24082013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Елбасының ел білмейтін қырлары Ұстаз

3-бет 4-бет

№197 (28136) 24 ТАМЫЗ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Тұлғаны танып болдық па? «Хакер»

5-бет 8-бет

● Əлем жəне Қазақстан

Аќыл-ойдыѕ айќын алаѕы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 тамыз № 616 –––––––––––––––––––––––

Жарлықтың түсіндірмесі 6-бетте жарияланып отыр.

Агроґнеркəсіп кешенініѕ кемелденер кезі

Бейсенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен елдің агроөнеркəсіп кешенін одан əрі дамыту мəселелері талқыланған селекторлық режімдегі кеңес болып өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеше Тəуелсіздік сарайында «Мəдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығын» ұлықтауға байланысты халықаралық форум өтті. Мұнда Алакөл қорығына «ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты» дəрежесі берілді. Бұл бүкілəлемдік жүйеге енген Қазақстандағы екінші қорық болып табылады. Астана форумы ел есінде осындай марапатымен есте қалумен бірге, мамандар пікірімен 2013-2022 жылдар аралығы əлемдік этиканың арнайы стратегиясын жасауға арналған тамаша мүмкіндік деп бағалануда. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Бейбітшілік жəне мəдени сұхбат мəселелері жөніндегі ЮНЕСКО-ның биік деңгейдегі тобына кіретін халықаралық ұйымдардың басшылары мен танымал тұлғалардың, сонымен қатар, 30-дан аса мемлекеттің этика жəне мəдениетаралық коммуникация, білім жəне мəдени мұра жөніндегі сарапшылары қатысуымен өткен жиынды ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері бойынша Қазақстандағы Ұлттық комиссияның төрағасы, Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп ашты. ЮНЕСКО-ның бұл саладағы көшбасшылық рөліне айрықша мəн бере келе модератор өзара мəдени үнқатысулар əлемді жақындастырып, халықтарды өзіне тарта бастағанын алға тартты. Қонақтардың түрлі өңірден келгендігі ескерілгенде,

онжылдық бірнеше күрделі мəселелерді қамтитындығы, оның ішінде саяси тұрғыдан өзара мəдениеттердің бейімделуі, тəжірибелік іс-шараларды жүзеге асыру, сонымен қатар, рухани ынтымақтастықты арттыру, бейбітшілікті сақтауға байланысты бірігіп атқаратын басты бағыттарды айқындау сияқты бірталай жобалар барлығы нақтыланды. Өзара мəдениетті жақындастыру ниеті, этносаралық, діниаралық келісім сияқты құндылықтар кешенді жа һан дық мəселелерді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатыны ескеріліп, мұндай ауқымды жобаның қазақ жерінде, оның ішінде Астанада өтіп жатқаны қуанышты оқиға екені айтылды. Онжылдық бастамасы жаһандық мəселе екенін тілге тиек еткен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сыртқы саясат – бұл ішкі саясаттың жалғасы, деді. Əрбір мəдени жəне діни құндылықтарға қоса

130-дан аса көпұлтты жəне көпжақты мемлекет бола тұрып, Қазақстан Республикасы үнқатысуды жəне өзара əріптестікті дамыту мен нығайту мəселелеріне үлкен көңіл бөледі. Мəдениетті дамыту Қазақстанның басты саясатының бірі болып табылады. Қазақстан ядролық қарудан бірінші болып бас тартты. Семей полигоны жабылды, мұнда қырық жыл ішінде 510 ядролық жарылыс өткізілсе, ядролық сынақтың зардабын шеккен халық үшін БҰҰ бастамасы бойынша енгізілген ядролық қарудан бас тарту күні, яғни 28 тамыз тарихи оқиға болып табылады. Қазақстанның жаһандық бастамалары қазіргі заманның өзекті мəселелерін шешуге өз үлесін қосып отыр. Бүгінгі таңда бүкіл қоғамдастық алдында үлкен міндеттер тұр. Түрлі діни ағымдар арасында қайшылықты қақтығыстар болып жатыр. 2010 жылы мəдениеттер жақындасуы туралы бастама көтеріліп, БҰҰ жəне басқа да алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдар мұны бірауыздан қолдаған болатын. Осы мəселені алға жылжытуға И.Бокова ханым үлкен үлесін қосып отыр. Мұндай белгілі тұлғалардың қолдауы бойынша бұл бағытта көптеген іс-шаралар тындырылуда жəне де мəдениеттердің жақындасуы бағытында бірталай жұмыстар атқарылуда.

