Бїгінгі нґмірде: Ел жəне Елбасы 3-бет Ажары арайлы Астана 5-бет Ўлытау – елдік пен халыќтыќ бастауы 8-бет «Ла Скала» кереметі 9-бет
№122 (28346) 24 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќазыналы ґѕірдіѕ ќарышты ќадамдары
қарастырылған. Зауытта тазарту деңгейі жоғары екі түрлі қазіргі заманғы газ тазарту қон дырғылары орнатылған. Пештерде отандық шикізат – ұсақ кен мен көміртекті қалпына келтіргіштер қолданылады. Жаңа зауыт «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамына жергілікті құрам үлесін көбейтуді, өндірістің өзіндік құнын азайтуды, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Нысанды пайдалануға беру Қазақстанның жоғары көміртекті феррохром шығару бойынша экспорттық əлеуетін 16 пайызға, ал Ақтөбе облысының экспорттық əлеуетін 46 пайызға көбейтуге мүмкіндік береді.
Елдіѕ ертеѕі – дені сау ўрпаќ
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. Ақтөбе жеріне келісімен Мемлекет басшысы өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған, республикалық Индустрияландыру картасына енген ең ірі ақтөбелік инвестициялық жоба болып табылатын «ТНК «Қазхром» АҚ-тың жаңа ферроқорытпа зауытына барды. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Елбасы іргетасын ќалаєан бірегей жоба Президентті жаңа ферро қорытпа зауытының балқыту цехында ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич пен «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Вик тор Тиль қарсы алды. Өндірістік алаңда орнатылған LED-панель металлургияның даму тарихы туралы бейнесюжеттерді көрсетіп жатты. Акционерлік қоғамның президенті Виктор Тиль Елбасына жаңа ферроқорытпа зауытының Қазақстан Прези дентінің капсул-құты салған сəтінен бастап, оның іске қосылғанға дейінгі жұмыс барысын, сонымен қатар, компанияның стратегиялық дамуын баяндады. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші балқыту пешін салтанатты түрде іске қосты. – Осы өндіріс əлемдік металлургияда жаңа трендтің негізін салатынына біз сенімдіміз,– деп атап өтті Виктор Тиль. – Иннова ция лардың арқасында жаңа ферроқорытпа зауыты мемлекеттік үдемелі индустриялықиннова циялық бағдарламаға еніп қана қоймай, компанияның хром қорытпаларының əлемдік нарығындағы жетекші позицияларының кепілі болып табылады. Біздің қазіргі таңдағы
негізгі мақсаттарымыз – қолданыстағы өндірістерді қарқындандыру жəне жаңа жоғары технологиялық өндірістер құрылысы, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық қағидаттарын сақтау, əлеуметтік серіктестік дəстүрін жалғастыру. Біздің ойымызша, компания қызметкерлерінің əлеуеті зор жəне олар заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс жасауға лайықты. – Мен осы зауытта қырық жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Осы жылдарда қатардағы балқы ту шыдан цех бастығына дейінгі еңбек жолынан өттім, қазір кəсіподақ комитетінің төрағасымын. Бұл кезең дерде қиындықтар да, табысты кез дер де болды. Сіз жұмысшы өмірін кім-кімнен де артық білесіз, сондықтан бізді кешегі доллар мен теңге айырмашылығындағы өзгеріс болғанда да қолдадыңыз. Біз жұмысшылардың еңбекақысын көтергеніңіз үшін де ризашылығымызды білдіреміз.Сіз жаңа зауыт құрылысының тұғыртасын қалауға капсул-құты салғаныңызға төрт жыл болды, біз қазір əлемде теңдесі жоқ бірегей кəсіпорынға ие болып отырмыз. Кəсіпорын əлемдік экономикадағы күрделі жағдайда салынды, біздің компания жұмысшылары Сіздің сеніміңізді абыроймен ақтады Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы, біздің компанияның металлургтері атынан Қазақстанның бас металлургі ретінде Сізге мықты денсаулық жəне барлық игіліктерді тілейміз,
