24072013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№176 (28115) 24 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Лондондаєы кездесу

Мал өсірсең – қой өсір, табысы оның көл-көсір 3-бет Оразбайдың Медеуін білеміз бе? 4-бет Қобыз күйінің кемеңгері 5-бет Киікті көбейткен кәсіпкер 8-бет

 Мемлекет мерейі

Экспорт: орнымыз – отыздыќта! 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан əлемдегі жетекші экспорттаушы елдердің ішінде 30-шы орынға шықты. Бұл туралы Бүкілəлемдік сауда ұйымы (БСҰ) World Trade Report өзінің 2013 жылғы кезекті есебінде мəлімдеді. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы экспорт көлемі 92,3 миллиард долларды құрады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту мəселелері жөнінде ұстанымдарды тағы да келісіп, екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын одан əрі жандандырудың негізгі аспектілерін қарастырды, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мəселесі мен халықаралық күн тəртібін талқылады.

Сонымен қатар, кездесуде Д.Кэмеронның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның король отбасына мұрагер ханзаданың өмірге келуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті жеке өзінің жəне Қазақстан халқының атынан Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия патшайымы Елизавета IIні шөбересінің – Кембридж герцогы мен Кембридж герцогинясының тұңғыш нəрестесінің дүниеге келуімен құттықтаған. «Король отбасындағы көптен күткен қуаныш

Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия патшайымы Елизавета II-нің таққа отырғанына 60 жыл толуымен тұспа-тұс келуінде ерекше мəн бар», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы патшайымға жəне барша король отбасына зор денсаулық, ұзақ өмір, ал достас Ұлыбритания халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.

Алты пайыздыѕ ауылы алыс емес

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында əлеуметтікэкономикалық дамудың жəне мемлекеттік бюджеттің ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында орындалу қорытындысы қаралды. Сондай-ақ, келесі жартыжылдықтың міндеттері талқыланды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Дағдарыс дертінен əлем əлі де айыға алған жоқ. Жаһан жұртын жабырқатып, дүниені дүрліктірген қаржылық тоқырау тауқыметін тартып жатқандар қазір де аз емес, əрине. Десек те, əрбір ел бар халінше қарекет қылып, бұл аласапыраннан аман шығуға, экономикасын барынша тұрақты сақтап қалуға тырысып бағуда. Иə, төрткүл дүниені «тітіркенткен» дағдарыс заманында ешбір ел өз бетінше оза шауып, дамудың дара даңғылына түсе қоймасы анық. Себебі, сыртқы экономиканың əсері орасан. Қарыштап, қара оздырмасақ та, кешегі Үкімет отырысында мəлім болғандай, Қазақстан экономикасының даму қарқыны жаман емес. Отырыста сыртқы нарықтардағы белгісіздіктерге қарамастан, 2013 жылғы қаңтар-маусымда экономикамыздың оң өсуі

қамтамасыз етілгені айтылды. Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың хабарлауынша, алдын ала бағалау бойынша елдің ішкі жалпы өнімі бірінші жартыжылдықта 5,1 пайызға өскен, яғни биылғы жылдың соңына дейін жетуге тиіс межелі 6 пайыздың ауылы алыс емес. Ал экономиканың алты негізгі саласы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құрады. Енді осы кезеңдердегі шетелдер дерегіне де көз жүгіртсек, АҚШ-та ішкі жалпы өнімнің өсімі бірінші тоқсанда 1,8 пайызды құрапты. Еуроодақ елдеріндегі ішкі жалпы өнімнің төмендеуі 1,3 пайыз. Қытайдың ішкі жалпы өнімінің өсу серпіні жылдық мəнінде бірінші тоқсанда 7,7 пайыздан екінші тоқсанда 7,5 пайызға қысқарған. (Соңы 2-бетте).

Қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Ганьсу провинциясында болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. «Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген жанның қайтыс болғаны жəне зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдадым», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Қытай халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Оймақтай ой Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ. ТОҚСАРЫ.

