24062015

Page 1

24 саєат №117 (28595) 24 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ЖАСАМПАЗДЫЌТЫЅ ЖАРЌЫН ЖЕТІСТІГІ

Елбасы ќабылдады

Ќазаќстан Дїниежїзілік сауда ўйымына кіру жґніндегі келіссґздерді аяќтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Əбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Н.Əбіқаев Қазақстан Президентіне ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан əрі жетілдіру жəне терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. -----------------------------------------

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға Үндеу арнады. Онда еліміздің аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұрғаны атап көрсетіле келе, бұл жайт ДСҰға кіру бойынша жүргізілген келіссөздердің табысты аяқталғанымен байланыстырылады. Əрине, ДСҰ-ға өту қазақстандық тауар өндірушілер тарапынан сапалы да арзан тауарлар шығаруды талап ететіні, мұның бəсекеге қабілеттілігімізді арттыратыны белгілі.

Бұл оңай шаруа емес екені де баршаға мəлім. Дегенмен, атам қазақта «көппен көрген ұлы той» деген жақсылыққа меңзейтін сөз бар. Шынында да, көппен бірге болудың мəні зор. Ең бастысы, əлемдегі озық елдердің баршасына жуығы мүшесі болып табылатын алып ұйымның Отанымызды өрге сүйрейтіні еш күмəн туғызбайды. Тек соған əрқайсымыздың шындап ұмтылуымыз керек.

–––––––––––––––––––– Аталған тақырыпқа арналған материалдарды газеттің 2-3-беттерден оқи аласыздар.

Инвестициялар игілігі

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Қазақстан Республикасының Заңы Каспий теѕізінде тґтенше жаєдайлардыѕ алдын алу жəне оларды жою саласындаєы ынтымаќтастыќ туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 29 қыркүйекте Астраханьда жасалған Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 23 маусым. № 325-V ҚРЗ.

Стратегиялыќ əріптестік жалєасады

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған Төтенше жəне өкілетті елшісі Джордж Альберт Кролды қабылдады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы АҚШ елшісін тағайындалуымен құттықтады жəне оның жаңа лауазымы біздің елдер арасындағы жан-жақты əрі жемісті ынтымақтастықтың одан əрі нығаюына мүмкіндік туғы затынына сенім білдірді. Одан əрі Г.Əбдіқалықова Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда бес ин с ти туттық реформаны жүргізу, Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» іске асыру жұмыстарының басталғанын атай отырып, қолға алынған іс-шаралар

еліміздің саяси жүйесін жаңартуды жəне экономикамыздың орнықты өсуін қамтамасыз етіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге, əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге ықпал етуі тиіс екенін айтып өтті. Кездесу барысында мем лекетаралық қарым-қатынастарды одан əрі дамытудың, толерантты қоғамды, көпэтносты жəне көпконфессиялы құндылықтарды ілгерілетудің, əлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мəселелері бойынша сындарлы пікірлер алмасылды.

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде, жасыратыны жоқ, адамның өз-өзіне қол жұмсауына байланысты небір жантүшігерлік оқиғалар орын алып жатады. Мектептен келген оқушының көз айнала беріп асылып қалғанын, баласы бар əйелдің көпірден нөпір суға қарғып кеткенін, қол ұстасқан жастардың үйдің биік қабатынан секіріп, құлдилай құлағанын талай адам естіп, көріп білді. Ал осындай жағдайда «неге» деген сұрақ жұрттың бəрін мазалайтыны анық. Оған тосқауыл қалай қойылмақ? Бұл бағытта қандай шаралар қолға алынып жатыр? Осы орайда кеше ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен кəмелеттік жасқа толмағандардың өз-өзіне қол салуы, оларға зорлық қылу жəне оның алдын алудың

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Еліміздегі шетел инвестицияларының ахуалы жайында кеше Президент жанындағы Орталық

● Оймақтай ой Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Томас ФУЛЛЕР.

