24052014

Page 1

Астанадағы Тəуелсіздік сарайында адамзат алдында тұрған экономикалыққаржылық проблемаларды үш күннен бері талқылаған VII Астана экономикалық форумының жұмысы аяқталды. Кеше форум жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

№101 (28325) 24 МАМЫР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

VII Астана экономикалық форумы: 3-ші күн

Əлемде кедейшілік жойылмай кемел дамуєа кедергі кґп

Ќазаќстан – Малайзия: ынтымаќтастыќќа ынта Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті. Жоғары деңгейдегі кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық-инновациялық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтудің негізгі бағыттары талқыланды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Əлемнің 150-ге тарта елінен келген көрнекті саясаткерлер, танымал ғалымдар, аузы дуалы сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері, Нобель сыйлығының 9 лауреаты алдындағы сөйлеген сөзін Мемлекет басшысы былай деп бастады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Тəуелсіз Қазақстанның соңғы жылдардағы даму дең гейі нің символы болып табылатын біздің елордамызда

бас қосқандарыңыз үшін сіздерге қуанышты сəле мім ді жеткіземін. Біздің бұл форум аймақтық пікіралысу алаңынан халықаралық эко номикалық өмірдің маңызды оқиғасына айналды. 2013 жылы қыркүйектегі «Үлкен жиыр малықтың» саммитіне Қазақстанның қатысуы

шеңберінде форумның ұсыныстары мен идеялары таныстырылды. 4 миллионнан астам пайдаланушыны біріктіріп отырған G-GLOBAL жаһандық үнқатысуы бойынша виртуальды алаң ойдағыдай жұмыс істеуде. Əлемнің 150 мем лекетінен 10 мыңнан астам қатысушыны біріктірген біздің форумның ауқымы аса зор. Астана форумы шеңберінде БҰҰ-ның қолдауымен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы екінші конференция өтті. Форумның күн тəртібі өте мазмұнды. Мен форумға қатысушылардың бəріне өздерінің назарларын аударып, біздің елімізге келгендеріне алғыс

білдіремін. Барлығыңызға жемісті жұмыс тілеймін, деді Елбасы. Одан əрі Мемлекет басшысы əлемдегі ахуалдың күрделі болып отырғандығына тоқталды. Біз əлемдік оқиғалардың əртүрлі даму бағыттарына дайын болуымыз керек, деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Араб елдерінде дүркін-дүркін болып жатқан əлеуметтік толқулар жəне еуроаймақтағы əлеуметтік қиындықтар мен жаһандық қаржы, қарыз дағдары сының басылмай отырған қиын дықтарымен бірге біз жаңа сынқатерлерге тап болудамыз.

Тəуелсіздік алған жылдардан бері еліміз көптеген елдермен дипломатиялық байланыстар орнатып қана қоймай, түрлі халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне де айналды. Ел егемендігін алғашқылардың қатарында мойындап, өзара ынтымақтастық орнатуға ниет танытқан сондай мемлекеттердің бірі – Малайзия. Сол себепті де, Батыс пен Шығыста саяси-экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени қарымқатынасты тең ұстап келе жатқан Қазақстан үшін Малайзия Шығыс Азиядағы сенімді серіктестердің бірі. Бүгінде ислам əлеміндегі жедел дамыған ел саналатын бұл елмен Қазақстанның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас тың негізі 1992 жылдың 16

наурызында қаланған. Ал 1996 жылы Куала-Лумпур қаласында Қазақстанның, ал Алматыда Малайзия елшіліктерінің ашылуы екі ел əріптестігіне жаңаша серпін береді. Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан Президенті Малайзия

еліне бірнеше мəрте жасаған арнайы жəне мемлекеттік сапарлары, қос мемлекет арасындағы ықпалдастыққа ықпал еткен болатын. (Соңы 4-бетте).

Ќазаќстан їлесі жоєары баєаланды

(Жалғасы 2-3-беттерде).

Нобель сыйлыєы лауреаттарымен кездесті

Мемлекет басшысы VІІ Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік ІІ конференция аясында БҰҰ өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы VІІ Астана экономикалық форумына жəне Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға қатысқан Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысымен кездесуге Вютрих Курт, Финн Кидланд, Джордж Фитцджеральд Смут III, Мухаммад Юнус, Святослав Тимашев, Писсаридес Кристофер, Арье Варшель қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев өз сұхбаттастарына VІІ Астана экономикалық форумына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, бұл шараға Астаналық Нобель сыйлығы лауреаттары клубының құрылуы ерекше маңыз беретінін атап өтті. – Форумға сіздердің қа тысуларыңыз арқылы бүгінде

əлемде аз болмай отырған экономикалық түйткілдердің сындарлы шешіміне нақты үлес қосылады. Сессияларда сөз сөйлеп, ұсыныстар əзірлеудің жəне Форумның қорытынды құ жаттарын дайындауға қатысудың маңызы зор, – деді Қазақстан Президенті. Əңгімелесу барысында əлем дегі экономикалық, əлеуметтік жəне саяси дамуға қатысты бір қатар проблемалар, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы Қа зақ станның

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Үрімші қаласында болған террорлық оқиғаға байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың Үрімші қаласында 22 мамырда болған террорлық оқиға салдарынан көптеген кінəсіз жандар құрбан болғаны жəне зардап шеккені туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылады. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге, сонымен қатар қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді. «Қазақстан елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Қытаймен тығыз ынтымақтастыққа əрқашан дайын екендігін атап айтқым келеді», делінген жеделхатта.

