23112013

Page 1

Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев Жамбыл облысындаєы жўмыс сапарыныѕ екінші кїнін Тараз ќаласындаєы кґне шаћардыѕ орнына жасалып жатќан археологиялыќ ќазба жўмыстарымен танысып, облыс орталыєындаєы жаѕадан тўрєызылєан Тґле би ескерткішіне гїл шоќтарын ќоюдан бастады.

№260 (28199) 23 ҚАРАША СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ќолда бар мїмкіндіктер іске ќосылсын

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

КӨМБЕ АСТЫНДАҒЫ КӨНЕ ШАҺАР Тараз – көне шаһар. Оның 2000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткені белгілі. Одан бері де оншақты жыл өте шығыпты. Уақыт енді сол көне шаһардың орнына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, сол құнды жəдігер арқылы облыстағы туризм саласын дамытуға да ден қою керек екенін күн тəртібіне шығарып отыр. Осыған орай облыс əкімінің шешімімен көне шаһар үстіне Кеңес өкіметі тұсында орналасқан «қанбазар» қала сыртына көшіріліп, тарихи орынды зерттеу жұмыстары басталған. Көне шаһар жұртындағы зерттеу жұмыстары биылғы маусымда, негізінен, цитадель мен шахристанды қазып, зерттеп, зерделеуге жұмылдырылды. Тарихи орында жүріп жатқан археоло гиялық қазба жұмыстары еліміздің тарихы мен мəдениетіне жəне ғылымына не береді? Көне Тараз шахрис танының X-XII ғасырларға тəн қабатына жүргізілген археологиялық қазбалардың нəтижесінде қаланың Қараханидтер дəуіріндегі кезеңі мұқият зерттеледі. Сонымен қатар, жəдігерқала құрылыстары музейлендірілген нысан түрінде туристердің қызыға тамашалауына мүмкіндік туғызбақ. Көне қалашық орнында үш ай жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде жер қабатынан көптеген артефактілер шықты. Цитадель аумағындағы бір аумақтан ондаған сфераконустар табылды. Қазіргі кезде керамикалардың өңделген бөлшектерінің өзі 33 мың дананы құрап отыр. Оның ішінде 107-сі тұтас сақталған. Сондай-ақ, 33 көне тиын ақшаны, 26 шыны бұйымдарын жəне сүйектен жасалған 5 артефактіні құнды олжа деуге болады. Президент Н. Назарбаев көмбе астында жатқан көне шаһардағы археологиялық жұмыс нəтижелерімен танысқаннан кейін қазақ халқының дана тұлғаларының бірі – Төле бидің 350 жылдық мерейтойы аясында тұрғызылған баба ескерткішіне гүл қойды. Қоладан құйылған, биіктігі 10,5 метр ескерткіш облыс орталығындағы халық тығыз орналасқан Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы көрікті тұсқа қойылған. Ескерткіш алдындағы алаңда Елбасы қала тұрғындарымен əңгімелесті. ЖҮРЕГІҢІЗ ЖҮЗ ЖАСАСЫН, ЖАМАҒАТ! Мемлекет басшысы кеше, сондай-ақ, Тараз қаласындағы жаңадан ашылған жекеменшік «Жүрек» кардиологиялық орталығымен танысты. Оның жобасының жалпы құны 1,5 миллиард теңге болса, құрал-жабдықтарының құны 800 миллион теңгені