Мемлекет басшысының бастамасымен жаһандық дағдарыс жылдарында тиімді реформалар жасау арқылы өзгелермен салыстырғанда оқ бойы озық шыққан Қазақстан экономикасы дамудың жаңа баспалдақтарын бағындырды. Соңғы жылдары ерекше басымдық берілген еліміздің үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы (ҮИИД) шеңберінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін шетелдерге шығару мақсатында жүргізілген кешенді шаралар өзінің тиімді нəтижелерін берді. Бұл бағдарлама іс жүзіне асырыла бастаған жылдар ішінде еліміздің экспорттық əлеуеті айтарлықтай өсті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің жалпы экспорт көлемі 92,3 миллиард АҚШ долларын құрап, үш жыл ішінде 54 пайызға артты. Қазақстан тауарлары бүгінде əлемнің 120 мемлекетіне экспортталса, 111 мемлекетке қазақстандық дайын өнімдер жөнелтіледі. Қазіргі кезде əлемдік сауда деңгейіне қарағанда Қазақстан экспорты жоғары қарқынмен өсіп келеді. Яғни, 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан экспортының орташа жылдық өсімі 7 пайыз болса, əлемдік экспорт деңгейі 6 пайызды құраған. Елбасының экономикамызды шикізатқа тəуелділіктен арылту туралы белгілеген тапсырмалары да ойдағыдай орындалуда. Бүгінде Қазақстан тек шикізат экспорттаушы ғана ел емес. Мəселен, 2012 жылы қайта өңделген тауарларды экспорттау тəуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет биік межеге жетіп, 25,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Қайта өңделген тауарлар экспортының өсімі 2012 жылы 14 пайызды құраса, шикізат экспортының өсімі 2,4 пайыз болды. Экспортқа шығарылатын

дайын тауар өнімдері 2010 жылы 2,3 миллиард АҚШ доллары көлемінде болса, 2011 жылы 3,2 миллиард доллар, 2012 жылы 4,2 миллиард АҚШ долларына жетті. Осы жылдар ішінде дайын тауар өнімдері экспорты 29 пайызға өсті. Қайта өңделген қазақстандық өнімдерді импорттайтын шетелдердің бірінші бестігіне Қытай (мыс, ферроқорытпа, мұнай өнімдері), Ресей (уран, мыс, прокат), Швейцария (мұнай өнімдері, алтын, күміс) Түркия (мыс, мырыш, мұнай газы), Германия (ферроқорытпалар) мемлекеттері кіреді. Соңғы жылдары алюминий сымдарын экспорттау үш есе артты. 2012 жылы Украина жəне Өзбекстан мемлекеттеріне 9 миллион доллардың алюминий сымдары жөнелтілді. Трансформаторлар экспорттау екі есе артты. 2012 жылы Ресей, Өзбекстан, Украина жəне Түркіменстанға 30 миллион АҚШ доллары тұратын трансформаторлар жөнелтілді. Пропилен полимерлерін экспорттау 57 пайызға артты. 2012 жылы Қытай, Ресей жəне Түркияға 58 миллион доллар тұратын пропилен полимерлері жөнелтілді. Макарон бұйымдары мен өсімдік майын экспорттау тиісінше, 56 жəне 47 пайызға өсіп, 2012 жылы Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан, Грузия, Ауғанстан

Халыќаралыќ веложарыс жеѕімпазы – Астанада

Кеше еліміздің бас қаласы – Астанаға халықаралық The Sun Trip атты веложарыс жобасына қатысушы Раф Ван Холь бірінші болып жетті. «The Sun Trip: Астана ЭКСПО-2017 бағытында» атты бұл халықаралық веложарыс үстіміздегі жылғы 15 маусымда Францияның Савойя қаласынан бастау алған болатын. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

«The Sun Trip: Астана ЭКСПО-2017 бағытында» атты бұл халықаралық жарыстың басты мақсаты – елордамызда 2017 жылы өтетін Бүкілəлемдік көрменің бас тақырыбы – «Болашақ энергиясын» жаһандық ауқымда насихаттау болып табылады. Халықаралық веложарысқа қатысушылар Астанаға дейінгі өз сапарларының бағытын өздері таңдады. Сапар барысында велошабандоздар Венеция, София, Бухарест, Одесса, Ыстамбұл, Сочи, Баку, Атырау жəне Ақтөбе қалаларына тоқтады. Бəсеке барысында «Solar Wind» командасының өкілі Раф Ван Холь мəреге бірінші болып жетті. Ол 38 күн аралығында, жеті мың километрден астам қашықтықты өзінің күннен нəр алатын көлігімен жүріп өтті. (Соңы 2-бетте).

