Бїгінгі нґмірде:
№142 (28366) 24 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Ел тынысы: мың бір мысал
Еѕбекке екпін берер іс
«Жаѕа синергия» 3-бет Жер дауы жер тарпып тўр 4-бет Ќимаќтар 5-бет Бірлік пен татулыќтыѕ ордасы болєан ґѕір 6-бет Тегін ота жасады 10-бет
Үстіміздегі жылдың 23 шілдесінен бастап еліміздің барлық аймақтарында жастардың тəжірибеден өтуін ұйымдастыратын «Сəтті қадам» жобасының жаңа кезеңіне қатысуға құжаттарды қабылдау басталды.
Бўл – жастар їшін їлкен мїмкіндік «Нўр Отан» партиясыныѕ мўрындыќ болуымен «Сəтті ќадам» жобасыныѕ жаѕа кезеѕі бастау алды
Аќсу ферроќорытпа зауытыныѕ металлургтері кəсіби мерекелерін электр пешін салтанатты тїрде іске ќосумен атап ґтті Металлургтер күні қарсаңында күрделі жөндеуден кейін Еуразиялық топ құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының № 4 балқыту цехындағы № 41 пеш жұмысқа қосылды. Салтанатты іске қосу рəсіміне Ақсу қаласының əкімі Қайрат Нүкенов пен Ақсу ФЗ директоры Арман Есенжолов қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Күрделі жөндеуден кейін пешті іске қосу Ақсу ферроқорытпа металлургтері үшін əрқашан маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Себебі, бұл – тек жанға жайлы жаңа жабдық қана емес, еңбек жағдайларының жақсаруы, өнеркəсіптік қауіпсіздіктің артуы. Ақсу қаласының əкімі Қайрат Нүкенов зауыттықтарды күрделі жөндеудің аяқталуымен жəне кəсіби мерекелерімен құттықтап, кəсіпорынның ел экономикасының дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.
– Ақсу ферроқорытпа зауыты – қазақстандық металлургияның флагманы, əлемдік ферроқорытпа өндірісі көшбасшыларының бірі. Өндірілетін өнімнің жоғары сапасын білдіретін халықаралық сертификаттары бар кəсіпорын ферроқорытпаларды əлемнің көптеген еліне жеткізеді. Зауыттың қолдауымен қалада Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын көптеген əлеуметтік тапсырмалар жүзеге асуда. Осы ретте инновациялық технологияларды енгізу үстіндегі ферроқорытпа зауыты Ақсу қаласының, Павлодар облысының дамуына қомақты үлес қосуда,
– деді өз сөзінде қала басшысы. Ферросиликохром қорытатын №41 электрпештің жоспардағы күрделі жөндеуі кəсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, кəсіби мереке қарсаңында аяқталды. Жобаның құны 1 млрд. теңгені құрады. Барлық жұмыстарды зауыттың жөндеу қызметтері жүргізді. Қалпына келтіру барысында агрегаттың ваннасы толығымен ауыстырылып жаңа мөлшерлеу жабдығы орнатыл ды. Жаңартылған пештегі операциялардың көбісі енді автоматты түрде жүргізілетін болды. Осының нəтижесінде адам қолымен жасалатын қателіктерге жол берілмейтін болды. Бұл жағдай апат тың болуы мен оның салдарынан бос тұрып қалуларды анағұрлым азайтады. Пеш жұмысының тұрақтылығы артады. Сонымен қатар, қазіргі
● Өңір өмірі
Алыстаєы ауылда спорт модулі ашылды Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Зайсан – еліміз бен алыс-жақын шет елдерге есімі мəлім спорт жампоздарына бай өлке. Олардың қатарында Жанəділ Атаев, Гүлжан Исанова, Нұрлан Қасымжанов, Нұржан Ибраев, Руслан Қайролданов, Руслан Мұқанбаев жəне тағы басқа танымал спортшылар бар. Жуырда ғана Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған халықтық спорт ойындарында Зайсан ауданының екінші орын иеленуі де тегін емес. Міне, осындай спортында сайыпқырандары жетерлік ауданның бір бүйірінде жатқан ауылға таяуда спорт модулі салынды. Қайнар ауылында ашылған спорт модулі ғимаратының жалпы көлемі – 480 шаршы метр,
құрылыс көлемі – 3600 текше метр. Жалпы құны 34 млн. теңгеге салынған 1 қабатты ғимараттың іші кең, жарық. Жабық спорт нысаны шағын футбол, волейбол, баскетбол алаңдарымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, мұнда спортшылардың киім ауыстыру, жуыну бөлмелері бар. Ал спорт ғимаратының ауласында жазғы спорт алаңдары салынған. Ағымдағы жылы мамыр айында басталған құрылыс шілде айында аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Құрылысты «Өскемен пласт» ЖШС жүргізді. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап спорт пен халық денсаулығына айрықша назар аударып келеді. Алыстағы Қайнар ауылында заман талабына сай спорт ғимаратының салынуы осы елді мекенде өсіп келе
жатқан жастарымыздың спортпен шұғылданып, ел ертеңіне өз үлесін қоссын деген игі тілекпен бой көтерді. Бұл – мемлекетіміздің экономикасының ілгерілеуінің, халқымыздың əл-ауқатының жақсарғанының көрінісі, – деді спорт модулінің ашылуында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Оразбек Бұланбаев жаңа спорт ғимараты ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік сыйлағанын айтып ризашылығын білдірсе, Əйткен есімді ауыл ақсақалы жаңа ғимараттың ел игілігіне қызмет етуі жолында көмек қолын созған азаматтарға ақ батасын берді. Бəрінен бұрын жаңа спорт ғимаратының ашылғанына ауыл балалары ерекше қуанды. Олар ғимараттың лентасын қиған сəттен-ақ бірыңғай киген формаларымен өзара команда құрып, теңбіл допты əуелете соға бастады. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.