құ райды. Клиниканың стационары – 80, кардиология бөлімі – 50, кардиохирургия бөлімі – 20, жансақтау бөлімі – 10 адамға арналған. Жаңа кардиохирургия орталығының халыққа көрсететін медициналық көмектерінің қатарында ота жасаудан бастап манипуляция, зерттеулердің көптеген түрлері бар. Орталықтың штаты 135 адамнан құралған, оның ішінде дəрігерлер құрамы – 27, ал орта медициналық құрам 54 маманнан тұрады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жүрек-қан тамырлары ауруы бойынша бірінші орында тұр», деп алаңдаушылық білдіргені белгілі. Сондықтан болар, Елбасы Жамбыл өңіріндегі «Жүрек» кардиологиялық орталығын жүрек-қан тамырлары ауруымен күресудегі тағы бір құтты қадам ретінде бағалап, ризашылық білдірді. ӨҢІРДІҢ ӨРКЕНДЕУ ƏЛЕУЕТІ ЖЕТКІЛІКТІ Елбасы, сонымен қатар, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы «Қазфосфат» ЖШС іске қосқан күкірт қышқылы зауытының жұмысымен таныс ты. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 600 мың тонна күкірт қышқылын құрайды. Жобаның құны – 14 миллиард теңге. Зауыт Германияның, Чехияның, Ресейдің, Жапонияның жəне еліміздің заманауи құрал-жабдықтарымен жарақталған. Зауытта 138 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Н.Назарбаев, сондай-ақ, өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты осы жерде кеңес өткізіп, хабарлама жасау үшін сөзді облыс əкімі Қанат Бозымбаевқа берді. Облыс əкімі соңғы жылдары əлеуметтікэкономикалық дамуда Жамбыл өңірінің айтарлықтай табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды. Бұл істе, əсіресе, облысты өркендетудің 2011-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы үлкен септігін тигізіпті. Соңғы үш жылда өңірдегі ішкі жалпы өнім – 33 пайызға, өткен жылы 9,8 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш жалпы облыс бойынша 764 миллиард теңгені құраған. Облыс үшін бұрын болмаған жоғары көрсеткіш. Өткен 2012 жылы жан басына шаққанда есептік көрсеткіш 719 мың теңгеге жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда екі есеге артыпты. Өңірдегі ішкі жалпы өнім аймақтағы ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік жəне байланыс сияқты салалар бойынша қамтамасыз етілген. Үш жылда өнеркəсіп өнімдерінің өсімі 44 пайызды, оның ішінде өңдеу өнеркəсібі 7,9 пайызды құраған. Осының бəрі экономикалық дамудың үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру барысында қолға алынған. Бағдарлама

Қазақстан Республикасының Заңы

Ќазаќстан Республикасы мен Тїркия Республикасы арасындаєы сотталєан адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы

2013 жылғы 4 шілдеде Анкарада жасалған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 20 қараша. № 143-V ҚРЗ

шеңберінде облыста бүгінде 38 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда екен. Оның жалпы қаржысы 546 миллиард теңгені құраған. Бұл қосымша 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Бүгінде 29 жоба жүзеге асырылып, оларда 4 мың жұмыс орны құрылған. Оның ішінде үстіміздегі жылы 8 жоба жүзеге асырылып, 600 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Оларға тартылған қаржы көлемі 21 миллиард теңгені құрапты. Бір айта кетерлігі, аталған 38 жобаның 19-ы, яғни 66 пайызы аудандарда жүзеге асырылып отыр. Жұртшылықпен кездесу барысында Қазақстан Президенті индустриялықинновациялық даму бағдарламасының аралық нəтижелерін атап өтті. – Индустриялық бағдарлама аясында үш жыл ішінде – 600, биыл 150 кəсіпорын іске қосылды. 250 мың жұмыс орны ашылды, бұл – біздің тұрғын дар санын ескергенде өте жақсы нəтиже. Біз бұл кəсіпорындарды іске қосу үшін 2,2 трлн. теңге жұмсадық. Бүгіннің өзінде олар 2,5 трлн. теңгенің өнімдерін беруде, яғни іс жүзінде өзін өзі ақтады. Индустрияландыру жай ғана аясы тар мақсат емес, оның бас ты міндеті – Қазақстанда, Кеден одағы елдерінде жəне оның аумағынан тыс жерлерде сұранысқа ие болатын өнімдер шығару. Индустрияландырудың екінші «бесжылдығы» өндіретін өнімдері нарықта сұранысқа ие болатын инновациялық нысандар, жаңа кəсіпорындар құруды қарастыратын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бүгінде елімізде барлық негізгі салалық бағдарламалар əзірленгеніне тоқталды. – Шағын жəне орта бизнес үшін түр лі жеңілдіктер ұсынылады. Мемлекеттің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мол қа ра жат бөлуге мүмкіндігі бар. Бүгінде біз шамамен жартысының пайыздық мөлшерлемесіне субсидия бөлеміз. Осының барлығын пайдалану керек. Сондай-ақ, мемлекет «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша азаматтардың жаңа мамандыққа ие болып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау жəне білім беру жөніндегі салалық бағдарламалар қабылданды. Республикада мектептер мен ауруханалар құрылысы жалғасуда, өйткені, бірінші кезектегі мақсат – азаматтарды əлеуметтік қамтамасыз ету. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жеңілдік арқылы жекеменшік тұрғын үй сатып алу үшін жағдай жасалған, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев облыста жұмыс белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтіп, əкімдіктің өңірді дамыту жөніндегі қызметіне оң бағасын берді. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қарқынды іске асыруды

