АҚПАРАТТАР аєыны
№79 (28303) 24 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќор басшысына наќты тапсырмалар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «СамұрықҚазына» ҰƏҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қордың қазіргі қызметінің мəселелері, алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды. Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын əзірлеуді қыркүйекке дейін аяқтауды, оны қордың барлық корпоративтік органдарында талқылауды жəне
Үкімет қарауына енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезде қор бірқатар орта жəне шағын компанияларын сатуды барынша ашық жəне əділ нарықтық баға бойынша жүргізуі тиіс екендігін атап өтті. Ө.Шөкеев қорды трансформациялаудың корпоративтік орталықтар мен қордың еншілес компанияларының бизнесін басқару саясатын да өзгертуді қамтитын
бағ дар ламасын əзірлеу барысы туралы баяндады. Бұған қоса, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы жекешелендірудің жаңа кезеңіне дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап айтқанда, ол қор құрамынан 200-ден аса компанияны шығару, сондай-ақ, «КЕГОК» компаниясының өз акциясынан 10%-ын орналастыратын «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу жөніндегі жоспарлардан хабардар етті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Медиа-форум ґзара тїсіністік пен сенімді ныєайтады Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев XII Еуразиялық Медиа-форум қатысушыларына құттықтау жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
XII Еуразиялық Медиа-форумның қатысушылары мен қонақтарына шын жүректен ыстық ықыласымды білдіремін. Бүгінгі конференцияның ашылуына байланысты менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Осы жылдар ішінде Форум халықаралық тұрғыдан кеңінен танылды, жедел өзгеріп жатқан əлемнің ең өзекті проблемаларын талқылап, оларды шешудің жаңа тəсілдерін əзірлеудің мойындалған алаңына айналды. Оның жұмысына 12 жылда əлемнің 60 елінен 5 мыңнан астам сарапшы, саясаткер, журналист жəне қоғам қайраткерлері қатысты, форум жұмысын 500ден астам қазақстандық жəне шетелдік БАҚ жариялап көрсетеді, делінген құттықтауда. Биыл менің Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі идеяны ұсынғаныма 20 жыл толды. Медиа-форум Еуразия халықтарының жақындасуы мен жан-жақты ынтымақтасуының белсенді бастамашысы ретінде танылған Астанада өтуінің ерекше символдық мəні бар. Біздерді терең тарихи жəне ұлттық-мəдени байланыстар мен ауқымды іскерлік қарым-қатынастар біріктіреді. Еуразиялық интеграция үдерісі бүгінде дамудың мүлде жаңа кезеңіне шықты. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи шартқа 2014 жылы мамырда дəл осы жерде, Астанада қол қою жоспарлануда. Еуразиялық Медиа-форумның елдер мен құрлықтар
● Көктемгі егіс
арасындағы сенім ахуалын қалыптастырудағы, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтаудағы айрықша рөлі мен миссиясын атап өткім келеді. Бүгінгі форум күрделі халықаралық-саяси жағдай тұсында өтіп отыр. Соңғы айлардағы көптеген оқиғалар этносаралық татулықты сақтаудың маңыздылығын тағы да көрсетіп берді, делінген құттықтауда. Бұл үдеріске Қазақстан өзінің бейбітшілік пен бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі оң тəжірибелеріне сүйене отырып, лайықты үлесін қосып келеді. Біздің елімізде 100-ден астам ұлт өмір сүруде. Елдегі мызғымас құндылықтар жəне мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары болып саналатын татулық пен тұрақтылықтың арқасында біз «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын орындадық. Елде бүгінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы қызу жүзеге асырылуда. Ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайту, татулық, бірлік тұрақтылық оның негізгі басымдықтары болып саналады. Келесі 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды, Астанада Қазақстан халқының форумы өтетін болды. Сондай-ақ, 2015 жылы біздің еліміздің астанасында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі өтеді. Медиа-форум аясындағы сындарлы сұхбаттар өзара түсіністік пен сенімді одан əрі нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін. Елбасы құттықтауының соңында форумға қатысушылар жұмысына жеміс жəне баршаға табыс тіледі.
