24/04/2013

Page 1

№113 (28052) 24 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ўстанымдары жаќын елдер

Телефон арќылы сґйлесті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Екі елдің көшбасшылары Мəскеуде 2012 жылғы желтоқсанда өткен жоғары деңгейдегі кездесулердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді одан əрі дамыту мəселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар Бішкекте өтетін ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның алдағы саммиттерінің, сондай-ақ 2013 жылы мамырда Астанада өтеді деп жоспарланған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тəртібінің негізгі тармақтарын қарастырды.

Дайындыќ мəселелері талќыланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы кеңесінің төрағасы Анатолий Рубиновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

– Бұл ретте біздердің пар ламенттері міз маңызды рөл атқарып отыр. Біз түрлі пі шіндерде байланысамыз жəне заңнамалық база мен біздің ісəрекеттеріміз үнемі келісім тауып отырады. Біз бұл үдерісті мейлінше жандандырып, оны жеделдету жəне тиімділігін одан əрі арттыру ниетіндеміз. Менің сапарым парламентаралық өзара ықпалдастықтың арта түсуіне мүмкіндік туғызады деп ойлаймын, – деді А.Рубинов.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел өкілдерінің əр сапары мен кездесуі мемлекеттерді жақындастыра түсетінін, елдер арасы қазірдің өзінде барлық жағынан жақын екенін атап өтті. – Қазақстан мен Беларусь ішкі жəне сыртқы саясатты дамытуда көп мəселе бойынша өте ұқсас ұстанымда. Біз экономикалық жəне саяси салаларда белсенді өзара ықпалдастықтамыз, атап айт қанда, ТМД, ҰҚШҰ, соңғы уақытта – Біртұтас экономикалық

кеңістік пен Кеден одағы аясында ынтымақтасамыз. Биылғы мамыр айының соңында экономикалық интеграцияның одан арғы мəселелерін талқылау үшін үш мемлекет басшыларының бірлескен кездесуі жоспарланған, – деді Мемлекет басшысы. А.Рубинов кездесудің өтуіне мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдірді жəне Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер айтарлықтай жедел жүріп жатқанына тоқталды.

Ел экономикасында ґсім бар

Жарлыќќа ќол ќойды

Əлемдік экономика мен сыртқы рыноктардағы кейбір қолайсыздықтарға қарамастан, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасы дамудың оң нəтижесін көрсетіп отыр. Мəселен, алдын-ала бағалау бойынша елдің ІЖӨ-і 4,5 пайызға өсті. Экономиканың алты негізгі саласы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7 пайызды құрады. Бұл жөнінде кеше Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мəлім болды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Үкімет отырысында 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы əлеуметтікэкономикалық даму қорытындылары бойынша баяндама жасаған Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ел эко номикасының өсуіне тұрақты макроэкономикалық ахуал септігін ти гізгенін атап өтті. Министрдің мəліметінше, 2013 жылғы 1 сəуірде Ұлттық қордың активтері 73 млрд. АҚШ долларын құраған жəне жыл басынан бері 5,2 пайызға өскен. «Инфляция ағымдағы жылдың наурызында 0,2 пайызды құрады, ал 2012 жылдың наурызында 0,3 пайыз болған. Жылдың басынан бері инфляция 1,9 пайыз болды, бұл 2012 жылдың сəйкес деңгейінен 0,8 пайыздық тармаққа асып түседі. Негізінен ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтердің 4,0 пайызға өсуінің есебінен болды. Бұл ретте азық-түлік тауарлары бағасы өсуінің төмендеу үрдісі байқалады, олар өткен жылғы 1,6 пайызға қарсы 1,1 пайызға өсті, азық-түлік емес тауарлар 0,6 пайызға төмендеді немесе 0,2 пайыздық тармаққа төмен», деді Е.Досаев. Министр бүгінде əлемдік экономиканың əлсіз дамуы елдегі экономикалық ахуалға қалайда өз əсерін тигізіп жатқанын айтып өтті. Бұл əсіресе, өнеркəсіп салаларына қатысты. Мысалы, қара металлургия өніміне əлемдік сұраныстың қысқаруы өндірісті біраз кемітіп отыр. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-та өндіріс көлемі төмендеді, бүгінгі күні кəсіпорынның сұрып илеу цехының жүктемесі 50 пайызды құрайды, деп атап өтті Е.Досаев. Есесіне өңдеу секторының басқа салаларында оң серпін бар, дейді министр. (Соңы 2-бетте).

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Президенттің Жарлығында «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» өзінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереженің 26-тармағына сəйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімді кезеңдегі дамуын қамтамасыз ету мақсатында қаулы ететіні атап өтілген.