жəне Тəжікстан мемлекеттеріне жалпы құны 17,6 доллар болатын макарон бұйымдарын шығарса, осы мерзімде Өзбекстан, Қырғызстан жəне Үндістан елдеріне жалпы құны 40 миллион АҚШ доллары болатын өсімдік майы экспортталды. БСҰ-ның 2013 жылғы есебінде атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының экспорттық əлеуеті қарқынды өсу сатысына көтерілген. БСҰ есебінде рейтингтегі көшбасшылықты Еуропалық одаққа (2,166 триллион доллар) берген. Дегенмен, Еуропалық одақ жалпы экспорт көрсеткіші бойынша 2011 жылғы деңгейден аса алмаған. Рейтинг бойынша екінші орын алған Қытай (2,049 триллион) 2012 жылы экспорт көлемін бұрынғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға арттырған. Егер ҚХР осы қарқынын бəсеңдетпейтін болса, енді аз уақытта ол əлемдегі экспорттаушы көшбасшыға айналады. БСҰ рейтингі бойынша 2012 жылы экспорт көлемі 1,547 триллион долларды құраған АҚШ үшінші орынды иеленген. Аталмыш рейтингтегі алғашқы ондықтың құрамына Жапония (799 миллиард), Оңтүстік Корея (548 миллиард), Ресей (529 миллиард), Канада (455 миллиард) жəне басқалар кіреді. Осы кесте де экспортының көлемі

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанның астық қабылдау кəсіпорындарында 3 млн. 568 мың тонна астық бар. Оның 2 млн. 784,5 мың тоннасы немесе 25 пайызы үш негізгі астық өсіруші Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі болып отыр.  Биылғы егін орағына жеңілдетілген бағамен 410 мың тонна отын бөлінеді. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мұнай жəне газ министрлігі жағармаймен қамтамасыз етудің кестесін бекітті. Ал оның бағасы көктемгі егіс кезіндегі деңгейде, яғни орташа нарықтың құнынан шамамен 10 пайызға арзан болады.  Астанада жылдың бірінші жартысында 946 пəтер пайдалануға берілді. Биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдар ламасы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы көлемі 6,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс.  «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 300 жоба іске асады. Олардың құны 78,1 млрд. теңге тұрады. Бұл ретте қаражаттың ең төмен игерілуі Маңғыстау (15,3%), Ақмола (53,9%) жəне Қостанай (56,8%) облыстарына тəн болған.  Жамбыл облысы 2012

68,5 миллиард долларды құраған Украина 37-ші орынды иеленген. Елімізде индустриялық даму дың 2-5 жылдық жоспа ры бойынша жүзеге асыры лып жатқан стратегиялық бағдарлама шеңберінде отандық тауар өндірушілерге өз өнімдерін əлемдік рынокқа көптеп шығаруға ба рынша жағдай жасалынған. Оларға бұл ретте тиімді салықтық жеңілдіктер де жасалады. ҮИИД бағдарламасы аясында əлемдік рынокқа қазақстандық сапа белгісімен жаңа тауар түрлерін шығару оң нəтижелерге жетіп отыр. 2012 жылы қазақстандық өндірісшілер Өзбекстан, Ресей жəне Қырғызстан елдеріне жалпы құны 140 миллион доллар тұратын Қазақстанда жасалған металл құбырларын жөнелтті. Осы мерзімде Ресей мен Беларусь елдеріне жалпы құны 112,8 миллион АҚШ доллары болатын подшипниктер экспортталды. Кеден одағы елдеріне қайта өңделген қазақстандық тауарларды экспорттау 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өскен. Бұл өсім қарқыны тұрақты түрде сақталып, 2012 жылы осы көрсеткіш 17 пайыз болды. 2012 жылы Кеден одағы елдеріне қайта өңделген тауарларды экспорттау көлемінің үлес салмағы 59 пайызға жетті.

жылғы ел аймақтары арасында даму қарқыны бойынша көш бастады. Облыстың аймақтық жалпы өнімі 2012 жылы 778,2 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылғы деңгейден 143,9 млрд. теңгеге артық.  Семейде Əскери əуе күштерінің жаңа авиациялық базасы ашылды. «Жаңа Семей» əуежайында құрылған əскери бөлім ді жасақтау үшін «Үшарал» əуежайындағы авиациялық база көшірілді.  Оңтүстік Қазақстанда 16 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрды. Ал 2015 жылға қарай мұнда бұл салада жылына 24-26 мың адамға дейін қамтуға қол жеткізіледі деп күтіліп отыр.  Қызылорда облысының прокурорлары айтарлықтай қомақты соманың мемлекетке қайтарылуын қамтамасыз етті. Мұны олар Жалағаш ауданы салық басқармасының жұмысында жіберілген кемшіліктерді орнына келтіру негізінде «Агро-Холдинг Байқоңыр» серіктестігінің бюджетке 21 390 673 теңге, жинақтаушы зейнетақыға қорына 1 541 812 теңге аударуы арқылы жүзеге асырды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
24072013 by Egemen - Issuu