Дала демі Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Биыл Қызылорда облысында 160,4 мың гектар жерге егiс егіледі. Соның 76,6 мың гектары күріш дақылына тиесілі. Бұйыртса, диқандар осы аптада күріш егуді бастайды. Бұл туралы бүгін облыс əкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен мəжілісте айтылды. Күріш егісіне қажетті 20 мың тонна тұқым қамбада дайын тұр. «ҚазАгроЭкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мəліметі бойынша бүгінгі күнге 17,7 мың тонна тұқым тексеруден өткізіліп, оның 13895 тоннасын дəл қазір еге беруге болады. Минералды тыңайтқыштарға келсек, соңғы мəлімет бойынша,
Елдіѕ жаќсы атын шыєаратын ізгілікті іс-шара
24-25 сəуірде Астанадағы Тəуелсіздік сарайында кезекті Еуразиялық Медиа-форум өтеді. Реттік саны бойынша биыл 12-ші рет болғалы отырған бұл форумның маңызы зор. Онда əлемнің танымал саясаткерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚтың үздік мамандары бас қосып, заманымыздың ең өткір, ең өзекті деген мəселелері бойынша өз ойларын ортаға салады, пікір алысады. Соның ішінде жиналғандардың алдына «Жаңа əлемдік тəртіп жəне үшінші дүниежүзілік соғыстың болу ықтималдығы», «Еуропа Шығысқа бет алды, Украинадағы ахуал. Ресей мен Батыстың айырылысуы», «Таяу Шығыстағы өшпейтін алау», «Иранның ядролық бағдарламасы», «Еуразиялық интеграция» жəне т.б. əлемдік ең өзекті тақырыптар көлденең тартылатын болады. Біз осы форум қарсаңында оның бас директоры Руслан ЖЕМКОВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Руслан Сергеевич, алдымен форумның жағдайды талқылаған пікірталастар барынбиылғы бағдарламасында қандай ерекше ша тартымды əрі қызықты болатын шығар өзгерістер бар екені туралы айтсаңыз? деп ойлаймыз. Өйткені, бұл оқиғалар қазір – Қай кездегідей, биыл да форумда əлемнің бүкіл əлемді алаңдатып отырғаны сөзсіз. түкпір-түкпіріндегі ең өзекті мəселелер Сондай-ақ, Таяу Шығыстағы кикілжіңдер талқыға түседі. Соның ішінде Украинадағы туралы ортаға салынатын ойлар да қызықты
болар деп отырмыз. Əрине, Иранның ядролық бағдарламасы туралы пікірлер де ешкімді бейжай қалдырмайтыны анық. Бұлар, əрине, бұрын да талқыланып жүрген мəселелер болғанымен, Украинадағы жағдайға байланысты олардың өзектілігі арта түседі ғой деп ойлаймын. – Форумды өткізу тəртібіне биыл қандай да бір өзгерістер енгізіле ме? – Жоқ, форумның пішімі бұрынғыша қалады. Оның пікір алмасулар мен пікірсайыстардың барынша ашық алаңы болмағын қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз барлық сараптаушы пікірлердің ортаға салынып, талқыға түсуін қалаймыз. Сондықтан да, спикерлерді таңдау ісіне жітілікпен қарадық. Олардың арасында АҚШ, Еуропа,Таяу Шығыс елдері мен Ресейдің барынша танымал қоғам қайраткерлері бар.
47 тїп аєаш отырєызылады 2 мамырда Астанада Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мəжілісі өз жұмысын бастайды. Осыған орай 30 сəуірде елордада Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такахико Накаоның жəне АДБ мəжілісінің төрағасы – Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың қатысуымен 47 ағаш отырғызылған жаңа аллея ашылады. Сонымен бірге Азия даму банкі жұмысының басым
бағыттарының бірі экологияны сақтау болғандықтан, жиын болатын Тəуелсіздік сарайында қалдықтарды қайта өңдеуге арналған жəшіктер қою, форумға қатысушыларды экологиялық таза сөмкелермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, отандық тауар өндірушілер өнімдері мен қазақ мəдениеті мен өнерінің көрмесін ұйымдастыру жоспарланған. Азия даму банкі
Басқарушылар кеңесінің 47-ші мəжілісі – «Азияны ауыспалы əлемде біріктіретін жаңа жібек жолдары» деп аталады. Қазірдің өзінде Қазақстанда Жібек жолын жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуда. Бас кеңсесі Манила (Филиппин) қаласында орналасқан Азия даму банкінің мақсаты аймақтық интеграция жəне түгел қамтитын экономикалық əрі экологиялық тұрақты өсім арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағында кедейшілік деңгейін қысқарту болып табылады. Аталған ұйым 1966 жылы құрылды, 67 мүше-мемлекеттер
(Соңы 3-бетте). оның акционері саналады. Қазақстан ұйымға 1994 жылдан бері мүше. Бүгінгі күні көлік, энергетика салаларын, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жекеменшік секторды дамыту мəселелері бойынша ынтымақтастық жолға қойылған. Қазіргі кезде Қазақстан техникалық қайтарымсыз көмек алушы емес, керісінше, дамушы елдерге жəрдемдесу бойынша АДБ əріптесі болуға ниетті. Айталық, 2013 жылы АДБ Қазақстанмен ынтымақтастық аясында Азия даму қорына донорлық көмек ретінде 5 миллион доллар қаржы бөлген. «Егемен-ақпарат».