автоматика, электродтардың қуаттылығын тиімді пайдалану жəне олардың ток режімін тұрақтандыру арқылы қосымша энергия үнемдеу қамтамасыз етіледі. Экологиялық талаптар да назардан тыс қалған жоқ. Тазалауды жүз пайыздық деңгейге дейін қамтамасыз ететін №41 пештің қазіргі газтазалау қондырғысы өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын.
– Зауыттың негізгі өндірістік қуаттылықтарының күрделі жөндеулері, оның ішінде пеш жөндеулері кіретін ірі инвестициялық бағдарлама өндірістің ағымдағы көлемдерін ұстап тұруға ғана емес, сонымен қатар, оларды өсіруге де септігін тигізеді, – деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Арман Есенжолов. Павлодар облысы.
Жекешелендірудіѕ кешенді жоспары
Кеше «Самұрық-Қазына» АҚ активтеріндегі нысандарды сату жөніндегі комиссиясының 2014-2016 жылдардағы жекешелендірудің кешенді жоспары аясындағы алғашқы отырысын өткізді. Отырысты «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова ашып, күн тəртібімен таныстырды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Комиссия жұмысына Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ж.Ертілесова, Қордың қаржы директоры – басқарма мүшесі Н.Рахметов, Бизнесті дамыту жөніндегі бас директор – басқарма мүшесі Б.Бей сенғалиев, Құқықтық
АҚПАРАТТАР аєыны ● Алматы облысының Ала көл ауданында 204 маман «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша қызметке орналасты. Бі лім беру, денсаулық сақтау, мəдениет жəне ветеринария салаларын толықтырған түлектерге 22 млн. теңгеге жуық көтерме қаржы берілді. Олардың 18-і тұрғын үй алу үшін 29,7 млн. теңге көлеміндегі кредитке қол жеткізді. ● Астана кəсіпкерлері «Парыз» конкурсында бақ сынайды. Оған қатысуға тілек білдірушілер өтінімдері 1 тамызға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 4 номинация бойынша марапатталады. ● Көкпектідегі тұрғын үйлердің құрылысы белгіленген
Жастар арасында жұмысқа орналасу мəселесі ең өзекті тақырыпқа айналғаны жасырын емес. Жас мамандар қолына диплом тиген соң біраз уақыт жұмыс іздеп, уақыт жоғалтады. Мəселенің маңызын бақылай келе, жастардың өтінішіне байланысты «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ жоғары оқу орындарының түлектеріне тəжірибеден өтуін ұйымдастыратын «Сəтті қадам» жобасын жүзеге асырды. Аталған жобаның қатысушылары келесі ұлттық компанияларда, орталық жəне жергілікті органдарда тəжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар: «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Астана Innovations» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық медицина холдингі» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ. Жобаның жаңа кезеңінің басталуы аясында еліміздің барлық аймақтарының жоғары оқу орындарында жобаны таныстыру шаралары өтті. Үстіміздегі жылдың 23 шілдесі мен 23 тамызы аралығында «Сəтті қадам» жобасына қаты суға ниет білдірушілердің құжаттарын қабылдау жүреді. Тəжірибе ден өтетін компаниялар мен мемлекеттік органдардың тізімі біршама толықтырылып, олардың жалпы саны 200-ден асты. Жобаның жұмысы барысында 1500 үміткерден ұсыныс түсіп, олардың ішінен 330-ға жуығы еліміздің алдыңғы қатарлы компаниялары