Бұл үнемі адамдардың назарында болуы тиіс. Жаңа қоғамды құру мультимəдениет қағидаттарына негізделуі тиіс. 2013-2022 жылдар мəдениеттерді жақындастыру жылы болып жарияланды, – деді Ерлан Əбілфайызұлы – біз осы салада ғана ынтымақтастығымызды дамытып қоймай, ғылым, мəдениет, білім беру салаларында да байланыстарымызды нығайта беруіміз керек. Айтулы шараны өткізуге мұрындық болып отырған ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың жиында сөйлеген сөздері əріптестері тарапынан кең қолдау тапты. Мен Астанаға келгеніме өте қуаныштымын, деп бастады сөзін қонақ. Былтыр Дəстүрлі діндердің IV съезіне қатысқан болатынмын. Бұл орнықты дамудың негізі əрі əртүрлі ұлттардың арасындағы үнқатысудың орны болып отыр. Соған байланысты 2013-2022 жылдар мəдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы ретінде БҰҰ-ның отырысында бекітілген болатын. Қазақстан осындай жоғары міндетті ойдағыдай жүзеге асырады деп толық сенемін. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінгі күні біз түрлі қайшылықтар кезеңін бастан кешіп отырмыз. Соған қарамастан біз бір-бірімізге деген сыйластықты қамтамасыз етуге тиіспіз. (Соңы 2-бетте).

● Тамыз кеңесі

Əр оќушыєа – сапалы білім мен тəрбие Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Сапалы білім мен тəрбие – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» деген тақырыпта республикалық тамыз кеңесі өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Жаңа замандағы білім қандай деңгейде болу керек, ол деңгейге жету үшін алдымен нендей кемшіліктерді түзеп, қайсы бір мəселелерді шешу қажет деген тұрғыда өткізілген бұл кеңеске Астана мен Алматы қалаларынан, облыстардан келген делегаттар, мемлекеттік жəне үкіметтік емес ұйымдардың, балалар құқын қорғау департаменттерінің басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Білім мен тəрбие – егіз. Сондықтан білімге қатысты үлкен жиындардың барлығында баланы қалыптастыратын алғашқы орта – балабақшалардың жай-күйі бірінші кезекте қарастырылады. Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың баяндамасында да балабақшаларға қатыс ты мəселелер кеңінен қамтылды. Мектепке дейінгі даярлық тың жаңа сапасына көшу,

мектепке дейінгі оқытуда жағым сыз құбылыстарды жою қа жет тігі айтылды. «Біз балаларды ерте оқытуға көшудің

əлемдік тəжірибесін меңгеруіміз қажет. Оны сынақтан өткізіп, отандық əзірлемелерді жасау керек. Халықаралық сарапшылар біздің əлі де болса балалардың ерекше сензитивтігіне мəн бермейтінімізді айтады. (Соңы 2-бетте).

● Оймақтай ой Білім күнделікті тəжірибенің ұсақ түйірлерінен құралады. Дмитрий ПИСАРЕВ.

Оған мемлекеттік органдардың, ірі ауылшаруашылық құрылымдарының, аграрлық ассоциациялар мен одақтардың басшылары, ғылыми орта өкілдері қатысты. АӨК-ті дамыту жөніндегі жаңа «Агробизнес-2020» бағдар ламасын жүзеге асыру жұмыстары бекітілген жоспарлар шеңберінде жүргізілуде, деді Үкімет басшысы. Ол 2013 жылдың ұйымдастыру жылы болып табылатынын, займдарды кепілдендіру мен сақтандыру, инвестициялық субсидиялар, сатып алу бағаларын кепілдендіру сияқты мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгертулер енгізілгеннен кейін, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін болады, деп атап өтті ол. Саладағы жағдай, жаңа «Агробиз нес-2020» салалық бағдарла масының орындалу барысы, оның тетіктері мен құралдары туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады. Ол АӨК-ке мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есе арттыру қарастырылып жатқанын, оны жүзеге асыру кезеңінде салаға 10 триллион теңгеден кем емес жеке қаржылар тартылатынын атап өтті. Бағдарламаның негізгі мақсатты индикаторлары қатарында қар жылық сауықтыру, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер дің АӨК субъектілері үшін қол жетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін

дамыту, саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру сияқты шаралар бар. А.Мамытбековтің айтуынша, қаржылай сауықтыру үшін министрлік АӨК субъекті ле рі нің кредиттік жəне лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақыларының ставкаларын субсидиялау ережелерін бекіткен, жергілікті жерлерде түсінік жұмыстары жүргізіліп, анықтамалар алу үшін callcentr ашылған (тел.8 800 080 7080). Министр сондай-ақ, займдарды кепілдендіру мен сақтандыруды, субсидиялау ережелерінің өзгеруін, нор мативтік-құқықтық базаның жетілдірілуін де мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары ретінде атады. Сол сияқты, министр ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, АӨК саласында мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту жөніндегі шаралар туралы да хабарлады. Он бір қызметті автоматтандыру жоспарлануда, қызмет көрсетудің нормативтік мерзімдері 60-тан 15 жұмыс күніне дейін немесе 25 пайызға, құжаттардың нормативтік саны 12-ден 4-ке дейін немесе 33 пайызға қысқаратын болады деді А.Мамытбеков. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығының əрбір кіші салаларын дамыту бойынша көрсеткіштерді жылдарға жəне облыстар бойынша бөле отырып 15 шеберлік-жоспар əзірленген. Құжаттар келісім алу үшін облыс əкімдеріне жіберілген. (Соңы 2-бетте).