– деді кəсіпорын кəсіподақ комитетінің төрағасы Бақыткерей Каванов. Жаңа зауыттың жетекші инженертехнологы Жəнібек Нұрмұханбетовтің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі де əсерлі болды. Ол 2010 жылы жаңа зауыттың іргетасы қаланғанда Елбасына барлық инновациялардан озық болып, ілгері басуға уəде берген еді. Бұл оның игерілген технологиялық жаңашылдықтар жəне жасалған жұмысы туралы өзіндік есеп беруі десе де болғандай. Жаңа зауыттың құрылысы 2010 жылы басталған-ды. 28 қазақстандық мердігер фирма құрылысқа қатысты. Жаңа өндіріс өнімділігі жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохром шығаратын тұрақты токпен жұмыс жасайтын төрт пештен тұрады. Зауыт 11 негізгі өндірістік нысанды қамтиды. Кешенді түрде олар аяқталған, яғни шикіқұрам материалдарының кіруінен бас тап дайын өнімді тиеуге дейінгі өндірістік циклды құрайды. Биылғы жылдың соңына дейін 226,5 мың тонна өнім шығару жоспарланып отыр. Кəсіпорындағы жұмыс орындарының саны 500-ге таяу. Жалпы құны 843 млн. долларды құрайтын жоба Еуразиялық топтың инвестициялық бағдарламасында неғұрлым маңызды жəне болашағы зор жоба болып есептеледі. Мұнда тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл əлемдік ферроқорытпа өндірісінде бірегей, теңдесі жоқ тұрақты ток пештерінде балқыту технологиясы пайдаланылады. Барлық өндіріс үдерісі мейлінше автоматтандырылған. Жаңа зауыт ағынды суларды тазартудың үш кезеңдік жүйесімен қамтылған. Сонымен қатар, су тазарту жүйесінен өтіп, шығынсыз жұмсалатын тұйықталған кері цикл да
Сенат бюросы кїн тəртібін бекітті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Жоғарғы палатаның 26 маусымда болатын кезекті отырысының күн тəртібі қаралды. Сенат отырысына «Денешы нықтыру жəне спорт туралы» заңнамаға денешынықтыру жəне спорт мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заң жобасы шығарылатын болды. Депутаттар, сондай-ақ, кейбір заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мəселелері бойынша түзетулер енгiзу туралы заң жобасын қарайды. Күн тəртібіне одан басқа халықаралық құжаттарды ратификациялау туралы бес заң жобасы енгізілді. Бас комитеттердің төрағалары заң жобаларының Сенат отырысына əзірлік барысы туралы баяндады.
Бюрода, сондай-ақ, таяуда Мəжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Палата Төрағасы Қ.Тоқаев Парламентаралық Ассамблеяның дамуына белсенді қатысқаны жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер халықтары арасында достықты нығайтқаны үшін ТМД ПАА-ның құрмет грамоталарын сенаторлар Ермек Жұмабаев пен Владимир Бобровқа табыс етті. Сенаттың бірқатар депутаттары «Нұр Отан» партиясының жаңа үлгідегі билеттеріне ие болды. Бюро, сондай-ақ, Астана, Алматы қалалары мен еліміздің облыстары мəслихаттарының бір топ депутатын «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының 20 жылдығына орай жəне отандық құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған қызметі үшін» Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы қаулы қабылдады. Облыстық, қалалық жəне аудандық мəслихаттардың депутаттарын қосқанда 63 адам Сенат наградасын алатын болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі Астана, Парламент Үйі, 2014 жылғы 23 маусым №48
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Достық» судағы спорт түрлерінің орталығында болды. Халықаралық стандарттарға сəйкестендірілген «Достық» орталығы 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Мұнда спорттық жəне синхрондық жүзу, су добы бойынша 2012 жылдағы FINA стандартындағы олимпия ойындары мен əлем чемпионаттарын, түрлі деңгейдегі спорттық сайыстарды өткізуге толық мүмкіндік бар. Орталықта спорттық жүзуге арналған он жолақты 50 метрлік бассейн, ырғақтық гимнастика жат тығуына арналған, жаттығуға дайындық залдары бар. Бассейннің сыйымдылығы бір ауысымда 250 адамға дейін суда жүзумен айналысуға мүмкіндік береді, мұн да бір тəулікте 10 ауысымға дейін қабылдау жүргізуге болады. Бассейнде Австриядан шы ға рылған түрлі спорттық жолақтардағы хронометраждар көрсетіліп тұратын көлемі 6х9 метрлік ақпараттық табло орнатылған. Жаттығу залында Мемлекет басшысы ақтөбелік спортшылармен жəне жаттықтырушылармен жүздесті. Олардың арасында КСРО-ның ауыр атлетикадан спорт шебері, спорт ардагері Қадыржан Ізғарин жəне 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына суда жүзуден қатысушы Александр Тарабрин де болды. Спорттың судағы түрлерінің орталығында болған кезінде Мемлекет басшысының назарына кешенді жүзу бойынша спортшылардың көрсеткіштері ұсынылды.
