23122015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №244 (28722) 23 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

 Президент поштасынан

Ізгі ниеттер легі

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні мерекесіне орай келіп түскен хаттар мен құттықтаулар туралы хабарлады.

Елбасының атына шетел мемлекеттерінің жəне халықаралық ұйым дардың басшыларынан, сондай-ақ, азаматтардан, еңбек ұжым дары нан, зиялы қауым өкілдері нен, еліміздің түрлі өңіріндегі оқушылардан көптеген хаттар келіп түсті. Авторлар өз хаттарында мемлекеттегі ауқымды өзгерістерге, оның халықаралық аренадағы беделінің өсуіне жəне қазақстандықтардың əл-ауқатының артуына негіз болған, 1991 жылы қолымыз жеткен Тəуелсіздіктің маңыздылығын айтқан. Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннен, АҚШ Президенті Б.Обамадан, Француз Республикасының Президенті Ф.Олландтан, Германия Федеративтік Республикасының Пре зи денті Й.Гауктан, Италия Рес публикасының Прези денті С.Маттарелладан, Австрия Республикасының Президенті Х.Фишерден, Чех Республикасының Президенті М.Земаннан, Венгрия Президенті Я.Адерден, Үндістан Республикасының Президенті П.Мукерджиден, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хеден, Сингапур Республикасының Президенті Тони Тан Кенг Ямадан, Беларусь Республикасының Прези денті А.Лукашенкодан, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтан, Өзбекстан Президенті И.Кəрімовтен, Украина Президенті П.Порошен кодан, Əзербайжан Республикасының Президенті И.Əлиевтен, Түрікменстан Президенті Г.Бер ді мұ ха медовтен, Тəжікстан Республикасының Президен ті Э.Рахмоннан, Грек Республикасының Президенті П.Павлопулостан, Словак Республикасының Президенті А.Кис киден, Оңтүстік Африка Республи касының Президенті Д.Зумадан, Ирак Республикасының Президенті Ф.Масумнан, Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті М.Тешомеден, сондай-ақ, Куба Респуб ликасы Мемлекеттік Ке ңе сінің жəне Министрлер кеңесінің төрағасы Р.Кастродан, Ли ван

Республикасының пре мьер-министрі Т.Салямнан құттықтаулар келген болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мен бар ша Қазақстан халқын Рим Папа сы Франциск, Ұлыбритания Патшайымы II Елизавета, Жапония императоры Акихито, Сауд Арабиясы королі Салман бен Əбдел Əзиз Əл Сауд, Нидерланд королі Виллем-Александр, Швеция королі Карл XVI Густав жəне Бельгия королі Филипп ұлттық мерекемен құттықтады. Португалия Республикасының Президенті А.Силва Нұрсұлтан Назарбаевты ұлттық мерекемен құттықтап, Қазақстан халқының ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіреді. Сауд Арабиясы Корольдігінің мұрагер ханзадасы, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, ішкі істер министрі Мұхаммад бен Наиф бен Əбдел Əзиз Əл Сауд жəне мұрагер ханзаданың орынбасары, Министрлер кеңесі төрағасының екінші орынбасары, қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман бен Абдул Əзиз Əл Сауд еліміздің Тəуелсіздік күніне орай шынайы құттықтауларын жолдап, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен бақыт тіледі, ал Қазақстан халқына елдің одан əрі де дами беруіне тілектестік білдірді. Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд бен Амин Мадани ИЫҰ Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын айта отырып, біздің елдің Ұйымға көрсеткен қолдауы мен ислам қоғамының мүддесін ілгерілетудегі белсенді қызметін айрықша атап өтті. ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы С.Лебедев өз хатында Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен əлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесіне айналған, халықаралық қатынастар жүйесінде лайықты орны бар жəне елдегі саяси, əлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған кешенді мемлекеттік өзгерістер жасау бағытында сенімді қадам басып бара жатқан ел екенін атап өткен.