жалғастыру қажеттігіне назар аударып, зор келешегі бар ауыл шаруашылығы мəселелерімен кешенді түрде айналысуды, сондай-ақ, жол бойындағы апаттарды азайтуға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, оған қатысты көзқарасты қатайтуды тапсырды. БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ Облыстың білім саласындағы қиын түйіндерінің бірі апатты жағдайдағы мектептерді жою болатын. Бұл туралы Елбасы да ескертіп айтып жүр. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда өңірде апатты жағдайдағы 19 мектеп бар. Жəне олардың саны өсе түсуде. Себебі, облыстағы 458 мектептің 94-і саманнан салынған. 20092012 жылдар аралығында облыста құрылыс жəне қайта жаңғырту есебінен 18 мектеп пайдалануға берілсе, оның 12-сі апатты жағдайдағы жəне 5-еуі үш ауысымды мектептердің орнына пайдалануға берілді. Тек биылдың өзінде облыста 12 мектептің құрылысы жүргізілуде. Нəтижесінде 8 апатты жəне 2 үш ауысымды мектептің мəселесі шешілмек. Облыстағы білім саласының біраз жетістіктерге жеткеніне тоқталған облыс əкімі: «Осы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша облыстың орташа көрсеткіші 75,02 баллды құрап, республикалық көрсеткіштен 0,52 баллға жоғары болды. Егер 2009 жылы біз республика бойынша соңғы орында болсақ, қазір бел ортаға көтерілдік», деген болатын. Осы тұста Нұрсұлтан Назарбаев: «Бел орта дейсің бе? Ол қай тұс?» деген. Облыс əкімі: «8орын», деп жауап берді. Елбасы елімізде мектеп, аурухана жəне тағы басқа ғимараттар көптеп салынып жатқанын, оған қажетті қаржының көптеп бөлініп жатқанын айта келіп, бұл

Қазақстан Республикасының Заңы

Ќазаќстан Республикасы мен Ќытай Халыќ Республикасы арасындаєы сотталєан адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы

2011 жылғы 22 ақпанда Бейжіңде жасалған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 20 қараша. № 144-V ҚРЗ