мəселелері бойынша селекторлық кеңес өтті. Адамның өзін өзі өлтіруі бүгін ғана пайда болып отырған жоқ. Ол кесірлі кесапат бағзы заманнан адамзатты Алла жазған ажалынан бұрын алқымынан алып келеді. Талай жан өзіне өзі қол салды. Бірақ бүгінгі мəселе сол кесірлі кеселдің үлкенді де, жасты да жалмап жұтып, көбейіп бара жатқандығында болып отыр. Жастардың жарқын өмірден ерте баз кешетіндей басына не күн туды немесе əп-əдемі отау құрып отырған ерлі-зайыптылардың бірінің өз өміріне қол салуы неліктен дейміз. Əсіресе, мына тұрмысымыз бен күйіміз гүлдей жайнаған Қазақстанда бар қызықты ада етіп, о дүниенің тамұғына асығатындай жастарымызға не көрінді? Кім кінəлі? Қоғам айыпты ма, əлде билік кінəлі ме? Атылып, асылып,

ком муникациялар қызметінде өткен «Индустрияландыру бағдарламасы аясында инвестициялық саясатты жүзеге асыру туралы» баспасөз мəслихатында айтылды. Оған Инвестициялар жəне

биік тен секіріп тіл тартпай, суға өзін өзі тастап, тұңғиыққа батқандар қан шама. Бұған ел не дейді? Иə, өз-өзіне қол салған жанның ісін суицид деп атайды. Оны қалай атаса да одан өзіне өзі қол салатындарға келер пай да жоқ. Өйткені, көпшілік мұндай қайғылы жағдайда «суицид қой» деп алақан жаяды да қояды. Ал оның неліктен жиі орын алып жатқандығына, түп-тамырына, бастау алар көзіне үңіліп жатқандар аз. Тіпті, бұл адамның өз іс-əрекеті деп жайбарақаттық танытатындар да бар екен. Өйткені, өзін өзі өлтірудің себептері көп дейді. Көп жағдайда өзін өзі өлтіруге себеп болатын нəрсе – тұрмыстық жағдайдың қиындығы жəне өмірден түңілу. Жеке бастың ауыр мəселесінен шығар жол таба алмағандықтан тұйыққа тіреледі. Сөйтіп, бар «азаптан» оңай құтылудың жолы – өлім деп есептейді. Ал оның соңы белгілі. (Соңы 6-бетте).

даму министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хайыров, «KAZNEX INVEST экспорт жəне инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Борисби Жанғоразов, «ҚазАгро» ұлттық басқа рушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Жұбашев қатысты. Инвестиция көлемінің өсуіне

 Бəрекелді!

125 кило!

Индустрияландыру бағдарламасының зор ықпалы тиді. Деректер көзі дəлелдегендей, шетелдік инвестициялар үлесінің басым бөлігі осы бағдарлама іске қосылған жылдарға дөп келіп отыр. 2005-2014 жылдар аралығында 207,6 млрд. долларға жетіп, оның 82,1 млрд. доллары 2005-2009 жылдары тартылған.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

(Соңы 4-бетте).

Бүгінгі нөмірде:

Атырау балыќшылары салмаєы осынша тартатын алып бекіре ўстады Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

(Соңы 6-бетте).

Ќайтсе кемиді? Александр ТАСБОЛАТОВ,

Қазақстан инвестиция үшін тартымды ел болып отыр. Экономикалық тұрақсыздық белең алған əлемде тікелей шетел инвестициялары бойынша төмен көрсеткіштер орын алғанына қарамастан, Қазақстанда оңтайлы қарқын сақталған.