Тўтынушыєа тоќтаусыз жеткізілмек Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Аграршылардың болжамынша, Ақмола алқаптарының берекесі биыл да молынан болмақ. Ендігі міндет маңдай термен жиналатын астықтың қозғалысын қадағалап, оны тұтынушыға тоқтаусыз жеткізу екендігі белгілі. Бұл орайда те мір жолшылар атқарар шаруа өте жауапты. Өйткені, ТМД елдерінде, Еуроодақта, Таяу Шығыс пен Ор та лық Азияда

АҚПАРАТТАР аєыны

Еліміздің егін алқаптарында биылғы астықтың үштен бірі жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының 22 тамыздағы деректері бойынша, егіншілер 916,3 мың га. дəнді дақылды алқапты орып бастырған. Бұдан 1411,7 мың тонна астық алынып, орташа өнімділік гектарына 15,4 центнерді құрап отыр. Қарағандыда Шахтер күні қарсаңында «Үздік көркейтуші бизнес-нысан» конкурсының қорытындысы шыға рылады. Оған қатысушы 14 үміткер кеншілер қаласын көріктендіруге ерекше үлес қосып жүрген компаниялар арасынан іріктеліп алынды. Таяу аралықта Оңтүстік Қазақстан об лысының Отырар ауданында күн

Ақмола астығына сұраныс жоғары. «Қазақстан темір жолы» АҚ-тың Ақмола бөлімшесінен алынған деректер бойынша, облыс аумағында 30 астық тиеу-түсіру стансасы, оның ішінде тұйық жолмен байланысатын 23 элеватор мен 20 астық қабылдау кəсіпорны бар. Бұлардың қатарында Ақкөл, Макинка, Бу рабай курорты, Қырықыншы, Азат, Жақсы, Атбасар, Жалтыр, Ер кіншілік стансалары анағұрлым ірілер қатарына жатады. Сондай-ақ,

батареялары шығарыла бастайды. Шымкентте өткен инвестициялық көрмеде оны сатып алуға ниеттілер көп болды. Ал мамандар 4 жылға арналған 20 мегаваттық жобаның осы аралықта өзін өзі толық ақтайтынына сенімді. Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха ауданында соңғы 30 жылда бірінші мəрте 30 пəтерлі үй салынып, пайдалануға берілгелі тұр. Мұнда бұдан басқа, алғаш рет қазақ тіліндегі 320 орындық мектеп пен 100 орындық интернат бой түзейтін болады. Ауданның құрылыс саласындағы осындай зор өрлеуге сүйсінген облыс əкімі Бердібек Сапарбаев «аймақтағы барлық ауылдар мен аудандардың осылайша жұмыс істеулері керек» екенін атап өтті. Биыл 195 жылдығын тойлайтын Қызылорда қаласында сол мерзімге дейін 23 ойын-спорт алаңы қатарға қосылады. Шаһар басшысы Нұрлыбек Нəлібаев облыс

«АПК-Инвест», «Грейн Трейд», «Қазақстандық Астық компаниясы», «ҚазЭкспортАстық», «Виталмар», «АгроСтарГрейн», «Азия АгроФуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тұрақты астық жө нел ту шілер санатында болса, «ТНК Агрофирмасы», «Колутон», «Ин тер Трайд», «Бава», «Гресса», «Лимар Агро» серіктестіктері сыртқа ұн шығаруда табысты жұмыс істеуде. (Соңы 2-бетте).

орталығында таяуда ғана 42 аула мен 27 аллеяның абаттандыру үдерісінен өткенін мəлімдеді. Алматыда №162 мектеп-гимназияның директоры пара алу үстінде қолға түсті. Білім ошағын 5 жыл басқарған бас педагог баласы мен немересін осындағы 1-сыныпқа бергісі келген ата-анадан 400 доллар талап еткен екен. Жамбыл облысында соңғы 20 жылда бірінші рет сексеуіл отағандар сотталды. Мойынқұм ауданының 3 тұрғыны осы үшін 1 жылға бас бостандықтарынан айырылды, сот шешімімен олардан КамАЗ, УАЗ машиналары мен «Урал» мотоциклі, сондай-ақ, 9,2 текше метр сексеуіл тəркіленіп алынды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
24082013 by Egemen - Issuu