Бїгінгі нґмірде: Кґрмеге дайындыќ кґпшілік назарында 5-бет Автокеруеншілер – Алтайда 6-бет Ўстаздар ўстаханасы 8-бет Жетісуда ќымыздыѕ 24 тїрі бар 10-бет
№207 (28430) 23 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќорєаныс саласы – басќару жїйесіндегі маѕызды буын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кездесу барысында берген өтінішіне орай Қорғаныс министрі Серік Ах метовтің отставкасын қабылдағанын айтты. Сонымен
қатар, Қазақстан Президенті ведомствоның басшылық құрамына жаңа министр – Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Елбасы сенімі – ел сенімі Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесті. Кездесу алдында, қалалық мəслихаттың сессиясында Астана қаласының əкімі лауазымына Əділбек Жақсыбековтің кандидатурасы депутаттармен келісілді. Сондай-ақ, Елбасы кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетовтің Қорғаныс министрі болып тағайындалғанын айтты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Астана активімен кездесті «Бүгін менің Жарлығыммен Иманғали Нұрғалиұлы Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қорғаныс министрі деген ел үшін, халқымыз үшін, Пре зидент үшін ең бір негізгі лауазым болып саналады. Еліміздің тəуелсіздігін, тыныштығын сақтау, шекарасының бүтіндігін қор ғау орайында Қорғаныс ми нистрінің алдында тұрған міндет өте көп. Мен өзім Қарулы Күштерді құрып, қолдап келе жатырмын. Сондықтан, бұл қызметте кім болатыны мемлекет үшін де, жеке мен үшін де өте маңызды. Иманғали Нұрғалиұлы көп жылдан бері менің қасымда жұмыс істеп келеді, көптеген лауазымдарды атқарды. Барлық жерде жұмысты бүге-шігесіне дейін зерделеп, мықты ұжым қалыптастырып, қойылған міндеттерді орындады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде. Мемлекет басшысы, сондайақ, И.Тасмағамбетовтің қалаға басшылық жасаған кезінде Астананың айтарлықтай жаңарғанын атап өтті. «16 жылда біз жаңа елорда салып қана қойғанымыз жоқ, еліміздің тұрғындарымен қатар, дүние жүзінен келетін қонақтарды да таңдандырып, тамсандыратын қала жасадық. Осы жылдар ішінде елорда бар лық жағынан өзгерді. Бүгін Астананың ғаламшардағы «Топ-21» «ақылды қалалар» тізіміне кіргені мəлім болды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Астана активімен кездесу кезінде Қазақстан Президенті елорданың жаңа əкімі болып Əділбек Жақсыбеков тағайындалғанын да айтты. «Конституцияға сəйкес, мен мəслихаттың келісімін алып, Əділбек Жақсыбековті Астана əкімі етіп тағайындадым. Ол 1997
жылы қаланың алғашқы мэрі болды. Ол қандай салада жұмыс істесе де, барлық міндеттерді меңгерді. Алдағы уақытта ол өзінің жинаған тəжірибесімен Астананың дамуына ауқымды үлес қосады деп ойлаймын», деді Мемлекет басшысы бұл орайда. И.Тасмағамбетов пен Ə.Жақсыбеков сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына алғыстарын айтып, алдарына қойған барлық мін детті шешу үшін бар күшжігер лерін жұмсайтындарын айтты. Мəселен, Иманғали Тасмағамбетов: «Астана – еліміздің, жас мемлекетіміздің өркендеп, өсуінің жасампаз нышаны. Нұрсұлтан Əбішұлы, Сіз осы қаланың өміріне нəр, тіршілігіне сəн бердіңіз, елорданы басқару кімкімге де жауапкершілігі мол лауазым ғана емес, ол – үлкен жауапкершілік. Олай болса, мен ең алдымен, Сізге маған көрсеткен мəртебелі сеніміңіз бен əрдайым көрсеткен қамқорлығыңыз үшін зор алғысымды білдіремін», десе, Əділбек Жақсыбеков Елбасына елдегі маңызды лауазымға тағайындап, сенім артқаны үшін алғысын білдірді. «Əрине, бұл маған үлкен міндет жəне жауапкершілік жүктейді. Сондықтан, сенім үдесінен шығу үшін барлық күшжігерімізді жұмсаймыз деп ойлаймын», деді Ə. Жақсыбеков.