 Өмірдің өзегі – өндіріс Осыдан тура бес жыл бұрын Қарағандыда кремний өндіретін жаңа зауыт салынып, ол еліміздегі елеулі оқиға лардың бірі ретінде аталған еді. Дегенмен, кремнийге енді қарық боламыз деп жүргенде əлгі зауыт ашылмай жатып қайта жабылып қалды. Кейін белгілі болғандай, кəсіпорынның бұрынғы қожайыны «Силициум Қазақстан» компаниясы біраз олқылықтарға жол беріпті. Жұмыс істегеніне екі-ақ жыл болған компания банкротқа ұшырап, инвесторлар мен Қазақстанның Даму банкіне 230 миллион доллар қарыз болып қалған-ды...

Ќайта тїлеген кремний зауыты ќарќынын кїшейтті

Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі жəне өкілдік басшысы Траян Христеамен кездесті, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу иелерінің пікірінше, қос тарап арадағы ықпалдастықты бұрынғыдан да тереңдетуге мүдделі. Оған кеше ғана қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген ынтымақтастық пен əріптестік туралы келісім дəлел болмақ. 29 баптан тұратын құжат саяси, əлеуметтікэкономикалық, мəдени-гуманитарлық салалардағы, сонымен қатар, екіжақты жəне көптармақты байланыстарды

нығайтуға ерекше серпін беретін болады. Өз кезегінде Траян Христеа Орталық Азия елдері арасында аталған келісімге алғашқы болып қол жеткізген біздің еліміз екенін, бұл Еуропалық одақтың Қазақстанды жан-жақты қолдай тындығының тағы бір дəлелі екенін жəне осы келісімде айтылғандарды жүзеге асыруға барынша атсалысатынын жеткізді. Палата Спикері аталған одақпен əріптестік байланысты кеңейту əрі

Кеѕестіѕ кезекті отырысы

Кеше Жоғары Сот Кеңесі Төрағасы А.С.Смолиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста сот Жоғары Сот Кеңесінің жаңа моделінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мəселелері, оның 2015 жылғы жұмысы қорытындыланды, сондай-ақ, сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мəселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды жəне ұсынымдары берілді.

(Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.

● Еңбегімен еленген

Ќимылдаєан ќыр асады Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Жуырда Торғай өңіріне барған сапарымызда Амангелді ауданының іскер азаматы, көп шараларға қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген Таңатар Ахметовпен сөйлесудің сəті түсті. Таңатар бизнесті 1999 жылы бастапты. Бұл еліміздің дағдарыстан əлі шыға қоймаған кезі еді ғой. Əкесі мұғалім болған Таңатардың қаражатпен қарайласатын ешкімі болмаған. Жұмыс жоқ. Енді не істеу керек, отбасын қалай асырайды. Мал алып, өсірейін десе қаражаты жоқ, несие ала алмайды. Ұсақ саудадан түсім шамалы, тапқаны қапқанына жетпейді. Содан Таңатар басын жұмыс істетеді. Бір журналдардан бизнесті қалай бастау керектігі жөнінде мақала оқып, сондағы бір шара – қарбыз, қауын жəне қияр егуді қолға

● Жыл басынан бері Қызылорда облысында 8 клуб жəне 1 кітапхана пайдалануға берілді. Мұны осыған арналған брифингте облыстық мəдениет басқармасының басшысы Ержан Əбдірахманов мəлімдеді. Сондай-ақ, өңірде облыстық, республикалық жəне аудандық бюджеттердің есебінен 16 мəдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

