24092013

Page 1

Жексенбі жəне дүйсенбі күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.

№218 (28157) 24 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

АЛАШЌА АНА, ЌАЗАЌЌА ПАНА БОЛЄАН АЙМАЌ

тыѕ талаптарєа сай тындырымдылыќ танытуда

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

«Айтылмаған сөз – жетім» дейді қазақ. Сенбі мен жексенбі ежелден Үкіметтің қиып берген демалыс күндері ғой. Дегенмен, күннің жексенбі екеніне қарамастан Сырдың бойына жұмыс сапарымен келген Елбасының əрекетін елге, жерге, мемлекетке, халыққа деген аса үлкен жанашырлық деп түсіндік. Өйткені, ұлттың ұлы мұра тын арқалаған қайраткерге қай күн, қай мезгіл екені маңызды емес. Бастысы, елдің жайын, хал-ахуалын өз көзімен көру, біткен іспен танысу, аяғына дейін жетпей жатқан шаруаның себебін білу болса керек. Елбасы сапарының алғашқы күнін жаңа оқу жылында ашылған «Назарбаев зияткерлік мектебінің» жұмысымен танысудан бастады. Соңғы жылдарда республиканың қай түкпірінде болмасын сондай оқу орындары ашылып жатыр. Онда үлкен іріктеуден, сұрыптаудан өткен талантты балалар білім алады. Бүгінде еліміз бойынша «Назарбаев зияткерлік мектебін» тəмамдаған 1003 бала бар. Бұл мектепті бітірген оқушылардың 93 пайызы мемлекеттік гранттарды иеленіп, жоғары оқу орындарына түскен. Ал олардың 26 пайызы «Назарбаев

Университетінің» түлектері. Аталған көрсеткіштің өзі мектеп деңгейінің қаншалықты екенін дəлелдеп тұр. Осы күні республикада 15 «Назарбаев зияткерлік мектебі» жұмыс істейді. Оның бірі Қызылордада ашылды. Алдағы уақытта Алматыда екі, Петропавл, Қостанай, Ақтау қалаларында бірбірден мектеп ашу жоспарда бар. Сыр өңірінде бой көтерген заманауи үлгідегі 720 орындық зəулім ғимараттың өзі қалаға өң беріп тұр десек, артық айтпаған болар едік. Зият кер лік мектепке облыстың барлық аймағынан дарынды, талантты оқушылар қабылданды. Сабақ үш тілде жүргізіледі. Алғашқы 7 жəне 9-сыныптарда оқытылатын сабақ білім беру орталығының бағ дарламасы аясында болса, 9-11-сынып оқушылары халықаралық стандартқа сай тəлім алады. Алыстан келіп оқитын балаларға барлық жағдай жасалған. Соның дəлелі ретінде 120 орындық жатақхананы айтар едік. Қызылордадағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» химия жəне биология пəні бойынша терең детіп оқытады. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі ретінде экономика, экология, қазіргі əлемдегі Қазақстан атты арнайы кабинеттердің ашылғаны. Мұнда

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

25 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Астанаға келетін Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің үкімет басшыларымен жəне байқаушыларымен кездеседі. Кездесуде еуразиялық экономикалық интеграцияны одан əрі тереңдету, сондай-ақ 2013 жылы 29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру, соның ішінде Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартты даярлау туралы кең ауқымды мəселелер қаралатын болады. 27-28 қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Князь II Альбердің шақыруы бойынша Монако князьдігіне ресми сапармен барады.

Беделді ўйымныѕ берік баєдары

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» – Сочиден.

