіністікке жоғары деңгейде қол жеткізіліп отыр. Біз Президент Франсуа Олландтың Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын күтіп отырмыз. Бұл сапар қос тарап арасындағы қарым-қатынастың дамуына жаңаша серпін береді деп ойлаймыз», деген Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ықпалдастыққа 2008 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы шарт серпін бергенін атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің Бельгия Корольдігімен өзара қарым-қатынасы барлық деңгейде орнықты түрде дамып келе жатқанын тілге тиек етті. «Біз энергетика, индустрия, инновация, экономикалық технология, ғылым салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара тиімді ықпалдастық Бельгияның жаңа Королі – Ұлы мəртебелі король Филипптің қолдауы арқылы одан əрі дамиды деп сенеміз», деді Н.Назарбаев бұл орайда. Сондай-ақ, Елбасы Бразилияның Қазақстанның Латын Америкасындағы ірі серіктесі болып табылатынын жеткізді. «Биыл Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың жылдығын атап өттік. Экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтуге біздің мемлекеттеріміздің алдында мол мүмкіндіктер бар. Елшілік, міне, осы бағытта қызмет етеді деп сенемін», деді Елбасы Бразилияның Төтенше жəне өкілетті елшісіне. Нұрсұлтан Назарбаев түрлі сала бойынша

Əѕгіме ґзегі – жїзеге асырылатын идеялар

ТАҒАЙЫНДАУ

Мемлекет бас шысының Өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

(Соңы 2-бетте).

ЭКСПО-2017: Эмблема бар. Эскиз бекіді. Іске сəт!

Кеше Астанада ЭКСПО-2017 көрме кешенінің үздік эскиз-идеясы Халықаралық архитектуралық конкурсының қорытындысы жарияланды.

Қазақстан Пре зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Фе дерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези дентінің баспасөз қызметі.

Əңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары интеграциялық үдерістерді дамыту жайымен бірге, 24 қазанда Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының бағдарламасын талқылады. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің өзара іс-қимылын одан əрі нығайтудың негізгі қырлары жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан мен Катар мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылдың даму қарқынына да көңіл толатынын жеткізді. «Биыл біздің елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толды. Осы жылдар ішінде Катар арқылы Таяу Шығыс өңірінде, Араб жəне мұсылман əлемінде сенімді əрі сындарлы серіктес таптық деп ойлаймыз», деді Елбасы Катар елшісіне қарата айтқан сөзінде. «Қазақстан мен Куба арасындағы қарымқатынастар əрдайым достық сипатта дамып келеді. Куба Қазақстанда 1993 жылы алғашқылардың бірі болып өз елшілігін ашты. Біздің елдеріміз туризм жəне спорт саласында ынтымақтастықты табысты жалғастырып келеді. Куба медицина, фармацевтика саласындағы озық технологияларымен белгілі. Осы орайда, біз медициналық дəрі-дəрмек шығаратын бірлескен кəсіпорындар құруға мүдделіміз», деді Мемлекет басшысы. Осылай дей келе, Нұрсұлтан Назарбаев нəтижелі жəне жемісті жұмыс істеу үшін елімізге келген барлық шетелдік дипломатия өкілдеріне жанжақты жағдай жасалғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның əлемдік аренадағы орнына, еліміздің жаһандық деңгейде көтерген маңызды саяси бастамаларына тоқталып өтті. Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тарту жөніндегі Қазақстанның көтерген бастамасын, еліміздің Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтетін орынға айналғанын, Астанада ЕҚЫҰ Саммиті мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының аясында ауқымды конференцияның өткенін тілге тиек етті. «Бүгінде Астана əлемдік дəрежедегі ірі ісшаралар өтетін орынға айналды. Мəселен, қазіргі таңда Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге жан-жақты дайындық жұмыстары басталып кетті. Бұл көрме «Болашақтың энергия сы» деген тақырыпта өтеді. Міне, осындай ауқымды іс-шаралардың нəтижелі жүзеге асуына сіздердің елдеріңізбен арадағы əріптестік байланыс пен екіжақты ынтымақтастықтың үлкен рөл атқаратынын да атап өткен жөн. Себебі, сіздердің қызметтеріңіз бен миссияларыңыз мемлекеттер арасындағы өзара сенімді нығайтуға, əріптестік тетігін бекемдеуге бағытталады деген сенімдемін», деді Мемлекет басшысы сөзінің соңында. Елбасымен кездескеннен кейін журналистерге арналған брифингке қатысқан елшілердің əрқайсысы Қазақстанмен екіжақты əріптестік өрістеуіне мүдделі екендіктерін жеткізді. Мəселен, М.Петерманс Бельгия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың дамуына үлес қосуға ниетті екендігін білдірді. «Қос мемлекеттің əріптестігі қаншалықты берік болғанымен, оны əрі қарай да ілгерілетуге айтарлықтай əлеуетіміз бар. Біздің елдерімізді экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық алға жылжытады деп ойлаймын. Мəселен, Бельгия кəсіпорындары химиялық өндіріс, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша өз тəжірибелерімен бөлісуге əзір. Себебі, Қазақстанның осы аталған салалар бойынша əлеуеті мықты», деді М.Петерманс. Арменияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі де өз əріптесі секілді Қазақстан мен Армения арасындағы бүгінгі күнге дейін қалыптасып үлгерген саяси жəне экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін беруге мүдделі екенін жасырмады. Бұл орайда А.Саакян: «Армения мен Қазақстан ықпалдастығы ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ жəне басқа да өңірлік жəне халықаралық ұйымдар негізінде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, Армения ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға ниет білдіріп отыр», деді.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі экономист Джереми Рифкинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстанды индустрияландырудың жай-күйі мен келешегі, республикада «жасыл экономиканы» қалыптастыру, сондай-ақ, əлемдік қаржыэкономика жүйесінің өзекті мəселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық жұртшылықтың бүгінде əлемдегі индустриялық дамудың келесі кезеңіне зор қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. – Қазақстан да осы мəселелермен айналысуда, алайда, еліміздің бастапқы мүмкіндіктері шектеулі. ЭКСПО-2017 көрмесін пайдалана отырып, біз бұл бағытты