«Орнында бар – оңалар» деген рас. Өткен жылы «Бəйтерек» холдингі жəне «Самұрық-Қазына» қоры өндірісті кеңейту жəне кремний балқытуға арналған жаңа пешті іске қосу мақсатында бір жарым миллиард теңге көлемінде инвестиция құюға шешім қабылдаған болатын. Соның нəтижесінде, зауыттың күрделі жөндеуден өткен екінші пеші биылғы қыркүйекте іске қосылып, соңғы екі айда 1 мың тоннаға жуық өнім өндіруге қол жеткізілді. Оның үстіне, жақын маңдағы Ақтас ауылындағы кен орнынан кварц табылып, ол зауытта шикізат ретінде пайдаланылуда. Болашақта Қарағандыда металлургиялық кремний өндіруге қажетті тағы бір шикізат көзі – арнайы кокс шығару қолға алынбақ. Мұның өзі өңірде логистиканы дамытып, өндірістік инфрақұрылымды жетілдіруге мол мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен қатар, жүздеген адам жаңа жұмыс орындарын табады. Жалпы, кремнийдің негізгі шикізаты – кварц. Кварц төменгі жəне жоғары сортты деп екіге бөлінеді. Қазақстанда төменгі сортты кварцтың қоры 265 миллион, ал жоғары кварцтың қоры 65 миллион тоннаны құрайтын көрінеді. Негізі, 99,9 пайыздық таза кварц əлемде Бразилия, Мадагаскар жəне Қазақстан сияқты екі-үш елде ғана бар екен. (Соңы 8-бетте).

(Соңы 2-бетте). тереңдету біздің еліміздің сыртқы саясатында стратегиялық басымдыққа ие екенін айтты. Əлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, екі тарап арасында бірлескен экономикалық жəне инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі зор. Сонымен қатар, Мəжіліс Төрағасы Еуропалық одақпен визалық режімді оңайлатудың өзектілігін алға тартып, өкілдік басшысын қолдау көрсетуге шақырды. Айта кетейік, Еуропалық одақ – біздің еліміздің ірі сауда жəне инвестициялық əріптесі. Өткен жылы тауар айналымы 53 млрд. долларды құрады. Еуропа елдерінен Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 102 млрд. доллардан асады.

алады. Бұл кəсіп Торғай даласында əлі қолға алына қоймаған, бірақ журналдағы нұсқаулыққа қарағанда оны игеріп кетуге болады екен. Сөйтіп, туған ауылы Үрпекте жақын жолдастарымен бірігіп, қарбызды пленканың астына егуді бастайды. Суару үшін бір ескі насос сатып алады. Сəуір айында əр түпке тостағанмен су құйып отырады, ал май айында өскін шығады. Ыстық күндері қарбызды ашыққа шығарады, ал күн сəл суытса пленкамен жаба бастайды. Тынымсыз еңбек нəтижесін беріп, маусым айында дайын болған алғашқы өнімдерін аудан орталығы Амангелдіге өткізеді. Сөйтіп, «еңбек етсең – қара жер де береді» деген Абайдың сөзі жігіттердің алдынан шығады. Күзге қарай оңтүстіктен мол көкөніс келгенше бұлар

● 2016 жылы Астанада 8 км-ден астам жол жөнделеді. Қалалық əкімдіктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, жол жөндеуден бөлек, жаңа теміржол вокзалына апаратын көшелер де салынады. Атап айтқанда, Байтұрсынов пен Нəжімеденов көшелерін салу жұмыстары жалғасып, жаңадан А82 жəне А62 көшелері бой көтереді. ● Алматы қаласының Наурызбай ауданында 700 орын дық мектептің құрылысы басталды. Қала əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мəліметке қарағанда, жаңа білім ордасы «Алматы қаласын дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде салынып жатыр.

ЖАНДАНУ

Еуропалыќ одаќпен ыќпалдастыќќа ґріс кеѕ

● Қазақстандық астықтың экспорттық əлеуеті 7,5 млн. тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы вицеминистрі Ермек Көшербаевтың мəлімдеуінше, биыл облыстарда шамамен 20 млн. тонна астық жиналған. Бұл əр гектардан 13,5 центнерден жиналғандығын білдіреді.