даму мəселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев əлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс салдарлары бұрынғысынша жаһандық экономиканы қатты қыспаққа алып отырғанын, Еуропадағы экономикалық проблемаларды шешудегі дүдəмалдық, дамушы елдердегі өсім қарқынының баяулауы соның нəтижесі екенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазіргі замандағы əлемдік сынқатерлер жағдайында Қазақстан қолға алып жатқан шаралар туралы əңгімеледі. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев еліміз 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ ұзақ мерзімді үдемелі индустриялық-инновациялық

бағдарлама қабылдағанын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның əлемдік, соның ішінде баламалы энер гетикаға елеулі үлес қосып отырғанын айтты. Бұған Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу де септігін тигізетін болады. Өз кезегінде Нобель сыйлығының лауреаттары Қазақстанның ғылым мен инновацияның дамуына қосқан зор үлесін, сондай-ақ VІІ Астана экономикалық форумының жаһандық əлеуметтікэкономикалық мəселелерді талқылауға арналған əлемдік платформа болып отырғанын атап өтті.

Президентпен кездесуге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Гьян Ачарья, БҰҰ Экономикалық жəне əлеуметтік кеңесінің президенті Мартин Сайдик, БҰҰ Бас хат шы сының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Тимор жөніндегі арнаулы кеңесшісі Ноэлин Хейзер жəне БҰҰ Сауда жəне даму жөніндегі конфе ренциясының Бас хатшысы Мукиса Китуи қатысты. Мемлекет басшысы БҰҰ өкіл деріне Форум жұмысына қатыс қаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ тəуелсіздігінің алғашқы күн дерінен бастап Қазақстан Ұйымның барлық бағыттағы қызметін белсене қолдап келе жатқанына тоқталды. Қазақстан Президенті Семей ядролық полигоны жабылған күнді БҰҰ ядролық сынаққа қарсы

Ґзара іс-ќимылдар жайы ќаралды

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгарияның бұрынғы президенті, қазіргі Жаһандық үнқатысу жəне ынтымақтастық орталығының басшысы Петр Стояновпен кездесті. Əлемдегі ауқымды өзгерістер тұрғысында қазіргі кездегі өзара ісқимылдың өзекті мəселелері талқыланды. П.Стоянов Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның жалпы сессиясындағы Президент Н.Назарбаевтың саясат пен экономикадағы шиеленісті жағдайларды реттеу жөніндегі сөйлеген сөзінің ерекше маңызын атап өтті. Болгар өкілі Қазақстан

лидерінің Венада Жаһандық үнқатысу жəне ынтымақтастық орталығында баяндама жасайтынына жəне ол еуропалық сая саткерлер, эконо мистер жəне парламентшілер қауымына «G-Global» қызметін терең түсінуге мүмкіндік береріне сенім білдірді. (Соңы 4-бетте).

халықаралық іс-əрекет күні деп жариялағанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Алматыда БҰҰ-ның өңірлік хабын құруды ұсынғандығына да тоқталып өтті. – Бүгінде Алматыда БҰҰ ұйымдарының, бағдарламаларының, қорлары мен мамандандырылған мекемелерінің 18 өкілдігі қызмет істейді. Осы хаб арқылы біз өңірлермен, əсіресе Ауғанстанмен жұмыс жүргізе алар едік, – деді Мемлекет басшысы. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Г. Ачарья өз кезегінде Ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның VІІ Астана экономикалық форумына табыс тілеген сəлемін жеткізді. Сондай-ақ, БҰҰ жүйесіндегі түрлі бастамалар мен идеяларды Қазақстанның белсене қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

– Сіздердің жаһандық күн тəртібіндегі белсенді көшбасшылық ұстанымдарыңызды əрдайым қолдап келеміз. Біз Қазақстанның ядролық қарусыздану, өркениеттер арасында сұхбаттастық орнату жəне Азияда өзара сенім жүйесін қалыптастыру тұрғысынан жасаған қадамдарын жоғары бағалаймыз, – деді Г. Ачарья. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропа қайта құру жəне даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкі тобы арасындағы серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қою рəсіміне қатысты. Осы рəсімнен кейін Қазақстан Президентіне Жаһандық диалог жəне ынтымақтастық орталығының 2013 жылғы «Əлеуметтік бизнес-диалогты нығайтуға үлес» номинациясындағы сыйлығы тапсырылды. Сыйлықты Еуропа Парламентінің мүшесі Марио Давид жəне Болгарияның экспрезиденті Петр Стоянов табыс етті.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.