Ынтымаќтастыќты дамыту жемісі «Егемен Қазақстан».

Кездесу екіжақты түсіністік ахуалында өтті. Р.Блейк соңғы жылдардағы АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту жемісті жүргізіліп жатқанын атап өтті. Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынастар жоғары сапалы деңгейге көтерілді, деді ол. Өз кезегінде М.Тəжин сыртқы

 Талап жəне тəртіп

«Ала таяќтылар» алаѕдатады Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Себепсіз салдар болмайды демекші, бұл мақаланы жазуымызға интернет желісінде Алматы облыстық ІІД жариялаған мына бір оқиға себеп болды. Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Шонжы – Ақсу күрежолында «Toyoto Camry» жəне «Mazda» автокөліктері соғылып, қос көліктің де жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Шонжы ауылына жеткізілген алты жолаушының біреуі ауыр жағдайда жатыр. Болжамға сүйенсек, өте қатты жылдамдықта келе жатқан «Toyoto Camry» автокөлігінің жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай қалған. Бұл жерде қозғайын деп отырған ойымыз бірінен екіншісі асып түсетін жол апаттарын тізбелеу емес. Керісінше, жол апатын болдырмау, мүмкіндігінше алдын алу мəселесі. Рас, бұл сұрақты жол полициясы қызметкеріне бағыттасаңыз «Көліктердің кез келген жерде кездейсоқ соғылатынын біз қайдан білеміз, көріпкел емеспіз ғой, бұл біздің функционалдық

міндетімізге кірмейді», деп бей күнə кейіпке ене қалады. Адам өміріне бей-жай қарамау, адамгершілік оларға жат екенін дəлелдеп отырудың өзі артық. Сонда адал еңбегіне сүйенген адамдардың жылдар бойы тірнектеп жинаған қаражатына сатып алған автокөлігі бір сəтте соғылып, мылжаланып, жарамсыз болып қалғанын айтпағанда, адамдар өмірі, жүргізушілердің жол жүру ережесін бақылауға жауапты «ала таяқтыларды» селт еткізбейтініне етіміз үйреніп кетті ме? Көліктер соқтығысын ысырып қойғанда, жетісулық жүргізушілер жаяу жүргіншілерді қағып кететіні де жасырын емес. Нақты бір мысал келтірсек, ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Жамбыл ауданында «ВАЗ2109» көлігінің жүргізушісі Т. Ұзынағаш – Бесмойнақ күрежо лының 66 шақырымында жаяу жүргінші Т.деген азаматты қағып, сол жақ жамбасын сындырған. Жалпы алғанда, соңғы жылдары А лматы облысы аумағындағы жолдарда мұндай

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Р.Түсіпбеков Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа жəне көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейту жөнінде Агенттік қабылдаған шаралар туралы баяндады. Бұдан басқа, ол қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет

жұмысының нəтижелері жəне резонансты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойды жəне нақты тапсырмалар берді.

Келісімніѕ бірегей їлгісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. отырыс аясында Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру мəселелері талқыланды. «Егемен Қазақстан».

саясаттағы мəселелерде екі мемлекет арасындағы қатынастар тұрақты стратегиялық əріптестік сипатында қалыптасқанын қанағатпен атады. Сонымен бірге, екі ел арасындағы экономикалық жəне гуманитарлық салалардағы байланыстар да серпінді даму үстінде екендігі айтылды. Кездесу барысында Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына қолдау көрсетудің маңыздылығына айрықша назар аударылды.

асырудың 2014 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының негізгі қырлары қаралды. Мемлекет басшысы алдағы сессияға əзірлік жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының одан арғы қызметі жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Наќты тапсырмалар берді

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік жəне Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейкті қабылдады. Жақсыбай САМРАТ,

Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-сессиясына дайындық мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге

Отырысқа Президент Əкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əкімдері, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, этномəдени бірлестіктердің, аймақтық ассамблея хатшылықтарының басшылары, сондай-ақ ғылыми, шығармашыл зиялы қауым жəне БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекеттік хатшы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгіледі. М.Тəжин Мемлекеттік этносаясатты