мен мемлекеттік ұйымдарында тəжірибеден өтуге бағытталған болатын. Тəжірибе қорытындысы бойынша жұмысқа орналасқан адам саны – 45. Жобаға қатысу үшін үміткер өз түйіндемесін, толтырылған жеке анықтамасын, диплом жəне оның қосымшасының көшірмесін – satti_ kadam@zhasotan.kz электронды поштасына жіберуі тиіс. Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың тізімін, сонымен қатар, жобаның ережесі туралы толық ақпаратты www.zhasotan.kz сайтынан білуге болады. «Сəтті қадам» жобасының қатысушысы Бибігүл Ақбаева: «Сəтті қадам» жобасына қатысудағы басты мақсатым – бəсекеге қабілетті, жоғары кəсіби маман атану болған. Менің ойымша, мұндай жобалар жастар үшін үлкен мүмкіндік болып табылады!». «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы Əлмира Əмірова: «Қазақстанда белсенді жастар аталмыш жобаға атсалысып, тəжірибеден өтіп, жұмысқа тұруға мүмкіндік алып жатқандары қуантады. Жобаның 3 кезеңінің бастау алып жатқанына қарағанда, оның жастар арасында сұранысқа ие болғанын, жастар мен қоғам арасында өзіндік орнын тапқанын аңғаруға болады. Меніңше, алдағы уақытта талай жастардың тағдырын өзгертіп, мамандық таңдауда қателеспеуіне мүмкіндік жасайтын бірден-бір жоба – осы «Сəтті қадам» жобасы болмақ». «Егемен-ақпарат».
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
мəселелер жөніндегі бас директор – басқарма мүшесі Т.Сəрсенбаев қатысты. Отырыс та комиссия мүшелері жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде сатылатын активтер бойынша ұйымдастыру мəселелерін жəне оны тəуелсіз бағалаушыларды таңдау əдістерін талқылады. (Соңы 2-бетте).
мерзімде аяқталады. Қарағанды облысы əкімінің орынбасары Нұрмұхамбет Əбдібеков өткізген жиында елді мекенде биылғы көктемде су тасқыны кезінде қираған қоныстардың орындарын жаңарту бағытындағы жұмыстар жайы талқыланды. Онда қоғамдық қорға жиналған 271 млн. 860 мың теңге ақшаның 256 млн. 238 мың теңгесі зардап шеккендердің жеке есепшоттарына аударылғаны да айтылды. ● Қызылорда облысында жыл басынан бері конго-қырым кенесі шаққан 721 оқиға тіркелді. Бұл облыс əкімінің орынбасары, Президенттің «Бай қоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Серік Қожаниязов жүргізген отырыс барысында сөз болды. Нə тижесінде 220 адам тексеруден өтіп, 45 адам
емделген. Жиында тиісті сала ма мандарына аталмыш жəндіктің ошағы есепті орындарды əлі де анықтай түсу тапсырылды. ● Алтайдың аясында Көк жал Бараққа ескерткіш орна тылады. Шығыс Қазақстан об лысындағы Күршім ауданының əкі мі Алтайбек Сейітов ауыл тұр ғын дарымен кездесуі кезінде жоңғармен соғыстың қаһарманы атанған батыр бабаға арналған тас мүсіннің осы топырақта бой көтергелі тұрғанын баяндады. ● Маңғыстау облысының Қызылтөбе ауылында «Денсау лық керуені» атты кең ауқымды акция өтті. Оны коммерциялық емес «Қолдау-Қазақстан» ұйымы ұйымдастырды. Шара саламатты тұрмыс салтын насихаттауға
ар налды. Оның шеңберінде жергілікті тұрғындарды емдеу жұмыстары да жүргізілді. ● Қостанай облысының Аман гелді ауданында тағы бір ұлт-аспаптар ансамблі қатарға қосылды. Ауданның Бүйректал ауылында қанат қаққан өнер ұжымы «Мойылды толқындары» деп аталады. Оның тұсаукесері «Амангелді ауданы. Іскер азаматтар форумы» атты шара аясында жүзеге асқан алғашқы жоба болды. Хабарлар «ҚазАқпарат», Egemen.kz агенттіктері мен облыстық «Огни Алатау», «Индустриальная Караганда», «Кызылординские вести», «Дидар», «Знамя труда», «Огни Мангыстау», «Қостанай таңы» газеттері сайттарының деректері бойынша дайындалды.