шаруашылықтар 21,2 мың тонна аммоний сульфаты, 8808 тонна карбамид, 120 тонна амиак селитрасы, 5790 тонна аммофос, 129 тонна суперфосфат, 1011 тонна фосфорит ұны тыңайтқыштарын алған. Мамандар биыл су тапшылығы болмайтындығын айтып отыр. Алдын ала жасалған болжамдар бойынша, дақылдарды тұрақты суаруға орташа 4-4,1 миллиард текше метр су қажет. Дəл осындай көлемдегі су Шардарада бар. Қазіргі уақытта Шардара су қоймасынан секундына 700 текше метр су жіберілуде. 2014 жылдың көктемгі дала жұмыстарына 1805 трактор, 250 тұқым сепкіш, 490 соқа, 956 трактор тіркемесі жəне 415 автокөлік жұмылдырылады.
Техникалар бүгінде сақадайсай тұр. Облыстың ауылшаруашылық дақылдарын егіп, күтіп-баптау жұмыстарын уақтылы жүргізуге 14 мың тонна дизель отыны, 2,8 мың тонна бензин жəне 840 тонна қою май қажет. Мұнай өңдеу зауыттарынан облысқа дизель отынын жеткізуші 12 оператор белгіленді. Олардың төртеуі өздерін өздері қамтамасыз ететін шаруашылықтар болса, қалған 8 оператор аудан шаруашылықтарына дизель отынын жеткізіп береді. Қазіргі уақытта шаруашылықтар көктемгі дала жұмыстарына қажетті сұйық отынмен толық қамтылған. ҚЫЗЫЛОРДА.
● Қазақстан биылғы маркетингтік жылы 7 млн. тоннадан астам астықты экспортқа шығарды. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры-коммерциялық директоры Нұрбек Дайырбековтің айтуынша, үстіміздегі жылдың экспорттық əлеуеті шамамен 9,5 миллион тоннаны құрайды. «Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі көрсеткен əлеуетке қол жеткізіледі деп ойлаймыз», – деді ол. ● Елімізде «Жасыл ел» бағдарламасына 650 млн. теңге бөлiнiп отыр. Бiлiм жəне ғылым министрi Аслан Сəрiнжiпов биыл аталмыш бағдарлама қатарына 20-30 мың студент тартылатынын жеткізді. Олар негiзiнен өздерi білім алып жатқан қаланы көгалдандыру мен көркейту жұмыстарына атсалысады. ● Астанада Жеңіс күніне орай 60-тан астам мерекелік ісшара ұйымдастырылады. Осы мерекелік думан күндері барлық ардагерлерге 150 мың, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне, сондай-ақ, соларға теңестiрiлгендерге 20 мың, тыл еңбеккерлеріне 10 мың теңгеден бір реттік əлеуметтік көмек көрсетіледі. ● Ақтөбеде бос орын жəрмеңкесінде 400-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Қаладағы «Достық» үйінде өткен кезекті қалалық жəрмеңкеде облыс кəсіпорындары мен ұйымдары 401 бос жұмыс орнын алға тартты. Əлеуметтік жұмыс орындарында 19 бос орын болса, тұрақты жұмыс орындарында 382 бос орын үлеске түсті. ● Қазақстандықтар тасқынға ұшыраған Атбасар тұрғындарына 45 млн. теңге аударды. Қалада қазір табиғат апатынан жапа шегіп, үйсіз-күйсіз қалған жандарға көмек қолын созуға ниет білдірушілердің саны күн санап артып келеді. ● Маңғыстау облысындағы ауылдық округтер əкімдері жаңа көліктерге қол жеткізді. Облыс əкімі Алик Айдарбаев аудандардағы елді мекендер мен Форт-Шевченко қаласының əкімдеріне 33 «Нива» жəне 1 «Kia Cerato» автомобильдерінің кілттерін тапсырды. ● Жа м б ыл о б л ыс ын д а үкіметтік емес ұйымдарға 186,1 млн. теңге бөлінді. Өткен жылғыдан 51,7 млн. теңгеге артық бұл сома 35 лот бойынша таратылады. Бұл туралы облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков осы ұйымдар өкілдерімен кездесуі кезінде мəлімдеді. ● Өскеменде корей мəдени ор талығы құрылып, іске кірісті. Қаладағы «Квансон» Қазақстан-Корея колледжінің базасында ашылған бұл мекен Өскемен жəне Каннына қалаларының бауырлас атануына байланысты пайда болды. BNews.kz, Altaynews.kz, Egemen.kz ақпарлары мен «Знамя труда» газеті сайттары бойынша дайындалды.