қайғылы де ректер неге көп? Статистикалық мəлімет бойынша жол-көлік соқ ты ғысы бойынша республикамызда Алматы облысы үшінші орында болса, соның салдарынан мерт болған адамдар саны да жылдан-жылға өсіп, екінші орын ға көтерілгені өз алдына. Рес публикамыздағыдай жетісулық «ала таяқтылар» да ауылдар іргесін басып өтетін күрежолдардың қалтарыстарында тығыла тұрып, жүргізушілер құжатын тексеріп, қандай да бір кінəрат тауып, бар мақ басты, көз қыстыдан танар емес. Сөйтіп тұрғанда, дəл қасынан құйғытып өткен көлік сұлбасын байқай қойып, көрмеген кейіп таныта сырт айналу да əдетке енген. Осы кезде дəл осы тұста айта кетсек жол полицейі құжатын тексеру үшін тоқтатқан көліктердің бірінің жүргізушісін, иə болмаса сол көліктен түскен жандардың бірін жол полициясы қызметкеріне пысқырып та қарамай ызғытып өте шығатын көліктердің бірі қағып кетсе не болады? Бейкүнə жанның өмірін қиған əлгі «қызмет бабымен асығып бара жатқан мықты» жауап бере ме, əлде төл міндетін заңнама шеңберінде орындай алмай тұрған «ала таяқты» кінəлі бола ма? (Соңы 4-бетте).

ақпараттық-насихаттық, талдамалық жəне ғылыми сүйемелдеу саласындағы тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі 20132014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномəдени бірлестіктер қызметтерінің қорытындысы қаралды. Батыс Қазақстан облысының əкімі Н.Ноғаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Демеуов, Парламент Мəжілісінің депутаты, Қазақстан корей қауымдастығының төрағасы Р.Ким, Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері «Возрождение» қауымдастығының төрағасы А.Дедерер баяндама жасады.

Белоруссияда Ресейдің əскери авиабазасы құрылатын болады. Бұл туралы Белоруссия президенті Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мəлімдеді. Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Кван Чжиннің атына келген хаттан ақ ұнтақ табылған болатын. Сарапшылар оның бидай ұны екенін анықтады. Елдің құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тексеруді жалғастырып жатыр. АҚШ-тың Бостон қаласындағы дəстүрлі марафон кезінде лаңкестік ұйымдастырды деп тұтқындалған ағайындылардың бірі Джохар Царнаев лаңкестікке идеялық жағынан рух беруші қаза тапқан ағасы екенін айтыпты. Президенттік сайлауда Николас Мадуродан жеңілген Венесуэланың бірлескен оппозициясының серкесі Энрике Каприлес елде жаңа сайлау өткізуді талап етіп отыр. Еуроодақ кеңесі Малиге əскери техника беру туралы ұсынысты қолдады. Бүгінде Малиде Франциядан, сондайақ Батыс Африка елдері эконо микалық қоғамдастығы мемлекеттерінен 4 мың шамасында əскерилер шоғырландырылған. Иран президенті Махмұд Ахмадинежад ықпалды адамдардан алдағы маусым айында өтетін президенттік сайлау қарсаңында елдегі саяси жағдайды ушықтырмауға ша қырған ескерту алғанын хабарлады. Ол п резиден т орынтағында екі мерзім отырғандықтан, үшіншісіне қатыса алмайтыны белгілі. Қарулы бүлікшілер Сирияның солтүстігіндегі Алеп по провинциясында гуманитарлық миссия өткізу кезінде жергілікті екі архиепископты ұрлап кеткен. Ауғанстанда бір ай ішінде 467 содыр өлтіріліпті. Бұл туралы Ауғанстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Захир Азими хабарлады. Ауған əскерлері соңғы бір ай бедерінде елдің əр түкпірінде 2 мың 209 тазалау жəне 622 əскери операциясын жүргізсе керек. Үндістан сыртқы істер министрлігі кеше мəлімдеме таратып, онда Гималайдағы талас тудырып отырған аймақта Қытай армиясының постын орналастыруына байланысты наразылық білдірді. Иракта үкімет күштері мен сүннит көтерілісшілерінің арасындағы қақтығыс салдарынан 27 адам қаза тапса, тағы 70-і жараланған. Ирак əскерилері екі солдатынан айырылған. Ал «ƏлАрабия» тілшісі жүздеген адам қаза тапты деп мəлімдеп отыр. Канада полициясы жолаушылар пойызындағы лаңкестіктің алдын алған. Күдікті деп табылған екі адам ұсталған. Нидерланды сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері Раймонд Путерай Ресейдің пайдасына жансыздық жасады деген айыппен 12 жылға сотталды. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

Бїгінгі нґмірде:

Оймақтай ой Ықылассыз тыңдаушыға сөз айтқаннан, тыныш отырған мақұл. Унсур КЕЙ-КАБУС.

11-бет

АХМЕТ – ІЅКƏР

12-бет

«КЕЅ ДЇНИЕ, ЌЎШАЄЫЅДЫ АШ, МЕН КЕЛЕМІН!» 7-8-беттер

13-бет БІЗ БІР ƏРІП ЇШІН «Олар ќалай кїрестік? арал їшін 5-бет

алысты»

6-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.