тұрғыда, тіпті, Кеңес өкіметінің жетпіс жылында жүргізілмеген құрылыстар жүргізілгенін ескертіп өтті. АНА. БАЛА. ДЕНСАУЛЫҚ Облыста «Балапан» бағдарламасы да қарқынды түрде іске асырылуда. Осы бағдарлама шеңберінде өңірде соңғы 4 жылда 55 балабақша жəне 130 шағын орталық пайдалануға беріліпті. Ағымдағы жылы 11 балабақшаның құрылысы жүргізілуде екен. Облыста аналардың туу көрсеткіші де жоғары. Жылына 28 мыңнан астам сəби дүниеге келуде. Мысалы, 2009 жылы – 27 080, 2010 жылы – 27 493, 2011 жылы – 28 640, 2012 жылы – 28 517 жəне 2013 жылдың 6 айында 14 082 сəби жарық дүние есігін ашыпты. Облыста денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі соңғы үш жылда 42 пайызға артқан. Тұрғындарды тегін жəне жеңілдетілген дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік қаржы көлемі 2,6 есеге ұлғайған. Соңғы төрт жылда облыста 44 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріліпті. Денсаулық сақтау саласындағы маман-кадрлардың тапшылығы да шешілуде екен. 2011 жылдан бастап дəрігерлердің шетелде тəжірибеден өту дағдысы қалыптасып, олар Ресейде, Латвияда жəне Израильде дайындықтан өтіп қайтыпты. Облыс қаржысы есебінен медициналық жоғары оқу орындарында бүгінде 87 ауыл түлектері білім алып отырған көрінеді. Олар университетті аяқтаған соң өз ауылдарына келіп, жаңа ауруханалар мен амбулаторияларда жұмыс істемек. Атқарылған мақсатты шаралар арқасында өңірде ана өлімінің деңгейі екі еседен астам, нəресте өлімі 25,6 пайызға азайған. Сонымен қатар, өкпе ауруының деңгейі 13,2 пайызға төмендепті. Өңір тұрғындарының

орташа өмір сүру жасы соңғы он жылда 2,5 жылға өсіп, 70 жасқа жақындаса, туу көрсеткіші 63,3 пайызға артқан. Елбасы кеңес барысында бірқатар сала басшыларын тыңдап, мысалы, «Еурохим» сияқты үлкен жобаның өңір əлеуетін жақсартуға үлес қосатынына, сондықтан тиісті министрліктер, əкімдіктер бұл компаниямен бірлесіп жұмыс атқаруы керектігіне тоқталды. Сонымен бірге, облыста бір кездері құрылыс жұмысы тəп-тəуір басталып, бірақ іске қосылар кезде сан түрлі сылтаулар айтып, жұмыс істеуден тайқып шыға келген Мойынқұм цемент компаниясы мен оның жұмыс істеуін ұйымдастыра алмай отырған басшыларды сын тезіне алып, «Бүгінде Астана, Алматы сияқты қалалардағы ірі құрылыс нысандарына цемент жетпей жатыр. Ал басқа жақтың цемент жасаушылары бағаны өсіруде. Сендер неге осы зауытты жедел іске қосып, аталған құрылыс нысандарын арзан цементпен қамтамасыз етпейсіңдер», деді. Іске жауапты басшылардың айтуынша, аталған цемент зауыты келесі жылдың екінші жарты жылында іске қосылмақ. Сондай-ақ, Елбасы Жамбыл облысында суармалы алқаптардың тиімді пайдаланылмай отырғанын жəне жасанды су бөгендерінің жасалмауын сынға алып, табиғаты қолайлы мұндай өңірде көкөніс, жеміс-жидек, сүт, жұмыртқа өнімдерін еліміздің басқа өңірлері мен шет елден тасымалдамай-ақ халықты қамтамасыз етуге болатынын ескертті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірге жасаған екі күндік жұмыс сапары барысында облыста атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын бере келіп, кейбір кемшіліктерді жою жолында жұмыс істеуді тапсырды. Жамбыл облысы.

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Бїгінгі нґмірде: БІР ЕЛБАСЫ – БІР ХАЛЫЌ – БІР СТРАТЕГИЯ 2-3-беттер

СУЛЫ, НУЛЫ, БЕРЕКЕЛІ ЖЕТІСУ 6-7-беттер

АЛДЫМЫЗДА ЖАЅА МІНДЕТТЕР ТЎР 8-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.