Халыќаралыќ стандарттарєа негізделген кодекс Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында сотталғандарды тəрбиелеу жəне олардың құқықтарын қорғау үдерістерін қалыптастыруда қоғамның рөлін арттыратын Қылмыстықатқару кодексінің жобасы депутаттардың қызығушылығын туғызды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Бұған дейін Қазақстан Респуб ликасының Қылмыстықатқару кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралған-ды. Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар қылмыстықатқару заңнамасын халықаралық стандарттарға сəйкес келуі үшін көптеген өзгерістер енгізді. Заң жобасын қабылдау қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды анағұрлым кең қолдануға жəне сотталғандар мен жазасын өтеуден босатылған тұлғаларды əлеуметтік бейімдеуге жəне оңалтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, пенитенциарлық жəне пенитенциарлықтан кейінгі қылмыстың қайталану деңгейін азайтуға жағдайлар жасап, сотталғандармен жүргізілетін тəрбие процесіне
жұртшылықтың қатысу тетігін қалыптастырады. Заңнаманы одан əрі ізгілендіру мақсатында депутаттар сот талғандардың қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету тетігін нақтылауға бағытталған түзетулер енгізген. Сонымен қатар, Қоғамдық байқау комиссиялары туралы нормалар едəуір кеңейтіліп, дербес тарау болып көрсетілген. Негізінен, кодекс жобасы халықаралық стандарттарға сəйкес əзірленіп, көптеген жаңашылдықтарымен ерекшеленеді. Былайша айтқанда, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеу тетігі барынша жетілдірілген. Бас еркінен айырылған адам қарапайым жағдайда жазасын өтесе, ары қарай оның тəртібіне байланысты ол қатаң немесе жеңілдетілген жағдайға ауыстырылуы да мүмкін. Бү гін гі таңда түрме жағдайында мұндай əлеуметтік
лифт диф фе ре нциациясының көмегімен жазалауды атқару жүйесі Норвегияда қолданылуда. Онда сотталғандар өз қылмыстарының ерекше лігіне қарай қамақ жағдайы мен құқықтық артықшылықтарды (кездесуге мүмкіндік беру жəне т.т) қарастыр ған əртүрлі қабаттарда өз жазаларын өтеп келеді. Елімізде де жа заны дифференциациялау ар қылы сотталғандардың түзелуіне барынша жағдайлар жасау қарастырылып отыр. Жалпы, депутаттар заң дық құжатты халықаралық стандарттарға жақындатуға айтарлықтай үлес қосқандығын ерекше айта кеткен жөн. Кодекс жобасы қылмысы үшін əділ жазалау тетігін енгізу қағидаттарына негізделген. Осы лайша, жазалаудың басты мақсаты заңға қайшы əрекет жаса ған адамның өз қатесін түсініп, қамақ орнынан босағанда ба рын ша жақсы жағына қарай өзгеріп шығуын қамтамасыз ету. Депутаттар кодекс жобасын жанжақты талқыдан өткізгеннен кейін екінші оқылымда қолдау керек деп шешті. (Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: «Аляска – Юкон» жəдігерлері 3-бет
Астыќ – еліміздіѕ басты байлыєы 4-бет
Їйі болмаєан соѕ кїйі оѕала ма? 7-бет