 Еурокомиссия төр ағасы Жан-Клод Юнкер Гре кия үкіметіне 35 миллиард еуро сомасында қосым ша көмек бағдар ламасын ұсын ды. Бұл қаражат 2020 жылға дейін бөліп-бөліп берілетін болады. Юнкердің сөзіне қарағанда, бағдарлама Грекияның экономикалық өсім перспективасын жақсартуға бағытталмақ.  Францияның Бордо қаласындағы азық-түлік дүкені мұсылман əйел дер ге жұмыс күндері, ал мұсылман ер адамдарға демалыс күндері келіп сауда жасауға тыйым салды. The Local басылымының атап көрсетуінше, сауда орны неофиттердің (жақында ғана ислам дінін қабылдаған мұсылмандар) меншігінде көрінеді. Ал дүкен иелері мұндай қадамға ерлер мен əйелдердің дүкенде бір-бірімен кездеспеулері үшін барып отыр екен.  «Ислам мемлекетінің» содырлары Сирия аумағында екі жасөспірім баланы керіп өлтірген. The Independent-тің хабарлауынша, кəмелетке толмағандар исламистердің бақылауындағы Маядин қалашығында ораза ұс тамағандары үшін жазаланған секілді. Құқық қорғау шылардың сөздеріне қарағанда, балалардың мойындарында олардың не үшін өлтірілгендері туралы жазылыпты. «Балалар тамақ ішіп отырған кезде ұсталған болуы керек», дейді құқық қорғаушылардың бірі Рами Əбдел Рахман.  Армения полициясы кеше ертеңгісін ел астанасы – Ереванның орталығына жиналып, электр қуатына тарифтің жоғарылатылуына байланысты на разылық білдіруге шешім қабылдаған бірнеше жүз адамды қуып таратты. Сондай-ақ, оларға іс-əрекеттерінің заңға томпақ екені ескертілген. Ал наразылық білдірушілер болса, Армения президенті Серж Саргсянмен кездестіруді талап еткен.  Ресейдің Орталық банкі 2014 жылғы қаржы дағдарысының қайталануы мүмкін емес деп есептейді. Мұндай бағам ОБ-ның қаржылық тұрақтылық туралы баяндамасында беріліп отыр. Ал Ресейде өткен жылдың соңындағы қаржы дағдарысы елге қарсы санкциялармен жəне мұнай бағасының күрт түсіп кетуімен байланыстырылады. Осының салдарынан рубль де өзінің құнын өте көп мөлшерде жоғалтқан еді.  Еуропадағы ең көп жасаған адам қайтыс болды. Ол – 8 маусым күні өзінің 111 жасын тойлаған Назар Сингх деген қария. Үндістанның тумасы осы жылдың басында отанына балаларына қонаққа келсе керек. Топырақ та оған туған жерінен бұйырды. Қарияның артында 34 немересі мен 64 шөбересі қалыпты. Ал зайыбы осыдан 12 жыл бұрын 90 жасында көз жұмған. Туған баласының үлкені жақында 78-ге толыпты. Өзі отбасымен 1965 жылы Англияға қоныс аударыпты.

Алып балық балықшылар торына үнемі түсе бермейді. Десек те, өткен сенбіде «Тілекші» серіктес тігінің балықшылары бекіре тұқымдас бағалы алып балықты ұстады. Олар əдеттегідей Жайық өзенінің төменгі сағасынан балық аулауға шыққан. Сол сəтте салмағы 125 кило тартатын алып бекіре тұқымдас бағалы балықты ұстады. Оның ұзындығы 2 метр 30 сан ти метр. Серіктестік жұмысшылары салмағы ауыр балықты арнайы көлікпен Атырау бекіре зауытына жеткізді. Зауыт директоры

Рашидин Калимуллиннің айтуынша, бағалы балықтың басында жəне денесінде түрлі жарақаттары бар. Əлсірегені де байқалады. Осыған байланысты оның браконьерлер торына түскен болуы мүмкін деген жорамал да айтылады. «Жарақаты бар балық бір аптадай зауыт мамандарының бақылауында болады», дейді зауыт директоры Рашидин Калимуллин. Сонан соң ол зауытта арнайы күтімге қалдырыла ма, əлде теңіз айдынына қайта жіберіле ме? Əзірге зауыт мамандары нақты шешім қабылдай қойған жоқ.

у аш

ХАН ТƏЅІРІНІЅ ЕТЕГІНДЕ 7-8-беттер

¨

Атырау облысы.

ÒÀÍÁÀËÛ

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

13-бет

16-бет

17-бет

ШЕРАҒАҢ неге шырылдайды? 9-бет

Рингте шыѕдалєан рух

11-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.