Женеваєа барады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен

ілгерілетіп, əлеуетімізді арттырып, дамудың одан арғы стратегиясын белгілеп алу ниетіндеміз. Сіз Үшінші индустриялық революция тұжырымдамасының авторы болып саналасыз. Сондықтан, осы идеяның қалай іске асырылып жатқанын, қазірдің өзінде белгілі бір нəтижелерге қол жеткізген əлем елдерінің пікірін білу біз үшін қызықты, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Д.Рифкин кездесу үшін алғысын білдіріп, еліміздің астанасының əлеуетін атап өтті. Ол Қазақстанның елімізде жаңа технологияны ендіруге, Азия өңірінде жəне бүкіл əлемде көшбасшы болуына мүмкіндік беретін Үшінші

Швейцарияға барады. Женевада жəне Бернде Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары,

индустриялық революцияның белсенді қатысушысына айналуына тілектестігін білдірді. Сондайақ, Д.Рифкин Қазақстан бастама ретінде көтерген, əлемде əлдеқайда орнықты «жасыл экономика» қалыптастыруға бағытталған «Жасыл көпір» серіктестігі бағдарламасына көптеген əлем елдерінің қызығушылық білдіріп отырғанын айтты. Бұған қоса, əңгімелесу кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мəселесі жəне оны өткізу аясында ұсынылатын, Қазақстан іске асыратын идеялар перспективасы сөз болды.

-----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

БҰҰ-ның Женевадағы Бөлімінің Бас директоры лауазымындағы қызметінің аяқталуына байланысты шаралар өтеді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Америкалық жоба жеңімпаз атанды. Естеріңізде болса, осыдан бір аптадай бұрын, яғни 16 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық жəне оны өткізу мəселелері жөнінде кеңес өтіп, онда көрме кешенінің архитектуралық эскизі мақұлданған болатын. Ал кешегі баспасөз мəслихатында бəйгеде бəсі биік болып, бағы жанған Adrian Smith+Gordon Gill Architecture компаниясының архитектуралық

эскизі таныстырылды. Adrian Smith+Gordon Gill Architecture компаниясының сəулетшілері ЭКСПО нысандарының орналасуы жəне ауданы бойынша алдын ала мəліметтерді ұсынып, эскиз-жобада орналасқан көрме аумағындағы негізгі павильондарды жеке-жеке əңгімеледі. ЭКСПО өтетін алаңның жал пы аумағы – 173,4 гектарды құрайтыны бұған дейін де айтылған болатын. Оның ішінде 25 гектары көрме кешенінің өзіне тиесілі болса, 148 гектар аумақта тұрғын үй құрылысы, əлеуметтік-мəдени, білім жəне

денсаулық сақтау нысандары, сауда жəне ойын-сауық орталықтары, саябақтар, гүлзарлар, жолдар орналасады. Көрме павильондарының болжамды ауданы – 118620, ал қызмет көрсету аймақтары – 95 400 шаршы метрді құрайды деп белгіленіп отыр. Сондай-ақ, тұрғын үй алаңы – 586 465 шаршы метр. ЭКСПО қалашығын құру Есіл ауданында, Қабанбай батыр, Хусеин бен Талал, Орынбор жəне Рысқұлов көшелері мен даңғылдарының тоғысында орналасады деп жоспарланған. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.