Сочи – 2014 жылы қысқы Олимпиада өтетін орын ретінде бүгінде бүкіл əлемге əйгілі қала. Онда қазір алдағы ақпанда болатын осынау ірі спорттық шараға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кеше Үкімет басшысы С.Ахметов

сапарының басын осында Олимпиада қарсаңында салынып жатқан бірқатар спорттық нысандарды аралаудан бастады. «Большой» мұз сарайына атбасын бұрып, «Адлер-Арена» коньки кешенін барып көрді. Сондай-ақ, «Айсберг» мұз спорт сарайын аралады. ПремьерМинистр Сочидің Олимпиадаға дайындығын жоғары бағалады. Ойындардың биік деңгейде

балалар əр сала бойынша жанжақты ақпарат алып, білімдерін жетілдіреді. Аталған оқу ошағы жаңа компьютерлік жүйемен, мультимедиалық кабинеттермен, интерактивті тақталармен, инновациялық бағдарламалар жүйесімен толық қамтылған. Мектепте білім алу үшін 4001

Сапар барысында Монако Князі II Альбермен екіжақты келіссөздер жүргізу, сондай-ақ ҚазақстанМонако бизнес-форумы аясында екі елдің іскер топтарымен кездесу қарастырылып отыр. Қазақстан Президентінің сапары Монако князьдігімен ынтымақтастықтың барлық қырларын дамыту жөнінде қол жеткізілген келісімдерді, 2012 жылы қарашада қол қойылған екі мемлекет басшыларының Бірлескен декларациясында көрініс тапқан басты бағыттарды ілгерілетуге бағытталған, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

өтетініне күмəнсіз екенін айтып, Олимпиада өткізуге табыс тіледі. С.Ахметовтің аталмыш спорт нысандарына арнайы баруы тегін емес. Себебі, болашақта қысқы Олимпиада ойындарын өз елінде өткізуге Қазақстанның да үміті бар. Əрине, Астанада Азиада ойындарын ойдағыдай өткізген ел алдағы уақытта Алматыны да Олимпиада ойындарының алаңына айналдыра алар еді. Бұл жөнінде Елбасы да жиі айтып жүр. Алматыда əлемдік шараны өткізуге мүмкіндік мол, қолайлы жағдай бар деген болатын Президент бір сөзінде. Тек ұйымдастырушылар тарапынан қолдау тапса болғаны. (Соңы 2-бетте).

бала өтініш білдірген. Олардың арасынан сұрыпталып 553 оқушы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушысы атанған. Тіпті, мұғалімдердің өзі сынақ арқылы қабылданған. Соның нəтижесінде 93 мұғалім бүгінде оқушыларға білім беріп жатыр. Олардың ішіндегі 53 ұстаз үш

деңгейлі конкурстың нəтижесінде қабылданған. Мұның өзі талаптың өте күшті екенін аңғартса керек. – Біріншіден, елдегі балалардың барлығы талантты, дарынды емес. Өмірдің шындығы осы ғой. Сондықтан ата-аналар балалары «Назарбаев зияткерлік мектебіне» түсе алмай қалып жатса ренжімеуі

керек. Мұнда тек талантты балалар ғана білім алады. Екіншіден, бұл оқу ордасы облыстағы қай мектептің қандай деңгейде екенін көрсетеді. Өйткені, мұнда тек мықтылар ғана оқиды. Сондықтан мектептердің білім сапасы анықталады. Ал осы мектепті бітірген оқушылар білімін одан əрі Астанадағы «Назарбаев Университетінде» жалғастыра алады. Болашақтағы білімнің ең биік шыңы биология болып саналады. Себебі, биологияның өзі математикамен жəне нанотехнологиямен қатар жүреді. Ашылатын жаңалықтың бəрі осы салада болады. Сол себепті мектептің биология мен химия пəнін тереңдетіп оқытуы қуанышты жағдай,– деді Елбасы. Нұрсұлтан Əбішұлы онан соң «Назарбаев зияткерлік мектебін» аралап көрді. Атқарылып жатқан жұмыстармен, оқушылардың ғылымды игеруі үшін жасалған жағдаймен танысты. Онан соң ұстаздар қауымымен жолығып, пікір алмасты. «Назарбаев зияткерлік мектебінде» Елбасы аймақтағы білім саласы бойынша атқарылып жатқан шаруалардың жайымен де танысты. Ол бойынша облыс əкімінің орынбасары Ақмарал Əлназарова арнайы хабарлама жасады. Қызылорда облысында білім саласын дамытуға

 Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне – 10 жыл

«Дінтўтќа» жинаєы оќырманєа жол тартты

Кітаптың адамзат тарихындағы маңызы зор екенін талай ақылмандар мен ойшылдар жеріне жеткізіп айтқан. «Жақсы кітап – жан азығы» деген қазақ мақалы да сол тұжырымдардың бірі. Өйткені, жақсы кітап даналықтың сарқылмас бұлағы, ақыл мен ойдың тұнығы. Ел газеті «Егемен Қазақстан» газеті өзінің бетінде бір тақырыпқа жарияланған таңдаулы материалдардан кітап құрастыруды дəстүрге енгізгенін көзіқарақты оқырман жақсы біледі.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Бүгінгі күні Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына орай Парламент Сенатының Төрағасы, съезд Хатшылығының жетекшісі Қайрат Мəмидің ұсынысымен «Дінтұтқа» атты кітап өмірге келіп отыр. Ол еліміздің астанасында 2003 жылдан бері 4 рет болған Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері мен оның қарсаңындағы діни оқиғалар жəне одан кейін де осы тақырыпта жазылған үздік мақалалар мен сұхбаттардан құрастырылған. Кітаптың алғысөзінде басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың айтқанындай, «Бүгінде Қазақстан əлемдегі дін тұтқа елге айналды. Біздің бұл биікке жетер жолымызды көрсететін кітабымыздың «Дінтұтқа» аталғаны да сондықтан». «Дінтұтқаны» желе шолып шыққанның өзінде

арналған 2013-2015 жылдар аралығындағы «Жол картасы» əзірленді. Соның арқасында биыл үш ауысымда білім беретін мектептердің мəселесі түбегейлі шешілген. Сонымен қатар, апатты жағдайдағы мектептердің саны нақтыланып, олардың құжаттарын дайындау үшін тиісті қаражат бөлінген. Солайша, 2014 жылдың соңына дейін апатты жағдайдағы мектептердің мəселесі толығымен шешілмек. «Балапан» бағдарламасы бойынша да атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітерліктей. Бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін балаларды толығымен балабақшамен қамту көзделген. Дегенмен, Қызылорда облысы 2015 жылы бұл тапсырманы орындап қоймақ. Тағы бір айта кететін мəселе бар. Биыл көпбалалы жəне əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан талантты балаларға облыс əкімінің арнайы 123 гранты бөлінген болатын. Балалардың барлығы аймаққа қажетті мамандық бойынша білім алып жатыр. Ал олар оқуын аяқтағаннан кейін 5 жыл шеңберінде облыста еңбек ететін болады. Білім саласындағы үлкен жаңалықтың бірі де осы. (Соңы 2-бетте).

ұлтымыздың талай ойшылдары мен ақылмандарының діннің маңызы туралы айтқан ой-толғамдарына кенелесіз. «Саналуандық – кемшілік емес, керісінше, бұл Құдайдың баға жетпес сыйлығы. Сол саналуандылықтың арқасында шынайы өзара молығушылық, нағыз даму жүреді», деген екен Елбасы Н.Назарбаев алғашқы съездің жабылуындағы сөзінде. Кеше Бейбітшілік жəне келісім сарайының «Атриум» залында осы «Дінтұтқа» кітабының тұсаукесер рəсімі болды. Оны «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді, көпдінді, тіпті ашығын айтсақ, əуелде көпділді елдің жұртын бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ұйытуға қол жеткізді. Батыс та, Шығыс та мойындайтын, санасатын, құрметтейтін елге айналдырды. Қазақстанда түрліше құрлықтық, əлемдік деңгейдегі жиындар өткізіле бастады. Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты аса ауқымды форумдар шақырыла бастады. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.