Ќазаќстан – Еуропалыќ одаќ сенім артќан ел Бұл күні Елбасы Астана қаласы активімен кездесуі барысында мəлімдеме жасап, бірқатар маңызды мəселелер төңірегінде ой қозғады. «Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы бүгінде азаматтарымызды тамсандыратын жəне дүние жүзінен келетін қонақтарды таңдандыратын үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстанды барлық өзге мемлекеттер құрметтейтін болды, бұл, əсіресе, менің Брюссель мен Миланға
Қазақстан Республикасының Заңы Еѕбек ќауіпсіздігі мен гигиенасына жəрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы 2006 жылғы 15 маусымда Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 95-сессиясында қабылданған Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жəрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 20 қазан. №243-V ҚРЗ
сапарларымда айрықша сезілді. Біздің ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша, сондай-ақ, Қазақстанның БСҰ-ға кіруі аясында ЕО-мен екіжақты келіссөздерді аяқтау туралы құжатқа қол қойылуы бүкіл Еуропалық одақ тарапынан біздің елімізге деген зор сенімді білдіреді», – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Миланда өткен «АзияЕуропа» форумының салиқалы саммитіне шақырылған Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз мемлекет болғанын да атап өтті. «Мен көптеген елдердің көшбасшыларымен кездестім. Олар Қазақстанды экономиканы дамытуымен, əлеуметтік жағдайдың орнықтылығымен, халықтың көңіл-күйімен, тыныштық жəне тұрақтылығымен үлгі көрсететін мемлекет ретінде қабылдайды», – деді Қазақстан Президенті.
Ел инфраќўрылымын дамыту – ауќымды міндет Мемлекет басшысы өзінің сөзінде бүгінде көптеген елдің əлемдік экономикадағы қиындықтарға байланысты үлкен сынқатерлерге кезігіп отырғанына тоқталды. «Тұрақсыздықтың ушығуына Украинадағы ахуал мен Ресей жəне Еуропа елдері арасындағы өзара санкциялар да ықпал етуде. Ресей – біздің стратегиялық серіктесіміз, тығыз байланыс орнатқан жақын көршіміз. Егер Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жанама түрде бізге де əсер етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті аталған үрдістердің алдын алу үшін қажетті мүмкіндіктің бəрі бар екенін жəне Үкімет тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. «Үкімет биылғы жылдың бюджетін қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізді, өйткені, мұнай мен метал дың, сондай-ақ, Қазақстан экс портының өзге де өнімдеріне бағаның төмендеуі түсімдердің азаюына əкеледі. Бұл ретте барлық жалақылар, əлеуметтік төлемдер қазіргі деңгейінде қамта масыз етілуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Осылай дей келе,
Заѕ жобаларымен жўмыс жалєасады Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасы заңнамалық өндіріске алынса, ал 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасымен жұмыс жалғастырылатын болып шешілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Күн тəртібіне шығарылған Қазақстан мен Беларусь ара сын дағы екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағында болуы тəртібі туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасына қорытынды
əзірлеу мəселесі шешімін тапты. Заңдық құжат екі ел азаматтарының тараптар аумағында, олардың құзыретті органдарында 30 күн ішінде міндетті тіркеусіз болуының жеңіл де тіл ген тəртібін айқындауға бағытталған. (Соңы 5-бетте).
Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жарияланатынын мəлімдеді. «Бізге елордадан елдің барлық өңіріне қарай сапалы автомобиль жолдарын көптеп салу қажет. Құрылыс жұмыс орындары мен кəсіпорындар тапсырысын қамтамасыз етеді, ел экономикасының көлемін кемітпеуге мүмкіндік береді. Үкімет осы мəселемен айналысып жатыр, оны жүзеге асыруға Астана да атсалысуы тиіс», деді Қазақстан Президенті.