«Дəру» – дертке дəру
Мемлекет басшысы 2013 жылдың ақпан айында жұмысын бастаған «Дəру» клиникасы» медициналық оңалту орталығына атбасын тіреді. Клиника мақсаты – тұрғындарға денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен басқарудың нəтижелілігін көтеру болып табылады, орталық денсаулық сақтаудағы ұзақ мерзімді салалық стратегиялық мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында салынған. (Соңы 2-бетте).
Ґскеменніѕ ґндірісі ґскелеѕ Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Кейінгі жылдарда елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына ерекше көңіл бөлініп келе жатқаны белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы арқылы мемлекеттің шикізатты экономикаға
тəуелділігін болдырмауды көздеп отыр. Өйткені, қалай дегенде де, мұнайдың да, газдың да бір кезде азаятыны, тіпті түгесілетіні белгілі. Инновациялы экономикаға арқа сүйеген озық елдердің өз жерінде қазба байлықтары болмаса да дамудың даңғыл жолына түскенін бүкіл əлем көріп отыр. (Соңы 2-бетте).
Парламентаралыќ байланыстар жайы ќаралды Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасы Абдур-Рауф Салем Рауабдемен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жоғары мəртебелі мейманмен кездесу кезінде Қ.Тоқаев бұл сапар екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне жəне парламентаралық байланыстарды нығайта түсетініне сенім білдірді. Жүздесушілер екі елдің достық жəне өзара тиімді қатынастарын дамытудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иордания Королі Абдалла IIнің ерекше рөлін атап өте келіп, оған иордан монархының таяудағы Астанаға сапары дəлел екенін айтты. Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайтуға уағд аласты, ол үшін Қазақстан мен Иордания сенаттарында парламентаралық достық топтары жетекшілерінің кеңесулері болады. Қазақстан Парламенті жоғары палатасының Төрағасы əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздейтін «Қа зақстан-2050» Даму стратегиясы туралы əңгімеледі. «Қазақстан бүгінгі таңда табиғи байлықтардың ғана емес, ең алдымен, Президент Н.Назарбаев ұдайы жүргізіп ке ле жатқан жүйелі
рефор малар дың арқасында бұрынғы кеңес тік кеңістіктегі ең дамы ған елдердің бірі болып танылды», деді Қ.Тоқаев. Ол Қазақстан басшысының атына Амман қаласында көше бергені үшін Иордания тарапына ризашылығын білдірді. Сенат басшысы Қазақстан Парламентінің құрылымы жəне қызметімен, еліміздің сыртқы саясатымен, сондайақ, Орталық Азиядағы ахуалмен таныстырды. (Соңы 4-бетте).
Жағымды жаңалық
«КazEOSat-2» спутнигі сəтті ўшырылды «КazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтаушы (ЖҚЗ) екінші қазақстандық спутнигі Орынбор облысындағы (Ресей) «Ясный» ұшыру базасынан 2014 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен сағат 01:11-де ұшырылды. «КazEOSat-2» (Kazakhstan Earth Observation Satellite – Жерді бақылайтын қазақстандық спутник) Қазғарыштың тапсырысы бойынша ірі француз Airbus Defence and Space концернінің құрамына кіретін Британияның Surrey Satellite Technology Limited (SSTL) компаниясы жасаған Жерді орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын бес мультиспектралды каналдардан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты. «КazEOSat-2» спутнигінің ұшырылымы РС-20 құрлық аралық баллистикалық зымыранының негізінде
құрылған «Днепр» зымыранұшыр ғышымен жүзеге асырылған болатын. «КazEOSat-2» спутнигі ЖҚЗ қызметтерінің толық спектрлерін ұсынуға, Қазақстан Республикасының аумағында түсірілімдер алуға, сондай-ақ, табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қор ғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учаскелерін мониторингілеу мақсатына бағытталған. Қазақстан Рес пуб ликасының ЖҚЗ ғарыш жүйесі «KazEOSat-2» спутнигін ұшыра
отырып, орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын ғарыш аппаратымен толықтырылды. Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесінің құрамына екі ғарыш аппараты (ү.ж. 30 сəуірде ұшырылған «KazEOSat-1» жəне 20 маусымда ұшырылған «KazEOSat-2») мен мəліметтерді қабылдауға, өңдеуге жəне таратуға арналған жерүсті нысаналы кешен кіреді.
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен Қазғарыш делегациясы «KazEOSat-2» ғарыш аппаратына тапсырыс беруші ретінде ғана емес, сонымен бірге, «Днепр» ЗҰ ұшыруға толық құқылы қатысушы ретінде де қатысқан, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.