жерлестерін осы дақылмен қамтамасыз етіп тұрады. Келесі жылдары бақшаның көлемін ұлғайта түседі. Одан «Қарынсалды» деген жерден 200 гектар жер алып, егін егеді. Техниканы жақын жердегі дамыған қожалықтардан жалдайды. Тұқымды əкімдік арқылы астық корпорациясынан алады. Оның өсімі де көп емес, 10 тонна алсаң 12 етіп қайтарасың. Сөйтіп, Таңатар азға қанағаттанып отырмай, бизнесін дамыта береді. Қазір ол, жоғарыда айтқанымыздай, аудандағы танымал бизнесмендердің бірі. Бəріне өзінің талмай талаптанғандығының арқасында қол жеткізген. Жұбайы Гүлбаршын да оған қолғабыс тигізіп, жаңадан ашқан сəн салонын басқарып отыр. Екі ұлы да болашақта əкесінің бизнесін жалғастыруды алдарына мақсат

етіп қойған. Қазір Т.Ахметовтің бірнеше дүкені, наубайханасы, жиһаз цехы, т.б. бар. Үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларына да қатысып, мал басын көбейтумен де айналысады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 150-дей ірі қараның тұқымын асылдандыруды қолға алған. 30-шақты жылқысына үш асыл тұқымды айғыр алып, бұл бағытта да жұмыс істеуде. Малды өнеркəсіптік əдіспен соятын тірек пунктін де ашып алыпты. Аудан орталығынан бос жатқан ғимараттарды сатып алып, еуропалық жөндеуден өткізіп, жиһаз сататын дүкен, шаштараз, сұлулық салонын ашып отыр. Оның үстіне шағын маркет ашып, тұрғындардың алғысына бөленуде. Енді тренажер залын, қонақүй ашпақшы. Туған ауылында тойхана тұрғызған. Міне, ісін тақыр жерден бастаған жігіттің өзінің таза еңбегімен жеткен табыстары əзірге осындай. Осындай іскер жандардан үлгі алсақ, қанеки... Қостанай облысы.

● Оймақтай ой Күннің көзі – ортақ, жақсының сөзі – ортақ. Қазақ афоризмі.

● Петропавлда биыл сумен қамту жүйесін жөндеуге 387 млн. теңге жұмсалды. «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры Арман Сауытов бұл қаржыға шамамен 10 км су құбыры мен 5 км кəріздік желі жөнделгенін айтты. Осындай жұмыстардың арқасында апаттар саны 40 пайызға қысқарған. ● Келер жылы Батыс Қазақстан облысында 2 770 жаңа жұмыс орны ашылады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, 2016 жылы өңірде 62 жоба іске қосылып, 7 мыңнан астам жұмыссыз адам қоғамдық жұмыстарға тартылады. ● Павлодар қаласында 120 орындық балабақша ашылды. Салтанатты шараға қатысқан облыс əкімі Қанат Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, бұл – биыл қала бойынша пайдалануға берілген алтыншы балабақша. Жаңа нысанның ғимаратын меншік иесінен сатып алу үшін 43 млн. теңге жұмсалған. Балабақшаның ашылуына орай 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылды. ● Жаңа жылдан бастап Атырауда зейнеткерлер мен мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ал студенттерге 50 пайыздық жеңілдік жасалса, өзге тұрғындардың жол жүру құны 50 теңгеден 80 теңгеге қымбаттайды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Ел ырысы – ынтымаќта

Кеше елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ауыл» халықтықдемократиялық патриоттық пар тия сының бірлескен қызметі туралы меморандумға қол қойылды. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Меморандумға қол қою рəсіміне Қазақстан халқы Ассамблея сы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі

Ералы Тоғжанов, «Ауыл» партиясының төрағасы Əли Бектаев, Парламент Мəжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері жəне БАҚ өкілдері қатысты. (Соңы 8-бетте).

Оќырман назарына!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.