Əлеуметтік тўраќтылыќ – басты ўстаным Мемлекет басшысы əлеуметтік тұрақтылық пен барлық азамат тардың теңдігі еліміздің мызғымас ұстанымдары болып қала беретініне тоқталып өтті. «Кейбір қайраткерлер бəрінің атын ауыстыруға, көшелер мен мекемелердің атауын бір тілде жазуға бейім. Мұны тоқтатқан жөн. Тағы да қайталағым келеді: патриоттығыңды оның қажет емес кездерінде көрсетуге ұмтылудың керегі жоқ. Конституцияда тілдер мен этностарға қатысты барлық нормалар нақты көрсетілген. Бұл – біздің артықшылығымыз, біздің көпұлтты тұрақты мемлекет ретіндегі брендіміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті ешкім ешқандай жағдайда кемсітушілік сезінбеуі тиіс екендігін айтты. Егер бір адам жəбір көрсе, онда бүкіл Қазақстан жапа шегеді. Бір философтан «Бақытты адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Бақытты адамдардың арасында өмір сүретін адам бақытты», деп жауап беріпті. Егер айналамыздағылардың бəрі бақытты болса, біз де бақытты боламыз. Егер бір немесе бір топ адам бақытсыз болса, онда осы бақытсыздық басқаларға да тарайды. Баршаның есінде болуын қалаймын: тұрақтылығымыз бен бір-бірімізге деген құрметті сақтау – біздің дамуымыздың негізгі қағидаты», – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 5-бетте). ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
И.Н.Тасмаєамбетовті Ќазаќстан Республикасыныѕ Ќорєаныс министрі ќызметіне таєайындау туралы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, ол Астана қаласының əкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 22 қазан. №934
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ə.Р.Жаќсыбековті Астана ќаласыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Астана қаласының əкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 22 қазан. №935
Қор ғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын саналатынын атап көрсетті, сондай-ақ, Қазақстан армиясының қару-жарағын одан əрі жетілдірудің жəне оны заманауи əскери техникалармен жабдықтау дың қажеттілігіне назар аударды.
Уаќытша атќару жїктелді
Мемлекет басшысының Жарлы ғымен Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.
Хроника Мемлекет басшысының Жар лығымен Серік Нығметұлы Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Əбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Ўлытау тґріндегі ўлаєатты əѕгіме Елбасының Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбаты қазақ қоғамында серпіліс туғызды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, тілі, əдебиеті, мəдениеті, экономикасы мен болашағы жайлы айтқан Нұрсұлтан Əбішұлының келелі пікірлеріне еліміздің əр тарапындағы зиялы қауым өкілдері үн қосып, өз пікірлерін білдіруде. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында Елбасының кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен өткен басқосуда Ұлытау төрінде көтерілген басты мəселелер ғылыми тұрғыдан талданып, оның ел руханиятының дамуына қосатын айрықша үлесі туралы кеңінен сөз болды. Ұлттық ғылым академиясының жетекші академиктері мен корреспондент-мүшелерінің қатысуымен өткен осы сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі:
– Елбасымыз бұған дейін де Қазақстанның түрлі өңірінде болған сапарларында журналистерге сан алуан сұхбаттар беріп, сол өңірдің арғы-бергі тарихы мен болашақтағы дамуы жайлы талай мəрте келісті ойларын ортаға салған. Осыдан бірнеше жыл бұрын киелі Түркістан жерінде зиялы қауымның басын қосып, қазақтың тарихы, тілі, руханияты жайлы тереңнен толғаған əңгіме өткізген еді. Əсіресе, дін мəселесіне, оның ішінде ислам дінінің ұлағатына қатысты əлі оңы мен солын
танып үлгермеген жас ұрпаққа қарата ұлтымыздың ұлы басшысы ретінде тереңнен толғаған тағылымды пікірлерін ортаға салған болатын. Жалпы, Елбасы – Қазақстанның ғана емес, бүкіл дүние жүзінің беталыс бағдарын, оның алда орын алуы əбден мүмкін қауіпқатерлерін болжай білетін кемеңгер қайраткер. Сөзім дəлелді болуы үшін оның осыдан 14 жыл бұрын, ХХІ ғасыр енді ғана басталғанда жарық көрген «Сындарлы он жыл» атты кітабында: «Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында, тіптен кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мəлімдеулерінде жаңа
мағына жамылған «исламдық қауіп-қатер» деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі жəне үздіксіз қайталанатын болып жүр. «Исламдық қауіп-қатер» деген ұғымды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанмен, үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифтік қауіп-қатер туралы емес, исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттігін сөз ететін кез келді», деп жазғанын мысалға келтірейін. Елбасының дəл осы болжамы айна-қатесіз келді. (Жалғасы 2-3-беттерде).